Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский детям

Том 1, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Қызыл доп еденде жатыр
Доп еденде жатыр. Бұл қызыл доп. Бұл резеңке доп. Бөбек допка қарап тұр. Мысық допка қарап тұр. Мысықтың түсі қара. Мысық допка жақындайды. Мысық допты табанымен соғады. Доп еденде домалайды. Бөбек күлімдейді.
Скрыть текст
2. Жылы ауа және бутерброд
Терезе ашық. Ауа терезе арқылы кiріп жатыр. Бұл жылы ауа. Күн жылы. Ауадан нан иісі аңқиды. Бұл жаңа піскен нан иісі. Ол жағымды иіс. Ол баланың аштық сезімін оятады. Ол ас үйге бара жатыр. Бiр бутерброд iстедi. Отырды. Ол бутерброд жеп отыр.
Скрыть текст
3. Ол киініп далаға шығады
Бала шұлығын киіп жатыр. Ол туфлиін киіп жатыр . Ол бауын байлап жатыр. Ол есікке қарай бара жатыр. Ол есік тұтқасын бұрып жатыр. Ол есікті ашып тұр. Ол көшеге шықты. Ол есікті жауып жатыр. Ол көше бұрышына бара жатыр. Ол өз досын көрді. Ол досына қол бұлғап жатыр.
Скрыть текст
4. Шулы жануарлар, жуас жануарлар
Ит үреді. Ол үргенді жақсы көреді. Құс ән шырқайды. Ол ән шырқаганды жақсы көреді. Ит пен құс шулы жануарлар. Мысық мияулайды. Ол аш болған кезде мияулайды. Ол ашулы болған кезде мияулайды. Балық еш нәрсе айтпайды. Тасбақа еш нәрсе айтпайды. Тышқан еш нәрсе айтпайды. Кесіртке еш нәрсе айтпайды. Олар тыныш жануарлар.
Скрыть текст
5. Олар доп ойнайды
Боб допты алды. Ол допты лақтырды. Билл допты қағып алды. Билл допты қайта лақтырды. Боб допты қағып алды. Боб допты Билға лақтырды. Билл допты құлатып алды. Билл допты көтерді. Билл допты Бобтың басынан асыра лақтырды. Боб артқа қарай шегінді. Ол допқа қарай секірді. Ол допты қағып алды.
Скрыть текст
6. Едендегі печенье
Ол қаптамадан печеньені шығарып алды. Ол печеньені түсіріп алады. Ол еденге құлап түсті. Ол төрт бөлікке бөлініп қалды. Төрт бөлік еденде жатыр. Ол бөліктерді жинады. Ол оларды ас үйге апарды. Ол оларды қоқыс шелегіне тастады. Ол қаптамадан басқа печеньені шығарып алады.
Скрыть текст
7. Ит пен мысық
Мысық өзінің аяқтарын жалайды. Мысық өзінің ішін жалайды.Ит өзінің аяқтарын жалайды. Ит өзінің ішін жалайды. Мысық шөпте жатыр. Ит шөпте жатыр. Мысық арқасына аунады. Ит арқасына аунады. Ит пен мысық бірге бір қимылды жасайды.
Скрыть текст
8. Оның шұжық жегісі келеді
Ол тоңазытқышты ашты. Ол тоңазытқыштың ішіне қарады. Ол аш. Оның тамақ жегісі келді. Ол қаптаманы көрді. Бұл шұжықтың қаптамасы. Қаптамада алты шұжық жатыр. Ол қаптамадан екі шұжықты шығарып алды. Ол тоңазытқышты жапты. Ол тәрелкеге шұжықты салды.
Скрыть текст
9. Оның кітабы және мысығы
Ол кітапты алды. Бұл оның сүйікті кітабы. Оның мұқабасы қызыл. Онда елу екі бет бар. Онда көп суреттер бар. Суретте жануарлар көп. Ол жануарларды жақсы көреді. Оның екі мысығы бар. Ол өзінің мысықтарын жақсы көреді. Олардың аты Флафи және Мафи. Ол оларға кітаптын суретін көрсетеді.
Скрыть текст
10. Балалар және олардың мұғалімі
Оның жұмысы бар. Ол мұғалім. Ол кішкентай балаларды оқытады. Ол оларды оқуға үйретеді. Ол оларды жазуға үйретеді. Балалар тез үйренеді. Олар оқуды тез үйренеді. Олар жазуды тез үйренеді. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді. Ол балаларды жақсы көреді. Ол баларға жаңа нәрселерді үйретуді жақсы көреді.
