Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
 Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  
 Лёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  

Казахский детям

Том 2, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

61. Саябаққа қыдыру
Нэнси өз қызы Доннаны саябаққа алып келді. Саябақта көптеген ағаштар өсіп тұр. Олардың үстінде тиін мен құстар көп екен. Тиіндер ағаштың бойымен жоғары - төмен жүгіріп жүр. Олар бір - бірін қуалап жүр. Тиіндер бір-бірімен ойнап жүр. Айналада құстар ұшып жүр. Олар жерге жақындап қояды. Олар талға барып қонады. Тиіндер мен құстар өте тату көршілер еді. Нэнси орындыққа отырды. Ол сөмкесінен журналды алды да, парақтай бастады. Донна тиінге жүгіріп барды, оның тиінді ұстап алғысы келді. Содан соң құстарды ұстамақшы болды. Донна тиіндер мен құстардың артынан жүгірді. Ол бір тиінді де ұстай алмады. Ол бір құсты да ұстай алмады. Дегенмен ол өте көңілді болды.
Скрыть текст
62. Ұйықтасам ба, әлде тұрсам ба екен?
Олар көлікпен саябаққа келді. Олар кезекке тұрды. Олардың алдында көп көліктер тұрды. Оларға ертерек тұру керек еді. "Бізге ертерек тұру керек еді", - деді анасы. "Мен білемін,"- деді әкесі. "Бізге бұлай көп ұйықтамау керек еді". "Мен білемін"- деді анасы. "Бірақ кейде көбірек ұйықтауға болады, әсіресе демалыс күндері. Демалыс күндері көбірек ұйықтау үшін берліген". Кезек ақырын қозғалды. Акыры олар кезектің басына жетті. "Өкінішті", - деді саябақтың бақылаушысы. "Біз жабылдық". "Не?"- деді әкесі.- "Қазір әлі он екі де болған жоқ. Қалай сіздер жабыласыздар?" Бақылаушы көліктер қоятын тұрақтың толғандығын айтты. Көлік қоятын орын жоқ. Ол ертең келулерін сұрады. "Көп ұйықтамаңдар", - деді бақылаушы. "Ерте тұрған адамның ырысы артық".
Скрыть текст
63. Ол қайда кетті?
Дебби бірінші сыныпта оқыды. Оның ағасы Томми екінші сыныпта оқыды. Олар Флоридада тұрды. Олар Флоридадағы кішкентай қалашықта тұрды. Олар таңертең мектепке жаяу барып жүрді. Олар мектептен үйге жаяу қайтатын. Дүйсенбіде Дебби мен Томми үйге қайтып келе жатты. Олар Томмидың бір-екі досымен бірге келе жатты. Томми өзінің достарына Деббидың әлі де басбармағын соратынын айтты. «Ол әлі өзінің басбармағын сорады,» - деді. Оның достары күле бастады. Дебби жылай бастады. Ол Томми және оның достарынан қашып кетті. Томми үйге келгенде оның анасы: «Дебби қайда?» - деп сұрады. Томми білмейтіндігін айтты. Ол оны үйде деп ойлады. "Жоқ, ол үйде жоқ,» - деді анасы. Ол көршілерге телефон соқты. Кейін полицияға телефон соқты.
Скрыть текст
64. Балақай мен шұлық
Анасы баласына қызыл алма берді. Балақай алманы жеуге талпынды. Оның аузы өте кішкентай еді. Онымен қоса оның тістері де жоқ. Алманы оның ағасы алды. Ағасы алманы жеп қойды. Балақай жылап жіберді. Оның ағасы балақайға ойнау үшін көк допты берді. Балақай күлді. Оның ағасы балақайдан допты алды. Ол допты еденде сырғытты. Қоңыр ала ит допты аузына қысып алды. Ит допты шайнай бастады. Балақай тағы да жылап жіберді. Оның ағасы қолына мысықты алды. Ол мысықты төсекке балақаймен жатқызды. Балақай мысықты құйрығынан тартты. Мысық төсектен секіріп түсті. Ит мысықтың артынан жүгіріп кетті. Балақай тағы да жылап жіберді. Оның ағасы балақайдың қолына шұлықты ұстатты. Балақай шұлықпен ойнай бастады. Балақай бақытты болды.
