Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Суперлёгкое чтение (Super Easy Reading)

Том 2, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Ол жұмыс таңдауға қазымырлана қарайды
Софияға аздап ақша қажет. Ол қандай да бір жұмыс тауып алу керек екенін түсінеді, бірақ жұмыс іздеуде өте міншіл. Ол көп төленетін жұмысты қалайды. Ол медициналық сақтандыруы жақсы төленетін жұмысты қалайды. Оның колледжді аяқтағаны туралы дипломы жоқ. Ол тек басынан аяғына дейін жұмыс жасай алады. Ол тек бір сағат ішінде он бес доллар ғана таба алады. Оның өзінде егер оған сәті түссе ғана. Ол мейрамханаларда жұмыс жасағысы келмейді. Ол басқаларға бағынышты болғысы келмейді. Ол офисте де жұмыс жасағысы келмейді. Ол жұмыс іш пыстырады. Егер нақты дипломың болмаса, ол жұмысты меңгере алмайсың, - дейді жұрттар.
Скрыть текст
22. Оған жалғыз болған ұнайды
Морган жалғыз тұрады. Оның достары жоқ. Оның отбасы басқа елде тұрады. Ол үшін бұл үйреншікті. Оған жалғыз болған ұнайды. Ол өзін дуана санайды. Оның өмірі өте қарапайым. Ол күн сайын таңғы 7-де оянады. Таңертеңгі тамағы - сұлы ботқасы. Ол тауықтарына тамақ береді. Ол өзінің өсімдіктеріне су құяды. Ол күні бойы кітап оқиды. Кейде ол тоқиды. Оның теледидары жоқ. Оның ұялы телефоны жоқ. Ол электроника зиянды деп санайды. Морганның ата-анасы оның қалада тұрғанын қалайды. Морган қаланы өте шулы деп санайды. Ол ауылдағы өзінің тыныш өмірінен лəззат алады.
Скрыть текст
23. Үлкен ұялы телефондар
Ұялы телефондар жыл сайын ұлғаюда. Олар ешбір қалтаға сыймайды. Алайда, бұл түк емес, себебі адамдар әрқашан ұялы телефондарын тасып жүреді. Олар өз ұялы телефондарын қолдарында ұстайды. Алғашқы шыққан ұялы телефондар өте үлкен болатын. Жылдар өте олар кішірейе берді. Смартфондар пайда болғаннан бері ұялы телефондар қайтадан үлкен болды. Адамдар өз ұялы телефондарының экранына жиі қарайды. Егер олардың телефондары кішкентай болса, бұл олардың көздеріне зиян болушы еді. Кейбір адамдар ұялы телефондар компьютерлер сияқты үлкен болады деп қалжыңдайды.
Скрыть текст
24. Ол жұмысқа жиналып жатыр
Сьюзан сауда орталығында жұмыс істейді. Ол киім- кешек дүкенінде кассир болып істейді. Бір сағаттан кейін оның жұмысы басталады. Ол жұмысқа күнде үлкен сөмке апарады. Ол онда түскі тамағын салып алады. Ол алма мен сэндвич салады. Ол бөтелкемен су алады. Ол сыртқы жапсырмасына өз атын жабыстырып қойған. Ол әмиянын салды. Ол машинаның кілтін салды. Ол телефонын салды. Ол жұмыс киімін киіп алды. Бұл қара түсті спорттық жеңі қысқа жейде болатын. Ол өзі қалаған шалбарды кие алады. Ол жұмысқа өз көлігімен барады. Ол киім ауыстыратын бөлмедегі шкафқа сөмкесін салып қойды. Ол жұмысқа келген уақытын белгілеп қойды. Ол кассаға қарай беттеді. Ол өзінің алғашқы клиентін көрді.
Скрыть текст
25. Ерте тұрған қандай қиын
Дженниферге ерте тұру өте қиын. Оның кеш жататын жаман әдеті бар. Ол түн ортасына дейін ұйықтамай жүреді, бірақ ол ерте, 5-те тұруы керек және жұмысқа жиналуы керек. Ол оятқышын қояды, бірақ қайталама тетігін қоса басады. Ол қайталаманы екі минут кешіктіріп қояды. Төсекте жатқан жақсы ғой. Ол тұрғаннан кейін төсегіне қайта барып жатады. Ол ұйқысын ашу үшін бес кесе кофе ішеді. Ол осы кеш жату әдетінен арылуға тырысып көрді. Бірақ ерте жату ол үшін қиын. Ол бастығынан жұмысын кешкі ауысымға қоюын сұрамақшы.
