Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Кирил/Latyn 

С казахским не шутят?

Выпуск 23

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

23-01
      – Мама, иттің күшігін сатып әперші!
      – Жоқ!
      – Өтінемін, сатып әперші!
      – Жоқ, дедім ғой! Оны басқа біреуге сат!
Скрыть текст
23-02
      – Ия, сонымен өлеңдерім қала екен?
      – Қалай десем екен... сен оларды тағы біреуге оқып па ең?
      – Жоқ.
      – Көзіңнің алдындағы көгерген қайдан келген?
Скрыть текст
23-03
      – Сүйіктім, егер біз үйлену тойымызды Рождество мейрамына қарсы жасасақ, не айтасың?
      – Оның не?! Мейрамды бұзуға бола ма екен?
Скрыть текст
23-04
      – Әке, маған барабан әперші!
      – Сен даңғырлатып менің жұмысым кедергі жасайсың ғой!
      – Уәде етемін, мен сен ұйықтап жатқанда ғана даңғырлатамын.
Скрыть текст
23-05
      Жас мұғалима құрбысына шағым түсіруде:
      – Менің бір оқушым – сондай шалағай: үнемі шулайды, дөрекі сөйлейді және менің сабағымды бұзады!
      – Ең құрымаса оның бір жақсы қасиеті бар ма?
      – Өкінішке орай, бар – ол әлі бірде-бір сабақ жіберген жоқ.
Скрыть текст
23-06
      Дәрігерге бір пациент ризашылығын білдірейін деп келе жатыр екен, қолында коньяк, кәмпит, уылдырығы бар.
      – Міне дәрігер, сіз үлкен рахмет!
      Дәрігер бұрқанып:
      – Көкетай-ау, тыңда, сізге кім менің ақшамды жұмсауға рұқсат етті?
Скрыть текст
23-07
      – Петров, сіз тағы да дәріске қалып келдіңіз!
      – Кешіріңіз, профессор! Мен ұйықтап қалыппын.
      – Сіз сонда қалай үйде де ұйықтайсыз ба?
Скрыть текст
23-08
      – Петя, сендер үйлеріңде қандай да бір жануарды ұстайсыңдар ма?
      – Ұстаймыз. Итті, мысықты және тоңазытылған скумбрияны.
Скрыть текст
23-09
      – Сара, сенің салмағың қанша?
      – Көзілдірікпен бірге – жүз жиырма килограмм.
      – Неліктен көзілдірікпен бірге?
      – Мен оларсыз сандарды көрмеймін.
Скрыть текст
23-10
      – Аңқаулық деген не?
      – Орыс ұлтты адамды шайнаманың жоқтығы ішуден тоқтату дегенді болжамдау.
Скрыть текст
23-11
      Әйелі күйеуін балық аулаға шығуға дайындап жатыр:
      – Жаным, үлкен алабалық алып кел. Егер алабалық дүкенде болмаса тұқыны ала сал.
Скрыть текст
23-12
      Осындай таңғажайып күнде үйден шығып жүріп қайтқан қандай керемет. Тіпті бас ауырудың дәрісі анальгинді алуға бара жатсаң да мейлі.
Скрыть текст
23-13
      Адам ұзақ уақыт үндемесе, біртүрлі қысылып кетесің: ал ол кенет ойланып тұрған болса ше?
Скрыть текст
23-14
      Көп әйелді біреу түрмеге түсіпті. Камераластары одан сұрайтын көрінеді:
      – Сен мұнда жаза өтеуге ма әлде демалуға келдің ба?
Скрыть текст
23-15
      – Жігітім - деп ашуланыпты әке, - сіз маған қызымды түн жарымда әкеліп тастаймын дегенсіз. Ал қазір түнгі сағат үш болды. Және қызым да менікі емес.
Скрыть текст
23-16
      – Ертеңге ештеңе жоспарламаңдар: фуршет болады.
      – Фуршет деген бүгін емес пе еді!
      – Соны айтып тұрмын ғой: ертеңге ештеңе да жоспарламаңдар.
Скрыть текст
23-17
      Бір танысы досына:
      – Мен туған өлкеме кеткім келеді, әкешімнің ісін жалғастырамын!
      – Сонда ішетін болдыңыз ғой?
Скрыть текст
23-18
      Бүкіл әлем бойынша саналы тіршіліктің бар екенінің ең үлкен фактісі болып бізбен әліге дейін ешкімнің де байланысқа шығуға тырыспағаны болып саналады.
Скрыть текст
23-19
      Әкесі өзінің қызының күйеуінен сұрапты:
      – Карта ойнайсың ба? Ішесің бе? Әйелдермен шүйіркелесемісің?
      – Жоқ.
      – Онда той да жоқ. Мен әйелім сені маған үлгі қылып айтқанын қаламаймын.
Скрыть текст
23-20
      – Сәлем, қалың қалай?
      – Жақсы, мені жұмыстан шығарып жіберді.
      – Не үшін?
      – Түсінсем бұйырмасын, мен онда болмағаныма жарты жыл болды...
Скрыть текст
23-21
      – Рахмет, дәрігер! Мен бүгін бутербродты түсіріп алдым, сосын ол жерге май жағы үстіге қарап құлады!
      Психоаналитик пациенттің қолынан бутербродты алып, терең ойланып оны зерттеп сосын күрсініп айтыпты:
      – Тіпті де олай емес! Сіз деген оның басқа жағына май жаққансыз ғой!
Скрыть текст
23-22
      Ассистент профессорға:
      – Жаңа ғана перзентханадан хабарласып, сіздің қызыңыздың дүниеге келгенін айтты, - деп хабарлайды.
      Профессор, жұмыстан басын алмай:
      – Ол туралы жұбайыма хабарлай салыңызшы...- деген екен.
Скрыть текст
23-23
      – Сен осы бүгінгі жұмыстан кейін қатты шаршаңқы боп көрінесің. Шамасы тым күрделі сөзжұмбақ түскен-ау иә?
Скрыть текст
23-24
      Қымбат темекі арзанынан таза, дәмді және хошиісті уларымен ерекшеленеді.
Скрыть текст
23-25
      Әйелі бірнеше лотерея билетін сатып алады.
      – Егер жеңіп шықсам, - дейді жолдасына, - онда құндыз жағалы жаңа пальто сатып аламын!
      – Ал жеңбесең ше? – деп мысқылдайды күйеуі.
      – Онда оны маған сен сатып бересің!
Скрыть текст
23-26
      Үйленгелі жатқан жастар тойдан кейінгі бірге тұратын баспаналарын талқылап отырады. Ақырында қорытындыны болашақ жұбайы шығарып:
      – Ал барлық шешімдерді бірге қабылдайтын боламыз! Мен солай дедім!
Скрыть текст
23-27
      – Неліктен әйеліңе осындай әдемі әрі қымбат ыдыстарды сатып бергенсің?
      – Неліктені қалай? Енді мені ол жуатын жерге мүлдем жібермейді!
Скрыть текст
23-28
      МАИ қызметкері машинаны тоқтатыпты:
      – Сіз "40" белгісін көрдіңіз бе?
      – Көрдім.
      – Онда сіз неге жүз рубльге жылдам келе жатырсыз?
Скрыть текст
23-29
      – Сол жақ аяқты оң жақ аяқтан қалай ажыратуға болады?
      – Сол жақ аяқта бақай оң жағында тұрады.
Скрыть текст
23-30
      Коммерциялық дүкеншедегі хабарландыру:
      “Басқа жерде алданып қалмаңыз. Бізден сатып алыңыз!”
Скрыть текст
23-31
      – Анашым, әр баланың әкесі болу керек деген рас па?
      – Рас, балам.
      – Сонда неге біздің үйде үш бала да, әкем жалғыз?
Скрыть текст
23-32
      Автобусқа былай деп жазып қойыпты:
      “Егер қазір қарт әйелге ешкім орын бермейтін болса, оны өзім берем!” Жазған: жүргізуші.
Скрыть текст
23-33
      Жаңа өнім! Бетке арналған супержақпа май! Ол бетіңіздің терісін жұмсақ әрі тегіс етіп қоймай, құрбыларыңыздың терең қызғаныш әжімдерін көбейтеді!
Скрыть текст
23-34
      Балаларын ұйқыға жатқызып жатқан шешесінің айқайлағанын соншалық, тіпті жоғарғы қабаттағы көршілерінің өзі төсек салып, жатып қалды.
Скрыть текст
23-35
      Мұхит жағажайындағы хабарландыру:
      “Акулаларға қолмен жем бермеуді сұраймыз.”
Скрыть текст
23-36
      – Пәтеріңіз жақсы екен... Тек аздап тығыздау...
      – Тоқтай тұрыңызшы, лифттен әлі шыққан жоқпыз ғой!
Скрыть текст
23-37
      – Ох, жарнама деген қымбатқа түсіп кетті...
      – Бірақ сен ешқандай жарнама бермейсің ғой!
      – Мен беріп жатқан жоқпын, бірақ әйелім оқиды...
Скрыть текст
23-38
      Әйеліме егер темекіні қойсаң, 1000 доллар беремін деп уәде еттім. Енді темекі тартуды қойғаны жайлы айтуды қойса, оған екі есе көп беруге уәде етемін.