Скрыть текст
65. Бала өзіне сэндвич жасап жатыр
Бала жержаңғақ пастасы банкасын ашты. Ол нан тіліміне жержаңғақ пастасын жақты. Содан кейін ол тоңазытқышты ашып, жүзім желесі банкасын алды. Жержаңғақ пастасының үстінен желені жақты. Ол банканы тоңазытқышқа қайтып салды. Жержаңғақ пастасы мен жүзім желесінің үстіне басқа нан тілімін салды. Қазір оның сэндвичі дайын болды. Ол тоңазытқышты қайтып ашты. Өзіне үлкен стақанға сүт құйды да, сүтті қайтып тоңазытқышқа салды. Сэндвичті тәрелкеге салды. Ол тәрелке мен сүтті асханадағы үстел үстіне апарды. Үстел басына отырды. Ол теледидарды қосты да сэндвичінен үлкен тілімін тістеді.
Скрыть текст
66. Рахмет, анашым
Мен анамды жақсы көремін. Мен кішкентай болғанда, ол маған қамқор болды. Мен ауырғанда, ол маған қамқор болды. Ол маған оқуды үйретті. Ол мені киінуге үйретті. Ол мені жейдемдегі түймемді салуға үйретті. Ол мені бәтеңкемнің бауын байлауға үйретті. Ол мені тісімді тазалауға үйретті. Ол мені басқаларына мейірімді болуға үйретті. Ол мені шындықты айтуға үйретті. Ол мені сыпайы болуға үйретті. Ол мені оқуымның алғашқы күні мектепке апарды. Ол мені қолымнан ұстады. Ол маған үй жұмысын жасауға көмектесті. Ол менің барлық достарыма жақсы қарады. Ол мені ылғи қоштады. Келесі жылы мен орта мектепті аяқтаймын. Мен колледжге оқуға барамын. Мен колледжде жақсы оқитын боламын. Мен колледжден кейін жетістіктерге жетемін. Менің анам мені жақсы үйретті.
Скрыть текст
67. Мұхитқа сапар
Әкесі Бэтті мұхитқа алды. Бұл оның мұхитқа бірінші сапары еді. Бұл оның жағажайға бірінші баруы еді. Ол бірінші рет құмды жағажайды көрді. Оған құм ұнады. Ол құмнан шұңқыр қазды. Ол шұңқырды көмді. Ол құмды алақанында ұстады. Ол құмдарды шашты. Әкесі оның қолынан алды. Ол әкесін мықтап ұстады. Әкесі оны судың шетіне алып барды. Ол оның екі қолынан ұстады. Ол оны суда тұра тұруға жіберді. Оның аяқтары су болды. Ол суда тұрды. Ол судың оның аяқтарын қалай жабатынына қарап тұрды. Ол еңкейді. Ол қолына ылғал құмды алды. Ол ылғал құмды лақтырып жіберді. Ол суға отырды. Ол ылғал құмда шұңқыр қаза бастады. Әкесі оның қасына отырды.
Скрыть текст
68. Ол ауырта ма?
Гүлшат көлге барды. Ол көлге әкесімен барды. Бұл үлкен көл болатын. Бұл үлкен, көк көл болатын. Онда су көп болатын. Онда көп балық болды. Көлде ірі балықтар бар. Көлде ұсақ балықтар бар. Гүлшат ешқандай балықты көрмеді. "Мен ешқандай балық көріп тұрған жоқпын. Балық қайда, әке?"-деп сұрады ол. "Ол судың барлық жерінде жүзіп жүр. Ол қорек іздеп жүр,"- деді әкесі. Әкесі қармаққа құрт ілді. "Ал қармақ құртты ауыртпай ма?"- деп сұрады Гүлшат. "Жоқ, қармақ құртты ауыртпайды,"- деді әкесі. "Оны сен қайдан білесің?" деп сұрады ол. "Мен оны қайдан білем?"- деп сұрады әкесі. "Енді, құрт ештеңе айтпайды ғой. Сондықтан да қармақ оны ауыртпайды деп ойлаймын." Гүлшат айтты: "Бірақ құрт қалайша бірдеңе айта алады? Құрт сөйлей алмайды ғой!"
Скрыть текст
69. Тыныш сүйікті жануар
Жұлдыз өз құрбыларына қонаққа барғанды жақсы көреді. Оның барлық құрбыларында сүйікті үй жануарлары болды. Оның құрбыларында иттер болды. Оның құрбыларында мысықтар болды. Оның құрбыларында құстар болды. Жұлдыздың ешқандай үй жануары болған жоқ. Оның иті болған жоқ. Оның мысығы болған жоқ. Оның құсы болған жоқ. "Әке, маған ит ұстауға бола ма?" – деп сұрады Жұлдыз. «Жоқ. Ит тым қатты үреді," – деді әкесі. "Әке, маған мысық ұстауға бола ма?" – деп сұрады Жұлдыз. «Жоқ. Мысық тым қатты мияулайды», - деді әкесі. "Әке, маған құс ұстауға бола ма?" – деп сұрады Жұлдыз. «Жоқ. Құс тым қатты сайрайды," – деді әкесі. «Менің барлық құрбыларымда үй жануарлары бар. Маған тек бір ғана жануар ұстауға бола ма?» -деп сұрады ол. «Жақсы», - деді әкесі. «Бірақ ол тыныш сүйікті жануар болуы қажет. Мен саған дыбысы шықпайтын сүйікті жануар әперемін,» - деді әкесі. Ол жануарлар дүкеніне барды. Сүйікті жануарын сатып алды. Ол Жұлдызға оның жаңа сүйікті жануарын сыйлады. «Әке, бұл алтын балық қой!» - деді Жұлдыз.
