Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 2, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Гүлденген бақ
Ұлданада бақ бар. Ол гүлдер отырғызады. Оның бағында раушандар, күнбағыстар және қызғалдақтар бар. Ұлдананың сүйікті гүлдері - қызғалдақтар. Ол жеміс-жидектер отырғызады. Бақта алма, апельсин және авокадо ағаштары бар. Ұлдананың сүйікті жемісі - алма. Ол қысқа болатын ағаштарды отырғызады. Ұзын болатын ағаштарды отырғызады. Ол бұталарды да отырғызады. Ол бағының өте әдемі болғанын қалайды. Бақтың ортасында бұрқақ бар. Онда балықтар жүзіп жүр. Олардың саны елуден көп. Кейде Ұлдана шөпте жатқанды ұнатады. Бақта ол өзін тыныштанғандай сезінеді.
Скрыть текст
2. Қонуға келу
Мишель құрбысымен бірге жиі бір-бірінің үйінде қонып қалатын. Бүгін ол өзінің құрбысының үйінде қонып қалды. Оның құрбысы Лиза еді. Лизаның ата-анасы оған кешкі ас дайындап берді. Олар гамбургер дайындады. Мишель мен оның құрбысы оның ата-анасына кешкі ас үшін алғысын айтты. Сосын олар фильм көруді шешті. Олар екі әртүрлі фильмдерді көрді. Содан кейін олар бір-бірінің шаштарын сәндеді. Олар бір-бірінің шаштарын өрді. Сонымен қатар олар достық білезігін жасады. Лизада әртүрлі ұсақ моншақтардың жинағы бар еді. Олар моншақтар жасады. Олар шаршай бастады. Олар өздерінің түнемел қаптарының ішіне кірді. Олар ұйықтағанға дейін ойнады.
Скрыть текст
3. Кино марафоны
Анна кино марафонын жасағысы келді. Ол үйіне өзінің барлық достарын шақырды. Ол попкорн сатып алды. Ол оны жылытты. Ол достары үшін попкорнды артығымен жасады. Ол өздері көретін фильмдерді таңдады. Олар романтикалық комедия, боевик, қорқынышты фильм, комедиялық фильм көретін болды. Ол қатты қобалжыды. Оның барлық достары фильмдерді көрді. Оларға попкорн ұнады. Попкорн бітіп қалғанда олар смоурс жасады. Смоурс - отта дайындап жейтін зефир түрі. Олардың смоурсы қыздырылған зефир, ұннан жасалған печеньенің екі қабаты арасындағы шоколад қабатынан тұрды. Ол дәмді болды. Алайда ол денсаулық үшін пайдалы емес еді, сондықтан оны көп жемеді. Олар фильмдерді түннің ортасында дейін көрді. Фильмдерді көріп болғаннан кейін олар ұйқыға кеткенге дейін әңгімелесті.
Скрыть текст
4. Дұрыс тамақтану
Фаст-фуд (Тез дайын болатын тамақ)- дұрыс тамақ түріне жатпайды. Ол адам денсаулығына зиян. Тез дайын болатын тамақ әдетте арзан болады. Бұл негізінде өздері тамақ дайындай алмайтын адамдарға жақсы. Ол асыққанда жақсы. Тимми фаст- фудты күнде сатып алады. Ол жұмысында ұзақ уақыт отырады. Ол үйге шаршап келгендіктен ұйықтауға ғана шамасы келеді.Онымен бірге жұмыс істейтін әріптестері оған дұрыс тамақтану керек екенін айтуда. Оның әйелі де сол жайлы айтты. Ол жұмыс істегелі 20 кг артық салмақ қосты. Бір күні таңертең Тимми жұмысқа кетер алдында ол тамақтанып отырып, үстелдің үстінен бірдеңе көріп қалды. Бантик байланған ,таңғы асқа арналған темір қалбыр болатын. Онда тауық етінен жасалған салат болатын. Оған оны анасы беріп жіберіпті. Онда хат бар екен. Хатта "әдетіңді өзгерт" - деп жазылған екен.
