Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
 Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  
 Лёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  

Казахский детям

Том 2, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Қызыл резеңке доп
Фредтің қызыл резеңке добы бар. Ол допты тепті. Доп ұшып кетті. Ол оны қолына алды. Ол оны қабырғаға лақтырды. Доп Фредке қайтып келді. Ол оны қайтадан аяғымен тепті. Доп қабырғаның артына қарай ұшып кетті. Ол оны қайтадан қолына алды. Ол көшеде доптың серпілісін арттырды. Доп жоғары-төмен секірді. Сосын ол жөғары- төмен секіруін тоқтатты. Фредтің иті допқа үре бастады. Фред допты тепті. Оның иті доптың артынан жүгіріп кетті.
Скрыть текст
2. Үріп жатқан ит
Бобби иттің даусын естіп, оянып кетті. Ол терезесінен иттің үргенін естіді. Бобби иттің үргенін естіп оянды. Бобби орнынан тұрды. Ол төсектен тұрды да терезе жаққа барды. Ол терезеге қарады. Ол үлкен қоңыр итті көрді. Ол қатты үріп жатыр. Бобби терезені ашты. Ол үріп жатқан итке қарады. "Сен неге қатты үресің?"-деп сұрады ол. Ит Боббиге қарады. Содан кейін ол үргенін қойды.
Скрыть текст
3. Ұзақ ғұмыр
Нэнси ұзақ өмір сүргісі келеді. Ол жүз жыл жасағысы келеді. Ол қазір бесте. Ол тағы да тоқсан бес жыл өмір сүргісі келеді. Сонда ол жүз жаста болады. Оның әкесі отыз жаста. Ол да ұзақ өмір сүргісі келеді. Ол жүз жыл жасағысы келеді. Ол тағы жетпіс жыл өмір сүргісі келеді. "Әке біз бірге қартаямыз, жарай ма?"-деді Нэнси әкесіне. "Иә, жаным біз бірге қартаямыз"-деді ол Нэнсиге.Сосын Нэнси күлімсіреді. Ол әкесін қатты құшақтады.
Скрыть текст
4. Секіргіш
Джонни иттен секіріп өтті. Ит жерде жатқан еді. Ол одан секірді. Ит Джоннидің өзінің үстінен қалай секіргенін көрді. Ит тұрды. Ит тұрды да Джонниге үре бастады. Джонни күлді. Ол иттің үргеніне күлді. Джонни дуалға жүгіріп келді. Ит оның артынан дуалға шейін жүгірді. Джонни дуалдан секіріп түсті. Ол артқа итке қарады. Ит дуалдың қасында тоқтап қалды. Ит дуалдан секіре алмады. Джонни: "Секір, секір"- деді. Ит үре бастады, бірақ секірген жоқ.
Скрыть текст
5. Қызыл жидек
Мэри көкжидек жеді. Оған көкжидек қатты ұнады. Сосын ол қаражидек жеді. Оған қаражидек қатты ұнады. Сосын ол құлпынай жеді. Оған құлпынай қатты ұнады. Мэри әбігерге салынды. Көкжидек - көк, сондықтан оны көкжидек деп атаймыз. Қаражидек - қара, сондықтан оны біз қаражидек деп атаймыз. Құлпынай-қызыл. А неге біз оны қызылжидек деп атамаймыз? - деп сұрады Мэри анасынан. Анасы білмеді. Ол әкесінен сұрады. Әкесі білмеді. Ол өзінің кішкентай інісінен сұрады. "Өйткені қызыл жидек - ол шие!"-деді оның інісі.
