Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Казахский детям

Том 2, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

81. Мысық пен ит
Қара мысық орындықтың үстіне секіріп шықты. Ол төмендегі ақ итке қарады. Ит сүйек мүжіп жатты. Мысық итке секірді. Ит сүйекті мүжи берді. Мысық иттің құйрығымен ойнады. Ит сүйекті мүжи берді. Мысық қайтадан орындыққа секірді. Ол аяғын жалады. Ит тұрды. Ол мысыққа қарады. Ит мысықтың жүнін жалады. Мысық иттің мұрнын жалады. Ит қайтадан сүйегіне кетті. Бөлме ішінде бала жүгіріп өтті. Оның үстінде сары жейде. Ол орындыққа қарай ұша жаздады. Мысық орындықтан секіріп түсті. Мысық диванға секірді. Орындық еденге иттің жанына құлады. Ит сүйекті мүжуін тоқтатты. Ит баланың артынан жүгірді. Бала далаға жүгіріп шықты. Ол таяқты лақтырды. Ит таяқтың артынан жүгіріп кетті. Ит жатты. Ол таяқты мүжи бастады.
Скрыть текст
82. Мысық пен тиін
Ерсіннің мысығы бар. Мысықтың аты Сары. Сары қызғылт сары түсті. Сары заттардың артынан жүгіруді ұнататын. Ол доптың артынан жүгіретін. Ол көбелектің артынан жүгіретін. Ол тиіндердің артынан жүгіретін. Ерсіннің ауласы бар. Ауланың ортасында ағаш өсіп тұр. Ағаштың үстінде тиін өмір сүретін. Сары ағаштың үстіне шығып алды. Ол тиінді көрді. Тиін Сарыны көрді. Тиін құйрығын көтерді. Ол Сарыға тісін қайрады. Ол "клик,клик,клик", - деді. Ол Сары ары кетсін дегені. "Бұл менің ағашым", - деді тиін. "Менің ағашымнан кет". Сары Тиінді түсінбеді. Сары тиін тілін түсінбейтін. Сары мысық болатын. Ол мысықтарша сөйлейтін. Сары " мяу, мяу, мяу," - деді. Ол "Кел ойнайық," - дегені. Мен сенің артыңнан жүгіремін. Сосын сен менің артымнан жүгіресін. Тиін тағы да тісін қайрады. " Мені жайыма қалдыр, сен жынды мысықсын. Бар, басқа мысықтармен ойна", - деді ол.
Скрыть текст
83. Кішкентай қонжық
Кішкентай қонжық анасынан артынан келе жатыр. Аю-ана орман ішімен келе жатыр. Ол жеу үшін жидек іздеп жүр. Ол қара жидектерді тауып алды. Ол оны жей бастады. Балақай да жей бастады. Олар бар жидекті жеп қойды. Кішкентай қонжық тойып алды. Аю-ананың қарны әлі аш еді. Ол қайта жүрді. Ол тағы да жеу үшін жидек тапқысы келді. Кішкентай қонжық жатты. Ол тоқ еді. Оның ұйқысы келді. Бірақ аю-ана қарсы болды. Ол кішкентай қонжыққа ырылдады. Ол анасынын ырылын түсінді. Анасы ырылдағанда ол оған көнді. Тамақтан соң ұйықтайтын күн әлі оған келеді. Ағашпен жоғары қарай аузында жаңғағы бар тиін жүгіріп өтті.Ол жаңғағын түсіріп алды, сол үшін жерге түсті. Ол жаңғақты алып, кішкентай қонжыққа қарады. Содан кейін қайтадан ағаштың үстімен жоғары жүгірді. Кішкентай қонжық жаңғақты ұнатпайды. Оларды шағу тым қиын.
