Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Кирил/Latyn 

Казахский по уровням

Уровень 5, страница 1
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Бай аға
      Элвин жаңа ноутбук алғысы келеді. Бірақ оның ата-анасы кедей. Оның анасы жақында жұмысынан айырылды. Оның әкесі де жақында жұмыстан кетті. Элвин ноутбукты ата-анасынан сұраудың қажеті жоқ екенін біледі. Ол өзінің бай ағасы Тоддан сұрауға бекінді. Ол ағасына көлікпен барды. Ағасының үйі әдемі. Ол үш қабатты. Төбеде люстра. Үйдің барлық қабырғасында қымбат суреттер ілінген. Үйде бес жатын бөлме мен төрт әжетхана бар. Элвин осында тұрғысы келді.
      Ағасы жейтін бір нәрсе ұсынды. «Жоқ, рахмет. Мен тамақтандым», - деді Элвин. Ағасы одан не үшін келгенін сұрады. Элвин не айтарын білмеді. Ол тәрбиесіз көрінгісі келмеді. «Менің ноутбугым ескірді, ал маған мектепке ноутбук керек. Мен ата-анамнан сұрар едім, бірақ олар қазір жұмыссыз», - деді Элвин.
      «Мен түсінемін», - деді ағасы. Ағасы әмиянынан 800 (сегіз жүз) доллар алды да, Элвинге берді. Элвин қуаныштан секірді. Ол өмірінде дәл қазіргідей бақытты болмапты. Анасы одан неге бүгін сондай бақытты екенін сұрады. Элвин ештеңе демеді. Ол анасының көңілінің түскенін қаламады.
Скрыть текст
      2. Колледжге оқуға түсу
      Қазіргі уақытта колледжге оқуға түсу қиын. Бір кездері бұл жеңілірек еді. Ал қазір жақсы бағаларымыз болса да жетпейді. Сізге алға қарай жылжу үшін әр пәннен жақсы баға алу керек. Сізге сыныптан тыс жұмыстармен айналысу керек. Сыныптан тыс жұмыстар дегеніміз –бұл сыныптан тыс уақытта айналысатын қызметтер: баскетбол ойнау, скрипкада ойнау, ән айту және тағы басқалар. Сіз SAT бойынша жоғары балл жинауыңыз керек. (Scholastic Assessment Test – Академиялық бағалау тесті – АҚШ-ғы жоғары оқу орынына түсу үшін стандарттық тест) немесе (American College Testing – Америкалық Тестілеу – АҚШ университетіне немесе колледжіне оқу түсуге және ауысу үшін стандарттық тест). Бұл тесттер сіздің біліміңізді бағалау үшін қолданылады. Онда әртүрлі пәндерден сұрақтар бар.
      Сіз қандай да бір қызметке жетекшілік етуіңіз керек. Жай ғана клубтың мүшесі болу жетпейді. Сіз клубтың басқарушысы немесе орынбасары болуыңыз керек. Және де сіздің жеке тұлғаңыз бен қабілетіңізді бағалайтын мұғалімдер, жаттықтырушылар мен кәсіпорын жетекшілерінің жазып отырған ұсыныс – хаттары да болу керек. Егер марапаттаулар алсаңыз да көмектеседі. Бұл сіздің жетістікке жете алатыныңызды дәлелдейді.
      Тағы да сіз өзіңіздің кім екеніңізді көрсететін шығарма жазуыңыз керек. Колледжге қызықты тұлғалар мен тарихтары бар адамдар керек. Жақсы баға алғанымен, іш пыстыратын шығармалары бар қатысушылар колледжге оқуға түсе алмайды. Оқуға түсе алмағандар көңіл күйлерін түсірудің қажеті жоқ. Оларға колледжге оқуға түсу жылдан жылға қиындап бара жатқанын түсіну керек.
Скрыть текст
      3. Оның қасы бірігіп кеткен
      Мариссаның туғанда физикалық кемшілігі болған. Оның қастары бірігіп кеткен. Бірігіп кеткен қас деген - екі бөлек қастың орнына бір ұзын қастың болуы. Адамдардың көпшілігінде екі бөлек қас болады. Адамдар оның біріккен қасын көріп күлкі етеді. Көп адамдар онымен дос болғысы келмейді. Алайда не болса да оның екі жақсы досы бар. Оның достары - Хизер және Джо. Олар Мариссаны қалай жаратылса, солай қабылдайды.
