Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  

Казахский детям

Том 2, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Туған күнге арналған ашық xат
Гүлжан анасына ашықхат сатып алғысы келді. Келесі аптада анасының туған күні болады. Гүлжан анасын жақсы көреді. Ол анасына туған күнге арналған әдемі ашық xат сатып алғысы келді. Ол əдемі ашықхатты алғысы келді. Ол қажет нәрсе жазылған ашықхатты қалады. Қажет нәрсе деген не? Ашықхатта: "Анашым, мен сені жақсы көремін," - деп жазылуы керек. Онда: "Анашым, сен - дүниедегі ең керемет анасың", - деп жазылуы керек. Онда: "Сенің менің анам болғаның үшін сондай бақыттымын", - деп жазылуы керек. Ашықхатта болуға тиіс қажет нәрселер осы. Ашықхатта болуға тиіс тағы бір нәрсе бар. Онда: "Туған күніңмен!" - деп жазылуы керек.
Скрыть текст
22. Шоколадты сүт
Марат тоңазытқыштан сүтті алды. Ол сүті бар картон пакетті үстел үстіне қойды. Ол сүті бар картон пакеттің қақпағын ашты. Ол ас үй шкафының есігін ашты. Ол шкафтан стақан алды. Ол стақанды үстелдің үстіне сүттің қасына қойды. Ол стақанға кішкене сүт құйды. Ол сүті бар картон пакеттің қақпағын қайта жапты. Ол сүтті қайтадан тоңазытқышқа қойды. Ол тоңазытқыштан шоколадты шәрбатты алды. Ол шоколадты шәрбаттан сүті бар стақанға құйды. Ол сүтті қасықпен араластырды. Ол қасықты жалады.
Скрыть текст
23. Жазда қалай жұмыс табуға болады
Анар 18-де. Қыркүйекте ол колледжге оқуға барады. Қыркүйекте ол колледж студенті болады. Ал қазір жаз. Маусым айы. Анарға жұмыс керек. Оған колледжге ақша керек. Оған колледжге оқулықтар сатып алу үшін ақша керек. Оған жұмыс керек. Анар мейрамханаға барды. "Маған жұмыс бар ма?" - деп сұрады ол. Мейрамхана меңгерушісі: "Өкінішке орай, қазір бізге ешкім керек емес" - деп жауап берді. Анар кітап дүкеніне барды. "Маған жұмыс табылады ма?" - деп сұрады. Дүкен меңгерушісі: "Өкінішке орай, қазіргі уақытта бізге жаңа жұмысшылар қажет емес" - деді.
Скрыть текст
24. Оның қызыл велосипедi
Мансұрдың қызыл велосипедi бар. Ол өзінің қызыл велосипедiн жақсы көредi. Ол велосипедiн өзінің тоғызыншы туған күнiне алды. Тоғыз жаска толғанда оған ата-анасы велосипед сыйлады. Ол өзінің велосипедiн күтiп ұстайды. Ол екi дөңгелекке ауаны сорғымен толтырады. Ол алдыңғы доңғалаққа ауа толтырады. Ол артқы доңғалаққа ауа толтырады. Ол велосипедтiң шынжырын майлайды. Ол кірді кетіру үшiн өзінің велосипедiн дымқыл шүберекпен сүртедi. Ол шүберектi дымқылдап велосипедiнен барлық кірді кетіредi. Ол велосипедін барлық жерге тебедi. Ол оны мектепке теуіп барады. Ол оны кiтапханаға теуіп барады. Ол оны өзiнiң досының үйiне теуіп барады. Ол, шынында да, өзiнiң велосипедiн жақсы көредi.
Скрыть текст
25. Жақсы мұғалiм
Жабай отырды. Ол оқу бөлмесінде еді. Ол мектепте еді. Ол ағылшын тiлi сабағында еді. Ағылшын тiлi сабақтары оған ұнайтын. Оның мұғалiмi оған ұнайтын. Оның мұғалiмi ақ пейілді. Оның мұғалiмi барлық оқушыларға көмектесетін. Оның мұғалiмi барлық сұрақтарға жауап беретін. Жабай күн сайын жаңа сұрақ қойып жүрді. Кеше ол өз мұғалiмiне орфографиядан сұрақ қойды. Ол мұғалімінен "myself" сөзінің қалай жазылатынын сұрады. Оның мұғалімі сол сөздің қалай жазылатынын айтты. Ол өз мұғалiмiне алғыс айтты. Оның мұғалімі: «Оқасы жоқ. Қандай сұрақ болса да кез-келген уақытта қоя бер. Мен осы жерде дәл сол үшiн, сендерге көмектесу үшiн жүрмін»
Скрыть текст
26. Арқа сүйерім - Құдай
Донда обыр ауруы. Ол он екіде. Бірақ оның жолы болды. Дәрігер Дондағы қатерлі ісікті қалай емдеу керек екенін біледі. Дәрігер Донның анасына оны ауруxанаға алып келуін айтады. Донның анасы жоқ деді. Ол Донның ауруын құдайдың жазатынына сенеді. Құдай Донның обырын жазады. Ол дәрігерге сенбейді. Ол ауруxанаға сенбейді. Ол тек құдайға сенеді. Дәрігер Донның өлетінін айтты. Ол Донның тездетіп ауруxанаға келуін айтты. Донның анасы қашып кетті. Ол Донмен бірге қашып кетті. Полиция Донды және оның анасын іздестіруде. Олар Донның өмірін құтқарып қалмақшы. Донның өмірін тек дәрігер ғана құтқара алады.
Скрыть текст
27. Жүзгіш
Ажар жүзгіштер командасында. Ол мектептегi жүзгіштер командасында. Ол жақсы жүзгіш. Команданың барлық мүшелері жақсы жүзгіштер. Ол күнде жүзедi. Ол жүзу әуітіне сабақтан кейiн барады. Оның соңғы сабағы ағылшын тілі. Ағылшын тілі сабағынан соң ол жүзу әуітіне жаяу барады. Ол өзiнiң шомылу костюмін киедi. Ол суға сүңгиді. Ол екi сағат бойы жүзедi. Оның жаттықтырушысы оның жүзгенін бақылайды. Ол оған кеңес береді. Ол оған қалай жақсырақ жүзу керектігін айтады. Оның жаттықтырушысы – оның оқытушысы. Ол жақсы оқытушы. Бiр күнi Ажар жарыстың жеңімпазы болады.
Скрыть текст
28. Жаңа ат
Германға өзінің аты ұнамайтын. Ол оған ешқашан ұнаған емес. Ол оны ауыстырғысы келді. Ол анасынан осы туралы сұрады. Анасы оған оны ауыстыру тым кеш екенін айтты. Анасы оның өзінің екінші атын қолдану мүмкіндігін айтты. Анасы оны екінші атымен атайтынын жеткізді. Анасы Германнан: Осылай атасам ыңғайлы бола ма?,- деп сұрады. Иә,- деді Герман. Ол: " Өтінемін, қазірден бастап мені екінші атыммен аташы. Қазірден бастап мені Адам деп аташы, өтінемін." деп айтты. Оның анасы: Бұның еш қиындығы жоқ,- деді. Анасы " - Герман, сау бол! Және Адам, салем," –деді. Адамның әкесі жұмыстан келген уақытта, Адамның анасы: "- Не айтатынымды таба аласың ба?" Бізде жаңа бала пайда болды."
Скрыть текст
29. Тауық сорпасы
Вильям сорпа құйылған ыдысқа қарады. Бұл тауық сорпасы еді. Сорпада ақ күріш те болды. Вильям күрішті өте жақсы көретін. Сорпаның ішінде тауық етінің тілімдері де болған. Вильям тауық етін де жақсы көретін. Тауық етінің тілімдері ақ түсті, кішкентай және шаршы пішінді еді. Олар үлкен де емес, домалақ та емес. Одан басқа сорпаның ішінде қызыл-сары сәбіздің тілімдері де болған. Вильям сәбізді ұнатпайтын. Сәбіз тілімін қолымен алып, үстелдің үстіне ыдыстың қасына қойды. Содан кейін сәбіздің барлық тілімдерін ыдысынан алып, үстелдің үстіне қойды. Содан соң ол сорпасын іше бастады.
Скрыть текст
30. Қайырымды Құдай
Пеги әр жексенбi күні шіркеуге баратын. Ол шіркеуге баруды ұнататын. Шіркеуде ол өз туған-туысқандары және достарымен болатын. Шіркеуде әулиелермен де болатын. Ол періштелермен бірге болатын. Ал ең бастысы, Пеги Құдаймен бірге болатын. Ол шіркеуде әрдайым Құдаймен әңгімелесетiн. Ол әрдайым Құдайдан соғыстың тоқтауын сұрайтын. Ол Құдайдан өшпенділік және ауру-сырқаудың доғарылуын сұрайтын. Бiрақ соғыс та, өшпенділік пен аурулар доғарылмайтын. Соғыс та, өшпенділік пен аурулар күн сайын болатын. «Мама, Құдай неге соғысты, өшпенділік пен ауруды тоқтатпайды?»,- деп сұрады Пеги. «Көбірек адам сұраған кезде, Құдай тоқтатар,» - деді оның анасы.