Скрыть текст
70. Мектептегі оқудың басталуы
Бұл мектептегі алғашқы оқу күні болды. Бақытжан бірінші сыныпта оқыды. Ол мектеп автобусына отырды. Бұл үлкен сары мектеп автобусы болды. Ол автобустағы балаларды білмеді. Балалар оны білмеді. Көптеген балалар сөйлесіп жатты. Олар бір-бірімен сөйлесіп жатты. Бақытжан орындықта жалғыз отырды. Оның қасында ешкім отырмады. Ол терезеге қарады. Терезенің арғы жағында оның анасы тұрды. Ол анасына қол бұлғады. Анасы да қол бұлғады. Автобус қозғалды. Автобус мектепке қарай жүрді. Бақытжанның қасына бір ұл бала отырды. Ол Бақытжанмен амандасты. Бақытжан да онымен амандасты. Ол баланың аты Талип. Ол бірінші сыныпта оқыды. Ол жаңадан келгенін айтты. Ол ешкімді білмейді. Бақытжан да жаңадан келгенін айтты. Ол да ешкімді білмейді.
Скрыть текст
71. Түнгі уақытта паркте болған қауіпті
Түстен кейін Камшат паркке барғысы келді. Ал анасы оның түстен кейін үйде қалғанын қалады. Баласының паркке баруын қаламады. Парк қараңғы деп айтты. Баласы парк қараңғы емес деп жауап қайтарады. «Анашым, паркте жарық бар ғой», – деді ол. Бірақ анасы жарықтың кей жерде ғана бар екенін айтты. Ол паркте қараңғы жерлер көп деп айтты. «Түнде паркке жаман адамдар келеді,» -деді ол. – Олар жақсы адамдарға жамандық жасайды. Сен жақсы адамсың ғой. Жамандыққа ұшырағаныңды қаламаймын». Сонда Камшат былай деп айтты: «Жамандыққа ұшырамаймын. Сол жерге екі досымды ертіп барамын. Бірге боламыз. Сол жерде үшеуіміз бірге боламыз. Қараңғы жерден аулақ жүреміз. Жарық бар жерде ғана боламыз».
Скрыть текст
72. Дәмді тамақ
Балалардың тамақ жегісі келді. Олар терезеге қарады. Аналары қайда? Ол үйге кірді. Олар оған жүгіріп барып:" Ана, біздің тамақ жегіміз келіп тұр",- деді. Ол асүйге барды. Ол тауык сорпасы бар ыдысты ашты. Ол сорпаны кәстрөлге құйды. Ол су қосты. Ол кәстрөлді отқа қойды. Ол жержаңғақ пастасынан екі сэндвич жасады. Ол алманы бөліктерге бөлді. Сорпа ыстық еді. Ол оны екі ыдысқа құйды. Ол сэндвичті екі тәрелкеге салды. Ол әр тәрелкеге алманың бөлігін салды. Ол ыдыс пен тәрелкелерді үстелдін үстіне қойды.Балалар үстелге жүгіріп кеді. " Рахмет, анашым",- деді олар. Содан кейін олар тамақтана бастады. Ит пен мысық олардың тамақ жегендеріне қарап тұрды.
Скрыть текст
73. Құстар мен бала
Бала шалқасынан жатыр. Терезеге көк құс ұшып келді. Көк құстың көздері де көк. Ол төсекке отырды. Құстың мойнында сылдырмағы бар екен. Сылдырмақ сылдырлады. Бала күлді. Бала қолын сылдырмаққа созды. Құс басын шайқады. Сылдырмақ құстың мойнынан түсіп қалды. Ол баланың жанына құлап кетті. Бала сылдырмақты көтеріп алды. Бала сылдырмақты сылдырлатты. Терезеге тағы бір құс ұшып келді. Бұл құстың да көздері көк. Баланың көзі қоңырқай. Құстар балаға қарап тұр. Бала құстарға қарап тұр. Бала тағы да сылдырмақты сылдырлатты. Екі құс та ұшып кетті. Бала жылай бастады. Бөлмеге анасы кіріп келді. Бала күлді. Анасы сылдырмақты көрді. Ол балақайдан сылдырмақтың қайдан келгенін сұрады. Балақай терезені көрсетті.