Скрыть текст
6. Оның жаңа кiтабы
Назар жаңа кiтап сатып алды. Кiтап жануарлар туралы еді. Назар жануарларды жақсы көретiн. Кiтапта көптеген суреттер бар болған. Онда ит және мысықтардың суреттері бар болатын. Онда сиыр және шошқалардың суреттері болған. Онда тауық және ор қояндардың суреттері болған. Онда тиiндер және құстардың суреттері болған. Назар бiрiншi беттегi суреттерді қарады. Сосын ол бетті аударды. Ол екiншi беттегi суреттерді қарады. Сосын ол беттi қайта аударды. Кітаптың 30 беті бар. Назар барлық беттердегi барлық суреттерді қарап шықты.
Скрыть текст
7. Шөлмектегі қоңыз
Чарльз шыны шөлмек тауып алды. Ол шыны шөлмекті үйінің артқы ауласынан тауып алды. Бұл әдемі шыны шөлмек болатын. Түсі қою жасыл. Ол қою жасыл шөлмектің ішіне үңіліп қарады. Ол ештеңе көре алмады. Ол шөлмекті сілкіп жіберді. Шөлмектің ішінен бір нәрсе түсіп кетті. Ол нәрсе жерге құлап түсті. Бұл қоңыз болатын. Чарльз қоңызды көтеріп алды. Ол оған қарап тұрды. Қоңыз оған қарап тұрды. Чарльз шөлмекті қайтадан жерге қойды. Ол қоңызды шөлмектің қасындағы жерге қойды. Қоңыз қайтадан шөлмекке кіріп кетті.
Скрыть текст
8. Аш кұстар
Балапандар ұяда отырды. Балапан саны екеу еді. Олар ұяда болды. Ұя ағашта орналасқан болатын. Балапандар құс-анасын күткен болатын. Олар аш. Құс-ана қашан оралар екен? Осы кезде олар құс-анасын көрді. Онық тұмсығында екі құрт болды. Ол балапандардың әр қайсысына бір-бір құрттан берді. Құрттар өте дәмді болатын. Балапандар құрттарды тез жеп қойды. Сосын олар өздерінің тұмсықтарын ашты. Олар тағы да бір құрттан жегілері келді. Құс-ана ұшып кетті. Ол тағы да құрттарды алып келуге ұшып кетті.
Скрыть текст
9. Ескекпен ес
Бренда ән айтатын. Ол мектепке бара жатқанда ән айтатын. Ән «Ес, ес, ескекпен ес» деп аталатын. Бренда осы әнді айтуды ұнататын. Бұл оның сүйікті әні еді. Ол бұл әнді күнделікті мектепке бара жатқанда айтатын. Кейде ол әнді өзінің жан құрбысымен бірге айтатын. Кейде оның жан құрбысы мектепке Брендамен бірге баратын. Сонда олар осы әнді айтатын. Брендаға бұл ән ұнайтын, өйткені сөздерін жаттап алу оңай болатын. «Ес, ес, ескекпен ес» - бұл сөздер оңай жатталады.
Скрыть текст
10. Сандарды қосу
Жанерке сандарды қосуды үйрендi. Оған сандарды қосу ұнады. Сандарды қосу оңай екен. Ол бiрге бiрдi қоса алады. Ол бірге бірді қосса, екі екенін біледі. Ол екіге екіні қосса, төрт екенін біледі. Ол үшке үшті қосса, алты екенін біледі. Бар болғаны сол. Ол төртке төртті қосса, сегіз екенін білмейді. Оны анасынан сұрады. Анасы оған төртке төртті қосса, сегiз болатынын айтты. «Ой, ендi бiлемiн», - дедi Жанерке. «Қазір мен төрттемiн. Тағы да төрт жылдан кейiн мен сегiзде боламын», - дедi. Жанерке - жақсы оқушы. Ол жаман оқушы емес.
Скрыть текст
11. Таза қолдар
Нәзипа қолын күнде жуады. Ол қолын жууды ұнатады. Ол қолын сабындап жуады. Ол жылы су мен сабынды қолданады. Ол қолын 30 секунд бойына жуады. 30 секундтан кейін ол қолын жуып болады. Ол суды өшіредi. Ол қолын таза орамалмен сүртедi. Бірнеше сағат сайын ол суды қосып қолын жуады. Нәзипаның қолдары өте таза. Оның қолында көп микробтар жоқ. Микробтар оның таза қолында өмір сүре алмайды.
