Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
 Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  
 Лёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Бiр қыздың сүйкімді досы
Оның досы сүйкімді. Ол оны сүйеді. Ол да оны сүйеді. Ол оның кітаптарын ұстап жүреді. Ол оның қарындаштарын ұштайды. Ол оған оның үй тапсырмасын iстеуге көмектеседі. Ол онымен түскі тамақ ішуге барады. Ол онымен киноға барады. Ол оған сыйлықтар сыйлайды. Ол оған сүйіспеншілік хаттарын жазады. Бұған сену қиын, себебі бұл тым керемет.
Скрыть текст
22. Ол әуітке бара жатыр
Ол жүзу әуітіне бара жатыр. Ол шешінетін бөлмеге кіріп бара жатыр. Ол шомылу костюмін киіп жатыр. Ол өз киімін шкафқа салып жатыр. Ол әуітке қарай шықты. Күн бүгін ыстық және шуақты. Ол салқын көгілдір суға қарап тұр. Ол суға қарай сүңгіді. Салқын суда жүзу - бір ғанибет.
Скрыть текст
23. Ол лифтпен жоғары көтеріледі
Ол лифтке кіреді. Ол түйменi басады. Түймеде 3 деп жазулы тұр. Ол тағы бiр түймені басады. Түймеде "Есiктi жабу" деген жазу тұр. Лифт есiктерi жабылады. Лифт жоғары көтеріледі. Ол екінші қабат жанынан өтіп барады. Лифт тоқтайды. Есіктер ашылады. Ол шығады. Ол үшінші қабатта тұр.
Скрыть текст
24. Оның бетiндегi сағызы
Ол сағыз шайнайды. Ол әртүрлі сағызды шайнайды. Ол көпіршіктенетін сағызды шайнайды. Ол көпіршіктенетін сағыздан көпіршік үрлейді. Ол үлкен көпіршіктер үрлейді. Олар грейпфрут сияқты өте үлкен. Сосын көпіршіктер жарылады. Ол сағызды бетінен сүртіп тастайды. Содан соң тағы да бір үлкен көпіршік үрлейді. Ол да жарылады. Ол мәз болады.
Скрыть текст
25. Ол жасыл қарбызды жеді
Ол қарбызды жақсы көреді. Қарбыз әдемі. Оның сырты жасыл. Оның іші қызыл. Оның сырты қатты. Оның іші жұмсақ. Оның іші шырынды. Қарбыз тәтті. Кейбір қарбыздардың дәні болады. Ол оны түкіріп тастайды. Кебір қарбыздар дәнсіз болады.
Скрыть текст
26. Оған бұл үй ұнайды
Ол журналға қарап отыр. Журналдың мұқабасында фотосурет бар. Бұл үйдің фотосуреті. Бұл әдемі үй. Ол журналды алып жатыр. Ол оны ашты. Ол беттерді аударып жатыр. Ол үйлердің басқа фотосуреттерін көріп жатыр. Оған бұл үй ұнайды. Ол осы үй туралы мақаланы оқып жатыр.
Скрыть текст
27. Аспандағы дирижабль
Аспанда дирижабль ұшып бара жатыр. Ол сағатына елу шақырым жылдамдықпен қозғалып бара жатыр. Оның екі қозғалтқышы бар. Қозғалтқыштардың айналып тұратын зырылдауықтары бар. Қозғалтқыштар дирижабльдың астында орналасқан. Олар гондолада. Ұшқыштар годолада отыр. Жолаушылар да сол жерде отыр. Гондолада үлкен терезелер бар. Ұшқыштар мен жолаушылар терезеге қарап отыр.
Скрыть текст
28. Оның мүгедектерге арналған арбасы
Ол мүгедектерге арналған арбаны қолданады. Оның аяғы әлсіз. Ол барлық жерге өзінің мүгедектерге арналған арбасымен барады. Ол мектепке де арбамен барады. Ол онымен кафеге де барады. Ол паркке де онымен барады. Оның мүгедектерге арналған арбасы электрлі. Онда аккумулятор бар. Ол алдыға және артқа жүреді. Ол оңға да солға да бұрылады. Оның мүгедектерге арналған арбасы оны барлық жерге апарады.
Скрыть текст
29. Ол киініп жатыр
Ол көйлегін киіп жатыр. Ол шалбарын киіп жатыр. Ол көйлегін шалбарының ішіне салып жатыр. Ол шалбарын түймелеп жатыр. Ол шалбарының сырмасын салып жатыр. Ол отырады. Ол оң шұлығын киіп жатыр. Ол сол шұлығын киіп жатыр. Ол сол аяқ киімін киіп жатыр. Ол оң аяқ киімін киіп жатыр. Енді аяқ киімнің бауын байлап жатыр.
Скрыть текст
30. Ол лифтке отырады
Ол лифтке бара жатыр. Ол "Төменге" тетігін басты. Ол лифттегі қоңырауды естіді. Лифт есіктері ашылды. Біреу шықты. Лифт есіктері жабылды. Тағы да қоңырау шылдырлады. Есіктер ашылды. Ол шықты. Лифт төменге түсіп барады. Ол жетінші қабаттан төмен түсіп келеді. Есіктер ашылды. Ол шықты.
