Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский детям

Том 1, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

41. Барлығы сәбилерді жақсы көреді
Сәбилер жылайды. Сәбилер жымияды. Сәбилердің сілекейлері ағады. Олар бәрін қарайды. Олар барлығына қарайды. Олар ауада аяқтарын тыпырлатады. Олар саусақтарын жұдырықтап қысады. Сәбилер қызыққұмар. Олар аузына бәрін салады. Олар ходунокпен қозғалады. Оларға көп көңіл бөлінеді. Олардың өмірлері жеңіл.
Скрыть текст
42. Велосипед тебу
Ол өзінің велосипедіне қарайды. Ол ескі. Оған үш жыл болған. Кейбір жерінің бояуы түсіп қалған. Подкрылкасы мыжылған. Орындығы жыртылған. Шынжырын тот басқан. Бірақ бұл жақсы велосипед. Ол өзінің велосипедімен уақытын жақсы өткізеді. Велосипед тепкен көңілді. Ол оны күн сайын дерлік тебеді.
Скрыть текст
43. Құмырсқалар ас үйде
Ол құмырсқаларды қадағалайды. Олар өте кішкентай. Олар өте көп. Олар ас үйдің раковинасында. Олардың су ішкісі келеді. Олар судың тамшыларын ішеді. Тамшылар раковинаның түбінде. Ол кранды ашады. Раковинаға су ағады. Құмырсқалар канализацияға ағып кетеді.
Скрыть текст
44. Таяқшалардан салынған үй
Ол үй салып жатыр. Ол балмұздақтан қалған таяқшаларды қолдануда. Ол желімді пайдаланады. Ол бір таяқшаны басқасына жабыстырып жатыр. Ол ас үйін салып жатыр. Ол қонақ бөлмені салып жатыр. Ол жатын бөлмені салып жатыр. Ол жуынатын бөлмені салып жатыр. Ол гаражды салып жатыр. Ол төбесін қосып жатыр. Ол үйді ақ түске бояйды. Ол өзінің әкесіне үйін көрсетуде.
Скрыть текст
45. Герцог атты боксер ит
Оның иті бар. Оның иті боксер. Оның аты Герцог. Оның жасы бесте. Оның түсі қоңыр. Оның құйрығы қысқа. Ол шамамен жиырма келі тартады. Ол ұйықтағанда қорылдайды. Ол оны күніне екі рет тамақтандырады. Ол оны таңертең тамақтандырады. Ол оны кешке тамақтандырады.
Скрыть текст
46. Екі бала және бейсбол добы
Билли бейсбол добымен және бейсбол қолғабымен ойнайды. Ол өзінің досымен ойнайды. Оның досында да қолғап бар. Билли досына допты лақтырады. Оның досы қолғабымен допты қағып алады. Оның досы допты Биллиге қайта лақтырады. Билли допты өз қолғабына ұстайды. Доп әрі- бері ұшады.
Скрыть текст
47. Жерде қар ериді
Күндізгі уақыт. Ол терезеге қарайды. Ол қарды көріп тұр. Қар аспаннан жауып жатыр. Көп қар ұшқындары жауып жатыр. Олар тез жауып жатыр. Олар жерде еріп жатыр. Ол көңілсіз. Ол аққала жасағысы келеді. Бірақ жерде қар жоқ.
Скрыть текст
48. Сарғылт-қара көбелек
Ол көбелекті көріп тұр. Ол гүлдің жанында. Ол гүлден ұшып кетеді. Ол басқа гүлге ұшады. Ол көбелекті бақылауда. Ол әдемі. Оның қанаттары сарғылт-қара түсті. Оның қанаттарында кішкентай ақ дақтар бар. Оның қанаттары жұқа. Ол көбелекті ұстап алғысы келеді. Бірақ ол алысқа ұшып кетеді.
Скрыть текст
49.Орманға жорық
Ол жорыққа шығады. Ол орманға жорыққа шығады. Ол орманға жорыққа отбасымен бірге шығады. Олар шатыр құрады. Шатыр үлкен. Онда үш адам ұйықтай алады. Ол шатырда анасы және әксімен ұйықтай алады. Түнде олар оттың жанында отырады. Оларға оттың жанында жылы. Олар отта тамақ пісіреді.
Скрыть текст
50. Әткеншектегі атпен қыдыру
Әткеншекте үлкен пластик аттар бар. Барлық аттар әртүрлі. Оған ақ ат ұнайды. Ол ақ атқа отырады. Оның құйрығы қара түсті. Ол ерде отырады. Ол таяқшадан ұстайды. Ән естілі бастайды. Әткеншек айнала бастайды. Ол айнала береді, айнала береді. Оның аты жоғары төмен шаба береді.
Скрыть текст
51. Бiр шақырымға жүгіру
Бүгiн жүгіру өткізіледі. Ол шолақ шалбарды киедi. Ол кроссовка киедi. Ол жарыс жолына шығады. Бұл бiр шақырымға жүгіру. Старт жолағында басқа балалар шыға келдi. Жүгіру басталды. Барлық балалар тез жүгірдi. Олар жарыс жолағымен төрт шеңбер жасады. Жүгіру аяқталады. Ол үшiншi болып келдi. Ол үшiншi орын алды.