Скрыть текст
74. Оның оныншы туған күні
Бұл Еркегүлдің 10-шы туған күні еді. Оның жасы 10-да. Ол бақытты. "Мен сондай бақыттымын," - деді ол. "Ақыры 10 жасқа толдым - ау. Он- бұл екі сан. Он - бұл ересектердің саны. Он саны ересек адам екендігіңді білдіреді. Мен енді ересекпін. Мен бойжеткенмін. Мен алдында тоғыз жаста едім. Тоғыз - бұл балалардың саны. Тоғыз саны әлі бала дегенді білдіреді. "Мен енді бала емеспін." Оның сіңлісі Ғалия: "Әлбетте, сен әлі баласың. Ересектер - үлкендер емес. Сен әлі ересек те емессің. Сен бесінші сыныпта оқисың. Бесінші сыныпта кіші балалар оқиды. Оныншы сыныпта да балалар оқиды. Он екінші сыныпта да балалар оқиды. Сен 18 жасқа толғанда сен он екінші сыныпта оқитын боласың. Сен онда да ересек болмайсың. Сен әлі сегіз жыл кішкентай бала боласың," - деді. Еркегүл: "Кішкене бала - бұл сенсің. Сенің жасың әлі жетіде. Сенің жасың жетіде болса, сен кішкене бала болып саналасың," - деп айтты. Ғалия оның жасы жетіде емес екенін айтты. Ол оның жасы жеті жарымда екенін айтты.
Скрыть текст
75. Кім дастархан жасайды?
"Асылгүл, дастархан жасашы," - деді анасы. "Кешкі астың уақыты келді". Асылгүл бұл апта оның дастархан жасайтын кезегі емес екенін айтты. Бұл апта оның дастархан жинайтын кезегі еді. Ол бұл аптада Назымның дастархан жасайтынын айтты. Назым төр бөлмеде болатын. Назым онда итпен ойнап жатқан еді. Назым итті ойнатып жатты. "Назым," - деді анасы,- "мұнда кел де, дастархан жаса. Кешкі астың уақыты келді". Назым бұл аптада оның дастархан жасамайтынын айтты. Бұл апта Манастың дастархан жасайтын кезегі еді. Бұл апта Назымның итке тамақ беретін кезегі еді. "Манас қайда?" - деп сұрады анасы. Назым: "Ол велосипед теуіп жүр," - деп жауап қайтарды. Манас үйде емес еді, ол көшеде велосипед теуіп жүр еді. Анасы Асылгүлден: "Сен бүгін кешке қосымша тәттілерді қалайсың ба?" - деп сұрады. Асылгүл иә деді. "Мен не істейін?" - деп сұрады ол. Анасы оған дастархан жасасаң болды деді.
Скрыть текст
76. Кім алдыға отырады?
Балалар жағажайға бара жатты. Жағажайға оларды әкесі алып баратын болды. Жағажайға бару бір сағат уақыт алады. Дейв және Дик жағажайды жақсы көретін. Тағы олар жағажайға машинамен барғанды ұнататын. Олар терезеге қарағанды ұнататын. Олар терезеден басын және қолын шығарып, желдің ұрғанын сезінгенді ұнататын. Олар алдыңғы орындықта отырғанды да жақсы көретін. Екеуі де алдыңғы орындыққа отыруды қалайтын. Екеуі де артқы орындықты жек көретін. "Ал, балақайлар, кеттік" - деді әкесі. "Жағажайға кеттік". Екі баласы да үйден жүгіріп шықты. Олар тура машинаның алдыңғы есігіне жүгірді. Дейв онда бірінші болып келді. Дик екінші болып келді. Дейв есікті айқарып ашты. Дик жерге құлап түсті. Дейв алдыңғы орындыққа отырып, есікті жапты. "Мен саған қазір не айтатынымды білесің бе? Сенің артқы орындыққа отыруыңа болады," - деп ол Дикке жауап қатты.