      Бірде Хизерге танымал балалар келді. Олардың басшысы Эми болатын. Эми егер Хизер Мариссаны тастаса, оны өз тобының қатарына қосатынын айтты. Хизер бұл туралы ойланды. Ол Мариссаны жақсы көрсе де, әрқашан танымал болуды армандаған. Ол Эмиге оның ұсынысы туралы ойланып көретінін айтты.
      Хизер Джоға болған жайтты айтып берді. Джо ашуланып кетті. «Сен қалайша мұндайға дейін ойланғансың? Сен деген өмір бойы Мариссамен дос болдың ғой», - деді Джо. Хизер ойланып қалды. Ол Мариссамен бірге қалай сабаққа дайындалғанын, бірге тамақтанғанын, күліп мәз болған сәттерді еске алды. Бұлай танымал болу осының бәрінің орнын баса алмайтын. Ол Эмиге қоңырау шалды: «Мен ешқашан Мариссамен достығымды үзбеймін, оның ішкі дүниесі сұлу». Эмимен сөйлесіп болып Хизер Марисса мен Джоны бір жерге уақыт өткізіп отыруға шақырды.
Скрыть текст
      4. Жақсы көретін адамынан айырылу
      Эбби кеше өзінің анасынан айырылды. Оның анасы автомобильдік апатқа ұшырады. Мас жүргізуші оның анасының машинасына соғылды. Мас жүргізуші қазір түрмеде. Оны ұялту үшін Эбби түрмеге барып қайтты. «Сіз білесіз ғой не істеп қойғаныңызды, дұрыс па?» - деп сұрады Эбби. Мас жүргізуші басын изеп: «Мен өкінемін», - деп айтты. Ол жылай бастады. «'Өкінемін' менің анамды маған қайтармайды. Сіздің жеңілтектігіңіздің салдарынан мені анамнан айырдыңыз».
      Мас жүргізуші жылауын жалғастырды. Мен іштім, өйткені мен өзімді жалғыз сезіндім. Эбби ашуға келіп, түрмеден кетіп қалды. Ол енді ешқашан оның түрін көргісі келген жоқ. Ол оның түрмеде бүкіл өмірін өткізуін қалады. Эбби болған жағдайды қиындықпен қабылдады. Ол бір жұмаға жұмыстан сұранып алды. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді, бірақ ол анасын ойлауды тоқтата алмады.
      Эббидің күйеуі оған күні бойы теледидар қарағанның орнына, өзіне қандай да бір керекті істі тауып алуын айтты. Эбби онымен келісті. Оған қандай да бір тиімді іспен айналысуды бастау керек еді. Ол онымен анасы мақтан тұтатындай қандай да бір іспен айналысқысы келді. Мас түрінде автомобильді жүргізуге жол бермес үшін Эбби арнайы бағдарламаны құрастырды. Ол мас адамдарды тегін жеткізіп салғысы келетін. Эбби адамдардың мас түрінде рөлге отырмауға түрткі болу үшін бүкіл елдегі колледждер, клубтар мен барларға барып жүрді.
Скрыть текст
      5. Чирлидер болуды армандаған
      Келли бастауыш мектептен бастап-ақ спорттық командаларды қолдау шараларына ат салысқан. Қазір ол колледждің соңғы курсында және чирлидингке белсенді қатысып, өз оқу орнының командасын қолдап жүр. Чирлидинг - бұл таңқаларлық спорт түрлерімен шоу элементтерінің қосындысы (би, гимнастика, акробатика). Ол «Лос-Анджелес Лейкерс» баскетбол клубының кәсіпқой чирлидері болмақшы. Чирлидер - спорттық шараның үзілісі кезінде көрермендердің (жанкүйерлердің) көңілін көтеретін қолғабыс тобының мүшесі. Бұл оның арманы еді. Ата-анасы оның бір қарапайымдау жұмыспен айналысқанын қалайтын: мысалы, медбике немесе заң қорғау фирмасында жұмыс істесе екен дейтін. Келли ата-анасының ұсынысын елемеді.
      Келли және оның чирлидингтегі жолдастары соңғы баскетбол матчында өз командаларына қолдау көрсеткен. Келли командаласының иығында тұрып құлап қалды. Бәрі үнсіз қалды. Оның достары оны қарап шығып жағдайының қалай екенін сұрады. Келлиді ауруханаға апаруға тура келді. Оның аяғына зақым келген еді. «Мен енді кәсіби чирлидер бола аламын ба?» - деп сұрады ол. «Өкінішке орай, жоқ», - деді дәрігер. Келли өмірдің әділетсіздігі туралы ойларын айтып салды.