Скрыть текст
23-39
      Пациент әйел:
      – Доктор, тіліңді көрсет деп сұрағансыз... Бірақ өзіңіз оған қараған да жоқсыз!
      – Кешіріңіз. Рецептті тыныш отырғанда жазып алайын дегенім ғой.
Скрыть текст
23-40
      Дәрігер, менің басымдағы кішкентай адам әрдайым ұрыса береді!
      – Бұны емдеу оңай! 1000 доллар - сосын ешқандай проблема болмайды!
      – Дәрігер, қазір ғана кішкентай адамның не деп айтқанын білесіз бе?
Скрыть текст
23-41
      – Қымбаттым, мен дүкенге бара жатырмын. Саған тәтті бірдеңе алайын ба?
      – Әрине қымбаттым. Тек байқа сындырып алма!
Скрыть текст
23-42
      Әр әйел білуі тиіс: түсті ас дәмді болуы үшін оны сирек істеу керек!
Скрыть текст
23-43
      – Нан же балам.
      – Бірақ мен нанды ұнатпаймын.
      – Же сосын үлкен болып өсіп мықты болып кетесің.
      – Неге?
      – Қалай сонда неге? Өзің нан тауып жеуің үшін да!
      – Бірақ мен нанды ұнатпаймын ғой!
Скрыть текст
23-44
      – Дәрігер, мен үнемі өз-өзіммен сөйлесемін.
      – Үйдегілерге кедергі жасайсың ба?
      – Жоқ, мен жалғыз тұрамын.
      – Онда сөйлей беріңіз.
      – Бірақ мен сондай езбемін...
Скрыть текст
23-45
      – Коля әлі некені рәсімдеуді созып жүр...
      – Тасташы сен соны Наташ! Егер ол некелесуге осылай асықпаса, оның ертең ажырасуды қалай кешіктіріп жүре беретінін ойлашы?
Скрыть текст
23-46
      Жас жігіт қыздан сұрапты:
      – Сен бай ақымаққа тұрмысқа шығар ме едің?
      – Сенің қанша ақшаң бар сонда?
Скрыть текст
23-47
      Белгілі қорғаушының кеңсесіне ет дүңгіршегінің иесі екпіңдей кіріп келеді:
      – Айтыңызшы, егерде біреудің иті бір кесек етті ұрлап алып кетсе, иесі ол үшін маған төлеуге міндетті ме?
      – Сөзсіз, міндетті! – деп жауап береді қорғаушы.
      – Онда былай, жаңа ғана сіздің төбетіңіз менің сөремнен үлкен бифштексті алып қашты!
      – Олай болса, - дейді қорғаушы , - егер сіз маған қазір тура сондай бифштекс әкеліп берсеңіз, менің кеңесімнің төлемақысы болар еді.
Скрыть текст
23-48
      Генерал бір жауынгердің бір түрлі қызық жүріп-тұрып жүргенін байқайды: төңіректе бей-берекет жүріп, бір қағаз көрсе, соны көтереді, мұңданады да: «Ол емес...» деп орнына тастай салады.
      Біраз уақыт өтеді, генерал оны психиатрға апармақшы болады. Психиатр жауынгерді қарап шығады да, оның психикасы сау деп таниды және оны іскердегі қызметтен босату туралы қорытынды жазады.
      Жауынгер қорытындыны қолына алады да күлімсіреп: «Бұл сол қағаз!», - дейді.
Скрыть текст
23-49
      Троллейбуста 15-16 жасар қыздар сөйлесіп отыр. Аялдамадан бір жігіт кіреді де, қыздардың жанына келіп:
      – О, қандай сүйкімді қыздар. - дейді.
      Қыздар ұялып, қымсынады:
      – Бекер айтасыз, сүйкімді деп...
      Жігіт:
      – Жарайды, әзілдедім, әзілдедім...
Скрыть текст
23-50
      Аңшы аңнан келеді. Иығында мылтық, қолында - қаз, өзі таяқ жеген, терісі сыдырылған, көгерген, маңдайында ісігі бар.
      Көршісі сұрайды:
      – Сен мына түріңмен қайдан келдің, Петя?
      – Аңнан келдім.
      – Жабайы қаз кезіккен бе?
      – Жоқ, қаз үйдікі ғой, қожайыны - жабайы.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov, Алтынгуль Кептербаева



©  Татьяна Валяева   2007–2020
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 22 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга