Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
 Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  
 Лёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

41. Ол лотерея билеттерін сатып алады
Ол көшенің қиылысындағы газет киоскісіне бара жатыр. Ол Powerball лотереялары маңдайшасындағы жазуға қарап тұр. Лотереяның жүлде қоры қазір 99 миллион долларды құрайды. Ол біраз ақша ұтып алғысы келеді. Ол 10 лотерея билетін сұрайды. Сатушы оларды ашады. Ол оған 10 доллар береді. Ол оған билеттерді береді. Ол "Сәттілік тілеймін!", - деп айтады. Ол оған алғысын білдіреді.
Скрыть текст
42. Ол банкте жұмыс істейді
Ол банкте жұмыс істейді. Ол кассир. Ол клиенттермен сөйлеседі. Ол ақшаны олардың шоттарына салады. Ол ақшаны олардың шоттарынан шешіп алады. Ол олардан қолма-қол ақша алады. Ол оларға қолма-қолма ақша береді. Олар оны көру үшін кезекте тұрады. Ол оларға қызмет көрсететін орында тұрады.
Скрыть текст
43. Сатып алушылар жаңа жылдық сыйлықтар сатып алып жатыр
Жаңа жыл алдындағы сәт. Жаңа жылға дейін төрт күн ғана қалды. Дүкенде адамдар көп. Дүкендер сатып алушыларға толып кеткен. Сатып алушылар туыстары мен жақындарына сыйлықтар сатып алып жатыр. Олар достарына арнап сыйлықтар сатып алуда. Олар қымбат және арзан сыйлықтар сатып алуда. Олар үлкен және кішкентай сыйлықтар сатып алуда. Дүкен иелері қуанышты. Олар жаңа жылды жақсы көреді.
Скрыть текст
44. Ол төсекті жинайды
Ол керуеттен кір жайманы алды. Жастықтың кір тыстарын шешті. Керуетке таза жайманы жайды. Жастыққа таза тысты кигізді. Керуетке жамылғы көрпені жайды. Кір жайма мен жастық тыстарын кір салатын себетке салды. Ол келесі жатын бөлмеге беттеді.
Скрыть текст
45. Ол гүлге су құйды
Ол гүлге қарады. Ол құмырада. Гүл құрғап қалыпты. Жапырақтары солып қалған. Оған су құю керек. Ол гүлді алды. Оны ас үйге алып барды. Стаканға су толтырды. Суды гүлге құйды. Ол қайтадан гүлді өзінің жазу үстеліне қойды.
Скрыть текст
46. Ол күзде жапырақтарды жинайды
Күз. Күзде ағаштың жапырақтары түседі. Олар жерге түседі. Олардың барлығы түсіп қалады. Бірінен кейін бірі түседі. Олар алуан түсті. Коңыр. Қызыл. Сарғыш. Ол ауласындағы жапырақтарды жинайды. Ол он пластик қапты жапыраққа толтырады. Қаптарды жолдың жиегіне сүйрейді. Ол күзді жек көреді.
Скрыть текст
47. Жаңбырлы күні оқитын жақсы кітап
Ол терезеден қарап тұр. Аспан сұр. Жапырақтар түсе бастады. Аспанда қағаз ұшып бара жатыр. Желді. Ол кітабына қайта оралды. Жауын тамшылары естіле бастады. Ол қайтадан терезеден қарады. Жауынды көрді. Терезені жапты. Ол қайтадан кітабына оралды.
Скрыть текст
48. Ол кофе дайындады
Ол кофе дәндері салынған пакетті ашты. Бірнеше дәнді кофетартқышқа салып, кофетартқыштың қақпағын жапты. Кофетартқышты қосты. Дәнді 10 секунд уатты. Қақпағын ашты. Ұнтақталған дәнді қағаз сүзгіге салды. Аз ғана суды қайнатты.
Скрыть текст
49. Ол манго сатып тұр
Ол тротуарда тұр. Ол кішкентай үстелдің артында тұр. Ол манго тазартып тұр. Ол оны тілімдеп кесіп тұр. Ол оларды пластикалық стақанға салып тұр. Үстелдің үстінде бес стақан тұр. Олар сатылады. Стақан екі доллар тұрады. Бір ер адам тоқтады. Ол бір стақанды екі долларға сатып алып жатыр.
Скрыть текст
50. Ол жаңа көйлек сатып алды
Оған киімдер дүкеніндегі көйлек ұнайды. Ол оны киім бөлмесіне алып келді, және оны киіп көріп жатыр. Ол айнаның алдында өзінің көйлегіне қарап жатыр. Бұрылып артына да қарады. Көйлек оған жақсы жарасып тұр. Ол көйлекті шешіп, сатушыға бара жатыр.
Скрыть текст
51. Ол қоқысты шығарады
Қоқыс шелегіндегі пластик қап лық толы. Ол қапты байлап жатыр. Ол қапты қоқыс шелегінен алды. Қаптың түбін ұстап көрді. Құрғақ екен. Су ағып тұрған жоқ. Ол бос қапты қоқыс шелегіне салды. Ол қоқыс толы қапты көшеге шығарды.
Скрыть текст
52. Сары жапырақ
Бөлме гүлі терезе алдында тұр. Ол гүлге карап отыр. Онда сары жапырақ бар. Ол сары жапырақты жұлып алды. Ол оны қоқысқа тастады. Ол гүлді асүйге апарды да жуғышқа қойды. Ол шүмекті бұрады. Ол гүл суарып тұр. Ол гүлді қайтадан терезе алдына қойды.
Скрыть текст
53. Ол жаңа татуировка істейді
Оның қаһарманы - рок-әнші. Онда жыланның татуировкасы бар. Ол сондай татуировка салдыртқысы келеді. Оның татуировкасындағы жыланның екі басы бар. Ол тату студиясына барды. Тату мастері оған татуировка салды. Ол оның оң білегіне салды. Осының бәріне үш сағаттай уақыт кетті. Ол өзінің жаңа татуировкасын мақтаныш етеді.
Скрыть текст
54. Ол ғимаратқа келіп соқтығысты
Ол салық үшін ашулы. Ол төлейтін салық тым көп. Ол үкіметті кінәлайды. Бір әрекет істеуге бел буады. Оның кішкентай ұшағы бар. Ол ұшағына отырды. Қалаға қарай ұшып барды. Ұшып барып, үкімет отырған ғимаратқа соғылады. Өзі өлді. Ғимараттағы адамдар өлмеді.
Скрыть текст
55. Оның ойлары жағымды
Оның ойлары жағымды. Ол жақсы нәрселер туралы ойлайды. Ол жақсы адамдар туралы ойлайды. Ол өзінің ойын басқара алады. Оның басында кейде жағымсыз ойлар пайда бола бастайды. Бірақ ол оны ойынан тез шығарып тастайды. Жағымсыз ойлар пайда болғанда ол "арнаны ауыстырады". Ол тек жағымды ойларға құлақ салады. Жағымды ойлар оның бақытты болуына жол береді. Ол өзін жақсы сезінеді. Ол жақсы ұйқтайды.
Скрыть текст
56. Олар сатымен жүгіріп көтеріледі
Сатымен жүгірудегі сайыс. Жүгіретіндер басқышпен жоғарғы қабаттарға қарай жүгіреді. Олар Эмпайр-стейт-билдингтегі сатымен жұгіріп көтеріледі. Эмпайр-стейт-билдинг - Нью-Йорк қаласындағы әйгілі көп қабатты үй. Ол 103 қабаттан тұрады. Ондағы басқыш саны 1576. Бұлай жүрігу қиын. Уақытты көп алады. Бұл - жыл сайын ұйымдастырылатын сайыс. Жүгіретіндердің дайындығы жақсы. Олар жыл бойы жаттығады.
Скрыть текст
57. Олар үйлену жайлы шешім қабылдады
Ол өзінің жігітін жақсы көреді. Жігіт те оны жақсы көреді. Олар үйлену жайлы шешім қабылдады. Олар үйлену тойын маусымның 10-жұлдызында өткізбекші. Олар толқып жүр. Олар өздерінің туған-туыстары мен достарына шақыру билеттерін таратуда. Қызға той көйлегі керек. Ол мұны анасына айтты. Анасы қызына өзінің той көйлегін берді.
Скрыть текст
58. Құм және толқындар
Ол жағажайда. Ол құмда отыр. Ол толқындарға қарап отыр. Олар жағаға дейн жетеді. Күн ыстық. Ол тұрды. Ол суға түсті. Толқындар оны ұшырып түсірді. Ол суға құлады. Ол тұрды. Ол суға сүңгіді. Су салқындау. Оған бұл ұнайды.
Скрыть текст
59. Ол пианинода ойнайды
Ол банкеткаға отырды. Бұл банкетка пианинода ойнауға арналған. Ол пианино клавиштеріне саусағын қояды. Ол өлеңді ойнауда. Музыка көңілді ойнап жатыр. Оның иті музыка сарынына ұлиды. Мысығы бөлмеден қашып барады. Ол әнді қайтадан ойнауда. Әкесі бөлмеге кірді. Ол орындыққа отырып, ән тыңдайды.
Скрыть текст
60. Ыдыс жуылуда
Ыдыс жуылу үстінде. Кір ыдыс. Ол губканы сулауда. Ол губкаға жуу құралын құюда. Ол ыдысты губкамен жууда. Ол ыдысты шайқауда. Ол ыдысты кептіргішке қоюда. Ыдыс кептіргіште кебуде. Ыдыс таза әрі құрғақ.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.4  >>