Скрыть текст
5. Олар бірге жаттығады
Эмили мен Кристал-жан достар. Екеуі де артық салмақтан арылғысы келеді. Олар бірге жаттығады. Бәрін бірге істеген көңілдірек. Эмили жалғыз жаттығып көргісі келді. Ол ойлады бұл іш пыстырарлық деп. Ол тек 30 минут қана жүгіре алады, содан кейін оның іші пысып кетеді. Кристал да жалғыз жаттыққысы келді. Ол жалғыз болғанды ұнатпайды. Ол өзін Эмилимен ыңғайлы сезінеді. Олар аптасына 3 рет бір сағатқа саябаққа барады. 10 минуттың ішінде олар сергиді. Сосын 20 минут жүгіреді. 20 минут секірмекпен секіреді. Қалған 10 минутта олар спорттың кез келген түрімен шұғылданады.
Скрыть текст
6. Жейдедегі дақ
Лэрри кездесуге өзінің әкесінің жейдесін кимекші болады. Бірақ, әкесі оған киюге рұқсат бермеді. Лэрри бұл жейдені кигенде тұрған ештеңе жоқ деп санады. Ол оны бір рет қана киеді. Ол өзінің қызына жақсы әсер қалдырғысы келді. Онымен кездесуде болған қыз - Джулия. Джулия Лэрриге оның киінгені оған ұнайды деп айтты. Ол бұны естіп, өте қуанышты болды. Оған оның әкесінің не деп айтатыны бәрі бір болды. Ең бастысы, оған маңызды болғаны оның Джулияға ұнағаны. Лэрри бургер жеді. Оның жейдесіне бургердің тұздығы тамып кетті. Ол оны байқамады, себебі ол Джулидің жүзіне қарап отырды. "Лэрри, сен жейдеңді былғадың", – деп күлді ол. Лэрри даққа қарады. Ол оның әкесімен жағымсыз жағдай туатынын білді. Дегенмен бұл қорқынышты емес, себебі Джулиге күлкілі болды.
Скрыть текст
7. Көйлек сатып алу
Джэнис би кешіне көйлек сатып алғысы келді. Ол өзінің анасымен дүкенге барғысы келді. Оның анасы сән журналына мақалалар жазды. Оның талғамы жақсы еді, бірақ оның өз қызымен бірге дүкен аралауға уақыты болмады. Ол көйлек сатып алуға қызымен бірге күйеуін жіберді. Джэнис өзінің әкесін жақсы көреді, бірақ ол онымен киім сатып алуға барғанды ұнатпады. Ол әрқашан да көп жүргеннен шаршап қалады. Ол әрқашан да киімге қарағаннан мезі болады. Оған Джэниске ұнаған киімдер ешқашан да ұнамады. Ол әрқашан оның көйлегін өте қысқа, әрі ашық деп санайды. Джэнис өзінің әкесін дәстүрлі адам санайды. Өзімнің әкеммен киім сатып алуға бару жалғыз барғаннан да жаман.
Скрыть текст
8. Колледжді таңдау
Колледжді таңдау кезінде көптеген заттарды ескеру қажет. Орналасу орны маңызды. Адамдардың типі маңызды. Колледждің қоғамдық немесе жеке екендігі маңызды. Студенттердің саны маңызды. Колледждің танымалдылығы маңызды. Джессика Тривуд университеті мен Сансет колледжі арасында таңдау жасауда. Тривуд университеті оның үйіне жақын орналасқан. Бұл оған ұнайды. Тривуд университеті - жеке университет. Бұл оның қымбат екенін білдіреді. Джессикаға бұл ұнамайды. Сансет колледжі айтарлықтай арзанырақ, алайда оның беделі Тривуд университетінің беделіндей жақсы емес. Джессикаға оңай емес шешім қабылдау керек.