Скрыть текст
26. Қосымша кілт
Лора жұмыстан үйге келді. Ол сөмкесінен кілттерін іздеді. Олар ылғи сонда болатын, бірақ қазір сөмкеде болмай шықты. Ол кілтті жұмыста қалдырып кеткенін түсінді. Ол жұмысына қайта барғысы келді, бірақ ол жер жабылып та қалған. Ол жерде ешкім болмады. Оның жақындары демалысқа кеткен. Олар оған есікті ашып бере алмады. Ол өзінің анасына хабарласты. "Менің есігім жабық, мен үйге кіре алмай отырмын, не істесем болады? - деп сұрады ол." Қосымша кілт сенің тәтеңде бар, " - деді оның анасы. Қосымша кілт болғаны - пайдалы. Ол түпнұсқа кілттің көшірмесі. Лора жымиды. Ол әпкесінің үйіне оның жағдайын білуге кетті.
Скрыть текст
27. Шайпұлға байланысты
Франклин кафеде жұмыс істейді. Ол сағатына тоғыз доллар алады. Оның жағдайы күнделікті шайпұл ақшасына байланысты. Ол клиенттерді күтуге бар ынта- жігерін салып тырысады. Ол үнемі күлімдеп жүреді. Ол келген клиенттерін күлдіріп жүреді. Ол барлық тапсырысты тез орындайды. Бірақ бірде өте сараң клиенттер де жолығып қалады. Олар жасөспірімдер болатын. Ол кездейсоқ олардың әңгімесін естіп қалды. "Біз шайпұлын төлемей-ақ қояйық, "Міндетті емеспіз,- " деді тағы бірі. Бұны естіп, Франклин құлазып қалды. Ол олардан шайпұлын сұрамаған болатын. Егер ол шайпұлына қосымша ақша сұраса, оны жұмыстан шығарып жіберетін шығар. Ол да оларды қатырайын деп шешті. Олар бәрібір оған шайпұлын бермейді.
Скрыть текст
28. Суды үнемдейік
Калифорнияда құрғақшылық. Бізге суды үнемдеу қажет. Тіс тазалаған кезде кранды бұрап қойыңыз. Душқа бес минуттан аспайтын уақытта түсуге тырысыңыз. Шлангты қолданудың орнына жапырақтарды тырнауышпен жинаңыз. Өз өсімдіктеріңізді таңертең ерте суарыңыз. Тамшылап тұрған крандарды жөндеңіз. Тамшылап көп су ағады. Немесе ең болмаса кран астына шелек қойыңыз. Осы суды өз өсімдіктеріңізді суаруға пайдаланыңыз. Үйде судың бекер ақпауы үшін бəрін жасауға тырысыңыз. Ыдыс жуған кезде өте көп су пайдаланбаңыз. Унитазға қажет болғаннан артық су ағызып жібермеңіз. Унитазға қағаз салып жібермеңіз. Көшеге су шашпаңыз. Бірге біз көп су үнемдей аламыз.
Скрыть текст
29. Ол сурет салғанды жақсы көреді
Пэм өз жұмысын жақсы көреді. Ол- суретші. Ол көбіне портрет салады. Оған елдер келіп салдырады. Оған қырық бес доллар төлейді. Олар орындыққа отырады. Ол сала бастайды. Адам сүретін салу бір сағаттай уақыт алады. Ол аса көп ақша таппайды, себебі клиенттері аз, 45 долларды елдер қымбат деп есептейді. Онда ешкім болмайтын күндері де болады. Ол суреттерін Калифорния штатындағы Лос Анджелес қытай кварталында салады. Ол басқа жерге ауысуды да ойлап жүр. Ол сурет салғанды жақсы көреді. Өкініштісі, тек клиенттері аз болғаны.
Скрыть текст
30. Қарындашқа арналған ұштауыш
Нэнси сурет сабағында өз суреттерін бояды. Оның жасыл түсті қарындашының ұшы сынып қалды. Ол өзінің ұштауышын алып шықты. Ол жақында алынған, жаңа еді. Оның анасы арзанға алған болатын. Ол тесігіне қарындашын салды. Ол бірнеше рет бұрап, алып шықты. Сол сәтте грифель түсіп қалды. Ол қарындашты тағы да тесікке салды. Қарындашты тағы да бұрап көрді. Қарындаштың ұшы әлі де үшкір емес еді. Ұштауыш нашар сияқты. Оның сурет сабағынан беретін мұғалімі өзінің ұштауышын қолдануын ұсынды. Ол тоқпен істейді екен. Ол ұштауыштың тесігіне қарындашын салды. Оған өзі айналдырудың қажеті жоқ еді. Ол тек қарындашты ұстап тұрса болды. Қарындашын өте жақсы ұштады.