      Келли болашағынан қорқатын. Оның барлық достары колледжден соң кім болатынын, немен айналысатынын білетін. Келли жоспарларын өзгертуге мәжбүр болды. Ол «Лос-Анджелес Лейкерс» клубына чирлидерлер қатарына алыну үшін бекітілген кездесу сынағына барудан бас тартты. Келли қандай мамандық таңдау жайлы ойланды. Ол әлі де бір чирлидингпен байланысты іспен айналысқысы келді. Біршама ойланып-толғанып Келли ақыры орта мектепте чирлидингке баулу бойынша жаттықтырушы болуды шешті.
Скрыть текст
      6. Құпиялы таңқаларлық кейіпкер
      Кимберли кәдімгі жасөспірім қыз бала. Ол орта білім беретін мектепте оқиды, үй тапсырмаларын орындайды, оның тік мінезді қыздармен өз мәселелері бар, ата- аналарымен ой бөліседі. Сондай-ақ Кимберлидің өзіндік құпиялы қасиеті бар. Ол таңқаларлық күш иесі. Кимберли жерден көліктерді көтере алады. Ол өз күшін қаласындағы қылмыстық жағдайларды шешуге қолданады. Ол тіпті жаңалықтардан да көрініп жүрді.
      Кимберли осы қасиеттерін барлығынан жасырады, тек бауыры мен ата-анасынан жасырмайды. Ол барлық адамдардың өзімен өзгеше араласқанын қаламайды. Себебі адамдардың онымен ерекше кейіпкер ретінде сөйлескенін қаламайды. Өзін негізінде қалай көрсе, солай қабылдағанын қалайды. Ол өзінің бет әлпетін жасыру үшін, көзіне жасыл түсті линза, бетіне бет перде киеді. Ол таңқаларлық кейіпін көрсету үшін үстіне плащ пен күлгін түсті жейде киеді.
      Кей кезде Кимберли өзіне тік мінезді қыздар жәбір көрсеткенде, ол өзінің кім екенін айтқысы келеді. Бірде оның ғылыми жобасын жоғалтып жібергенде айтып қала жаздады. Кимберлидің жұптасы бар, ол оның айнымас досы. Таңқаларлық кейіпкер досының жасырын аты ОттоБот, ал шын аты Оливер. Оның күші таңқаларлық жылдамдығында. Оливер Кимберли оқитын мектепте оқиды, бірақ ол өзінің қасиеттерін жасырмайды.
Скрыть текст
      7. Құтты күртке
      Аннаның құтты күрткесі бар. Оны киген әрбір кезде жақсы нәрсе болып тұрады. Бір күні ол оны бітіру емтиханына киіп барып, сыныптағы ең жоғары бағаны алды! Оның күрткесінің түсі жасыл, сары жолағы бар. Оның иісі өте нашар, өйткені Анна оны ешқашан жумайды. Оны жуғаннан кейін ол құтты болмай қалады деп қорқады. Ол оны шкафта жалғыз ұстайды. Шкафта басқа ешқандай киім жоқ.
      Аннаның жұмысқа орналасуға қатысты маңызды сұхбаттасуы бар еді. Ол соны қатты уайымдайтын. Ол күрткесін кигісі келді, бірақ күртке сұхбаттасу үшін орынсыз киім еді. Оған әдемі киіну керек болды. Ол күрткені бір қарапайым сұр свитердің астынан кимекші болады. "Тамаша жоспар", - деп ойлады ол.
      Анна сұхбаттасу бөлмесіне кірген кезде терлей бастады. Ол неліктен сондай ыстық деп ойлады. Оның себебі үстіне киген киімінде екенін түсінді. Ол сұхбат жүргізушіге қарама-қарсы отырды. «Анна, Сіз терлеп отырсыз, свитеріңізді шешіп қойғаныңыз жөн». Анна дірілдеп күлді. «Менде бәрі өте жақсы», - деді ол. Сұхбаттасудың соңына қарай Аннаның свитерінде терден дақ пайда болады. Ол сұхбаттасудан кеткенде сенімсіз күйде еді. Бір аптадан кейін оған компания бастығы телефоннан қоңырау шалды. Босс оған жұмыс ұсынды! Құтты күртке өз ісін істеді!
Скрыть текст
      8. Телефон басқыншылығы
      Он жыл бұрын үлкен адамдардың көбісі қарапайым телефон пайдаланды. Қазір халық смартфон ұстайды. Смартфонмен сіз тек қана адамдарға телефон шалып қоймай, онымен интернетке кіріп, жаңа ойындар жүктеп, математикалық есептерді шешіп, өзіңіздің күн тәртібіңізді жоспарлап және тағы басқаларды да жасай аласыз. Смартфондар шын мәнінде пайдалы. Тіптен қазіргі таңда балалар да телефон ұстайды.