Скрыть текст
11. Ата-анасы балаларын оттан құтқарып жатыр
Үйді жалын басты. Терезелерден жалын атқылап жатыр. Терезелерден түтін бұрқырап жатыр. Үйден ер адам жүгіріп шықты. Ол қолында нәрестені әкеле жатыр. Үйден әйел адам жүгіріп шықты. Ол қолында нәрестені әкеле жатыр. Үйге өрт сөндіруші машина жақындап келеді.
Скрыть текст
12. Кішкентай қыздың қолынан не келеді
Ол алтыда. Ол жүре алады, жүгіре алады, футбол ойнай алады және аттың үстінде шаба да алады, итін серуендете алады, оқи алады, жаза біледі.
Скрыть текст
13. Бала төсекке жатады.
Бала кілем үстінде еңбектеп жүр. Ол тоқтайды. Сосын тағы кішкене еңбектейді. Сосын қайта тоқтайды. Анасы балаға қарап тұр. Ол баласын қолына алады. Ол баласын керуетке апарады. Ол баласын керуетке жатқызады. Ол баласының үстіне көрпе жабады. Бала ұйықтауға жатады.
Скрыть текст
14. Ол шоколад батонын жеп жатыр
Ол шоколад батонын алды. Ол орауыштағы жазбаны оқыды. Орауышта Baby Ruth деп жазулы тұр. Ол орауышты ашты. Ол орауышты қоқыс шелегіне лақтырды. Ол батонды тістеді. Ол оны шайнады. Ол оны жұтты. Ол қайтадан батонды тістеді. Ол өте дәмді. Ол шоколад батонын қатты ұнатады.
Скрыть текст
15. Рюкзак пен автобус
Мектепке баратын уақыт келді. Ол кітаптарды рюкзагына салды. Ол қолын баулардан өтізді. Ол рюкзакты арқасына киді. Ол далаға шықты. Ол автобус аялдамасына барды. Ол автобус аялдамасында тұр. Ол автобусты күтіп тұр. Ол автобусты көріп тұр.
Скрыть текст
16. Аспандағы ұшақ
Бала шуды естіп жатыр. Ол жоғарыға қарайды. Ол ұшақты көріп тұр. Ұшақ аспанда. Ол күміс түсті ұшақ. Оның екі қанаты бар. Оның құйрығы бар. Оның екі реактивті қозғалтқышы бар. Ұшақтың ішінде ұшқыш бар. Ол ұшақты жүргізеді. Ол ұшақты жерге қондырады.
Скрыть текст
17. Диснейлендке барамыз
Ол Диснейлендты қатты ұнатады. Диснейлендте тұрғысы келеді. Диснейлендке күнде барғысы келеді. Оның ата-анасы оны жыл сайын Диснейлендке апарады. Диснейлендте оның көңілі өте көтеріңкі. Ол Микки Маусты көреді. Ол көп аттракционға барады. Әткеншекте өте көңілді. Оның қайта-қайта әткеншекте айналғысы келеді.
Скрыть текст
18. Оның “Америка төбешіктеріне” бірінші баруы
Ол “Америка төбешіктеріне” шығады. Анасы жанында. Бұл оның “Америка төбешіктеріне” бірінші баруы. “Америка төбешіктері” қозғала бастайды. Ол өте тез. Олар үстіге шығып астыға түседі. Олар айналым бойынша айналады. Ол анасына қарайды. Анасы оған қарайды. Екеуі күледі. “Америка төбешіктері” өте көңілді!
Скрыть текст
19. Туған күніне торт пен май шамдар
Бүгін оның туған күні. Ол алтыға толды. Ол туған күніне әкелген тортқа қарады. Торттың ақ глазурі бар. Үстінде алты май шам. Ата-анасы «Happy Birthday» өлеңін айтты. Әкесі май шамдарды жақты. Ол тілек тіледі. Ол май шамдарды үрлеп сөндірді. Ол қол шапалақтады. Ата-анасы да қол шапалақтады.
Скрыть текст
20. Ваннадағы кішкентай кеме
Ол ваннаны суға толтырды. Ол оны жылы суға толтырды. Ол ваннаға түсті. Ол өз резеңке кемесімен ойнап жатыр. Резеңке кеме суда жүзіп жүр. Ол кемені басты. Ол оны түбіне жапырайтты. Ол оны жіберді. Ол су бетіне қалқып шықы. Ол суда жүзіп жүр.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Казахский детям. Том 1, стр.2  >>