Скрыть текст
9. Әкелер мерекесіне арналған сыйлық
Карл - әке. Биыл ол өз туғандарына әкелер мерекесіне ешқандай сыйлық алмаңдар деп айтты. Негізінде ол сыйлық алғысы келеді. Ол өз отбасы оны қаншалықты жақсы білетінін тексермек болды. Карлдың әйелі оны жақсы біледі. Ақыр аяғында ол оған сыйлық сатып алды. Ол оған қол сағат сыйлады. Карлдың қызы да оны жақсы біледі . Ол оған сирек кездесетін үстел алып берді. Карлдың ұлы оны жақсы білмейді екен. Ол оған расымен де ештеңе керек емес деп ойлаған екен. " Ұлым, мен сендерді тексерген едім", - деді Карл. Оның ұлы бір түрлі ыңғайсызданып қалды. " Ал мен сені құшақтасам қалай болады?"- деп сұрады ол Карлдан.Карл құшағын жайды. Әке үшін ең үлкен сыйлық- ұлының құшағы.
Скрыть текст
10. Жабыстырма коллекциясы
Ол 10 жылдан бері жабыстырмаларды жинайды. Онда он мыңнан астам жабыстырма бар. Ол оларды кітапшада сақтайды. Кітапшаны сенімді жерде сақтайды. Ол оның бүлінгенін қаламайды. Онда әртүрлі жабыстырмалар бар, арзаны да, қымбаты да, жылтыры да бар. Тіпті иісі шығатын жабыстырмалар да бар. Онда жануарлары бар жабыстырмалар да бар. Фильмнен алынған оқиғалары бар жабыстырмалар да бар. Онда 3D форматтағы жабыстырмалар да бар. Үлкен, кішкентай түрлері бар. Онда жарық шағылыстыратын жабыстырмалар да бар. Қызықсыз жабыстырмалар да бар. Онда шынымен де керім жабыстырмалар да бар. Ол жабыстырма жинауды ешқашан тоқтатпайды. Өзінің жинаған коллекциясын балаларына береді.
Скрыть текст
11. Жуындыдан шыққан бозбала
Эл душ қабылдауды ұнатпайды. Ол мұны уақытты босқа жұмсау деп санайды. Оның орнына ол ермек үшін бірдеңе жасай алар еді. Ол өз терісінде суды сезінуді ұнатпайды. Ол душ қабылдаған кезде, тері тез тырысып қалады деп санайды. Сондай-ақ оған суды бекер төгу де ұнамайды. Калифорнияда құрғақшылық. Эл қоршаған ортаның мәселесі үшін де өте мазасызданады. Ата-анасы оған: "Егер жуынбайтын болсаң, бүкіл достарыңды жоғалтып аласың", - дейді. Шындығында, Эл өзінің екі досын жоғалтып алды. Олар оған: "Бұдан былай сенімен қатар жүре алмаймыз", - деді. Мектепте оны "Жуындыдан шыққан бозбала", - деп атайды. Эл қарсы емес. Оған қандай да бір лақап атының болғаны да ұнайды.
Скрыть текст
12. Аквариумді тамашалау
Трейси жүзгенді ұнатады. Ол су жануарларын жақсы көреді. Оның достары аквариумге екі билет беріп, оны таңқалдырды. Ол қатты қуанды. Ол аквариумге өзімен бірге фотоаппарат ала барды. Ол көп сурет түсіруге дайындалып барды. Ол балықтың жиырма бес түрін көрді. Ол китті көрді. Тасбақаны да көрді. Ол теңіз балдырлары мен орамжапырақтарын көрді. Ол тұтасқанат пен сегізаяқты көрді. Ол китті ерекше жақсы көретін. Ол киттерді сүйкімді, әрі мейірімді деп ойлайды. Ол сыйлықтар дүкенінен суреттерге жақтаушалар сатып алды. Бұл жақтаушаларда кішкентай киттердің суреті болды. Бұл бір керемет күн болды!