      Қазіргі таңда көп адамдар телефонды көп пайдаланады, әсіресе көп уақыт күту керек болған жағдайларда. Адамдар іштері пысқанды ұнатпайды, сондықтан олар телефонға жүгінеді. Көптеген жаңалықтар статистикасы адамдар телефонды шамадан көп пайдаланатынын дәлелдеді. Адамдар басқа адамдармен жеке қалған кезде телефондарын пайдаланады, және бұл жаман. Бір нәрсеге құмар болу ешқашан жақсы болмайды.
      Сіз мейрамханаға кіргенде басқа келушілерге қарасаңыз көбісінің қолдарында телефон болады. Олар айналасындағы адамдармен тілдескеннен гөрі, хат жазысу, ойын ойнап немесе интернетке кіріп отырғанды қалайды екен. Тіптен кейбір мейрамханалар егер келушілер телефондарын пайдаланбауға дайын болса, оларға тегін тамақ немесе жеңілдік жасауға ұсыныс білдіреді екен. Сонымен бірге адамдар телефонды ұйықтар алдында да пайдаланады. Және де бұл олар үшін жаман, өйткені бұдан кейін ұйықтау қиын. Телефонның жарығы біздің ағзамызды алдап, сергітетіндей ойлатады.
Скрыть текст
      9. Қорқынышпен өмір сүру
      Брюссель мен Париждегі террористік шабуылдар шетелдегі көптеген білім алушыларды шошытуда. Студенттердің басым көпшілігі үлкен қалаларға суретке түсіру үшін, бір нәрсе сатып алу үшін және қаланың қызықты жерлерін көруге барады. Алайда террористер осындай үлкен шаһарларға шабуыл жасайды, өйткені оларға бұндай жерлерде адамның көп болатыны мәлім. Мәселе біздің адамдардың шет елдерде білім алуын тоқтата алмауда. Бұндай шабуылдар кез келген сәтте болуы мүмкін. Біз өмір бойы үнемі үрейде өмір сүре алмаймыз. Біз қалаған әрекеттерімізді жасауымыз керек.
      Адамдар сонымен қатар әуе апатынан қорқып, саяхаттаудан сақтанады. Террористер жиі ұшақ ішіне жарылғыш заттар алып кіреді. Кейбір адамдар ұшақта қаза табудан сақтанады. Малайзиялық әуе жолының 370 -рейсінің жолаушыларының барлығы да хабарсыз кетті. Не болғаны әлгі күнге дейін белгісіз. Ұзамай осыдан кейін Малайзиялық әуе жолының 17 -рейсінің жолаушылары қаза тапты. Өте қайғылы оқиға болды.
      Ең қорқыныштысы, біздің өміріміз тез және аяқ астынан үзілуі мүмкін. Өмірімізді баянды да қанық сүруіміз керек. Айналамыздағы адамдарды жақсы көріп, әр сүрген күнімізге риза болуымыз керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) әрдайым ерте қаза тапқан жандар туралы жарияланып жатады. Бұл естуге тиіс, қандай да бір жақсы нәрсе емес, алайда бұл біздің өміріміздің қаншалықты құнды екенін дәлелдейді.
Скрыть текст
      10. Қолдау және қарсы болу
      Бренда маңызды шешім қабылдауға мәжбүр. Оған Францияда машықтанудан өту және ауруханада жұмыс істеу ұсынылды. Алайда ол біреуін ғана таңдай алады. Ол қолдайтын және қарсы болатын істер тізімін құрды. Қолдау – бұл жақсы, ал қарсы болу – бұл жаман.
      Францияда машықтанудан өту – бұл жақсы, себебі Бренда үнемі Францияға баруды қалайтын. Ұшаққа билет және тұруға оған төленбейді. Машықтануға қатысты жаманы бұның өмірлік мақсаттарына ешқандай қатысы болмауында еді. Машықтану кезінде француз балаларына ағылшыннан сабақ беруі қажет болды. Бренда балаларға қарсы емес еді, бірақ оларды жақсы көрмейтін.
      Ауруханада ұсынылған жұмысқа қатысты жағымды тұсы- оның ақтық мақсатына сәйкес келетіні еді. Бренданың ақтық мақсаты дәрігер болу еді, ал жұмыс медициналық училище жайлы көп нәрсені білуіне мүмкіндік береді. Жағымсыз тұстардың бірі орналасқан орны болды. Аурухана қауіпті орында орналасқан, онда ұрлықтан немесе басқа жағымсыз дүниелерден аулақ болу үшін адамдардың сақ болуы қажет. Ұзақ ойланғаннан кейін және тізімді қарағаннан кейін Бренда ауруханаға жұмысқа баруға бел буды. Ол онда жұмыс істеудің болашағы үшін пайдалы болатынын білді.
Скрыть текст
      11. Кейінге қалдыру
      Көптеген балалар ақылды. Бестік алған оларға кейінге қалдыруға шама бермейді. Кейінге қалдыру-бұл берілген тапсырманы сәл кейінірек жасау. Кейінге қалдыруға мысал- жобаны тапсыруға бір күн қалғанда жасау. Кейінге қалдыру-бұл жаман, өйткені бұл адамды әбігерге салады. Және де бұл аяқталған жұмыстың нашар болып шығуына кесірін тигізеді.
      Сабақ оқу-бұл көңілсіздеу жұмыс, оқушылар сабақ оқудың орнына, видеоойындар ойнайды, достарымен сөйлесіп және олармен бір жерге барып тамақтанады. Олар аяғына келгенде сабақ оқып, ұйқылары қанбай қалады. Бұл жаман, өйткені тестті сәтті тапсыру үшін сегіз сағаттан артық ұйықтау қажет. Тест тапсыруды кейінге қалдырғандар, ақыр аяғында нашар тапсырады. Мұғалімдер оқушыларды берілген тапсырманы уақытында орындап, күнделікті қарап жүруге үйретеді.
      Кейінге қалдыру-бұл тек қана мектепте емес, барлық жерде де болады. Адамдар дәрігерге қаралуды, жұмысқа орналасуға өтініш тапсыруды және тағы басқаларды кейінге қалдырады. Кейбір адамдар, кейінге қалдыру-бұл адамзаттың табиғатында болады дейді. Ал кейбіреулері керісінше, кейінге қалдырса, бәрі де орындалады дейді. Әбігерге салынып жасалған нәрсе жұмысты жылдамырақ орындатады дейді.
Скрыть текст
      12. Шіркеуге барудан бас тартты
      Крис төрт жасқа толғаннан бері әрбір жексенбі сайын шіркеуге барып жүрді. Оның ата-анасы өте діншіл жандар болды және Кристің өз жолын қуғанын қалады. Оның әкесі пастор, анасы регент болды. Крис өзін үнемі жол айрығында тұрғандай сезінетін. Христиандыққа ерекше махаббаты не жеккөрушілігі болған жоқ.
      Крис тарих сабағында басқа діндер жайлы естіді. Ол буддизм, ислам, индуизм және басқалары жайлы білді. Басқа діндер жайлы хабардар болып, ол буддизмге ауыспақшы болды. Оған бұл дін ерекше сай келетіндей көрінетін. Демалыс күндердің бірінде ата-анасына шіркеуге бармайтынын айтты. Олар таңқалды және ашуланды. Олар егер ол шіркеуге бармайтын болса, барлық электроника құралдарын тартып алатынын айтты. Крис қарсы болған жоқ. Ол ата-анасына ұялы телефонын, ойын приставкасы мен ноутбугын берді.
      Ата-анасы шіркеуден қайтып келгенде Криспен жақсылап сөйлеспекші болды. Крис оларға бұдан былай неге шіркеуге барғысы келмейтінін айтты. Ол буддизмнің не екенін және неге оған ауысқысы келетінін түсіндірді. Ата-анасы христиандықтың жақсы екеніне көзін жеткізуге тырысты. Бұл бос әуре еді. Крис шешім қабылдады.
Скрыть текст
      13. Жылауға қорықты
      Дин мектептің күшті жігіті ретінде танымал еді. Ол өзінің бұлшық еттірін көрсету үшін үнемі тар жейделер киетін. Өзінен әлсіз балаларды жығатын. Мұғалімдерге де бір немқұрайлы қарайтын, еш мәні жоқ адамдардай. Ол ешқашан үй жұмысын орындамайтын. Жиі төбелеске араласатын. Адамдар одан қорқатын, бұл қылығы Диннің өзіне ұнайтын.
      Диннiң ағасы қайтыс болғаннан кейін, өмірі күрт өзгерді. Ол мектептен қалмайтын. Ағылшын мұғалімі Шекспир туралы айтатын, Диннің ағасы шаттанатын. Мұғалімнің бұл сөздері Динге ағасын есіне түсірді. Көздері суланып кетті. Ол біреудің оның жылағанын көргенін қаламады. Ол орнынан тұрды. «Дин, мен сабақ жүргізіп жатқанда орныңнан тұруға болмайды,» - деді Чень мырза.
      Барлығы Динге көз тігіп қарап қалды. Оның көздеріндегі жасты көріп, күліп жіберді. Дин сыныптан жүгіріп шықты. Чень мырза артынан барып, отыруға шақырды. «Дин, жылау – ол табиғи нәрсе. Қайғылы бір нәрсе болды ма? Жасқанба, ішіңдегіні шығар.» Дин басын Чень мырзаның иығына қойып, қатты жылап жіберді. Бұл оның біреудің алдында алғашқы жылауы болатын. Ол бірінші рет өзінің күшті емес екенін көрсетті.
Скрыть текст
      14. Су құйып алып жүретін бөтелке жоғалып кетті
      Джаредтің күнде мектепке су құйып алып алып баратын жасыл бөтелкесі бар еді. Онда су салқын күйінде қалатындықтан, Джаред он жақсы көретін. Оған қоса оның сыртында мықты роботтың суреті бар еді. Бірде ол оны жоғалтып алды. Джаред өзінің досы Ричардтан бөтелкені көрмедің бе деп сұрады. «Иә, мен оны Альберттің ұстап тұрғанын көрдім», - деді Ричард. Джаред Альберттің шкафына жақындады. «Тыңда, менің суға ұстайтын бөтелкем сенде ғой, солай ма?» - деп сұрады Джаред. «Болған, бірақ мен оны Денизге беріп жібердім», - деді Альберт.
      Джаред Денизге келді. «Тыңдашы, менің су құятын бөтелкем сенде ме?» - деп сұрады Джаред. Дениз басын шайқап, былай деді: «Маған қатты ұнады, сондай әдемі екен деп, оны Амандаға көрсеттім. Қазір ол Амандада шығар». Джаред Амандаға барды. «Аманда, айтшы, менің су құятын бөтелкем сенде ме?» Аманда басы шайқап: «Мен ол бөтелкені Лукастікі деп ойлап, оны Лукасқа беріп жібердім». Джаредтің шыдамы таусылып, ашудан булыға, ақырып жіберді.
      Джаред Лукасқа келді. «Менің бөтелкем сенде ме?» - деп сұрады Джаред. «Мен оны саған қайтарсын деп, Ричардқа бергенмін», - деді Лукас. Бұл түсініксіз болып кетті ғой, мен бірінші болып бөтелке туралы сұраған адам Ричард болатын. Джаред Ричардқа қайтып келді. «Лукас, менің бөтелкем сенде, дейді», - деді Джаред. «Мен саған айтпадым ба, мен оны Альберттің қолынан көрдім деп. Лукас шамасы мені емес, Ричард Лопесті меңзеген шығар». «Тасташы соны, мен жай ғана барып, жаңа бөтелке сатып ала салайын», - деді Джаред. Бұл жолы ол көк түсті бөтелкені сатып алды.
Скрыть текст
      15. Кофе құмарлық
      Даниель кофеге әуестеніп алды. Ол таңертең екеу, ал күннің екінші жартысында үш шыны аяқ ішетін болды. Ол кофесіз жүре алмайтын болды. Анасы оның кофе ішуін доғарғанын қалады. Анасы үйде бар барлық кофені лақтырып тастап, орнына сүт бермекші болды. Даниель қатты ашуланды. «Апа, мен кофе ішпесем мектепке бара алмаймын», - деді Даниель. «Бұл сенің игілігің үшін», - деді анасы.
      Даниэль мектепке кетті. Ол кофе ішпегендіктен қатты ашулы және абыржулы еді. Ол достарымен сөйлескісі келмеді және сабаққа деген ойын жинақтай алмай отырды. Мұғалім оның жанына келіп, медбикеге барып келуін өтінді. Даниель медбикеге барып, кофе сұрады. Медбике оған күліп, кофе ішуді бірден қоюға болмайтынын, бірақ аздап ішу керектігін айтты. Медбике оған алғашқы күні 4 шыны аяқ, ал келесі күні 3 шыны аяқ ішсең, өзіңнен өзің қоясың, - деді.
      Даниэль анасына медбикенің айтқанын жеткізді. «Сонда мен қайтадан кофе сатып алуым керек пе?» - деді анасы. Даниэль күліп жіберді. Анасы екеуі жақсы кофе сатып алу үшін дүкенге кетті. Даниэль медбикенің айтқанын орындады. Кофені аздап ішкені жақсы болды, мүлдем ішпегеннен гөрі.
Скрыть текст
      16. Ұсыныс хат
      Клэр жекеменшік колледжге оқуға түспек болды. Жекеменшік колледждердің көпшілігі ұсыныс хат сұрайтын. Клэр кімге жүгінерін білмеді. Оған өз мұғалімдері оны онша жақсы білмейтіндей көрінді. Клэр сонда да мұғалімдеріне мінездеме ретінде ұсыныс хат жазып беруін өтінді. Олардың біршамасы иә десе, біршамасы жоқ деді. Бір аптадан соң Херши ханым Клэрге конвертке салынған ұсыныс хатты ұстатты. Негізінде, Клэр оны ашып қарамауы керек-ті, бірақ ол Херши ханымның не жазғанын білгісі келді.
      Клэр ақырындап конвертті ашып, хатты оқыды. Оның көңіл күйі түсіп кетті. Херши ханым Клэр туралы ештеңе жазбапты. Херши ханым тек Клэр өте ақылды және жақсы қыз деген екен. Клэр бұндай хатпен қарастырып отырған беделді оқу орнына түсе алмас еді.
      Клэр өзінің жүзу жаттықтырушысынан ұсыныс хат жазып беруін сұрады. Оның жүзуден беретін жаттықтырушысы оны жақсы білетін. Тек мәселе мынада еді - оның жаттықтырушысының хатта өз ойын жақсы етіп баяндайтындай қабілеті жоқ еді. Ол колледжде оқымаған еді.Әйтсе де, Клэр оның хат жазып беруін өтінді. «Әрине, мен жазып беремін, мен тіпті оны саған жіберемін», - деді ол. Бір аптадан соң Клэрдің электронды поштасына жаттықтырушыдан хат келді. Ол оның не жазғанын оқудан жүрексінді. Хат Клэрдің көңілінен шықты. Оның жүзуден беретін жаттықтырушысының хаты әзілмен жазылыпты, бірақ кездерімен орынды еді!
Скрыть текст
      17. Танымалдың алдына бас иію
      Элиот Кукердің үлкен жанкүйері еді. Кукер өзінің төменгі дауысымен және жылдам айтатын рэп әндерімен танымал әнші. Кукердің шын есімі Теадор Кук. Элиотта Сан-Франциско қаласында болатын концерттің билеттері болды. Ол оны бірінші рет жеке көретін болды. Және онымен сөйлесуге рұқсат беретін қағазы да бар.
      Элиот Кукерді көруге Сан-Франискоға достарымен барды. Олардың жақсы орындары болды. Олар оның терлегенін көрді. Кукер жанды дауыспен керемет айтты. Оның даусы радиодағыдай естілді. Кейбір әншілер жанды дауыспен ән айта алмайды. Кукер ондай болмады. Элиот екі қолын жоғары көтерді. Ол көзін жұмып әуен тыңдады.
      Концерттен кейін Элиот достарымен онымен сөйлесуге барды. Элиот қатты толқығаны соншалық, оны көргенде, айқайлап жіберді. Кукер екі қолымен құлағын жапты. Элиот оның жанына жүгіріп барып: «Мен сіздің үлкен жанкүйеріңізбін! Сіздің қолтаңбаңыз бен суретіңізді алсам бола ма?»-деді. Кукер көзін айналдырды. «Әрине, мүмкін». Элиот Кукердің жартпағанын байқап қалды. «Сіз білесіз бе, бұл туралы ұмытыңыз. Маған қандай да бір нақұрыстың қолтаңбасы керек емес»,-деді Элиот. Ол кейбір танымал адамдардың мәдениетсіз екенін түсінді.
Скрыть текст
      18. Маңғаз топта ақша бар
      Джен кедей. Әкесі отбасын тастап кеткен кезде, ол үш жаста еді. Шешесі колледж бітірмеген, сондықтан жақсы жұмысқа орналаса алмайды. Джен жұмысқа орналасқысы келеді, бірақ ол небары 13 жаста. Джен маңғаз балалар тобында болғысы келеді. Олар қымбат киім, туфли, косметика, зергерлік бұйымдар сатып алады. Джен әрқашан футболка сияқты өте қарапайым киім киеді.