Скрыть текст
12. Ферма
Ақжол фермаға барғысы келдi. Ол өзiнiң ата-анасынан оны фермаға апаруын өтіндi. Оның мұғалiмі фермадағы малдар туралы айтты. Фермада малдар көп. Ақжол малдарды көргiсi келдi. Ол сиырларды көргiсi келдi. Ол тауықты көргiсi келдi. Ол шошқаларды көргiсi келдi. Ол малдарды құшақтағысы келдi. Ол малдарға жем бергiсi келдi. Ол малдарды жақсы көредi. Ақжол фермада өмiр сүргiсi келедi. Ол сиырлар, тауықтар және шошқалармен өмiр сүргiсi келедi. Олар оның достары болар еді. Оның мектепте ешқандай достары жоқ.
Скрыть текст
13. Күлкілі хикая
Барбара күлкілі хикаяларды жақсы көреді. Ол күлкілі хикаяларды тыңдағанды жақсы көреді. Ол күлкілі хикаяларды айтқанды жақсы көреді. Ол өз анасына бір күлкілі хикая айтып берді. Ол аяқтаған кезде анасының күлгенін күтті. "Ана, неге сен күлмейсің? Бұл күлкілі хикая болды ғой,"- деді Барбара. "О, айып етпе,"- деді оның анасы. "Кейде сен бір күлкілі нәрсені ойлайсың, ал басқалар мұны күлкілі емес деп ойлайды". Міне, Барбараның анасы Барбараның хикаясына неге күлмегені. Барбара осы хикаяны өз сіңлісіне айтты. Оның сіңлісі хикаяға күлді.
Скрыть текст
14. Шабандоз
«Ана, маган өзімнің атыма мінсем бола ма?» -деп сұрады Сара. Ол әр сенбі күні өзінің атына мініп шабатын. «Жарайды, жаным, жинала ғой», - деді анасы. Сара қуанышты болды. Ол өзінің жатын бөлмесіне барды. Өзінің қызғылт шұлығын киді. Өзінің алқызыл кроссовкасын киді. Ол қызғылт бас киімін алды. Есікке қарай беттеді. «Мен көлікте күтемін», - деді анасына. «Жақсы, мен бірер минуттан соң келем», - деді анасы. Сара көліктің есігін ашты. Ол алдыңғы орынға отырды. Бас киімін киді. Ол өзін қуанышты сезінді.
Скрыть текст
15. Мәз мысық
Олжас мысықты қолға алды. Мысық мияулады. Жұрттың көпшілігі мысыққа ұнамайтын. Мысық жалғыз болуды ұнататын. Ол диванда ұйықтауды жақсы көретін. Ол жемiс сауытта ұйықтауды жақсы көретін. Ол теледидар үстінде ұйықтауды жақсы көретін. Ол алдыңғы аулада құрт-құмырсқаны қууды жақсы көретін. Ол артқы аулада кесірткелердi қууды жақсы көретін. Ол аcүйде шыбындарды қууды жақсы көретін. Олжас мысықты еденге жатқызды. Ол мысықтың ішін сипады. Мысық бұны ұнататын. Мысық оның қолын жалап алды. Олжас тағы да кішкене мысықтың ішін сипады. Мысық мияулады. Мысық мәз болды.
Скрыть текст
16. Кішкентай қыз
Арайлым кішкентай қыз еді. Оның құрбыларының барлығы одан ұзын болатын. Оның бойы құрбыларынікіне қарағанда қысқа еді. Ол ұзын болғысы келетін. Оның анасы оған уайымдамауын айтты. Бір күні Арайлымның бойы да ұзын болады. Бір кездері құрбыларының бойлары онікіне қарағанда қысқа болады. Ол оны естіп, қуанды. Оның анасына тек бір сұрағы бар еді. Оның бойы құрбыларынікіне қарағанда қашан ұзын болады? Ол алдыңғы жылы бола ма? Ол оны алдыңғы жылы болады деп үміттенді. Ол ең кішкентай қыз болудан жалығып кетті.