Скрыть текст
31. Ол душқа түседі
Ол жуынатын бөлмеге кіреді. Ол душтың пердесін бір жағына ысырып қояды. Ол душтың суын қосады. Ол ваннаға түседі. Ол душтың пердесін тартып жабады. Ол сабынды алады. Ол үсті-басын жуады. Ол сабынды шаяды. Ол суды өшіреді. Ол ваннадан шығады.
Скрыть текст
32. Қоңыр өрмекші
Ол өрмекшіні көріп тұр. Оның аяқтары ұзын. Ол қабырғамен өрмелейді. Ол өрмекшіні бақылайды. Ол жоғарырақ өрмелейді. Ол төбенің жанында. Ол өрмелеуді доғарады. Ол сол жерде біраз тоқтап тұрады. Сосын ол қабырғамен кері өрмелейді. Ол еденде өрмелейді. Ол оны басып кетеді. Ол өліп қалды.
Скрыть текст
33. Көп адамдар саябаққа қуана-қуана барады
Ол саябаққа велосипедпен барады. Ол саябақ айналасында кең жол бойымен велосипед теуіп жүр. Көптеген адамдар онымен бірге велосипед теуіп жүр. Бүгін саябақта адам көп. Көп адамдар велосипед және роликті коньки теуіп жүр. Сауықтыру жүрісі мен баяу жүгіріске әуестер де баршылық. Олардың бәрі бір жолда. Бұл адам көп жүретін жол.
Скрыть текст
34. Бір банан жетеді
Ол үш бананды көріп тұр. Бір банан сарғылт-жасыл. Келесі банан сарғылт-қоңыр. Үшінші банан сап-сары. Ол сары бананды алды. Ол оны аршыды. Ол тез аршылады. Піскен банан тез аршылады. Банан аппақ. Онда қоңыр дақтар жоқ. Аса пісіп кеткен бананда қоңыр дақ болады. Ол бананды тауысып жеп қойды.
Скрыть текст
35. Ол көлік жүргізу бойынша емтихан тапсыруда
Ол ТЕҚБ-не (тіркеу емтихан қабылдау бөлімшесіне) бара жатыр. Ол кезекте тұр. Ол бәрімен бірге күтіп тұр. Ол кезектің басына қарай жылжуда. Біреу "Келесі" деп айтты. Ол ресепшіге бара жатыр. Ол емтихан үшін ақша төлеп жатыр. Ол түбіртек алуда. Ол нөмір алуда. Ол орындыққа отырды. Ол өз кезегін күтуде.
Скрыть текст
36. Ванна бөлмесіндегi жаңа шам
Ол шамды қосты. Ол қандай да бір дыбысты естіді. Жарық өшті. Ванна бөлмесінде қараңғы. Ол шкафқа барып, жаңа шамды алды. Ол ванна бөлмесіне қайтып келді. Ол ескі шамды бұрап шығарды. Ол жаңа шамды бұрап қондырды. Жарық жанды. Ол ескі шамды лақтырды.
Скрыть текст
37. Ол метроның баспалдағында отыр
Ол метроның баспалдағында отыр. Ол өткендерді дауыстап шақырады. Ол өзінің кепкасын созады. Ол көмек сұрайды. Ол ақша сұрайды. Ол ұсақ-түйек ақша сұрайды. Кейбір жүргіншілер тоқтайды. Олар оған жиырма бес центтік тиын береді. Олар оған доллар береді. Көп жүргіншілер қасынан өтіп кетеді. Олар оған ештеңе бермейді. Олар асығып барады.
Скрыть текст
38. Ол себетке допты лақтыруда
Ол еденге допты ұруда. Ол допты кортқа бағыттап жоғары - төмен ұрды. Ол оны өзінің тобындағы адамға береді. Екеуіде жүгіріп келді. Олар себетке қарай жүгіріп келе жатыр. Бөлек тұрған екі ойыншы да жүгіруде. Олар допты иеленгісі келеді. Оның тобындағы ойыншы секіріп тұр. Ол допты лақтырды. Доп себетке қарай ұшты. Олардың командасы екі ұпай алды.
Скрыть текст
39. Аквариумдегі балықтар
Оның аквариумы бар. Аквариумде төрт балық бар. Олардың бәрі кішкентай. Олар түрлі түсті. Бір балық қызыл. Екінші балық көгілдір. Үшінші балық сары. Төртінші балық қызғылт. Ол балықтарға қарап тұр. Олардың кішкентай ауыздары ашық. Ол олардың қарындары аш деп ойлайды. Ол оларға жем береді.
Скрыть текст
40. Ол поштаны жеткізеді
Ол поштада жұмыс істейді. Ол пошта сөмкесін поштамен толтырады. Ол пошта сөмке-арбасын жол бойымен сүйрейді. Ол әр үйдің жанына тоқтайды. Әр үйге пошта жеткізіп береді. Ол әрбір үйден пошта алады. Ол кез-келген ауа-райында жұмыс істейді. Оның жұмысы осындай.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.3  >>