      Маңғаз балалар тобындағы бір қыз – Дженнің немере сіңлісі. Оның аты Дана. Дана маңғаздар тобын Дженді дүкен аралауға шақыруға көндірді. Джен қатты қуанды. Ол маңғаздар тобында болу үшін өзінің айтарлықтай маңғаз екенін көрсеткісі келеді. Джен оларды көргенде, өзін жайсыз сезінеді. Олардың киген киімі Дженнің киіміне қарағанда әлдеқайда қымбат. Ол маңғаздар тобымен бірге жасөспірімдерге арналған танымал дүкенге кірді. Қандай қымбат!
      Топтағы Дженнен басқа қыздардың барлығы киім алу үшін кезекке тұрды. «Сен бірдеңе аласың ба, Джен?» - деп сұрады қыздардың бірі. «Иә!» - деді Джен. Ол көйлек алды. Көйлек 80 доллар тұрады! Ол көйлекті сатып алды, бірақ ол көйлекті қайтарып бермек.
Скрыть текст
      19. Құпия қарым-қатынас
      Дайана мен Бобби кездесіп жүр. Дайананың әкесі олардың кездесетінін білмейді. Ол қызының колледжге түскенге дейін біреу-міреумен кездескенін қаламайды. Дайанаға қарым-қатынасын жасыру қиынға соғып жүр. Онымен бір жаққа шыққысы келген кезде, ол үнемі әкесіне достарымен кездесетінін айтуына тура келеді. Бобби сыйлық жасаған кездері оны тығып қоюына тура келеді. Әкесі бірдеңені сезіп жүргендей.
      Бобби Дайананың араларындағы қарым-қатынасты әкесінен жасыратынына ренжиді. Боббиге Дайана онымен болуға ұялатын сияқты болып көрінеді. Бобби Дайананың әкесімен кездескісі келеді. Ол іске өзі кірісуге бел буды. Ол мектептен кейін Дайананың үйіне барды. Дайана әлі мектепте, себебі оның музыкадан сабағы бар - ол скрипка тартуға жаттығып жүр. Бобби жай ғана есік қақты. Оның қолы дірілдеп тұр.
      Есікті Дайананың әкесі ашты. "Көмегім қажет пе?" Бобби бірден тіл қатпады. «Сіз жөніңізді айтасыз ба, жоқ па?» – деп ашулана сұрады Дайананың әкесі. «Мырза, мен сіздің қызыңызбен кездесіп жүрмін», – деді Бобби. Дайананың әкесі қабағын түйді. «Тез арада онымен қарым-қатынасыңызды доғарыңыз. Оған жігіттермен кездесуге әлі ерте!» Бобби күйініп кетті. Ол Дайанаға араларындағы қарым-қатынас турасында әкесін алдауды жалғастыруға мәжбүр екенін айтты. «Білемін», – деді Дайана.
Скрыть текст
      20. Арбаушы егіздер
      Энни мен Диана бірдей егіздер. Оларды бір-бірінен ажырату қиын. Кейде тіпті оларды жақын достары да шатастырып, қайсысы кім екен білмей жатады! Олардың басты айырмашылықтары аяқтарында еді. Эннидің аяғында қалы бар еді, ал Дианада ол жоқ. Энни мен Диана кейде киімдерін ауыстырып алатын. Энни Дианада математикадан бақылау болғанда, оның орнына баратын. Диана Эннидің орнына дене тәрбиесінен бір мильге кедергілермен жүгіру сынағын тапсыратын. Олар бұлай қылып жүргендері бір жыл емес-ті.
      Энни және Дианамен әңгімесі жараспайтын Скарлет олардың бұл тірлігін біліп қойды. Ол математика және дене шынықтыру мұғалімдеріне егіздердің оларды әрқашан алдап жүргенін айтып берді. Математика пәнінің мұғалімі Томпсон мырза оларға екілік қойып берді. Дене тәрбиесінің мұғалімі Нгуен ханым да оларға екі бағасын қойып берді. Энни мен Диана не қыларын білмей, қапа болды. Энни жүгіргенде тез алқынып қалатынын түсіндірмек болды. Ал Диана математикадан бақылаудан қорқатынын түсіндіргісі келген. Бірақ Томпсон мырза және Нгуен ханымға бәрібір еді.
      Энни мен Диана осыдан соң бірінің орнына бірі жүрмейтін болды. Олар екілік баға алғаннан кейін ата-аналары оларды бөлек мектептерге берді. Мектептер бір-бірінен ондай қашық орналаспаған-ды, сондықтан олардың баяғыша көрісіп тұруларына болатын.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Акжайык Сабырбаева, Мади Толегенов, Назгуль Тынбаева, Рахат Уйсымбаев.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.4, стр.5 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв