Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  

Казахский детям

Том 1, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

81. Ағашқа шығуды ұнатушы
Ол ағашқа шығып барады. Ол бір бұтақтан екінші бұтаққа өрмелеп шығады. Ол жоғарылап өрмелеп келеді. Жер одан алыстай түсті. Ағаштың басы оған жақындай түсуде. Ол тиінді көріп тұр. Ол оған "айбат шегіп тұр". Ол жердегі адамдарға қарап тұр. Оның анасы жоғарыға қарап тұр. "Тез төмен түс!"- дейді шешесі.
Скрыть текст
82. Ұйықтар алдындағы оқу
Кітап түнгі үстел үстінде жатыр. Ол төсекке жатады. Ол кітапты алады. Ол кітапты ашады. Ол он бет оқиды. Оған әңгіме ұнайды. Ол бетті ауыстырады. Ол кітаптың он бірінші бетін ашады. Оның әкесі кіреді. Ол: «Қайырлы түн»,- дейді. Ол әкесін сүйеді. Ол кітапты жабады. Ол шамды өшіреді. Ол ұйқыға кетеді.
Скрыть текст
83. Мұхитта балық көп
Мұхит көгілдір. Мұхит үлкен. Мұхитта балық көп. Үлкен балықтар бар. Майда балықтар бар. Тез жүзетін және баяу жүзетін балықтар бар. Үлкен балықтар майда балықтарды жейді. Тез жүзетін балықтар баяу жүзетіндерді жейді. Балықшылар әртүрлі балықтарды аулайды. Адамдар әртүрлі балықтарды жейді.
Скрыть текст
84. Оның кішкентай інісі
Оның кішкентай інісі бар. Ол оны жақсы көреді. Ол онымен күнде сөйлеседі. Ол оны жүргіншекпен жүргізеді. Ол оның жаялығын ауыстырады. Ол оны бөтелкеден тамақтандырады. Ол оны кекірткізеді. Ол оны балаларға арналған биік орындыққа отырғызады. Ол оны түскі аспен тамақтандырады. Ол оның бетінен тамақ қалдықтарын сүртеді. Ол - жақсы әпке.
Скрыть текст
85. Үш өлшемді фильм
Кино көру уақыты! Ол өзiнiң стереоскопиялык көзiлдiрiгiн тағып жатыр. Фильм басталғалы жатыр. Машина тура оған қарай жүрiп келе жатыр. Ол айғайлады. Машина оған тақалып қалды. Стереокөзiлдiрiкте ол сондай нақты көрiнедi. Ол бүкiл фильмнен рақат алды. Үш өлшемді фильм тура шынайы өмiр сияқты. Ол тiптi шынайы өмiрден де артық. Ол әсерлi, қызықты.
Скрыть текст
86. Апельсинді аршып, жеп қою
Ол өткір пышақты алды. Ол қолына апельсин ұстап тұр. Ол апельсиннің қабығын кесіп жатыр. Ол қабықты бірдей төрт бөлікке бөлді. Ол саусақтарымен апельсиннің қабығын аршып жатыр. Ол қабықты қоқыс салатын шелекке тастады. Ол апельсинді тілімшелерге бөлді. Ол тілімшелерді бірінен соң бірін жеді. Олар тәтті және шырынды.
Скрыть текст
87. Түнде ол түс көредi
Түнде ол түс көредi. Ол ұйықтап жатқанда, оған түстер кіреді. Түсiнде ол көп нәрсені көредi. Оның түсіне көп нәрсе кіреді. Түсiнде ол ата-анасын көредi. Оған ата-анасы түсіне кіреді. Түсiнде ол мектебiн көредi. Оған мектебi түсіне кіреді. Түсiнде ол достарын көредi. Оған достары түсіне кіреді. Түсiнде ол өзiнiң итi мен мысығын көредi. Оған оның итi мен мысығы түсіне кіреді. Ол болашағын көредi. Оған болашағы түсіне кіреді. Ол өткен күндерiн көредi. Оған өткені түсіне кіреді. Түсiнде ол құбыжықтарды көредi. Оған құбыжықтар түсіне кіреді. Ондай түстерден ол оянады.
Скрыть текст
88. Мұғалім оған айғайлап жатыр
Ол сұрақ қояды. Мұғалім көзін ақшитады. Мұғалім оған қатты айғайлайды. Мұғалім оның сезімін жаралайды. Мұғалім ызалы. Мұғалімнің әдеті жаман. Ол мұғалімді жек көреді. Ол енді сұрақ қоймайды. Ол бұл сыныптан кетеді. Ол ешқашан бұл мұғалімді ұмытпайды. Бұл мұғалім - онда болған мұғалімдердің ең жаманы.
Скрыть текст
89. Анасы науқастанып, төсекте жатыр
Ол анасына қоңырау шалады. Анасы тұмауратып жатыр. Ол төсекте жатыр. Ол кәрі. Ол жалғыз. Оның күйеуі қайтыс болған. Ешкім оған қамқорлық жасамайды. Ол өзі азық-түлікке дүкенге барады. Ол машинаны да өзі айдайды. Ол жағдайын дұрыс деп айтады. Ол өзін жақсы сезінетінін айтады. Ол қызына қоңырау шалғанына алғыс айтады.
Скрыть текст
90. Бұзық оқушы
Ол бұзық бала. Ол басқа балаларды ренжiтедi. Өзінен кіші балаларды ренжітеді. Оларды итередi. Ол балаларды аяғынан шалып құлатады. Ол оларды ұрады. Оларды мазақтайды. Олардың ақшасын тартып алады. Түскі астарын тартып алады. Ол ызалы бала. Барлығы одан қорқады. Бес оқушы мектеп директорына барып, шағым айтты. Мектептің директроры сол бұзық баланы мектептен қуып жібереді.
Скрыть текст
91. Қош бол, мектебім, қыркүйекке дейін
Бүгін түстен кейін жазғы демалыс басталады.Ол сағат 3-те басталады. Ол өте бақытты. Ол сағатына қарап тұр. Қазір сағат үш болып қалды. Ол жазғы қызықтарға дайын. Ол жағажайдағы сауықтарға дайын. Ол қайтадан сағатына қарайды. Бас-аяғы бес минуттан кейін ол үйінде қыркүйекке шейін болады.
Скрыть текст
92. Балаларға арналған жақсы оқиға
кейіпкері бар. Кейіпкер - бұл ұл бала немесе қыз бала. Кейде кейіпкер - жануар. Кейіпкер ержүрек. Кейіпкер қауіп-қатерге тіке қарайды. Кейіпкер басқаларды қауіп-қатерден құтқарады. Кейіпкер мәселені шешеді. Жақсы оқиға бақытты аяқталады.
Скрыть текст
93. Ол велосипед теуіп келе жатыр
Оның сол аяғы тепкіште, оң аяғы жерде. Ол сол аяғымен сол жақ тепкішті басады да, оң аяғын жерден көтеріп, оң жақ тепкішті басады. Тепкіштер дөңгеленіп айнала бастайды. Оның тізелері жоғары-төмен қозғалып жатыр. Велосипед алға қарай жүріп барады.
Скрыть текст
94. Олар оны төрткөз дейді
Ол көзілдірік тағады. Кейбір мектептегі балалар оны төрткөз деп атайды. Оған ол ұнамайды. Ол өзінің көзілдірігін шешеді. Бірақ, онсыз оқуға қиын. Ол көзілдірікті қайта тағады. Қазір ол өзінің оқулықтарынан сөздерді көреді. Қазір ол тақтадағы сөздерді көреді. Ол көзілдірігін шешпейді. Ол ана балаларға назар аудармайды.
Скрыть текст
95. Ыстық күн, салқын хауыз
Ол өзінің шомылу киімін киеді. Ол жүзу хауызына барады. Күн ыстық. Аспан көгілдір. Аспанда бірнеше ақ бұлт бар. Ол хауызға шығады. Ол суға қарайды. Ол көгілдір. Ол салқын. Ол суға секіреді. Су сондай жағымды.
Скрыть текст
96. Кітап пен телефон
Ол өз көзілдірігін тағады. Оған көзілдірік оқу үшін қажет. Ол бірінші бетті оқиды. Оның телефоны шырылайды. Ол тұтқаны көтереді. Бұл әйелінің қоңырауы болатын. Ол өз әйелімен сөйлесуде. Сосын әйелі сау бол дейді. Олда сау бол дейді. Ол тұтқаны қойып, кітапты алады.
Скрыть текст
97. Қай жеріңіз қышып тұр?
Ол қышуды сезді. Қолы қышыды. Ол қолын қасыды. Қышығаны басылды. Қышу қайта басталды. Енді аяғы қышыды. Ол аяғын қасыды. Қышуы басылды. Ол қышуды қайта сезді. Табаны қышыды. Ол табанын қасыды. Қышу басылды.
Скрыть текст
98. Оның жаңа көгілдір көйлегі
Ол дүкенге кіреді. Ол көйлектерге қарайды. Көйлектер көп. Оған көгілдір көйлек керек. Ол көгілдір көйлекті көреді. Ол көйлекті алады және киім өлшейтін бөлмеге барады. Ол көйлекті киіп көреді. Оған ол дәл келеді. Оған ол ұнайды. Ол оны шешеді. Ол оны кассаға апарады. Ол оны сатып алады.
Скрыть текст
99. Ол суық тиюді емдейді
Оған суық тиген. Ол жөтеледі. Ол түшкіреді. Ол қағаз қол орамалын алады. Ол сіңбіреді. Ол басқа орамал алады. Ол тағы да сіңбіреді. Ол мұрнына тамшы тамызады. Ол жөтелге қарсы шәрбатты аузына салады. Ол жөтелге қарсы шәрбатты жұтады. Ол жөтелге қарсы дәрі қабылдайды. Ол өзін жақсырақ сезінеді.
Скрыть текст
100. Оны оятқыш оятады
Таң. Ол ұйықтап жатыр. Оятқыш шырылдады. Ол оятқышты естиді. Ол оянады. Ол оятқышты өшіреді. Ол қайтадан ұйықтайды. Ол 15 минут ұйықтайды. Содан соң ол оянады. Ол көтеріліп төсекте отырады. Ол керіледі. Ол есінейді. Ол төсегінен тұрады. Ол жуынатын бөлмеге барады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Казахский детям. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Казахский детям. Том 2, стр.1  >>