Скрыть текст
84. Қантқа арналған Қант
Кэролді анасы өзімен бірге ат қораға алды. Олар Қантқа жақындады. Қант олардың жылқысы еді. "Қантпен амандас" - деді анасы. Кэрол: "Сәлем, Қант,-" деді. Анасы Қантқа сәбіз берді. Қант сәбізді жеп қойды. Ол сәбізді тез жеп қойды. Анасы Кэролға сәбіз берді. Анасы айтты: " Қазір сен Қантты тамақтандыр." Кэрол Қантқа сәбіз берді. Қант сәбізді жеп қойды. "Ол оны тез жеп қойды," - деді Кэрол. Анасы айтты: "Иә, Қант сәбізді өте тез жейді". Кэрол айтты: "Оған жаңа ат қою керек. Бізге оны Сәбіз деп атау керек. Неге оның аты Қант?" Анасы айтты: "Ол қантты да жақсы көреді. Қара". Анасы қалтасынан бірнеше шақпақ қант шығарды. Ол оларды қолына ұстады. Ол оларды Қантқа берді. Қант шақпақ қанаттарды жеп қойды. Ол оларды тез жеп қойды. "Әкел, мен Қантқа қант беремін" - деді Кэрол.
Скрыть текст
85. Туған күнге арналған көйлек
Халиданың 12-нші туған күні болатын. Халида 12-де еді. Оның анасы бір нәрселер сатып алу үшін дүкенге ертіп апарды. Олар бір нәрселер сатып алу үшін сауда кешеніне барды. "Сен көйлек таңда. Сен өзіңе әдемі көйлек таңдай аласың",-деді анасы. "Мен әдемі, көгілдір көйлекті таңдаймын",- деді Халида. Олар «JCPenney» әмбебап дүкеніне барды. «JC Penney»-де көптеген көйлектер сатылады. Халида өзіне ұнаған көйлекті көрді. "Анашым, маған мына көйлек ұнайды",-деді ол. Ол көйлекті өзімен киім өлшеу бөлмесіне алып барды. Көйлекті киді. Көйлек оған жарасып тұрды. Ол киім өлшеу бөлмесінен шықты. "Көйлек саған жарасып тұр",-деді анасы. "Маған оны алуға бола ма?"-деп сұрады Халида. "Әрине, сен оны ала аласын, қымбаттым. Бұл сенің туған күніңе сыйлық,"-деді анасы. "Бірақ бұл жеңілдікпен емес қой"-деді Халида. "Біз әрдайым бәрін жеңілдікпен сатып аламыз ғой". "Бұл сенің туған күнің, қымбаттым. Сенің туған күніңде біз толық бағасын төлей аламыз", - деді анасы.
Скрыть текст
86. Бұны істеме, - дейді анасы
Мұрныңды жеңіңмен сүртпе. Мұрныңды шұқыма. Сөзді бұзда. Аузыңды толтырып сөйлеме. Тамақтан кейін бірден жүзуге барма. Итті тамақтандыруды ұмытпа. Итті серуендетуді ұмытпа. Əпкеңді ұрма, ініңді жылатпа. Аузыңды ашып шайнама. Басқа адамдарға күлме. Есікті тарсылдатпа. Жолда ойнама. Кешікпе. Мені қазір мазалама. Айқалама. Зарлама. Шыңғырма. Қоқсытпа. Дөрекіленбе. Мектептен қалма. Жегенде сөйлеме. Үйді шашпа. Бұлай қатты сөйлеме. Ініңмен төбелеспе. Алаңдама. Ұнжырғаңды түсірме. Бұны жеме. Бейтаныс адаммен сөйлеспе. Сіріңкемен ойнама. Отпен ойнама.
Скрыть текст
87. Ай және күн
«Ай қандай қашықтықта орналасқан?» -деп сұрады Қасым әкесінен. Оның әкесі: «Бұл жақсы сұрақ»,-деді. Ол: «Ай күн сияқты онша алыс орналаспаған»,-деді. «Күн қандай қашықтықта орналасқан?»-деп сұрады Қасым. Оның әкесі: «Бұл жақсы сұрақ»,-деді. Ол: «Күн айға қарағанда алыс орналасқан»,-деді. «Сен мұны мектепте оқыдың ба?»-деп сұрады Қасым. Әкесі: «Иә, мектепте оқыдым»-деді. Қасым: «Дегенмен сен мұны ұмытып қалғансың ба?»-деп сұрады. Әкесі айтты: «Иә, мен мұны ұмытып қалдым». Қасым: "Неге сен ұмытып қалдың?"-деп сұрады. Әкесі былай деді: "Мен ұмытып қалдым, өйткені бұл аса маңызды емес." Қасым сұрады: "Егер мұның үлкен маңызы болмаса, неге біз оны оқимыз?" Оның әкесі: «Бұл жақсы сұрақ»,- деді. Ол айтты: "Сендер оқисыңдар, себебі сендердің мұғалімдерің мұны маңызды деп санайды». Қасым: "Сен менің мұғаліміме қоңырау шала аласың ба? Мұның маңызды емес екенін айта аласың ба?"-деп сұрады ол әкесінен.