Скрыть текст
77. Итті серуендет
«Таймас, ит есікті тырналап жатыр», – деп айқайлады мамасы. – «Итті серуендет. Өзіңмен бірге полиэтилен пакетті алуды ұмытып кетпе». Иттің есікті тырналап жатқанын естімеймін,- деді Таймас. Итке серуендеудің қажеті жоқ,- деді. Ол үйде полиэтилен пакеттердің жоқ екенін айтты. Анасы: «Өтінемін, итті қазір серуендетші», – деп айтты. Таймас қарғыбауды, полиэтилен пакетін және кішкентай пластикалық күрекшені алды. «Итті серуендетсем, үй жұмысымды қалай бітіремін?» – деп сұрады анасынан. «Үйге келгесін, үй жұмысыңды аяқтай аласың», – деді анасы. Қарғыбауды иттің мойнына кигізіп, далаға шықты. Дала суық еді. Ит ағашқа қарай жақындап, сол жерге кәкетті. Таймас иттің нәжісін полиэтилен пакетке салды. «Түу, не деген жиренішті нәрсе!» – деді ол. Бұл үй жұмысын жасаудан да жаман екен».
Скрыть текст
78. Бақшада
Анасы бақшада еді. "Сен не істеп жатырсың?"- деп сұрады Жәнібек. Ол раушан гүлдерін отырғызып жатқанын айтты. Раушан- бұл гүл. Олар өте әдемі. Әдетте олар қызыл түсті болады. Олардың тікенегі бар. Анасы:" Тікенегі қолға кіреді. Тікенегіне абай бол," -деді. Жәнібек ауланың алдыңғы жағына барды. Оның иті Рекс оны күтіп тұрды. Жәнібек таяқты алып, лақтырып жіберді. Рекс таяқтың артынан жүгірді. Ол таяқты қайта әкелді. Жәнібек үйді айналып жүгіре бастады. Рекс оның артынан жүгірді. Жәнібек бақша арқылы жүгірді. Рекс те бақ арқылы жүгірді. Анасы Жәнібекке де, Рекске де айқалады. Ол оларға: «Басқа жерге барып ойнаңдар.Бақтан кетіңдер»,- деді. Жәнібек анасынан кешірім сұрады. Ол гаражға барып, велосипедін алды. Ол велосипедін тебуге кетті. Рекс велосипедтің жанында жүгірді.
Скрыть текст
79. Оның жақсы көретін кітабы
Лейла өзінің жақсы көретін кітабын таппады. Оның жақсы көретін кітабы мысықтар туралы еді. Мысықтың аты Мяу еді. Кітаптың аты"Мяудың қалы қалай?" Лейла анасынан:" Анашым, менің Мяу туралы кітабым қайда?"- деп сұрады. Оның анасы білмеді. "Сен оны қайда қойдың? Сен оны қайда қойғаның есіңде ме?" Лейланың есіне түспеді. Менің есімде жоқ,-" деді ол. Олар асүйден қарады. Олар қонақүйден қарады. Олар жатын бөлмеден де қарады.Олар оның сүйікті кітабын таба алмады. Кешкісін Лейла ұйықтауға дайындалып жатты. Ол тісін тазартты. Ол жатарда киетін киімін киді. Ол төсекке жатты. Ол қолын жастықтың астына салды. Ол жастықтың астында бір нарсе жатқанын сезді. "Анашым"- деп айқалады ол. " Мен кітабымды таптым. Мен "Мяудың қалы қалайды" таптым. Ол менің жастығымның астында екен. Келші, оны маған оқып берші, өтінемін".
Скрыть текст
80. Көшені кесіп өту
Жандос көшені кесіп өткісі келді. Ол көшенің оң жағында тұрды. Ол көшенің сол жағына өткісі келді. Ол кварталдың ортасында еді. Оның әкесі оған әрқашан жол қиылысынан өт дейтін. Оның әкесі:" Ешқашан жолды кварталдың ортасынан кесіп өтпе",- дейтін. Жандос көше қиылысына беттеді. Көшенің қиылысында бағдаршам тұр. Ол үш - қызыл, жасыл және сары түстен тұрды. Қызыл түс жоғарғы жақта. Жасыл төменгі жақта. Сары түс ортасында еді. Ол жаяу жүргіншіге арналған белгіге қарады. Ол қызыл түсті болып тұр. Ол қызыл қолды көрсетіп тұр. Қызыл қол "Тоқта" деген мағынаны білдіреді. Ол қызыл түстің басқа түске ауысқанын күтіп тұр. Ол жүріп бара жатқан ақ фигураға ауысты. Жүріп бара жатқан ақ фигура "Жүр" деген мағынаны білдіреді. Жандос екі жаққа қарады. Сосын ол көшені кесіп өтті. Ол жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүрді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Казахский детям. Том 2, стр.3 Вернуться к началу Казахский детям. Том 2, стр.5  >>