Скрыть текст
31. Сары жүгері
Ғалым түскі ас ішуге отырды. Ол орындыққа отырды. Ол үстел басына отырды. Ол өзінің ақ тәрелкесіне қарады. Ол өзінің күміс шанышқысына қарады. Ол өзінің күміс қасығына қарады. Оның әкесі оған: "Маған өз тәрелкеңді берші, Ғалым", - деп айтты. Оның әкесі тәрелкеге ақ күріш салды. Оның әкесі тәрелкеге сары жүгері салды. Оның әкесі тәрелкеге жасыл бұршақ салды. Ол тәрелкені Ғалымға қайтарды. "Бұл өте дәмді көрінеді!", - деді Ғалым. "Бұл шынында да дәмді!", - деп айтты оның әкесі. Ғалым жүгерінiң неге сары болатынын сұрады. Ол бұршақтың неге жасыл болатынын сұрады. Ол сары бұршақ және жасыл жүгері болатын-болмайтынын сұрады.
Скрыть текст
32. Пэттидің қуыршағы
Пэтти рождество күніне сыйлыққа қуыршақ алды. Ол оның ең сүйікті қуыршағы. Ол шүберектен жасалған қуыршақ. Оның үстінде сары көйлек, көгілдір жейде. Қуыршақтың аты Молли. Моллидің шашы ашық қоңыр. Оның еріндері алқызыл. Оның көздері көк. Оның шашында қызғылт лентасы бар. Моллидің аяғында қызыл жеңіл туфли. Оның ақ шұлығы бар. Моллидің сөмкесі бар. Сөмкесі қызғылт. Сөмкесі бос. Сөмкесінде ештеңе жоқ. Сөмкесінде айна бар еді. Бірақ Пэтти оны жоғалтып алды. Ол айнаны жоғалтып алғанда:"Кешір, Молли, мен саған басқа айна сатып әперемін",- деді.
Скрыть текст
33. Қоңыз құмар
Ғалым кітап дүкеніне барды. Ол бір кітапты сатып алғысы келді. Оған қоңыздар туралы кітап керек еді. Ол қоңыздарды жақсы көретін. Ол қоңыздарды өз ауласында жинайтын. Ол қоңыздарды мектепке апаратын. Ол қоңыздарды оқытушысына көрсететін. Оқытушысы оған әрбір қоңыздың атауын айтатын. Сосын Ғалым қоңыздарды үйге апаратын. Ол қоңыздарды ата-анасына көрсететін. Анасы оған қоңыздарды үйден шығарып тастауын сұрайтын. Әкесіне қоңыздарды тамашалау ұнайтын. Ол Ғалымның жақсы іс істеп жүргенін айтатын. Әкесі Ғалымға кітап сатып алуға ақша берді. Сондықтан Ғалым кітап дүкеніне келді. Ол қоңыздардың суреті бар кітап іздеді.
Скрыть текст
34. Қыздардың арасындағы төбелес
Сәнияның жасы бесте. Самал оның ең жақын құрбысы еді. Олар бірге ойнайтын. Олар түрлі ойындар ойнайтын. Уақыттарын бірге көңілді өткізуші еді. Әйтсе де бір күні Самал Сәнияны итеріп жіберді. "Мені неге итересің?"- деп сұрады Сәния. "Сол,-" деді Самал. Сәния Самалға: Енді итерме,- деді. Ал Самал Сәнияны тағы да итеріп жіберді. Сәния да Самалды итеріп жіберді. Енді Самал Сәнияның шашынан тартты. Сәния да Самалдың шашынан тартты. Екеуі де жылай бастады. Бөлмеге Сәнияның анасы кіріп қалды. Ол Самалға үйіңе қайт деді. Самал үйден атып шықты. "Сәния, енді Самалмен ойнамайсың," - деді Сәнияның анасы.
Скрыть текст
35. Жабайы мысық болар?
Мысық қозғалмады. Ол шөпте жатты. Мысық ала еді. Ол әдемі ала мысық болған. Көше суық. Мысық етпетінен жатты. Көше қараңғы. Есік алдындағы шам мысыққа түсті. Мысық Сәнияға қарады. "Анашым, мына мысықты алсам бола ма?"- деп анасынан сұрады. Анасы есік алдына шықты. Ол мысыққа қарады. "Әдемі мысық"- деді. "Оны алсам бола ма?"-деп сұрады Сәния. Анасы жоқ деді. Мүмкін басқа отбасының мысығы болар. Мүмкін жабайы мысық болар. Егер жабайы болса, Сәнияны тістеп алуы мүмкін.
