Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 17
17-01
      Бір кісі вагонның терезесіне сүйеніп жылап тұрған әйелді көріп одан сұрапты:
      – Не болды, мадам? Сіз неге жылап тұрсыз?
      – Ах, деп өксіпті әйел, менің күйеуім аялдамада газет алуға түсіп қалған, ал пойыз онсыз жүріп кетті.
      – О, өте өкінішті. Пойызда оқитын бірдеңесіз қалған өте жаман...
Скрыть текст
17-02
      Пациент окулист дәрігерге келіпті:
      – Дәрігер, менде дальтонизмнің өте қызық түрі. Мен тек бір түсті көрмеймін.
      – Қандайын?
      – Енді мен оны қайдан білейін дәрігер! Мен оны тіпті өмірі көрмедім ғой!
Скрыть текст
17-03
      Бал-маскарадта әйелі күйеуіне сыбырлапты:
      – Анау тұрған еркек ше мушкетердің костюмін киген, мені өткізбей тұр. Тіпті одан қалай құтыларымды білмей тұрмын.
      – Элементарно (оңай), - деп ақыл айтыпты күйеуі. - Жәй ғана маскаңды шешіп таста.
Скрыть текст
17-04
      Полярлық түн. Тундра. Солтүстік шұғыла. Ит шаналар кетіп барады. Көсем жіккен екі чукча-аңшылар. Шаналарда иттер отыр, мылтықтан атуда, ішуде.
      Бір чукча екіншісіне:
      – Сөйтсе де иттерге арақ беру сенің ойың болатын!
Скрыть текст
17-05
      Қала сыртындағы станциядан бір әйел шығып өтіп бара жатқан жігіттен өзінің чемоданын жеткізіп беруін өтініпті. Саяжайдың қақпасының алдына келгенде әйел жігітке уақ тиындықты береді, жігіт оны үнсіз алады.
      – Сен не жақсы тәрбиеленген баларға чемоданды жеткізіп бергені үшін тиын бергенде олардың не деу керектігін білмейсің бе? Неге сен үндемейсің?
      – Мен бұл сөздерді айту үшін тым жақсы тәрбиеленгенмін...
Скрыть текст
17-06
      Сарбаз сүйікті қызынан хат алыпты. Қызы оған басқа біреуді тауып алғанын айтыпты сосын өзінің фотографиясын қайтып беруін сұрапты. Қапаланған сарбаз взводтағы сарбаздардың барлығынан керек емес әйелдердің суреттен жинап қасына жазбамен бірге салып жіберіпті:
      "Қымбаттым, өкінішке орай осылардың ішіндегі қайсысы сен екеніңді мен есіме түсіре алмадым, Өтініш, өзіңдікін алып қалда қалғанын қайта салып жіберші".
Скрыть текст
17-07
      Сотта.
      – Айтыңызшы сіз неге күйеуіңіздің басынан табамен ұрдыңыз?
      – Өйткені үйде бір тәрелке де қалмапты!!!
Скрыть текст
17-08
      – Жоқ, жаным, бұл жазда біз Канар аралдарына бара алмаймыз. Біздің қарыздарымыз жайлы ойлап көрсеңші.
      – Неге сол қарыздар жайлы теңізде ойламасқа?
Скрыть текст
17-09
      Бір сәулетті мейрамхананың террасасында үлкен жанұя жайғасыпты: әкесі, анасы, атасы, аға-інілері, іні-жиендері және т.б. Сөмкелерінен шұжық, ірімшік, нан, қызанақ, сыра, арақтарды шығарып жатып екен... Даяршы келіпті:
      – Неге тапсырыс бересіздер?
      – Бір графин су және он стақан әкеліңіз.
      Бір минуттан соң мейрамхана директоры келіп жанұяның әкесіне айтыпты:
      – Тыңдаңыз, мұнда мейрамхана ғой...
      – Иә онсыз да көріп тұрмын. Ал сіз өзі кімсіз?
      – Мен - мейрамхана директорымын!
      – Ә міне жаңа айтпақшы. Мен өзімнің де сұрайын дегенім бар еді, неге мұнда сіздерде әуен ойнап тұрған жоқ?
Скрыть текст
17-10
      Инспектор жүргізушіні тоқтатыпты:
      – Сіз жылдамдықты асырып жібердіңіз - ережені бұздыңыз.
      Жүргізуші:
      – Енді сіздерде анда жолда белгі тұр ғой: "басып озуға тыйым салынады" деген.
      Инспектор:
      – Оның не қатысы бар мұнда?!
      Жүргізуші:
      – Сосын мен енді ешкім озып кетпесін деп жылдамдықты ұстап отырдым.
Скрыть текст
17-11
      Бір кісі өзіне ит сатып алыпты, бірақ бір апта өтпей оны өзінің көршісіне беріп құтылғысы келіпті.
