Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

61. Ол еденді сыпырады
Ол еденге қарады. Ол едендегі шашты көреді. Ол едендегі жержаңғақтың қабығын көреді. Ол едендегі ұсақ тиындарды көреді. Ол едендегі қағазға арналған қыстырғыштарды көреді. Оның едені лас. Ол сыпырғыны алады. Ол қалақты алады. Ол еденді таза сыпырады. Ол қоқысты қалаққа сыпырып салады.
Скрыть текст
62. Тойға сатып алулар
Той болады. Той келесі айда. Ол өзіне жаңа костюм сатып алады. Костюм 400 доллар тұрады. Ол - қара-көк түсті. Ол келіншегіне сыйлық алады. Ол оған ipad алып береді. Ол күйеу жігітке сыйлық алады. Ол оған теннис ракеткасын алып береді.
Скрыть текст
63. Ол автобус аялдамасында тұр
Ол автобус аялдамасында тұр. Ол өзінің сағатына карап тұр. Ол кешігуде. Ол абыржуда. Ол тыпыршып тұр. Ол тағы да сағатына карады. Ол көшені бойлай қарауда. Ол автобусқа қарап тұр. Ол автобусты көруде. Ол аялдамадан бір орам жерде. Ол әрең-әрең жылжуда. Ақыры ол автобус аялдамасына келді.
Скрыть текст
64. Ол тіс дәрігеріне барады
Ол ваннадағы айнадан өзінің тісіне қарайды. Олар сарғайған. Ол тіс дәрігеріне барды. Ол аузын ашты. Тіс дәрігері оның аузын қарады. Ол оның сарғайған тісін байқады. Ол оның тісін тазартты. Ол щетканы пайдаланды. Ол тіс тазартқышын пайдаланды. Ол тіс жібін пайдаланды. Тіс дәрігері жұмысын бітірді. Оның тісі қазір бұрынғыдан ақшыл.
Скрыть текст
65. Ноутбук және кино
Ол ноутбугын ашады. Ол батырманы басады. Компьютер қосылады. Компьютер экраны жанады. Экранда белгілер шығады. Ол бір белгіні басады. Ол желіге шығады. Ол вебсайтқа кіреді. Вебсайт фильмдер жайлы. Ол жаңа фильмдер туралы оқиды. Өте қорқынышты фильм. Ол өзінің досына қоңырау шалады.
Скрыть текст
66. Ол газет оқиды
Ол баспалдақпен төмен кіре беріс бөлмеге түседі. Ол өзінің пошта жәшігін ашады. Ешқандай корреспонденция жоқ. Ол пошта жәшігін жабады. Ол көшеге шығады. Ол көшенің бұрышына келеді. Ол өзінің газетке арналған жәшігін ашады. Ол одан бірнеше газетті шығарады. Ол жақын арадағы бақшаға барады. Ол отырғышқа отырады. Ол газет оқиды.
Скрыть текст
67. Полиция террористерді іздеп жүр
Қала сақ отыр. Полиция террористердің ісімен айналысып жүр. Бұл 9/11 терактісінің он жылдығы. Полиция қаланың барлық жерінде. Олар метро бекеттерінде. Олар пойыздарда. Олар аспалы көпірлерде. Олар жер асты жолдарында. Олар 2001 жылы 11 қыркүйекте болған трагедия орнында. Олар сақадай сай.
Скрыть текст
68. Ол түннің бір уақытына дейiн дайындалады
Ол кітап оқып отыр. Ертең онда бақылау жұмысы. Ол әрбір бақылау жұмысы алдында дайындалады. Ол әр сөзді оқып жаттайды. Ол маркермен маңызды сөздерді белгілейді. Ол маңызды сөйлемді белгілейді. Ол маңызды абзацты белгілейді. Кітаптың әр жері сары түспен белгіленген. Ол түннің бір уақытына дейін дайындалады. Ол түнімен дайындалады. Бақылау кезінде ұйықтап қалады.
Скрыть текст
69. Оның соңынан полицей қуып келеді
Ол машинасын жылдам айдап келе жатыр. Ол оны тым жылдам айдап келеді. Полицей оны көрді. Полицей мигалкасын жақты. Полицей сирена қосты. Полицей оның соңына түсті. Ол полицейге мән бермеді. Ол қаттырақ айдады. Ол полиция машинасынан құтылуға тырысты. Ол жылдамдықты қосты. Ол бұрылыстың жанынан ұшып кетті. Ол өзінің машинасын соқты.
Скрыть текст
70. Ол - еңбексүйгіш әйел
Ол - еңбексүйгіш әйел. Ол күні бойы жұмыс істейді. Ол жұмысын үйге әкеліп істейді. Ол түннің бір уақытына дейін жұмыс істейді. Ол түн ортасына дейін компьютерде жұмыс істейді. Ол компьютерді өшіреді. Төсегіне құлап-сүрініп әрең жетеді. Оятқышты сағат алтыға қояды. Ол бірден ұйқыға кетеді. Ол жұмысы туралы түс көреді.
Скрыть текст
71. Оның жаңа ноутбугі
Онда жаңа ноаутбук бар. Ол интернетке күн сайын кіреді. Ол өзінің поштасын оқиды. Ол хаттарға жауап береді. Ол түрлі вебсайттарға кіреді. Ол желіде жаңалықтарды оқиды. Ол спорт жайлы мақалалар оқиды. Ол ауа райын қарайды. Ол теледидар бағдарламаларын қарайды. Ол саяхат жоспарын құрады. Оған өз ноутбугі қатты ұнайды.
Скрыть текст
72. Гамбургер және картоп фриі
Оның қарны аш. Ол Макдональдске келді. Ол кезекке тұрды. Ол өзінің кезегін күтті. Ол гамбургерге тапсырыс береді. Ол үлкен картоп фриіне тапсырыс берді. Ол үлкен газдалған суға тапсырыс берді. Ол тапсырысын төледі. Қалған ақшасын алды. Ол түбіртек алды. Ол өз тамағын күтті. Оның реттік санын айтылды. Оның тамағы дайын.
Скрыть текст
73. Ол өзінің жаңа блузкасын ретке келтіруде
Ол жаңа блузка сатып алуда. Ол барлық түймелерін қайшымен қиып тастады. Ол барлық түймелерін қайта тігуде. Ол оларды тексеруде. Ол оларды тартып қарады. Олар мықты ұсталып тұр екен. Ол блузкадан барлық затбелгілерді кесіп тастады. Олар оның сезімтал терісін тырнайды. Ол затбелгілерді лақтырып тастады. Ол жаңа блузкасын киді. Блузкасын киіп, ол өзін жайлы сезінді.
Скрыть текст
74. Ол киімін жуды
Киім лас. Ол киімдерге арналған себетте жатыр. Ол себетті алды. Ол киім жуатын бөлмеге апарды. Ол лас киімдерді кіржуғыш машинаға салды. Ол температураны таңдады. Ол тиын салғыш тесікке жиырма бес центтен төрт тиын тастады. Кіржуғыш машина суға толды. Ол киім жуғыш бөлмеден кетті.
Скрыть текст
75. Butterfinger шоколад батоны
Ол шоколадты батонға қарады. Орамада Butterfinger деп жазылған. Ол ораманы алды. Ол оны қоқыс шелегіне тастады. Ол батонды тістеді. Ол оны шайнады. Ол тәтті. Ол оны жұтты. Ол тағы да тістеді. Сәлден кейін бүкіл батон таусылды. Орамасынан басқа ештеңе қалмады.
Скрыть текст
76. Ол кілемнің шаңын сорғытты
Ол қонақ бөлменің кілеміне қарады. Ол лас болып көрініп тұр. Ол шаш түйінін көрді. Ол ас қиқымдарын көрді. Ол шаң тозаңдарын көрді. Ол шаңсорғышты алды. Ол оны қосты. Ол кілем үстін щеткамен алға және артқа жүрді. Ол шаңсорғышты өшірді. Ол шаңжинағышты тазалады. Кілем таза.
Скрыть текст
77. Ол түстенуге кетті
Оның қарны ашты. Ол өзінің сүйікті мейрамханасына бет алды. Ол осыдан екі көше ары. Ол мейрамханаға келді. Даяшы оны столға алып келді. Стол бұрышта орналасқан. Бұл жағымды, тыныш бұрыш. Ол отырды. Ол шөлдеді. Ол сусынға тапсырыс берді. Даяшы одан тапсырысты алып, кетті.
Скрыть текст
78. Ол гольф ойнайды
Ол гольфтің кәсіби ойыншысы. Ол гольф ойнайды. Ол гольф бойынша турнирларда ойнайды. Ол елдің барлық жеріне саяхаттайды. Ол көктемде және жазда ойнайды. Кейде ол турнирлардан жеңеді. Ол гольфқа арналған 14 клюшкамен ойнайды. Оның сөмкесінде гольфқа арналған 14 клюшка бар. Оның сүйіктісі – қысқа клюшка.
Скрыть текст
79. Ол сүт сатып алды
Ол дүкенге кірді. Ол сатып алуға арналған пластмасса себетті алды. Себет көк. Дүкенде адам көп. Көбісі себетпен жүр. Кейбір себеттер толы. Кейбір себеттер бос. Ол мұздатылған өнімдер бөліміне барды. Ол пакет сүт алды. Ол оны себетке салды.
Скрыть текст
80. Ол қанішер
Ол қанішер. Ол адам қанына мұқтаж. Ол адамдардың қанын ішеді. Ол олардың мойнынан тістейді және олардың қанын ішеді. Күндіз ол ұйықтайды. Ол күн сәулесінен қорқады. Ол крестен қорқады. Ол сарымсақтан қорқады. Ол табытта ұйықтайды. Түнде ол өзінің табытынан тұрады. Ол құрбанын іздейді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.5  >>