Скрыть текст
88. Ол сәбізді жек көреді
"Өз көкеністеріңді же, Мерген,"- деді анасы. "Мен өз көкеністерімді жеп отырмын,"-деді Мерген. Ол кесілген сәбіздерді жеп отырды. Ол кесілген сәбізді бір-бірлеп жеп отырды. Ол бір түйірін шанышқысымен түйреп, оған қарады. Ол асықпай аузына салды. Асықпай шайнады. Ақыр аяғында жұтты. Сосын ол аздап су ішті. Сосын ол өз шанышқысымен сәбіздің басқа бір түйірін түйреді. Анасы оны бақылап отырды. " Неге сен көкеністерді жек көресің, Мерген? Ол айтты: "Мен көкеністерді жек көрмеймін. Мен сәбізді жек көремін. " Сен неге сәбізді жек көресің?"- деп сұрады анасы. "Себебі ол дәмді емес"- деді Мерген. «Бірақ ол сен үшін пайдалы", - деді анасы. Ол сенің көзің үшін пайдалы. Ол саған жақсы көруің үшін пайдалы. Сен көзіңнің жаксы көргенін қалайсың ба?" " Жоқ, егер мен сәбізге қарауға мәжбүр болсам, қаламаймын,"- деді Мерген.
Скрыть текст
89. Бүгінгі күннің поштасы
Пошташы поштаны пошта жәшігiне салды. Әкесі далаға шықты. Ол пошташымен амандасты. Пошташы: " Саламатсыз ба?"-деді. Әкесі пошта жәшігін ашып, ішінен журнал және екі хатты алды. Бір хат өзінің әпкесінен болды, ал басқасы оның ағасынан екен. Журнал оның әйелінікі еді. Бұл бақша күтуге арналған журнал болатын. Ол гүл және көкеніс өсірумен айналысады. Әкесі қайтадан үйге кіріп кетті. Ол екі хатты да ашты. Оның әпкесе оны туған күніне шақырыпты. Ал ағасы тойға шақырған екен. Әкесі хатты қуана-қуана оқыды. Оған бұл шықыртуларды алған жағымды әсер етті. Ол телефонды алды. Ол әпкесіне хабарлама жіберді. Ол оның туған күнінде болады. Ол сонымен қатар ағасына да телефон шалды. Ол тойға баратынын айтты.
Скрыть текст
90. Ол аспанға барады
Әділжан үй жұмысын жасап отыр еді. Кенет үй жұмысын орындауын тоқтатты. Оның іші пысып кетті. Ол үй жұмысын орындауды жақсы көрмейтін. "Әке, біз қайтыс болғанда не болады?" – деп сұрады Әділжан. "Сен аспанға барасың", – деді әкесі. "Бәрі де аспанға кете ме?" – деп сұрады Әділжан. "Жоқ, жақсы адамдар ғана аспанға барады", – деді әкесі. "Аспан деген қандай болады?" – деп сұрады Әділжан. "Ол - қасиетті жер", – деді әкесі. "Бәрі бақытты. Әрбір адам – дос. Бәрі сені жақсы көреді. Сен бәрін жақсы көресің". Ол Әділжанға әдепті болу керектігін айтты. Ол ұлына адал болу керектігін айтты. "Егер сен әдепті, адал болсаң, көкке (аспанға) барасың", – деді әкесі. Әділжан: "Менің көкке барғым келеді. Мен әдепті әрі адал адам боламын", – деді. Әкесі тағы бір нәрсе барын айтты. Әділжан көкке бару үшін тағы бір нәрсе жасауы керек екен. "Тағы не істеу керек?" – деп сұрады Әділжан. "Егер сенің көкке барғың келсе, үй тапсырмаңды орындауың керек", – деді әкесі.