      – Бұл сөйлейтін ит. Және де бар болғаны бес долларға сатылады.
      – Сөйлейтін ит? Сен мені ақымақ көріп тұрсың ба не! Ондай болмайды тіпті!
      Сонда ит көршісіне көзі толған жасымен қарап:
      – Өтінемін, мені сатып алыңызшы... Бұл адам мейрімсіз. Ол мені ешқашан тамақтардырмады, шомылдырмады және серуендеуге де алып шықпады. Ал мен деген күллі континенттегі трюкқа ең бейімді ит едім ғой! Мен патшалардың алдында шыққанмын! Мен әскерде қызмет етіп он рет марапатталған едім!
      – Эй, мынауың шынымен сөйлеп тұр ғой, - деп таңғалды көршісі. - Неге сен оны бар болғаны бес долларға сатып тұрсың?
      – Өй өйткені мен оның бітпейтін өтірік әңгімелерінен шаршап біттім...
Скрыть текст
17-12
      Қатты жылдамдықпен зымырап келе жатқан мотоциклист кенеттен оған қарсы ұшық келе жатқан...торғайды көріпті! Ол қалай болса да қашайын деп әрекет қылып тежегішті басады, бірақ әйткенме де ол торғайды дупығасымен түйіп кетеді. Торғай бірталай жерге құлап ұшып түседі. Мотоциклист бейшара кішкентай құсты аяп кетеді. Шаққа дегенде оны құлап жатқан жерінен іздеп тауып алып, оны өзімен бірге алып кетеді, өзінің үйіне алып келіпті, торға жайғастырып қасына су құйылған табақша қойып тағы нанның қиқымын сеуіп қояды да өзі ұйықтауға кетеді.
      Таңертең торғай есін жиып жан-жағына қарап өзіне өзі айтыпты:
      – Мен қайдамын өзі?...Солай де...тор...суы бар тәрелке...нан...Неткен сұмдық! Мен мотоциклистті өлтіріп қойғанмын ғой!
Скрыть текст
17-13
      Бір жаңа орыс басқасына айтыпты:
      – Сенде не кеше сауық-кеші болды ма не? Сенің ұялы телефоныңа қоңырау шаласам онда у-шу, сауық-сайран, мас дауыстар...
      – Өй, қайдағы! Кеше көлігім бұзылып қалды, үйге троллейбуспен баруға мәжбүр болдым...
Скрыть текст
17-14
      – Ой маматай, ақыры мен өзімен күйеу таптым!
      – Сен мені онымен қашан таныстырасың?
      – Көрдің бе әне оның "Мерседесі" тоқтады, қазір ол көліктен шығады.
      – Қызым, ол сенен жиырма жас үлкен сияқты ғой!
      – Анашым бұл ол емес, бұл оның кенже баласы ғой.
Скрыть текст
17-15
      – Даяршы, тұшпаралар неге салқын?
      – Енді не, олар деген Сібірден келген ғой!
Скрыть текст
17-16
      Кезек - бұл адамдар бірін-бірі жоғалтып алудан қорқатын жер.
Скрыть текст
17-17
      Кезек... Оның соңында бір кемпір тұр, қорқынышты, ажал сияқты: бүкірейген, бір аяғы жоқ, қолы, көзі мен тісі, тақырбас, мұрыны иегіне жетеді... Оның артына кезекке бір кісі келіп тұрыпты. Кемпір, оған қарай бұрылып:
      – Жігітім! Мен бір бес минутқа бір жерге барып келейін, сіз мені есіңізде сақтап қаласыз ба?
Скрыть текст
17-18
      Баласы әскерден оралыпты, әкесінің қасында бола тұруға ауылға келіпті.
      Қуанып қалған әкесі моншаны жағып, үстелген арағы мен басытқысын қойып, өзі есіктен шығып барады екен. Баласы:
      – Әке-ау, сен қайда кеттің?
      – Ә сен жей бер балам, ішіп ал, ал мен қазір барып төбелес жағын ұйымдастырып жіберейін...
Скрыть текст
17-19
      Пайдалы кеңес:
      – Егер сізге өз тістеріңіз керекті мөлшерде ақ болып көрінбесе, айнаның алдына тұрыңыз да бетіңізді жақсылап тұрып көмірдің кесегімен сүртіп шығыңыз.
Скрыть текст
17-20
      Маскүнем үйге басы есі кетіп ішіп келіпті. Жатын бөлмеге кіріпті, ал онда қараңғы екен. Біраз тұрып-тұрып, былай депті:
      – Қатын, ұрыссаңшы, әйтпесе мен керуетке дейін жете алмаймын...
Скрыть текст
17-21
      – Тыңдашы көрші! Сендер енді қашан осы кофе ұнтақтағыштарыңды түнімен қосуды қоясыңдар? Тіпті ұйықтау мүмкін емес қой!