Скрыть текст
31. Ол сұрақ қоюға қорқады
Биология сабағында Ченг мырза дәріс оқыды. Дэнилде бірнеше сұрақ туындады. Ол тым жасық болатын, қол көтермек болған еді. Бірге оқитын курстастары оған тесіліп қарайтын болған соң батпады. Сосын оны ақымақ деп ойламасын деп ойлады. Сосын ұстазы да оны ақымақ деп ойламасын деп ойлады. Дегенмен жақында тест болатын. Оған түсінбеген сұрақтарын қою керек болатын. Ол сұрақтарға алдындағы тестте дұрыс жауап бермеген болатын. Ақырында ол қолын көтеріп сұрағын қойды. "Сіз менің дәрісімді дұрыс түсінбедіңіз бе"? - деп сұрады Ченг мырза. Дениэль басын шайқады. "Ақымақ сұрақ деген түсінік жоқ", - деді Ченг мырза.
Скрыть текст
32. Ол мысықты құтқарып қалды
Ким орташа, сұлу да емес, ажарсыз да емес қыз бала. Ақылы асып түспесе де, кем болмады. Ол жақсы да емес, жаман да емес. Бірақ бір оқиға болды. Бір күні үйіне қайтып келе жатып, мысықтың дауысын естіді. Мияулаған дауыс қай жерден шықты? Ағаштың басынан естілді. Мысық сол жерден шыға алмай қалыпты. Ким ағашқа шығып: "Бері, бері, мысығым", -деді. Ол мысықты ағаштан төменге түсірді. Мысықтың иесі алғысын айтып, оған 500 доллар сыйақы берген еді. Ким туралы жаңалықтардан хабарлады. Оны қалада әркім біліп алған. Адамдар қолтаңбасын да сұраған.
Скрыть текст
33. Ол алғашқы рет автобусқа мінді
Маргарет негізінде өз машинасымен барлық жерге баратын. Өкінішке орай, оның машинасы жөндеуде болатын. Оған жұмысқа автобуспен баруға тура келді. Ол автобустың қағидаларын аса білмейтін еді. Ол автобус аялдамасына келіп отырды, оның жанына тағы бір әйел жайғасты. Маргарет өзін ыңғайсыз сезінді. Ол тұрып кетті, автобус келді. Ол автобусқа мінді. Жол ақы құны бір доллар елу тиын екен. Оның қалтасында елу долларлық ірі ақша ғана болатын. Сізде ұсақ ақша бар ма? - деп сұрады ол жүргізушіден. "Қарындас, сіз не бірінші рет мініп тұрсыз ба?-" деп сұрады ол. Маргарет жүргізуші ақша ұсатпайтынын білмейтін еді. "Онда қалғанын өзіңізге қалдырыңыз", - деп орнына отырды. Жұмысқа дейінгі жол 35 минут алатын еді. Отыз минут өтті. Ол мына жерді танымайтынын байқады. Ол басқа автобусқа отырғанын түсінді.
Скрыть текст
34. Команда ақша жинап жүр
Жүзу командасының формасына ақша жинау керек. Команда капитаны көлік жуумен айналысуды шешті. Көліктер автокөлік тұрағына кіреді. Жүзу командасының мүшелері көлік жуады. Көлік жуу он бес минут уақыт алады. Қалыпты көлемдегі көлікті жуу жеті доллар тұрады. Жүк көлігін, фургондарды, жол талғамайтын көліктерді жуу он доллар тұрады. Жүзу командасына қажетті көлемдегі ақшаны жинай алмады. Жүзу командасы көп ақша жинай алмады. Команда капитаны жабырқау. Ол бұны өзінің қателігі деп сезінді. Көлік жуушылардың жұмысы әдетте дұрыс жүрмейді. Адамдар көліктерін жеткіншектерге сеніп тапсыра алмайды.
Скрыть текст
35. Тырнақты бояу
Нэнси маникюрді жақсы көреді, бірақ оның лак жаққаны өте жақсы шықпайды. Ол оңай көрінгенімен, қиындау. Соған қарамастан, ол тырысып көрмек. Ол мамасының тырнаққа арналған лактар топтамасын қарап шықты. Оның ішінде отыздан астам түс бар. Оған ашық-көгілдір ұнайды. Ол өзінің кереуетіне жатты. Алдымен ол сол қолына кірісті. Ол әр тырнағын бояды. Лактың иісі жаман шығады. Ол тырнақтары тезірек кебуі үшін, оларға үрлейді. Ол оң қолына кірісті. Оң жақтағы тырнақтарды бояу қиындау. Бұл ол оңақай болғандықтан. Тырнақты бояу ол ойлағаннан әлдеқайда көп уақыт алды. Оның оң қолы сол қолындай әдемі көрінбейді.