Скрыть текст
91. Дүниежүзі картасы
Жомарт картаға қарап тұрған. Ол дүниежүзі картасы болатын. Картада көптеген елдер бейнеленген еді. Барлық елдер әр түрлі түске боялған. Онда дүниежүзінің барлық елдері бейнеленген болатын. Олар қызыл, жасыл және көк түсті. Жайдар бір елді нұсқады: "Әке, неге бұл ел қызыл түсті? Ол жанып жатыр ма? Біреу жерді қызыл түске бояп қойған ба? Онда көп қызанақ бар ма?" Жомарт басқа елді нұсқады. Бұл жасыл түсті ел болатын. "Әке, бұл ел неге жасыл түсті? Онда шөп көп пе? Біреу жерді жасыл түске бояп қойған ба?" Жайдар тағы бір елді нұсқады. Бұл көк түсті ел болатын. "Әке, неге бұл ел көк түсті? Ол көк суға толы ма? Әлде онда көк түсті құстар көп пе? Біреу жерді көкке бояп қойған ба?" Әкесі: "Жоқ, түстер картаны әдемі етеді. Олар ешқандай мағынаны білдірмейді", – деді.
Скрыть текст
92. Мектептегі төбелес
Бір күні мектепте төбелес болды, нәтижесінде Ханзат Сейітті итеріп жіберді, ол да жауап қайтарды. Сейіт үйіне беті көгеріп келді. Кімнің ісі бұл? Кім сені ұрды? - деді анасы. Сен оған жауап қайтардың ба? Жауап қайтардың деп ойлаймын. Қорқақ болма. Сен бишара болмауың керек, - деді әкесі. Мен де оны итеріп жібердім, - деді Сейіт. Әкесі оған келесіде жұдырықпен соғу керектігін айтты. Ертеңіне Сейіт мектепке барғанда, Ханзат оны тағы жерге құлатты, Сейіт орнынан тұрып, оны бетінен соғып жіберді, одан ол құлады. Мұрнынан қан аға бастады, сол кезде қасынан мұғалім өтіп бара жатыр еді, ол Ханзатты тұрғызды. Сынып мұғалімі Сейттің әкесін шақыртты, Сейіт Ханзатты ұрып жіберді және оның мұрны қанады, - деп айтты. Оған, Сейіттің әкесі "Ай, жарайсың, балам", - деді.
Скрыть текст
93. Машинаны жүргізу
Чарли машинаны жүргізгісі келді. "Әке, мен машинаны жүргізсем бола ма? - деп сұрады ол. "Саған машинаны жүргізуге болады," - деді оның әкесі. Чарли әкесінің соңынан машинаға дейін барды. Оның әкесі жүргізуші жағынан машинаның есігін ашты. "Сен жүргізушісің," - деді ол. Чарли машинаға отырды. Оның әкесі есікті жапты. Оның әкесі машинаны айналып өтті. Ол жолаушы жағынан есікті ашты. Ол Чарлидің жанына отырды. Ол Чарлиге кілтті берді. Чарли тұтандыру тетігіне кілтті салды. Чарли кілтті бұрады. Машина оталды. Чарли қуанышты күйге енді. Ол рөл дөңгелегін солға бұрды. Ол рөл дөңгелегін оңға бұрды. Солға, оңға, солға, оңға. Ол дабылды қосты. Ол қайтадан дабылды қосты. Би-би! Би-би! Ол сол жақ бұрылыс белгісін қосты. Ол оң жақ бұрылыс белгісін қосты. Блинк! Блинк! "Әке, мен жақсы жүргізушімін бе?"-деп сұрады ол. "Балам, сен өте жақсы жүргізушісің", -деді әкесі.
Скрыть текст
94. Пасxаға арналған жұмыртқа
Пасxа күнінің жексенбісі. Анасы Мишельге кішкентай себет берді. Анасы оған пасxа жұмыртқаларын іздеуін сұрады. Пасxа жұмыртқалары ауланың артқы жағында еді. "Пасxа жұмыртқасы қандай болады?" - деп сұрады Мишель. Анасы: "Ол кәдімгі жұмыртқа сияқты көрінеді", - деді, - бірақ олар боялған. Олар қызыл. Олар көк. Олар сары. Олар түрлі түсті. "Олар неге қызыл? Оларды қызыл тауық тапты ма?" - деп сұрады Мишель. "Жоқ", - деді анасы. "Олар қызыл, өйткені оны әкең екеуіміз қызыл түске бояп қойдық. Олар көк, өйткені оны көк түске бояп қойдық. Олар сары, өйткені біз оларды сары түске бояп қойдық. Мишель: "Неге сендер оларды бояп қойдыңдар",- деп сұрады. Анасы айтты: "Бұл пасxаның дәстүрі. Дәстүр-ол жыл сайын адамдардың жасайтыны". Мишель ауланың артқы жағына барды. Ол алты пасxа жұмыртқасын тапты. "Келесі жылы сен бізге пасxа жұмыртқасын бояуға көмектесесің", - деді оған анасы. "Әрине", - деді Мишель.