Скрыть текст
52. Жақсы сарбаз, жаман сарбаз
Ол өзiнiң пластик сарбаздарымен соғыс ойнайды. Жақсы сарбаздар жаман сарбаздарға шабуылдайды. Жақсы сарбаздардың үлкен танктері бар. Оларда жылдам джиптер бар. Оларда күшты қару бар. Олар жаман сарбаздарға оқ атады. Жақсы сарбаздар алға жүредi. Жаман сарбаздар шегiнедi. Жақсы сарбаздар соғысты ұтады. Олар соғыста жеңедi. Жаман сарбаздар соғыста жеңiледi. Олар соғыста жеңiлiске ұшырайды.
Скрыть текст
53. Би мектебіндегі айна
Ол би мектебiне барады. Ол арнаулы аяқ киiм киедi. Ол айна алдында тұр. Айна үлкен. Ол бір қабырғадан екінші қабырғаға дейін созылып жатыр. Ол станоктан ұстайды. Ол бiр аяғын созады. Ол екінші аяғын созады. Ол аяғының ұшын созады. Ол еңкейедi. Ол қолын аяғының ұшына тигізедi.
Скрыть текст
54. Фермадағы шаруа
Энди ағай - фермер. Энди фермаға бара жатыр. Ол сиыр сауады. Торайға жем салады. Ол әрдайым аш . Ол жұмыртқаларды жинайды. Тауықтар көп жұмыртқа береді. Олар көп жұмыртқалайды. Ол өзінің үш шаруасын бітіріп жатыр. Ол өз ағасына "Қош бол" деп жатыр. Оның ағасы оған алғысын білдіруде. Ол Эндиге жиырма төрт жұмыртқа береді.
Скрыть текст
55. Анасы сияқты әшекейленеді
Ол сәнденіп жатыр. Ол анасы сияқты киінеді. Ол еріндерін ерін далабымен бояйды. Ол мойнына алқа тағады. Ол басына әдемі қалпақты киеді. Ол аяғына биік өкше аяқ киімді киеді. Ол мойына әтір себеді. Ол айнаға қарайды. Ол кішкентай әйелді көреді.
Скрыть текст
56. Өрт сөндіру машинасы үйді құтқарады
Онда кішкене өрт сөндіру машинасы бар. Бұл қызыл өрт сөндіру машинасы пластмассадан. Ол өртті көреді. Ол 911 телефоны бойынша қоңырау соғады. Үй жанып жатыр. Өтінемін, асығыңыздар! Ол өрт сөндіру машинасын итереді. Өрт сөндіру машинасы үйге қарай барады. Өрт сөндіру машинасы үйге су құйып жатыр. Өрт сөндірілді. Барлығы қауіпсіздікте.
Скрыть текст
57. Ақ аюлар көмекті қажет етеді
Ол қатты алаңдауда. Ол ақ аюлар үшін алаңдайды. Ақ аюлар үлкен. Олар солтүстікте тұрады. Оларға қар керек. Оларға мұз керек. Оларға суық ауа райы керек. Қоршаған орта қатты ластанған. Қоршаған ортаны ластанғандықтан, Жер бетінде жылылық орын алуда. Жылылықтың нәтижесінде мұз ериді. Мұз - бұл ақ аюлардың мекені. Мұз болмаса, мекені де болмағаны.
Скрыть текст
58. Әкемен бірге балық аулау
Онда қармақ бар.Ол әкесімен балық аулауға барады. Олар өзенге машинамен барады. Өзенде көп балық бар.Әкесі оған құрт берді. Ол қармаққа құртты ілді. Құрт бұлаңдайды. Ол құртты өзенге түсіріп алды. Балық құртты көрді. Балық құртты тістеді.
Скрыть текст
59. Футбол қақпашысы
Ол футбол ойнайды. Оның киетін формасы бар. Ол өз формасын әр сенбі сайын киеді. Анда-санда оның командасы жеңіске жетіп отырады. Анда-санда командасы жеңіліске ұшырайды. Ол қақпашы. Ол қақпа алдында тұрады. Ол қақпаға қарай бағытталған соққыларға қарсы тұрады. Кей кезде ол оның қолынан келмей де қалады. Сол кезде басқа команда гол салады. Ол оны қатты қамықтырады.
Скрыть текст
60. Жұмсақ, сулы бақа
Бақалар оның үйінің табалдырығына жайланып алыпты. Күндіз олардың дауысы естілмейді. Күндіз олар тыныш. Түнде олар шулайды. Түнде олар шулы. Қазір түн. Бақалар ән салады. Ол шамды алады. Ол сыртқа шығады. Ол бір бақаға жарығын түсіреді. Ол секіреді. Ол оны қолына алады. Ол жұмсақ және сулы екен. Бақа аяқтарын дірілдетіп қояды. Ол оны жерге жібереді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский детям. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Казахский детям. Том 1, стр.4  >>