Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский детям

Том 1, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Оның қуыршағы өзіне ұқсайды
Шэрон төрт жаста. Ол жап-жақсы қыз. Оның қуыршағы бар. Ол жап-жақсы қуыршақ. Шэронның шашы ақ сары. Қуыршақтың шашы ақ сары. Шэронның шашы қысқа. Қуыршақтың шашы ұзын. Шэрон қайшыны қолына алды. Ол қуыршақтың ұзын шаштарын қиюда. Ол қиюды аяқтауда. Қазір қуыршақтың да шашы қысқа.
Скрыть текст
22. Шанышқы, қасық, тәрелке және сәбіз
Ол өз шанышқысын алды. Ол өз қасығын алды. Ол өзінің шанышқысымен тәрелкені тықылдатты. Мамасы оған: "Тоқтат!", деді. Ол тоқтатты. Оның мамасы тәрелкеге сәбізді салды. Ол сәбізге қарап отыр. Ол қасықты алды. Ол қасықпен сәбізді түртіп отыр.
Скрыть текст
23. Ол құртты көріп тұр
Жерде құрт жорғалап келеді. Ол баяу жорғалайды. Ол құртты бақылап тұр. Ол оны қолына ұстады. Құрт оның қолында жыбырлап жатыр. Ол құртты аузына салды. Құрт оның аузында жыбырлап жатыр. Ол құртты аузынан шығарып алды. Ол құртты қайтадан жерге жіберді. Ол тесікке жер бауырлап кірді.
Скрыть текст
24. Ол мамасымен сөйлесуде
Телефон шырылдауда. Ол қоңырауды естіді. Ол тұтқаны көтерді Ол: "Алло!" деді. Екінші адам - оның анасы.Ол онымен сөйлесуде. Анасы баласымен сөйлесуде. Баласы анасымен сөйлесуде. Анасы сөйлесуді аяқтады. Анасы "Сау бол!" деді. Баласы "Сау бол!" деді. Олар тұтқаны қойды. Ол күтуде. Телефон қайтадан шырылдады.
Скрыть текст
25. Машина авто жуатын орында
Ол машинаның ішінде отыр. Машинаны әкесі жүргізіп келеді. Ол автожуу орнына бара жатыр. Машина автожуу арқылы өтіп барады. Су машинаға шашырауда. Сұйық сабын машинаға шашырап жатыр, жұмсақ щеткалар машинаны жуып жатыр. Машинаға тағы да су себілді. Машина тазарды. Ер адамдар машинаны таза шүберекпен сүртіп жатыр. Машина құрғақ.
Скрыть текст
26. Хайуанаттар бағындағы маймылдар
Қыз хайуанаттар бағына барады. Онда жануарлар өте көп. Оған әсіресе маймылдар ұнайды. Олардың тұмсықтары қызық. Олардың құйрықтары ұзын. Және көп секіріп қозғалады. Ол маймылдардың торына жақындап барады. Торда алты маймыл бар екен. Ол маймылдарға қарап шығып, оларға қол бұлғады. Яғни олармен амандасты.
Скрыть текст
27. Ол – шоколад әуесқойы
Ол шоколадты жақсы көредi. Ол сүт шоколадын жақсы көредi. Ол қоңыр шоколадты жақсы көредi. Ол шоколад батончиктердi жейдi. Ол шоколад помадкасын жейдi. Ол шоколад ұнтағы себілген печенье жейді. Ол шоколадты тортты жейдi. Ол шоколадты кекстердi жейдi. Ол шоколадты балмұздақты жейдi. Ол шоколадты пудингтi жейдi. Ол шоколадты сүттi iшедi. Ол шоколадты күнде жейдi. Шоколад –ол дүниедегі ең керемет нәрсе.
Скрыть текст
28. Қаладағы цирк
Ол циркті жақсы көреді. Циркте пілдер бар. Пілдер сондай үлкен. Циркте жолбарыстар бар. Олар сондай әдемі. Циркте сайқымазақтар бар. Олар күлкілі. Олар күлкілі көлікпен жүреді. Олар күлкілі костюмдер киеді. Олардын түрлері де күлкілі. Олар оны күлдіртеді. Олар оны күлуге мәжбүрлейді. Ол цирк туралы әкесі мен анасына хабарлайды.
Скрыть текст
29. Айда тіршілік бар ма?
Аспанда ай. Ол айға қарап тұр. Ол дөңгелек әрі аппақ. Ол жап-жарық. Оның таулары бар. Оның алаптары бар. Оның тастары бар. Оның топырағы бар. Ол ай туралы ойлап отыр. Оған бұл қызық. Мүмкін, айда су бар шығар? Мүмкін, айда кішкентай аңдар бар шығар?
Скрыть текст
30. Бірцентті тиындарды жинаушы қыз
Қыз бірцентті тиындарды жинайды. Оған бірцентті тиындар ұнайды. Және олардың түстері де ұнайды. Олар қоңыр түсті. Жылтырақ болып келеді. Кейде күңгірт. Бірцентті тиындар барлық жерде бар. Тиындарды ол адамдар жүретін жерден табады. Ол тиындарды көтеріп алады. Үйіне алып кетеді. Тиындарды шыны ыдысқа салады. Оның шыны ыдысы үлкен. Және бірцентті тиындарға толы.