Скрыть текст
95. Үстіңгі кереует
Ол ағасы екеуі екі қабатты кереуетте ұйықтайды. Оның төсегі астыда. Оның бауырында үстіңгі кереует. Үстіңгі кереуеттің қоршауышы бар. Ол қоршауыш ұйықтап жатқан адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның бауырына қоршауыш ұнамайды. Ол оны алып тастайтын. Бір күні оның бауыры жоғарғы кереуеттен құлап түсті. Ол кілемге құлап, оянып кетті. Ол:"Ой",-деді. Сосын қайтадан жоғары кереуетке шығып алды. Келесі күні оянғанда оның арқасы ауырды. Анасы оны өзімен бірге дәрігердің қабылдауына апарды. Дәрігер оны қарап шықты. Дәрігер оның аман екенін айтты. Ол оған қоршауышты орнына қою керектігін айтты. Оның ағасы оны істейтінін айтты. Сол түні бауыры тағы да үстіңгі кереуетке шығып алды. Ол қоршауышты шешті. Ол қоршауыштың түрме сияқты екенін айтты. Ол өзін темір торда отырғандай сезінгісі келмеді. Ол ұйықтап қалды. Ол тағы да үстіңгі кереуеттен құлап түсті.
Скрыть текст
96. Кішкентай пәтер
Үлкен отбасы екі бөлмелі пәтерде тұрды. Олардың пәтерінде жатын бөлме біреу ғана болатын. Әкесі мен шешесі жатын бөлмеде ұйықтайтын. Екі сәби де осы бөлмеде ұйықтайтын. Төрт адам қонақ бөлмеде ұйықтайтын. Апасы мен сіңлілісі және ағасы мен інісі төртеуі осы қонақ бөлмеде ұйықтайтын. Олар үрлемелі матраста жататын. Күндізігі уақытта олар үрлемелі матрастарды қабырғаға сүйеп қоятын. Түнгі уақытта еденге төсейтін. Олар барлығы үрлемелі матраста ұйықтағанды жақсы көретін. Бірақ та қыздар ұлдармен ұйықтағанды қаламайтын. "Әке, бізге ұлдармен бірге ұйықтау ұнамайды. Біз өзіміздің жеке ұйықтайтын бөлмеміздің болғанын қалаймыз. Қашан біздің жеке ұйықтайтын бөлмеміз болады?" - деп сұрады бір қызы. Сонда әкелері: Мен жақсы жұмыс тапқанда, сендердің жеке ұйықтайтын бөлмелерің болады, - деп жауап берді.
Скрыть текст
97. Менің сұрағым бар
Аспан неге көк? Балықтар ұйықтай ма? Балалар қайдан пайда болады? Қайықтар қалай жүзеді? Ұшақтар ауада қалай тұрады? Сен неге күлесің? Сен неге жылайсың? Біз әлі сондамыз ба? Мен үшін ең маңызды не? Бұл кім? Кім xабарласып жатыр? Есіктің алдындағы кім? Сен қай жақтансың? Сен қайда тұрасың? Менің қарындашым қайда? Кім жеңді? Кім жеңілді? Кім ойнап жатыр? Мен сені танимын ба? Біз таныспыз ба? Атыңды тағы да қайталап айтып жіберші? Сенің уақытың бар ма? Сағат қанша болды? Бүгін қандай күн? Бүгін нешесі? Қалың қалай? Қалай өмір сүріп жатырсың? Немен айналысып жүрсің? Жасың қаншада? Бойың қанша? Салмағың қанша? Сен үйленгенсің бе? Сен тұрмыстасың ба? Сенің балаларың бар ма? Сен мені сүйесің бе? Сен мені естіп тұрсың ба? Сен мені көріп тұрсың ба? Бұл ненің иісі? Сен не пісіріп жатырсың? Сенен қарындаш ала тұрсам бола ма? Қарызға бес доллар бере аласың ба? Неге қара тұрсың? Теледидардан не жүріп жатыр?