Скрыть текст
36. Жемпірді қайтарып беру
Кэролдің өткен аптада сатып алған жемпірін қайтарып бергісі келді. Ол оған өте үлкен. Ол сатып алған дүкенге барды. "Сәлеметсіз бе, мен мынаны қайтарып берейін деп едім",-деді ол. "Кешіріңіз, біз сатып алынған тауарды қайтып алмаймыз. Біз оны тек басқа тауарға айырбастап бере аламыз", - деді кассада тұрған әйел. Кэрол өз-өзін ұстай алмады. "Мен сіздердің киімдеріңізді емес, өз ақшамды қайтарып алғым келеді", - деді Кэрол. Кассадағы әйел түбіртек сұрады. Кэрол берді. Кассадағы әйел оның артында жазылған сөзді көрсетті. Онда: "Басқа тауарға айырбастауға болады", - деп жазылған. Кэрол жұдырығымен дүкен сөресін ұрып жіберді. Кассадағы әйел артқа қарай шегінді. Кэрол дүкен меңгерушісін шақыруды сұрады. Меңгеруші келді: "Мен сіздің дүкеннен шығып кетуіңізді талап етемін", - деді меңгеруші.
Скрыть текст
37. Әжесі тоқыған жемпір
Линда әжесін жақсы көреді. Әжесі де оны жақсы көреді. Оның әжесі көп тоқыма киімдер тоқып береді. Линдаға әдетте олар ұнамайды. Ол тым ескі үлгіде. Бірақ ол тоқыма киімдерді ұнататын кейіп танытады. Ол көңілді кейіппен күлімдеп, әжесіне алғысын білдіреді. Бір күні әжесі қызғылт түсті жемпір сыйлады. Мен осы жемпірді биге кигеніңді қалаймын, - деді әжесі. Линданың ішкі жан дүниесі құлазып тұр еді. "О, жақсы. Сен де бірге барасың ба?" - деп сұрады Линда. " Жоқ, бірақ сен мен үшін суретке түс", - деді әжесі. Линда басын изеді. Линда суретке түскеннен соң жемпірді шешіп тастамақшы.
Скрыть текст
38. Джинасадағы жыртықтар
Лиза анасына сауда кешенінде сатып алынған киімдерін көрсетті. Анасына ол сатып алған жейделері ұнаса, джинса шалбарларын ұнатпады. Шалбар көк түсті және үстінде көптеген жыртықтар болды. «Олар жыртылған, қайтарып бер», - деді анасы. Лиза оған күліп: "Мен оларды осындай күйде сатып алдым", - деді. " Жарамсыз киімдерді сатып алып қажеті не?" - деді анасы. "Бұл сән ғой" - деді. Оның анасы заманауи сән үрдісін түсінбеді. Анасы Лиза ондай жыртықтарды өзі жасай алады деп ойлады. Бағасына қарап: "50 доллар, Лиза, сен ессізсің" - деп еді, Лиза: "Дұрысы, бұл ессіз сәнді!" – деді.
Скрыть текст
39. "А.М." және "Ж" қосылған сэндвичтер
Рут "А.М." және "Ж" қосылған сэндвичтерді көп жейді. "А.М." арахис майы дегенді білдіреді, "Ж" - желе. Бұндай сэндвичтерді расымен де жасау оңай. Оның үстіне, олар дәмді. Ол екі тілім нанды тостерге салады. Ол нанды дайын болғаннан кейін алады. Нан шеттері кішкене күйіңкірейді. Оған солай ұнайды. Ол арахис майын нанға жағады. Ол басқа банкадан пышақпен кішкене желе алады. Ол оны басқа нан тіліміне жағады. Ол екі тілімді біріктіреді. Ол жейді.
Скрыть текст
40. Пайдалы ас ішу және жаттығу
Мистер Браун – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол кезінде кәсіби гимнаст болған. Оның оқушылары одан әрқашан артық салмақты қалай тастауға болатынын сұрайды. Мистер Браун әрқашан пайдалы ас ішу және тұрақты түрде жаттығып тұру қажеттігін айтады. Бар болғаны осы. Адамдар мұны біледі, бірақ оны жасағысы келмейді деп ойлайды ол. Адамдар – жалқау. Олар жеңіл жол тапқысы келеді. Оның оқушылары одан арықтауға арналған дәрілер туралы сұрайды. Мистер Браун арықтауға арналған дәрілердің жанама әсері бар екендігін айтады. Олар дене жаттығулары секілді тиімді емес. «Жаттығулар шаршатады, бірақ осы артық салмақты тастауға мүмкіндік беретін тәсіл».
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Арайлым Тлеуова, Арайлым Токтаубаева, Аслан Бисенов, Мира Сембайкызы, Алтынгуль Кептербаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Раушан Муталипова, Акнур Жунусова, Алия Отеш, Гульзайнаб Сисенова, Жандос Бақытбекұлы, Меруерт Сарбасова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Книга для чтения Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.1  >>