      – Ә бұл кофе ұнтағыш емес - бұл менің әйелім менімен сөйлесіп жатқан...
Скрыть текст
17-22
      Қарт атай өзінде баяғыдан келе жатқан 40 жылдық дуаны алдыру үшін дуагерге барыпты. Дуагер:
      – Жақсы, ал сізді дуалаған дуа қалай естілетін еді?
      Әлгі:
      – ..."сіздерді ерлі-зайыпты деп жариялаймын"...
Скрыть текст
17-23
      Мас бір кісіні милиция учаскесіне сүйреп алып келіпті. Ол ызаланып:
      – Мен өзімді мұнда не үшін алып келгендерін айтуларыңды талап етемін?
      Сержант түсіндіріп:
      – Сіз мұнда мастардың төбелесіне қатысы бар адам ретінде жеткізілдіңіз.
      Әлгі кісі:
      – Ә бұл енді басқа әңгіме! Қашан бастаймыз өзі?
Скрыть текст
17-24
      – Хаим сен Одессаға Эйнштейннің келе жатқанын білемісің?
      – Ал бұл кім өзі, әйгілі дәріханашы ма?
      – Өй жоқ...әйгілі физик.
      – Ал ол не істеп еді?
      – Салыстырмалылық теориясын ойлап тапты.
      – Ал ол не тағы?
      – Саған қалай түсіндірсем екен? Міне сенің басыңда екі шаш - бұл көп па аз ба?
      – Аз!
      – Ал енді сол екі шаш сенің сорпаңда жүр деп ойла!
      – Тыңдашы, сонда ол осы ажуасымен Одессаға келе жатыр ма?
Скрыть текст
17-25
      Науқас дәрігерге келіп шағымданыпты:
      – Дәрігер көмектесіңіз! Тыныш ұйықтай алмай жүргеніме бір ай болды. Маған әрдайым футбол ойнап жүрген егеуқұйрықтар түсіме кіреді.
      – Міне сізге микстура, осыны түнде жатарда ішіңіз, сосын бәрі кетуі керек.
      – Мен оны арғы күні ішсем бола ма?
      – Неге ол?
      – Ертең оларда финал болады!
Скрыть текст
17-26
      Екі қыздың әңгімесі:
      – Қараш, өйткенде бір жігітпен танысқанмын: сымбатты, ақылды, дәулетті, қысқасы бұндайлар миллионға біреу болады. Ол мені кездесуге шақырған, біз түнде саябаққа бардық, сондағы орындыққа отырдық. Сондай керемет! Ай газет оқуға болатындай болып жарқырап тұр! Сосын білесің ба әлгі оңбағанның не істегенін?!
      – Не істепті?
      – Ол газет оқи бастады!!!
Скрыть текст
17-27
      Ең ырымшыл дәрігерлер - дантисттер. Әрдайым "Түкіріңіз!" деп айтады.
Скрыть текст
17-28
      Ең қысқа ағылшын анекдоты: "Ирландық бардың қасынан өтіп барады екен..."
Скрыть текст
17-29
      – Айтыңызшы, мына тотықұс сөйлей ме?
      – Білесіз бе, дәл осыны ол тап қазір сізді айтып сұраған...
Скрыть текст
17-30
      Бір нәрсе туралы өнегелі бірдеме айтуға менің ауызым бармайды...
Скрыть текст
17-31
      Қолында шарапы бар қызметші қабылдау залында отырғандарды айналып өтіп, бір қонаққа иеліпті:
      – Ал сіздің әйеліңіз не ішеді?
      – Менің қанымды!
Скрыть текст
17-32
      Әйелі дүкенге баруға әзірленіп жатыр. Күйеуі:
      – Сен ақшаны алдың ба?
      – Алдым.
      – Байқа жұмсап жіберме.
Скрыть текст
17-33
      Сарбаз үйінен хат алыпты. Бірде ол конвертті ашыпты, ал оның ішінен бір бет таза қағаз түсіпті.
      – Әскерге кетер кездің ең соңында әйеліммен ұрысысып қалғанбыз. Міне содан бері сөйлеспейміз, - деп түсіндіріп жатыр екен сарбаз таңырқаған жолдастарына.
Скрыть текст
17-34
      Екі құрбы.
      – Жарқыным-ау, ал сіздің күйеуіңіз қайда?
      – Үйде өзінің төрт аяқты досымен бірге.
      – Сіздер ит сатып алдыңыздар ма?
      – Жоқ. Жаңа диван ғой.
Скрыть текст
17-35
      Телефонға қоңырау:
      – Дәрігер, асығыңыз, әйелім өзін одан сайын нашар сезініп жатыр!
      – Не тіпті сүліктерде көмектеспей жатыр ма?
