Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Ол лотерея билеттерін сатып алады
      Әйел көшенің қиылысындағы газет киоскісіне бара жатыр. Ол Powerball лотереялары маңдайшасындағы жазуға қарап тұр. Лотереяның жүлде қоры қазір 99 миллион долларды құрайды. Ол біраз ақша ұтып алғысы келеді. Ол 10 лотерея билетін сұрайды. Сатушы оларды ашады. Әйел оған 10 доллар береді. Сатушы оған билеттерді береді. Ол «Сәттілік тілеймін!», - деп айтады. Әйел оған алғысын білдіреді.
Мәтінді жасыру
      42. Ол банкте жұмыс істейді
      Ер адам банкте жұмыс істейді. Ол кассир. Ол клиенттермен сөйлеседі. Ол ақшаны олардың шоттарына салады. Ол ақшаны олардың шоттарынан шешіп алады. Ол олардан қолма-қол ақша алады. Ол оларға қолма-қолма ақша береді. Олар оны көру үшін кезекте тұрады. Ол оларға қызмет көрсететін орында тұрады.
Мәтінді жасыру
      43. Сатып алушылар жаңа жылдық сыйлықтар сатып алып жатыр
      Жаңа жыл алдындағы сәт. Жаңа жылға дейін төрт күн ғана қалды. Дүкенде адамдар көп. Дүкендер сатып алушыларға толып кеткен. Сатып алушылар туыстары мен жақындарына сыйлықтар сатып алып жатыр. Олар достарына арнап сыйлықтар сатып алуда. Олар қымбат және арзан сыйлықтар сатып алуда. Олар үлкен және кішкентай сыйлықтар сатып алуда. Дүкен иелері қуанышты. Олар жаңа жылды жақсы көреді.
Мәтінді жасыру
      44. Ол төсекті жинайды
      Әйел керуеттен кір жайманы алды. Жастықтың кір тыстарын шешті. Керуетке таза жайманы жайды. Жастыққа таза тысты кигізді. Керуетке жамылғы көрпені жайды. Кір жайма мен жастық тыстарын кір салатын себетке салды. Ол келесі жатын бөлмеге беттеді.
Мәтінді жасыру
      45. Ол гүлге су құйды
      Жігіт гүлге қарады. Гүл құмырада. Гүл құрғап қалыпты. Жапырақтары солып қалған. Оған су құю керек. Жігіт гүлді алды. Оны ас үйге алып барды. Стаканға су толтырды. Суды гүлге құйды. Ол қайтадан гүлді өзінің жазу үстеліне қойды.
Мәтінді жасыру
      46. Ол күзде жапырақтарды жинайды
      Күз. Күзде ағаштың жапырақтары түседі. Олар жерге түседі. Олардың барлығы түсіп қалады. Бірінен кейін бірі түседі. Олар алуан түсті. Коңыр. Қызыл. Сарғыш. Ер адам ауласындағы жапырақтарды жинайды. Ол он пластик қапты жапыраққа толтырады. Қаптарды жолдың жиегіне сүйрейді. Ол күзді жек көреді.
Мәтінді жасыру
      47. Жаңбырлы күні оқитын жақсы кітап
      Ер адам терезеден қарап тұр. Аспан сұр. Жапырақтар түсе бастады. Аспанда қағаз ұшып бара жатыр. Желді. Ер адам кітабына қайта оралды. Жауын тамшылары естіле бастады. Ол қайтадан терезеден қарады. Жауынды көрді. Терезені жапты. Ол қайтадан кітабына оралды.
Мәтінді жасыру
      48. Ол кофе дайындады
      Әйел кофе дәндері салынған пакетті ашты. Бірнеше дәнді кофетартқышқа салып, кофетартқыштың қақпағын жапты. Кофетартқышты қосты. Дәнді 10 секунд уатты. Қақпағын ашты. Ұнтақталған дәнді қағаз сүзгіге салды. Аз ғана суды қайнатты.
Мәтінді жасыру
      49. Ол манго сатып тұр
      Қыз тротуарда тұр. Ол кішкентай үстелдің артында тұр. Ол манго тазартып тұр. Ол оны тілімдеп кесіп тұр. Ол оларды пластикалық стақанға салып тұр. Үстелдің үстінде бес стақан тұр. Олар сатылады. Стақан екі доллар тұрады. Бір ер адам тоқтады. Ол бір стақанды екі долларға сатып алып жатыр.
Мәтінді жасыру
      50. Ол жаңа көйлек сатып алды
      Әйелге киімдер дүкеніндегі көйлек ұнайды. Ол оны киім бөлмесіне алып келді, және оны киіп көріп жатыр. Ол айнаның алдында өзінің көйлегіне қарап жатыр. Бұрылып артына да қарады. Көйлек оған жақсы жарасып тұр. Әйел көйлекті шешіп, сатушыға бара жатыр.
Мәтінді жасыру
      51. Ол қоқысты шығарады
      Қоқыс шелегіндегі пластик қап лық толы. Ол қапты байлап жатыр. Жігіт қапты қоқыс шелегінен алды. Қаптың түбін ұстап көрді. Құрғақ екен. Су ағып тұрған жоқ. Ол бос қапты қоқыс шелегіне салды. Ол қоқыс толы қапты көшеге шығарды.
Мәтінді жасыру
      52. Сары жапырақ
      Бөлме гүлі терезе алдында тұр. Қыз гүлге карап отыр. Онда сары жапырақ бар. Ол сары жапырақты жұлып алды. Ол оны қоқысқа тастады. Ол гүлді асүйге апарды да жуғышқа қойды. Ол шүмекті бұрады. Ол гүл суарып тұр. Ол гүлді қайтадан терезе алдына қойды.
Мәтінді жасыру
      53. Ол жаңа татуировка істейді
      Қыздың қаһарманы - рок-әнші. Онда жыланның татуировкасы бар. Ол сондай татуировка салдыртқысы келеді. Оның татуировкасындағы жыланның екі басы бар. Қыз тату студиясына барды. Тату мастері оған татуировка салды. Ол қыздың оң білегіне салды. Осының бәріне үш сағаттай уақыт кетті. Қыз өзінің жаңа татуировкасын мақтаныш етеді.
Мәтінді жасыру
      54. Ол ғимаратқа келіп соқтығысты
      Ер адам салық үшін ашулы. Ол төлейтін салық тым көп. Ол үкіметті кінәлайды. Бір әрекет істеуге бел буады. Оның кішкентай ұшағы бар. Ол ұшағына отырды. Қалаға қарай ұшып барды. Ұшып барып, үкімет отырған ғимаратқа соғылады. Өзі өлді. Ғимараттағы адамдар өлмеді.
Мәтінді жасыру
      55. Оның ойлары жағымды
      Әйелдің ойлары жағымды. Ол жақсы нәрселер туралы ойлайды. Ол жақсы адамдар туралы ойлайды. Ол өзінің ойын басқара алады. Оның басында кейде жағымсыз ойлар пайда бола бастайды. Бірақ ол оны ойынан тез шығарып тастайды. Жағымсыз ойлар пайда болғанда ол «арнаны ауыстырады». Ол тек жағымды ойларға құлақ салады. Жағымды ойлар оның бақытты болуына жол береді. Ол өзін жақсы сезінеді. Ол жақсы ұйқтайды.
Мәтінді жасыру
      56. Олар сатымен жүгіріп көтеріледі
      Сатымен жүгірудегі сайыс. Жүгіретіндер басқышпен жоғарғы қабаттарға қарай жүгіреді. Олар Эмпайр-стейт-билдингтегі сатымен жұгіріп көтеріледі. Эмпайр-стейт-билдинг - Нью-Йорк қаласындағы әйгілі көп қабатты үй. Ол 103 қабаттан тұрады. Ондағы басқыш саны 1576. Бұлай жүрігу қиын. Уақытты көп алады. Бұл - жыл сайын ұйымдастырылатын сайыс. Жүгіретіндердің дайындығы жақсы. Олар жыл бойы жаттығады.
Мәтінді жасыру
      57. Олар үйлену жайлы шешім қабылдады
      Қыз өзінің жігітін жақсы көреді. Жігіт те оны жақсы көреді. Олар үйлену жайлы шешім қабылдады. Олар үйлену тойын маусымның 10-жұлдызында өткізбекші. Олар толқып жүр. Олар өздерінің туған-туыстары мен достарына шақыру билеттерін таратуда. Қызға той көйлегі керек. Ол мұны анасына айтты. Анасы қызына өзінің той көйлегін берді.
Мәтінді жасыру
      58. Құм және толқындар
      Жігіт жағажайда. Ол құмда отыр. Ол толқындарға қарап отыр. Олар жағаға дейн жетеді. Күн ыстық. Ол тұрды. Жігіт суға түсті. Толқындар оны ұшырып түсірді. Ол суға құлады. Ол тұрды. Ол суға сүңгіді. Су салқындау. Оған бұл ұнайды.
Мәтінді жасыру
      59. Ол пианинода ойнайды
      Қыз банкеткаға отырды. Бұл банкетка пианинода ойнауға арналған. Қыз пианино клавиштеріне саусағын қояды. Қыз өлеңді ойнауда. Музыка көңілді ойнап жатыр. Қыздың иті музыка сарынына ұлиды. Мысығы бөлмеден қашып барады. Қыз әнді қайтадан ойнауда. Әкесі бөлмеге кірді. Ол орындыққа отырып, ән тыңдайды.
Мәтінді жасыру
      60. Ыдыс жуылуда
      Ыдыс жуылу үстінде. Кір ыдыс. Қыз губканы сулауда. Ол губкаға жуу құралын құюда. Ол ыдысты губкамен жууда. Ол ыдысты шайқауда. Ол ыдысты кептіргішке қоюда. Ыдыс кептіргіште кебуде. Ыдыс таза әрі құрғақ.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга