Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 1, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

81. Мұражайда адам көп
Мұражай алдында көп адам тұр. Кейбір адамдар баспалдақта отыр. Кейбірі суретке түсуде. Кейбірі кезекте тұр. Олар балмұздақ сатып алады. Олар хот-дог сатып алады. Автобустар мен такси тоқтайды және кетеді. Мұражай ашық. Ішінде адам көп. Сыртында адам көп. Бұл адам көп жүретін жер.
Скрыть текст
82. Ол раковинаны тазалады
Ол ваннадағы раковинаға қарады. Ол лас. Ол сарғайып кеткен. Оны тазалау керек. Ол губканы алды. Ол губканы сулады. Ол аздаған тазалау құралын алды. Ол раковинаға тазалау құралын септі. Ол раковинаны губкамен ысты. Ол губканы шайды. Қазір раковина таза.
Скрыть текст
83. Оның кеңсесі салқын
Ол орындықта отыр. Ол жұмыста. Ол дірілдеді. Оның кеңсесі тым салқын. Ол өз бастығына шағымданды. Ол оған көңіл аудармады. Оның бастығына салқын болғаны ұнайды. Көшеде ыстық. Жаз. Бірақ ғимарат ішінде оның үстінде қыстық күрте. Оның жұмыстастары да күрте киген. Олардың барлығы өз бастықтарын жек көреді.
Скрыть текст
84. АҚШ-та төртінші шілде
АҚШ-та төртінші шілде. Күн жарқырап тұр әрі ыстық. Адамдар америка туларын іліп жатыр. Тулар барлық жерде. Адамдар серуенге шығып жатыр. Олар барбекю торларында гамбургер мен хот-догтарды дайындап жатыр. Олар жүгері жеп жатыр. Түнде олар отшашуларды тамашалайды. Олар АҚШ-тың туған күнін атап өтуде.
Скрыть текст
85. Ол электр шотын төлейді
Ол конвертті ашып жатыр. Ішінде шот. Бұл оның ай сайын электр қуаты үшін төлейтін шоты. Осы айда шот 50 долларға. Ол өзінің шот кітапшасын алды. 50 долларға чек жазды. Ол чек пен шотты басқа конвертке салды. Оны жабыстырды. Конвертке марка жабыстырды.
Скрыть текст
86. Бас миына жасалған ота
Оның басы ауырады. Басы айналады. Ол дәрігерге барды. Дәрігер оны қарады. Оған миына ота жасау керек. Дәрігер бас сүйегін ашты да, миының ауыратын жеріне ота жасады. Ол ауруханада бір апта бойы жатты. Оның бас ауырғаны мен айналғаны басылды. Қазіргі медицина оны құтқарып қалды.
Скрыть текст
87. Ол душ қабылдайды
Ол ыстық су кранын ашады. Суық судың кранын ашады. Ол судың температурасын тексереді. Су жақсы екен. Ол душтың пердесін ашады. Ваннаға кіреді. Пердені жабады. Сабынды алады. Қолдарын сабындайды.
Скрыть текст
88. Адамдар лотерея билеттерін сатып алуда
Адамдар кезек күтіп отыр. Олар лотерея билетін сатып алғысы келеді. Оның жүлделік құны 100 миллион доллар. Барлығы жеңімпаз сандарды алуға үміттенеді. Әрқайсысы жолы болған жеңімпаз болғысы келеді. Кейбір адамдар сандарды автоматты түрде таңдайтын билеттерді сатып алып жатыр. Олар кез-келген алты санға разы. Кейбір адамдар өз сандарын таңдайды. Олардың сүйікті сандары бар.
Скрыть текст
89. Ол бланк толтырып жатыр
Оған жұмыс керек. Ол өтініш бланкын толтырады. Ол толық атын баспа әріптермен жазады. Ол баспа әріптермен өз мекенжайын жазады. Ол пошта индексін жазады. Ол сақтандыру куәлігінің нөмірін жазады. Үй телефонының нөмірін жазады. Ұялы телефонының нөмірін жазады. Ол өз қолы мен бүгінгі күнді жазады.
Скрыть текст
90. Су жаңа Honda
Бұл – жаңа автомобиль. Маркасы – Honda. Онда жаңа көлікке тән иіс бар. Неткен жағымды иіс. Көлік жылтыр қызыл реңкке боялған. Жылтылдаған қара шиналары бар. Дөңгелек дисктерінің күміс қалпақшалары да жылтыр. Былғары орындықтары жұмсақ. Жайлы да ыңғайлы. Әйнектері күңгірттенген. Шатырында мөлдір люк бар. 100 шақырымға 12 литр жұмсайды.
Скрыть текст
91. Ол салат жасап жатыр
Ол тоңазтқышты ашып жатыр. Бір шоқ салат алды. Бірнеше помидор алады. Көк пияздың бірнеше түйінін алды. Салатты турады. Қызанақ пен пиязды турады. Бәрін тегешке салды. Салатты араластырды. Үстінен салаттарға арналған дәмдеуішті құйды. Салаттың дәмін көрді. Өте дәмді салат.
Скрыть текст
92. Оның аузынан жаман иіс шығып тұр
Ол бейтаныс адаммен сөйлесті. Ол одан кері бұрылды. Бейтаныс адам оған сағыз ұсынды. Ол оны алды. Үйіне барды. Жуынатын бөлмеге кірді. Ол тісін тазартты. Тілін тазартты. Ол ауыз қуысына арналған шайғышты ашып, аузын шайды. Оның көңіл күйі көтерілді.
Скрыть текст
93. Жұмыскер құмырсқа
Құмырсқалар сондай жұмысбасты. Олардың алты аяғы бар. Олар алға-артқа жүреді. олар өз жолдарымен жүреді. Олар антенналарымен бір-бірімен сәлемдеседі. Олар тамақ түйіршіктерін үстеріне салып жүреді. Олар жапырақ тасиды. Олар өлі жәндіктерді тасиды. Олардың қолдары босамайды. Олар өмір бойы жұмысбасты. Олар ешқашан демалмайды. Олар өлгенше жұмыс істейді.
Скрыть текст
94. Ол – полиция қызметкері
Ол көшенің бұрышында тұр. Үстінде көк униформа. Басында – фуражка. Пистолеті бар. Кеудесінде – төсбелгі. Ол – полицей. Ол – коп. Қоғамды қорғайды. Ешнәрсені көзінен таса қалдырмайды. Көзбен қылмыскерлерді сүзеді. Көзбен террористерді сүзеді. Күдікті жүріс-тұрысты бақылайды. Күмәнді дыбыстарға құлақ түреді.
Скрыть текст
95. Қаланың туристік автобусы
Автобус жолаушыға толы. Бұл – туристік автобус. Екіқабатты автобус. Жолаушылар ашық платформада отыр. Гид қолына микрофон ұстаған. Ол туристерге қала жайлы әңгімелейді. Ғимараттарды көрсетеді. Ол әр ауданның тарихы жайлы айтады. Анекдоттарды да айтады. Туристер қызыға қарайды, тыңдайды және көптеген нәрседен хабардар болады.
Скрыть текст
96. Ұлы супермен
Ол Криптон ғаламшарынан келген. Ол Супермен. Ол күшті. Ол локомотивтерді көтереді. Онда супер есту мен көру қабілеті бар. Ол тез. Ол ұшады. Ол оқтан да тез ұшады. Ол қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады. Ол қылмыскерлерді ұстайды. Ол барлық қаһармандар арасындағы ең ұлысы.
Скрыть текст
97. Ол пойызға асығып барады
Ол киінді. Ол өзінің сөмкесін қолына алды. Ол өзінің пәтерінен шықты. Ол баспалдақпен төмен түсті. Ол ғимараттан шықты. Ол батысқа қарай бір орам жүрді. Ол метро станцтясына дейін жетті. Ол басқышпен төмен түсті. Ол турникет арқылы өтті. Ол тағы бірнеше басқышқа төмен түсті. Ол платформада пойызды күтті.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Алтынгуль Кептербаева, Салтанат Калдыбекова, Баян Сапарбек и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Суперлёгкое чтение. Том 2, стр.1  >>