Скрыть текст
17. Жүзу әуіті
Толқын жүзу әуітіндегi суға секiрдi. Ол мұрнын қысты. Ол су астына кеттi. Сосын ол қайтадан қалқып су бетіне шықты. Ол әуіттегi сатыға малтып жеттi. Ол әуіттен шықты. Ол әуіттiң шетiне тұрды. Ол мұрнын қысты. Ол қайтадан суға секiрдi. Толқын әуітке секiруді ұнататын. Суда болу ол үшін сүйсінерлік. Күн ыстық болды. Су салқын болды. Суда болу сондай сүйсінерлік болды. Әуітке оны анасы алып келді. Оның анасы орындықта отырды. Ол Толқынды бақылап отырды. Ол Толқынның уақытты көңілді өткізегенiн қалады.
Скрыть текст
18. Нәбираның хаты
Анасы Нәбираға қарындаш берді. Бұл сары қарындаш болды. Бұл екiнші нөмiрлі болды. Ол қызғылт өшіргішімен болды. Өшіргіш кішкентай, дөңгелек пішінді және қызғылт түстi болды. Анасы қызына ақ парақ бердi. Ол парақтың бетінде көк сызықтар бейнеленген. Ақ қағазды алып: "Сәлеметсiз бе, әжетай! Мен сiздi жақсы көремiн!", - деп әжесiне хат жазды. Жазып бiтiрген соң Нәбира хатты анасына оқып шығуға бередi. Хатты оқып шыққан Нәбираның анасы қызына "Қызым, мына хат қыска ғой" деп едi, қызы анасына: "Анашым, хат қыска болғанмен нәзік", - деп жауап бердi.
Скрыть текст
19. Тұмау
Әлімжан тұмауратып қалды. Оның мұрнынан су ақты. Ол қатты жөтелді. Ол қатты түшкірді. Ол жөтелгенде аузын жабады. Ол түшкіргенде аузын жабады. Әлімжанның анасы оған қарайды. Ол үшін анасы ыстық сорпа даярлады. Ол оған балғын апельсин шырынын береді. Ол оған төсегін жайлы қылып берді. Ол төсекте жатып теледидар көруі үшін теледидарды қосып берді. Ол өз төсегінде ұйықтауы үшін анасы жарықты сөндірді. Ол жақсы болуы үшін анасы оған дәрі берді. Әлімжан жақында жазылып кетеді.
Скрыть текст
20. Жаңа көлік
Өткен аптада Қуаныш жаңа көлік сатып алды. Ол өзiнiң жаңа көлігiне өте разы. Ол жаңа көлігін өте тиімді бағаға сатып алды. Ол оны жеңілдіктер кезінде сатып алды. Оның жаңа көлігi жасыл түстi. Барлық төрт шинасы қара түстi. Оның жаңа көлігiнiң төрт есiгi бар. Оның жүксалғышы бар. Жүксалғышта қосалқы шина бар. Барлық жаңа көліктердiң қосалқы шиналары бар. Оның жаңа көлігiнiң капоты бар. Капоттың астында қозғалтқыш бар. Барлық жаңа көліктердiң қозғалтқыштары бар. Оның жаңа көлігiнiң үш орындығы бар. Екi орындық алдыңғы жағында. Бiр үлкен орындық артқы жағында. Қуаныш өзiнiң жаңа көлігін жүргізген кезде алдынғы орындықта отырады. Ол әрқашан қауіпсіздік белбеуiн тағады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Казахский детям. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Казахский детям. Том 2, стр.2  >>