Скрыть текст
13. Жол жүру кезінде жүрегі айнитын адам
Эндрю ұшақпен ұшқанды жақсы көтереді. Ұшақ ұшқанда оның жүрегі айнымайды. Ол автокөлікпен жүргенді ұнатпайды. Егер ол автокөлікпен жарты сағаттай жүрсе, жүрегі айни бастайды. Әсіресе ол қоғамдық көлікпен жүргенді ұнатпайды. Оның басы айнала бастайды. Оның тілегі жол жүргенде жүрек айнудан арылу. Ол көңіл көтеру үшін ұйымдастырылатын көлік жарыстарына да қатыса алмайды. Досы оны Лас-Вегасқа барып келуге шақырды. Эндрюдің жоқ деуіне тура келді. Оның барғысы-ақ келіп еді, бірақ ол жол бойы құсар еді.
Скрыть текст
14. Жабық есік алдында
Бетти өз үйінің есігінің алдында тұрды. Ол үшін бүгін ұзақ күн болды. Ол ұйықтап алғысы келді. Ол сөмкесінен кілтін іздей бастады. Ол оны таба алмады. Ол кілтін мектепте тастап кеткенін түсінді. Енді мектепті жауып тастады. Ол енді кілтті ертең ғана ала алады. Ол есікті қақты, ешкім жауап бермеді. Ол көрші бөлмеде тұратын көршісіне телефон шалды. "Тыңдашы, сен бүгін үйге қашан келесің? " - деп сұрады Бетти. "Ертең таңертең", - деді көршісі. Бетти басқа көршісіне телефон шалды.Бір кезде Беттидің телефоны өшіп қалды, батарейкасы отырып қалған екен.Оның есі шықты. Ол өзінің көршісінің үйіне барып қонуды шешті.
Скрыть текст
15. Емтиxан алдындағы қобалжу
Миа бағаларының салдарынан уайымдап жүр.Минус ол үшін жаман. Миаға математика пәнінен минус бес деген баға қойды. Оның қорытынды бағасы бес болу үшін,оған емтиxанды жақсы тапсыру керек. Ол көп дайындалатындықтан өзін жақсы тапсырып шығатынына сенімді. Ол өзіне-өзі тым сенімді болғысы келмейді. Емтиxан қиын болып шықты. Әр оқушы кем дегенде екі сұраққа жауап бере алмады. Аз уақыт ішінде жауап беретін сұрақтар көп болды. Миа бір-екі сұрақты жауапсыз қалдырды. Ол қапа болды. Минус бес қорытынды бағаға әсер етуі мүмкін. Онда математикадан тоғызыншы сыныпқа дейін бес болған.
Скрыть текст
16. Гавайға тегін сапар шегу
Элизабеттің әрқашанда саяхатқа шыққысы келген. Ол ұшақпен ұшып көрген емес. Ол кемемен де жүзген емес. Ол пойызбен ғана жүрді. Ол автокөлікпен де жүріп көрген емес. Ол өзіне керектің бәрі қасынан табылатын жерде өмір сүрді. Элизабеттің арманы - Гавайды көріп қайту. Ол Гавайды керемет деп ойлайды. Барлық жағалау мен түсі ол үшін керемет болып көрінеді. Ол бір күні "Гавайға тегін баруға болатын, лотеряға қатысыңыз",- деген хабарландыруды көрді. Ол өзінің атын бір парақ қағазға жазды. Ол оны үлкен жәшікке салды. Онда көп қағаздар жатты. Ол өзін жеңімпаз боламын деп ойлаған жоқ. Оған телефонмен қоңырау шалып айтқанда, үлкен тосын сый болды. "Сәлем, Лиз, құттықтаймыз! Сіз жаңа ғана Гавайға саяхатты ұтып алдыңыз!"- деді бір ер адам. Элизабет бақыттан секіре бастады.