Скрыть текст
31. Қызыл ағаштар мен қызыл мысықтар
Ол бояғанды ұнатады. Ол өзінің түрлі-түсті қарындаштарымен бояйды. Оның түрлі-түсті қарындаштар қорабында қарындаштар көп. Әр қаламның түсі әртүрлі. Ол өзінің бояу кітабын ашады. Оның сүйікті түсі - қызыл. Ол ағаштарды күрең қызылмен бояйды. Мысықтарды ашық қызылмен бояйды. Оның анасы ұлы үшін қосымша қызыл түсті қарындаштар сатып алды.
Скрыть текст
32. Газеттегі комикстер
Ол газетті ашады. Бетін аударады. Кейін тағы бір бетін аударады. Ол комикстерді табады. Ол комикстерді жақсы көреді. Оларды оқыған көңілді көтереді. Және оқу да оңай. Комикстер - бұл суретті әңгімелер. Суреттері әдемі. Кейде олар түрлі-түсті де болады. Ол суреттерге қарап, жазуларын оқиды.
Скрыть текст
33. Түнгі аспандағы жарық жұлдыздар
Түн. Аспан қара. Аспанда кіп-кішкентай оттар жанып тұр. Бұл жұлдыздар. Жұлдыздар көп. Ол аспанды түгел қарауда. Әр жерде жұлдыздарды көріп тұр. Кейбір жұлдыздар үлкен. Жұлдыздардың көбісі кішкентай. Ол жұлдыздарды санайды. Ол 86 жұлдызды санап шықты. Ол бұл туралы анасына айтып берді.
Скрыть текст
34. Бақтағы фонтан
Жаз. Бақта тал көп. Бақтың ішінде бейсбол алаңы бар. Онда фонтан бар. Фонтанның суы салқын. Балалар фонтанның суымен ойнап жүр. Олардың аяқтары су болған. Киімдері де су. Олар фонтанның ішіне отырады. Фонтанды жағалап жүгіреді. Олар фонтанда шомылып, су кешуде. Олар өте көңілді.
Скрыть текст
35. Ол мысықтарына тамақ берді
Қыздың екі мысығы бар. Бір мысығы қара. Екінші мысығы ақ. Қара мысықтың аты - Блэкки. Ақ мысықтың аты - Уайти. Ол өз мысықтарына тамақ берді. Олардың тамағын ыдысқа салады. Ыдыстарды еденге қояды. Мысықтарын шақырады. Мысықтар асүйге келеді. Тамақтарын жейді.
Скрыть текст
36. Ол аққала жасады
Қыстың күні. Далада күн суық. Қар жауып тұр. Ол жерді басып жатыр. Қар алты сағат жауды. Әйтеуір бір уақытта басылды. Бала өзінің жылы күртешесін киді. Далаға шықты. Аққала жасады. Оның аққаласы толық, биік болып шықты. Бала үйіне қайтты.
Скрыть текст
37. Ол күнде жүзеді
Ол - жаксы жүзуші. Мектебінде жүзушілер командасы бар. Ол осы команданың мүшесі. Ол күн сайын жаттығады. Ол күнде бассейнде жүзеді. Ол күніне екі сағат жүзеді. Ол - күшті жүзуші. Ол жүзу жарыстарында жеңеді. Ол Олимпиада ойындарына қатысқысы келеді. Ол өзінің елі үшін жүзуді қалайды.
Скрыть текст
38. Ол скейтборд тебеді
Ол өзінің скейтбордына қарайды. Оның ұзындығы бір метрдей. Оның төрт пластмассалық доңғалақшасы бар. Оның ені шамамен 15 сантиметрді құрайды. Ол өзінің скейтбордын жақсы көреді. Ол оны барлық жерде тебеді. Ол мектепке оны теуіп барады. Ол би сабағына теуіп барады. Ол өзінің достарына теуіп барады. Ол үйіне оны теуіп барады.
Скрыть текст
39. Ол қалта шығыстарына әр жұма сайын ақша алып отырады
Ол ұсақ-түйек шығыстарға ақша алады. Ол жұмасына 5 доллар алады. Оған оны оның әкесі береді. Ол өзінің ақшасын демалыс күндері жұмсайды. Ол оларды әдетте жұманың кешінде жұмсайды. Ол оларды сауда орталығында жұмсайды. Ол оларды балмұздаққа жұмсайды. Ол ванильді балмұздақтың үш порциясын сатып алады.
Скрыть текст
40. Ол баскетбол ойнайды
Ол баскетбол ойнайды. Ол баскетболды күн сайын ойнайды. Саябақта баскетболға арналған орын бар. Саябақ өзінің үйінің жанында орналасқан. Ол мектептен келгеннен кейін сол саябаққа барады. Ол ер балалармен ойнайды. Ол жақсы ойыншы. Ол себетке көп доп сала алады. Ол көп ұпай жинай алады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский детям. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Казахский детям. Том 1, стр.3  >>