Скрыть текст
98. Әдепсіз құс
Қызылтамақ шымшық - әдемі құс. Оның төсі қызыл. Қанаты қара. Ол әдемі ән салады. Қарға да әдемі. Ол қап-қара. Ол жылтыр қара. Қарға - үлкен құс. Бұл ақылды құс. Бұл жалқау құс. Ол адамдарды бақылайды. Адамдарда тамақ бар. Олар тамақты қоқыс жәшігіне тастайды. Қарға қоқыс жәшігіне отырды. Ол қоқыс жәшігінің ернеуімен жүр. Ол дәмді бірдеңе іздейді. Ол жәшіктің ішіне секіріп түсті. Ол қуырылған картоптың қалдығын тапты. Ол ағашқа қарай ұшты. Ол картоп қалдығын жеді. Сосын ол қайтадан қоқыс жәшігіне ұшты. Қызылтамақ шымшық қарғаны көрді. Қызылтамақ шымшықтың қарны аш. Ол қоқыс жәшігіне секірді. Қарға шымшыққа айқайлады. Ол:" Бұл жерден кет. Бұл жәшік менің жәшігім"-, деді. Қызылтамақ шымшық кері қарай ағашқа ұшып кетті. Қарға - сараң құс. Ол басқалармен бөліскенді ұнатпайды.
Скрыть текст
99. Оқушыларға арналған печенье
Синдидің оқытушысы миссис Джоунз болатын. Миссис Джоунз кәрі еді. Бірақ ол баяу жүрмейтін. Ол тез жүретін. Оның шашы ақ емес еді. Оның шашы қара болды. Ол бүкір емес . Оның арқасы тіке болды. Барлық оқушылар миссис Джоунзды жақсы көрді. Олар оны әсіресе жұма күні жақсы көретін. Жұма күні ол сыныпқа печенье әкелетін. Ол печеньені барлық оқушыларға беретін. Печенье өте дәмді болатын. Барлық оқушыларға печенье ұнайтын. Барлық оқушылар печенье жейтін. Бүгін жұма еді. Миссис Джоунз барлық оқушыларға печенье берді. Оқушылардың барлығы рахмет айтты. Сосын олар печенье жеді. Бірақ Синди печеньесін жеген жоқ. "Синди, неге печеньеңді жемейсің", - деп сұрады Миссис Джоунз. Ол: "Мен өзімнің печеньемді жемеймін, себебі оны үйге апарамын. Мен онымен үйде әпкеммен бөлісемін", - деді. Миссис Джоунз: «Сен сондай мейірімдісің. Міне, сенің әпкеңе печенье", - деді.
Скрыть текст
100. Мысық тырнап алды
Қанат жылап тұр. "Сен неге жылап тұрсың?"- деп сұрады Қанаттың анасы. "Мені мысық тырнап алды", - деді Қанат. Мысық Қанаттың қолын тырнап алыпты. Қанат қолын анасына көрсетті. Тырнақтың ізі қатты емес еді. Ол жай ғана сызық еді. Анасы асүйге кетті. Қанат онымен бірге кетті. Ол суды қосты.Ол қолын ағып тұрған судың астына қойды. Шешесі тырналған жерін сабынмен жуды. Ол сабынды жуды. Ол асүйдегі шкафтан санипласт алды. Ол санипласты тырналған жеріне жабыстырды. Ол оған бәрі жақсы болатынын айтты. "Мысық сені неге тырнап алды?" - деп сұрады ол. Қанат оны неге мысықтың тырнап алғанын білмейтінін айтты". Сол мезетте асүйге Қанаттың кішкентай қарындасы кіріп келді. "Мен Тигрдің не үшін оны тырнап алғанын білемін, анашым", - деді ол. "Ол Тигрдің құйрығынан тартты".
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский детям. Том 2, стр.4 Вернуться к началу Казахский детям. Том 2, стр.6  >>