Скрыть текст
17. Тамақтанып алып, ақысын төлемеу
Крис - даяшы. Ол тұтынушыларды қарсы алады. Ол адамдарға тағам әкеледі. Адамдардан тапсырыс алады. Шотта көрсетілген сома бойынша ақша жинайды. Ол дәмхананы тазалайды. Кейде адамдар тамақтанып алып, ақысын төлемейді. Кейде адамдар осылай істеуге тырысатыны Криске ескертілген. Мұндай жағдайды болдырмау оған тапсырылған. Бір күні Крис екі тұтынушының дәмханадан шығып, жүгіріп бара жатқандарын көрді. Крис олардың соңынан жүгіріп шықты. "Әй, кері қайтыңдар" - деді Крис. "Біз не істеп қойдық?"- деп сұрады олар. "Екеуіңіз тағамның ақысын төлемедіңіздер!"- деп айқайлады Крис. "Қалайша? Біз төледік. Кім бірінші жүгіретінін білу үшін жүгіріп бара жатырмыз", - деді біреуі. Крис қызарып кетті. Ол ыңғайсызданды. Ол қайтадан дәмханаға қарай кетті. Ақша төленбеген екен. Олар оны алдапты.
Скрыть текст
18. Жергілікті жаңалықтар
Олар жергілікті жаңалықты күнде көреді. Оны күнде теледидардан көрсетеді. Кешкі алтыда екінші каналдан көрсетеді. Жаңалықтардан көптеген заттарды айтады. Жолдағы қозғалыстар мен ауа райы туралы репортаждар бар. Ұрлық, кіс өлтіру туралы ақпараттарды да айтады. Сонымен қатар таңғаларлық адамдар жайлы ақпарат та береді. Оған жаңалық тыңдаған ұнайды. Оған әлемде не болып жатқанын білу қызықты.Ертең күн ыстық болады. Ауа райы температурасы 38-қа дейін көтеріледі. Ол ертең жеңі жоқ жейдесін киетін шығар. Сол маңайда қылмыскер жүр. Ол сақтықпен жүреді.
Скрыть текст
19. Жаңа және бұрынғы қыз
Беннің жаңа құрбысы бар. Есімі Холли. Холли арық болатын, ол кітап оқығанды жақсы көреді. Шаштары - жирен. Көзілдірігі қалың. Ол жақсы қыз. Өзінің отбасын жақсы көреді. Семіз мысығы бар. Беннің бұрынғы Марианна деген құрбысынан айырмашылығы зор. Марианна - даурықпа. Ол теледидарды көргенді ұнатады. Ол адамдардың көзінше кекіреді. Кей кездері ол жаман. Оның ақшасы көп. Бен бір кездері оны жақсы көретін. Басында ол сондай таңғаларлық еді. Бен оның оған үйлеспейтінін түсінді. Үйлесетіні Холли болды. Оның бір күні Холлиге үйленуі де мүмкін.
Скрыть текст
20. Бөлмелестер
Марияның бөлмесінде үш көршісі болды. Олармен тұру қиын болды. Ол бәрі орнына келеді деп санады. Ол қателесіпті. Қыздардың бірі салақ еді. Ол ыдыс жумайтын. Ол киімін еденге шашып тастайтын. Ол тамақты үстелге төге беретін. Басқа қыз жаман болды. Ол Марияға көптеген жаман нәрселер айтты. Үшінші қыз қызық болды. Күнде таңертең бір әнді қайталап айта беретін. Ол тамақты сүлгіден жейтін. Ол күн сайын бір сағат бойы құстарға қарап отыратын. Мария көршілерінің осындай болатынын білмеді. Ол көшіп кетуге бел буды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Арайлым Тлеуова, Арайлым Токтаубаева, Аслан Бисенов, Мира Сембайкызы, Алтынгуль Кептербаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Раушан Муталипова, Акнур Жунусова, Алия Отеш, Гульзайнаб Сисенова, Жандос Бақытбекұлы, Меруерт Сарбасова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Книга для чтения Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.1  >>