Скрыть текст
36. Тиындар коллекциясы
Том жалықты. Ол не істерін білмеді. Оның бірдеңе істеуге зауқы болмады. Ол теледидар қарағысы келген жоқ. Радио тыңдағысы да келген жоқ. Спорттық ойындар түрлерін де ойнағысы келген жоқ. Компьютерді де пайдаланғысы келмеді. Кітап оқығысы да келмеді. "Менің ішім пысты," - деді Том. "Немен айналыссам екен? Мен бір қызықты нәрсемен айналысқым келеді". Томның әкесіне бір ой келді. "Менде бір ой бар",- деді оның әкесі. "Неге саған тиындар жинаумен айналыспасқа? Тиындар жинау- қызық. Ал тиындар барлық жерде бар. Тиындарды күнде көресің. Кейбір тиындар - бағалы. Олар сені бай қылады."
Скрыть текст
37. Мұғалімге арналған алма
Жасұлан үшінші сынып оқушысы. Ол өзінің мұғалімін жақсы көреді. Оның мұғалімі жас. Ол әдемі. Ол жылышырайлы. Ол Жасұланға санауды үйретті. Ол Жасұланға ит пен мысықтың суретін салуға көмектесті. Ол Жасұланға сөздерді дұрыс жазуға көмектесті. Бір күні Жасұлан ұстазына алма берді. Келесі күні апельсин берді. Сосын ол шабдалы берді. Оның ұстазы алғыс білдірді. "Алмаңа рахмет"- деді бірінші күні. "Апельсин үшін рахмет" - деді екінші күні. "Шабдалы үшін рахмет" - деді үшінші күні. Жасұлан әр кез:" Оқасы жоқ " - деп айтты.
Скрыть текст
38. Жақсы бала
Бексұлтан өз анасын әрқашан тыңдайды. Ол не айтса, соны істейді. Егер анасы оған "Тісіңді тазарт,-"десе, Бексұлтан тісін тазартады. Егер оған анасы: "Бар, ұйықта, -" десе, Бексұлтан ұйықтауға барады. Бексұлтан өте жақсы бала. Жақсы бала өз анасын тыңдайды. Ол анасын қайта сұраттырмайды. Ол одан бір нәрсе жасауды бір рет қана сұрайды, ол одан кейін қайта сұрамайды. Ол бір нәрсе істеуді екі рет сұрамайды. Ол Бексұлтанға:" Сен менің ең жақсы баламсың,-" дейді. Әрине, Бексұлтан оның ең жақсы баласы. Бексұлтан оның жалғыз баласы".
Скрыть текст
39. Бұл кiм?
Сабыр еш уақытта көше жақтағы есiктi ашпайды. Бір уақытта әлдебіреу көше жақтағы есiктi тақылдатқан сайын, Сабыр: «Бұл кiм?»,- дейдi. Бiрақ ол есiктi ашпайды. Оның ата-анасы есiктi кілттеп отыру керектігін айтты. Оны ата-анасы ұлдарының қауіпсіз жерде болғанын қалады. Ол есікті ашпай отыратын болса, қауіпсіз болады деп ойлайды. Кеше әлдебіреу көше жақтағы есікті тақылдатты. «Кiм?» - деп сұрады Сабыр. « Бұл пошташы»,- дедi есіктің артындағы адам. Сабыр:«Мен есiктi аша алмаймын» - дедi. «Жарайды. Мен ертең қайтадан келемiн» - деді пошташы. Сабыр: «Сау болыңыз» -дедi. Сабыр – жақсы бала. Ол ата-анасын тыңдайды. Ол есiктi әркімге ашпайды.
Скрыть текст
40. Ай
Ол көтеріліп бара жатқан айға қарады. Ол үйлердің үстінен көтерілді. Ол үлкен және қызғылт сары түсті болды. Ол көтеріліп келе жатқан күннен де үлкен секілді болды. Қалайша ол соншама үлкен еді? Қалайша ол соншама қызғылт сары еді? Бірнеше сағаттан соң ол қайтадан айға қарады. Қазір ол аспанда өте жоғарыда еді. Қазір ол кішірек болды. Ол қазір қызғылт сары болмады. Қазір ол ақ түстес болды. Не болып қалды? Ол көлемін өзгертті. Ол түсін өзгертті. Алдында ол үлкен және қызғылт сары болды. Ол үлкен асқабаққа ұқсас еді. Дәл қазір ол кішірейді және ақшыл түсті болды. Ол электр шамы тәрізді болды. Бірақ ол бұрынғыша әдемі. Ол бұрынғыша жарық. Ол аспандағы ең жарық нәрсе болды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Казахский детям. Том 2, стр.1 Вернуться к началу Казахский детям. Том 2, стр.3  >>