      – Жоқ. Үш түйірін үйтіп-бүйтіп жегіздік, ал енді одан әрі тіпті жегісі келмейді...
Скрыть текст
17-36
      Түнгі сағат үш. Бір көрші бар күшімен басқа біреудің қабырғасын тақылдатуда:
      – Егер сен оңбаған кернейде ойнағаныңды қоймасаң мен есімнен алжасамын!
      – Білесің бе қымбатты көршім, сен кешіктің. Менің кернейде ойнап отырмағаныма ендігі екі сағаттан асты...
Скрыть текст
17-37
      Жақсы өмір сүруді енді ғана бастап едік - ақша таусылды да қалды...
Скрыть текст
17-38
      – Капитан мырза, неге кемелердің көбісіне әйел аттарын қояды?
      – Егер сіз оларды басқару қандай қиын екен білсеңіз, сіз бұндай орынсыз сұрақ қоймайтын едіңіз.
Скрыть текст
17-39
      Африкада ұшақ құлапты. Ұшқыштың маңайына бір тобыр жергілікті адамдар жиналыпты. Ұшқыш құтқарылуға үмітін үзбей олардың көсеміне жүгініпті:
      – Мен ақ адаммын, бейбіт ұшқышпын...темір құспен ұшып келдім...темір құс құлап өліп қалды...мен тірі қалдым...
      Көсем:
      – Солай ма жігітім, ал сен неге ақымақ секілді сөйлеп тұрсың?
Скрыть текст
17-40
      – Қорқыныш деген не?
      – Өзіңе елестет: сен енеңмен жағажайда жатырсың. Кенет толқын ұрып енеңді теңізге алып кетеді...
      – Бр-р! Содан не бопты?
      – Ал масқара дегенің екінші толқын келіп оны қайтадан жағаға шығарып тастағаны...
Скрыть текст
17-41
      Мен негізі мейрімді әйелмін. Мысалы бүгін таң ертең бір кезбеге он доллар бердім.
      – Мәссаған! Он доллар! Қызық, сенің күйеуің бұған не деді?
      – Не десін ол? Рахметін айтты әрине.
Скрыть текст
17-42
      – Кеше кинода бір керемет махаббат көрінісін көрдім!
      – Фильм қалай аталады екен?
      – Білмеймін, жарықты сөндіріп тастаған сәтте мен экранға арқаммен қарап отырған болып шықтым.
Скрыть текст
17-43
      Екі құрбы:
      – Ақыры менде енді өзім сонша армандаған күдері пәлтем бар!
      – Не, күйеуің сыйлаппа еді?
      – Жоқ, жәй өзімнің қаракүзеннен тігілген тонымды қырып тастадым.
Скрыть текст
17-44
      Екі құрбы.
      – Менің күйеуіммен мүлде дұрыс тұруға келмейді!
      – Онда ажыраста онымен.
      – Тағы не! Ол менің өмірімді бүлдіріп тастады, ал енді мен оны бақытты етуім керек пе!
Скрыть текст
17-45
      – Дәрігер, неге менің анализдерім сонша нашар?
      – Ал сіз оларға қанша төлеп едіңіз?
      – Әр күнге екі жүзден.
      – Э, қарағым-ау, жақсы анализдер енді бұдан әлдеқайда қымбат тұрады.
Скрыть текст
17-46
      – Қымбаттым, сен тым қатты күдік тудырып отырсың!
      – Ал сенімен басқаша болмайды ғой.
      – Болады. Жәй ғана шкафта отырған әр еркекті менің көңілдесім қылып көруді қою керек.
Скрыть текст
17-47
      Әйелі жұмыстан келген күйеуін қарсы алуда:
      – Әйтеуір-ау!
      – Кеш келдім бе?
      – Ол туралы емес. Ақыры сенен жағымды әйел әтірінің иісі шықты.
Скрыть текст
17-48
      Жаңа орысқа танысы жақындайды.
      Қараса - үйдің жанында үш КамАЗ тұр. Иесінен сұрайды:
      – Не, бауырым, бірдеңе салайын деп жатырсың ба?
      – Жоға, достым! Қайдағы құрылыс? Мен бұлармен банкке ақшаға барамын.
Скрыть текст
17-49
      – Тонын қандай әдемі! Ол неден тігілген?
      – Мысықтар терісінен...
      – Қалай екен?
      – Қыстыгүні жақсы, жылы. Ал көктемге қарай – үнемі шатырға шыққың келеді де тұрады...
Скрыть текст
17-50
      Дәрігер емделушіге:
      – Менде сіздер үшін жақсы және жаман жаңалық бар. Қайсысынан бастайын?
      – Жақсысынан бастаңыз.
      – Сырқатты сіздің есіміңізбен атаймыз...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульмира Ажмаганбетова
Корректор: Данияр Ужанов


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 16 Вернуться к началу Выпуск 18  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв