Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский детям

Том 2, страница 6

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

101. Әкем сыраны жақсы көреді
Кішкентай қыз шөлдеді. Ол бір нәрсе ішкісі келді. Ол тоңазытқышты ашты. Ол ішін қарады. Ол сүтті көрді. Ол газдалған сусынды көрды. Ол апельсин шырынын көрді. Ол сыраны көрді. Оған сыраның дәмі қандай болатыны қызық еді. Оның әкесі сыраны күнде ішеді.Сыра дәмді болу керек. Ол бір шөлмек сыраны алды. Ол сыраны ашты. Оны иіскеді. Ол ешқандай иісті сезбеді. Ол бір жұтым жасады:"Фу, қандай жаман",-деді ол. Сыраның дәмі жаман еді. Әкем мұндайды қалай ішеді? Ол шөлмекті қайтадан тоңазытқышқа салып қойды.Әкесі үйге келгенде оны ішуі мүмкін. Ол сүтті алды. Ол стақанға құйды. Ол сүтке шоколад шәрбәтін қосты. Ол сүтті араластырды. Онда қазір шоколадты сүт бар. Ол шоколадты сүтті жақсы көретін. Байғұс әкем деп ойлады ол. Ол шоколадты сүттен көрі сыраны жақсы көреді.
Скрыть текст
102. Санта Клаустан не сұрауға болады?
Желтоқсан. Демек, Рождествоға аз қалды. Рождество дегеніміз - Санта Клаус келеді деген сөз. Сара мен Билли Рождествоны жақсы көреді. Олар Санта Клаусты жақсы көреді. Олар Санта Клаустан сыйлық алғанды ұнатады. Өткен жылы олар тамаша сыйлықтар алды. Сара жұмсақ қонжық пен резеңке үйрек алған еді. Билли жасыл кеме мен резеңке үйрек алды. Резеңке үйректер жүзеді. Сара ваннаға түскенде резеңке үйрегі суда жүзіп жүреді. Билли ваннаға түскенде оның көк үйрегі суда жүзіп жүреді. Бір күні Билли ваннаға алтын балықты салып жіберді. Ол біраз уақыт жүзіп жүрді. Сосын ол өліп қалды. Ол оны үйдің артына көмді. Ол қапа болды. Биыл Сара мен Билли велосипед алғысы келеді. Сара қызыл велосипедті қалайды. Билли көк велосипедті қалайды. Анасы әкесімен сөйлесемін деді. Сара анасынан: "Неге Санта Клауспен сөйлеспейсің?" - деді. Анасы: "Бұл ойың жақсы екен. Әкең үйге келгенде Санта Клауспен сөйлесеміз", - деді.
Скрыть текст
103. Жаңа жылға арналған сыйлық
"Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?" – деп сұрады Энтониден әкесі. Энтони кішкене інісі болғанын қалады. "Жаңа жылға кішкене іні ала аламын ба?" – деп сұрады Энтони. "Жарайды, анаңмен сөйлесіп көрейін," – деді әкесі. "Неге анаммен сөйлесуің керек?" – деп сұрады Энтони. "Жаялықты кім ауыстырады?" – деп сұрады әкесі. "Дұрыс айтасың, әке. Жаялық айырбастап отыруға анам керек." Бөлмеге анасы кірді. Энтони анасына Жаңа жылға кішкене інісі болғанын қалайтынын айтты. Анасы: "Жарайды, әкеңмен сөйлесуім керек", - деді. "Неге әкеммен сөйлесуің керек?" – деп сұрады Энтони. "Дәрігерге ақша төлейтін кім?" – деп сұрады анасы. "Дұрыс айтасың, анашым. Дәрігерге ақша төлеу үшін әкем қажет". Анасы мен әкесі бөлмеден шықты. Біраздан кейін олар қайтадан бөлмеге кірді. Анасы: "Жаңа жылға кішкене іні ала аласың. Бірақ күте тұрсаң, кішкене інің сәуір айында болады", - деді.
Скрыть текст
104. Кәрі ит
"Рекс қатты ауру", - деді Әлиянің анасы. "Ол өле ме?" - деп сұрады Әлия. "Солай болады деп қорқамын", - деді анасы. "Мен оны мал дәрегеріне апарамын". Әлия олармен бірге барғысы келді. "Жарайды, тек жыламауға тырыс", - деді анасы. Әлия жыламайтындығын айтты. Анасы Рексті үйінен автокөлікке алып шықты. Ол оны артқы орындыққа жатқызды. Бұл кішкентай ит еді. Оның жасы 12 де. Ол Әлиямен жасты еді. Олар мал дәрігеріне барды. Дәрігер Рексті қарап шықты. Ол Рекс үшін ештеңе істей алмайтындығын айтты. "Рекстің соңғы демі қалды", - деді мал дәрігері. Ол анасына Рексті үйіне алып кетуге болатынын және оның қашан өлетінін күтуге болатынын айтты. Немесе мал дәрігері Рексті жай ұйықтатып тастауына болатынын айтты. "Оны ұйықтатып тастайық ", - деді Әлия. "Мұндай жағдайда ол қиналмайтын болады".Анасы мұның жақсы ой екенін айтты. Ол Рексті мал дәрігерімен қалдырды. "Егер қаласаң, саған басқа ит әпереміз", - деді анасы үйге барар жолда. "Оның орнына мысықты асырап алуға бола ма?" - деп сұрады Әлия.
Скрыть текст
105. Әкенің қарауында
"Жағажайға барайық, әке", - деп Сьюзан ұсыныс тастады. " Бұл жақсы ой", - деп жауап берді әкесі. Күн ыстық, әрі ашық еді. Мұхит олардың үйлерінен екі кварталдай жерде еді. Сьюзан өзінің бөлмесіне барды. Ол суға түсуге арналған киімін киді. Ол үлкен сүлгі алды. Ол қалпақ пен күннен қорғайтын көзілдірігін алды. Ол жеңіл аяқ киімін киді. "Әке, мен дайынмын", - деді ол. "Күнге күюден қорғайтын жақпа майың өзінде ме?" - деп сұрады әкесі. "Жоқ, мен ұмытып кеттім. Ол қайда?" - деп сұрады. Ол жуынатын бөлмедегі жоғарыдағы тартпаның ішінде екенін айтты. Ол жуынатын бөлмеге барып тартпаны ашты. "Мен оны алдым", - деді ол. Олар далаға шықты. Күн жарқырап тұрды. Сьюзан өзінің күннен қорғайтын көзілдірігін тақты. Ол өзінің күннен қорғайтын көзілдірігін жақсы көретін. Олармен ол үлкендеу көрінетін. Ол орамалын әкесіне берді. Ол әкесінің қолынан ұстады, олар жүрді. Он минуттан соң олар жағажайға жетті. Онда адам көп еді. Әкесі орын тапты. Ол орамалды құмға жайды. Сьюзан қалпағы мен көзілдірігін шешті. Ол суға қарай жүгірді. Әкесі оның суда қалай ойнап жүргеніне қарап тұрды. Ол көңілді еді. Кенет толқын оның аяғына соғып, құлатып жіберді. Ол судың астына құлап кетті. Әкесі суға секірді. Ол оны судан алып шықты. "Әке, мен суға батып кете жаздадым", - деді Сьюзан. "Жоға (жоқ)" - деді ол. Ол толқын ғой, уайымдама, мен саған қарап тұрмын ғой".
Скрыть текст
106. Аюлар мен торай
Үш аю өздерінің үңгірінен шықты. Олар бір керемет, үлкен үңгірде тұрды, қыста іші жылы, жазда салқын. Сондай тыныш, қараңғы үңгір еді. Олар өздерінің үңгірін жақсы көретін. Жексенбі еді. Жексенбі күні олар жидек жинауды ұнататын, сондықтан үңгірден шығып орманға жөнелді. Келе жатып жидек алаңына кезікті, ана-аюда себет болды, олар себетті қаражидек және көкжидекпен толтырып кейін қайтты. Үңгірге кіре сала, бір дыбыс естілді. "Кім бұл?" - деді еркек аю, "Бұл мен ғой», - деді торай. "Сен бұнда не істеп жүрсің?" - деді еркек аю. "Мен фермерден тығылып жүрмін", - деді торай, - "Ол мені ұстап жеп қойғысы келеді." Еркек-аю оған: Сен бұнда қаншалықты қалғың келсе, сонша қал, - деді. Аюлар жидектерімен бөлісті. Кейін кішкентай конжық пен торай аздап мызғып алды.
Скрыть текст
107 . Мектептегі сабақ күні
Мектепте сабақ таңғы сегізде басталады. Анасы оны алты отызда оятты. Ол есінеді де, төсектен тұрды. Киінді. Таңғы асын ішті. Таңғы асқа ол бір табақ сұлы қауызын жеді. Оның сүйікті сұлы қауызы "Чириоз" деп аталатын тұтас ұн мен бидай краxмалынан жасалған, минералды-витаминді қоспалары бар сақина тәрізді құрғақ ас болатын. Ол тағы банан жеді. Банандардың сырты сары және іші ақ. Ол бір стакан апельсин шырынын ішті. Апельсиндердің сырты қызыл-сары және іші де қызыл-сары. Ол сары май жағылған қуырылған нанды жеді. Қоңыр қуырылған нан мен сары майды. Сосын ол тісін тазартты. Кетер алдында анасын сүйді. Ол үйден шығып, автобус аялдамасына қарай жүрді. Аялдама үйден екі квартал қашықтықта болатын. Ол Бобби деген досын кездестірді. Олар автобус келгенше әңгімелесіп тұрды. Автобус келді. Ол автобус жүргізушісімен амандасты. Олар Бобби екеуі автобусқа бірге мінді. Олар бейсбол туралы сөйлесті. Автобус жолына 20 минут кетті. Олар мектепке жеті отызда келді. Автобус жүргізушісі айтты: "Мектептегі күндеріңді жақсы өткізулеріңді тілеймін". Оларда әрдайым солай болатын.
Скрыть текст
108. Пицца
Билли: «Әке, пиццаға тапсырыс берейікші», - деді. Жақсы ой екен, - деді әкесі. Екеуі үйіндегі мәзірді қарап, сен қайсысын жейсің? - деп сұрады әкесі. Биллидің қалағаны үлкен пицца болатын және ол ішінде төрт салындысы барын жегісі келді. Ол ірімшік, пепперони, ветчина және ананас салынғанын қалады. Әкесі оған жақсы деп, пиццерияға қоңырау шалды. Оларда ананас жоқ екен, - деді Биллидің әкесі. Орнына басқа бір нәрсені аларсың? Билли шұжық деп жауап берді, сосын әкесі шұжыққа тапсырыс берді. Шамамен 30 минуттан соң біреу есікті түртті. Ол пицца әкелген адам болатын. "Мінеки, пиццаныз" - деді Биллдің әкесіне. "Сізден 16 доллар". Әкесі әлгі адаммен есеп айырысты, сондай-ақ оған шайлық берді. Әкесі пиццаны қонақ бөлмеге әкелді. Теледидардан бейсбол матчі жүріп жатты. Билли әкесі екеуі пиццаны жей бастады. Билли әкесіне: «Меніңше, «Янки» жеңіліп қалады». Әкесі де солай деді.
Скрыть текст
109. Ол ағашқа өрмелеп жүр
"Ұйықтайтын уақытың келді " - деді Данышпанның анасы. " Бірақ, менің ұйқым келіп тұрған жоқ" - деп, Данышпан наразылық білдірді. Оның ұйқысы келмеді, себебі кешкі ас алдында бір сағаттай ұйықтап алды. Ұйықтар алдында, ол саябақта болды, онда көптеген ағаштар болды. Ол ағашқа шыққанды ұнатады. Анасы оның ағашқа шықпауын сұрды. Құлап, бір жерін жарақаттап алуы мүмкін екенін айтты. Анасын тындамаған ол, талдарға мініп, биіктікке көтерілуді қызық көрген, жасы үлкен адамдардан биік тұрғанды ұнататын, адамдарға жоғарыдан төмен қарағанды қызық көретін. Бір күні ол құстың ұясын тауып алды, іші бос екен. Данышпан тағы бір кез көктемде келемін, сол кезде ұяда балапандар болады деп ойлады. Ол үнемі мектептен шығып саябаққа баратын, өйткені ағаштар ол үшін екінші үй болатын. Анасы баласына, сен жартылай маймыл шығарсың, - деді. Баласы анасының бетінен сүйіп, қайырлы түн тіледі. Төсекке жатқан соң, тез ұйықтау үшін ол талдарды санай бастады.
Скрыть текст
110. Туған күнді тойлау
Бұл Сьюзанның туған күнін тойлау болатын. Ол жетіге толды. Ол он сегізінші шілдеде туылған. Ол екінші сыныпта оқиды. Оның достары көп. Оның мектепте достары бар. Оның шіркеуде достары бар. Оның жүзу үйірмесінде достары бар. Оның би үйірмесінде достары бар. Оның ең жақын құрбысы Нэнси. Нэнси мен Сьюзан бәрін бірге істейді. Сьюзан кешке барлық достарын шақырды. Оның барлық достары кешке келді. Бұл қауыз жағасындағы кеш еді. Қауыз жағасындағы кеш оның үйінің артқы алаңында болды. Оның қауыз жағасындағы кешіне отыздай бала келді. Тағамның түр-түрі болды. Балалар гамбургер,xот-дог жеді. Балалар алма, апельсин,банан жеді. Олар торт , кәмпит,зефир жеді. Олар газдалған сусын мен шырын ішті. Көптеген қызықтар болды. Олар қауызда шомылды. Олар трамплиннен секірді. Олар жүзді. Олар көптеген ойындар ойнады. Бәрі көңілді болды. Барлығы уақытты жақсы өткізді. Ешқайсысының қайтқылары келмеді. Бәрі Сьюзанның сегізінші туған күнін асыға күтті.
Скрыть текст
111. Туған күнге велосипед
Жетінші қаңтар Бұрxаттың туған күні. Ол сегізге толады. Ол үшінші сыныпта оқиды. Ол бастауыш сыныпқа барып жүр. Бастауыш сынып жасы кіші балаларға арналған. Мектеп оның үйінен бір шақырым жерде. Ол мектепке жаяу барады. Мектепке жол жиырма минут уақытты алады. Жаңбыр жауғанда ол үстіне су өткізбейтін киім киеді. Бұрын ол қолшатыр алып жүретін. Бірақ ол қолшатырын жоғалтып алды. Анасы оған басқа қолшатыр сыйлады. Ол оны сындырып алды. Анасы оған:" Қолшатыр екеуің бір-біріңе жараспайсыңдар",- деді. Өзінің сегізінші туған күніне Бұрxат велосипед алғысы келеді. Ол мектепке велосипед пен бара алады. Мектептен кейін ол достарымен ойнай алады. Ол велосипедпен жүзу қауызына да бара алады. Ол велосипедпен кітапxанаға бара алады. Оның ата анасы велосипед сататын дүкенге өздерімен бірге алып келді. Олар одан өзіне велосипед қарауын сұрады. Ол велосипед қарады. Ол қызыл велосипедті таңдады. Ол оны ата анасына көрсетті. Әкесі оның тым қымбат екенін айтты. Ол Бұрxатқа басқасын таңда деді. Бұрxат көк велосипедті таңдады. Әкесі бұл велосипедтің бағасы дәл екенін айтты.
Скрыть текст
112. Мынаны істе, ананы істе, дейді әкем
Көшеден өтпес бұрын екі жағыңа қара. Іш киімің әрқашан таза болғанын қадағала. Үй тапсырмаңды орында. Сыпайы бол. Өзіңнің ата-анаңды тыңда. Мектепке бар. Сабағыңды жіберіп алма. Сабақтан қашпа. Қолыңды жу. Мұрныңды сүрт. Аяғыңды сүрт. Бетіңді жу. Тісіңді тазала. Итіңді қыдырт. Мысықтың туалетін тазалықта ұста. Жақсы бала бол. Жақсы қыз бол. Теледидардың дауысын азайт. Теледидарды сөндір. Тік тұр. Ауызыңды жауып шайна. Есікті жап. Мен істегендей емес, мен айтқандай істе. Өзіңнің әдеттеріңді қадағала. Өзіңнің ағаңа мейірімді бол. Өзіңнің әпкеңе мейірімді бол. Өзіңнің ініңе қара. Өзіңнің қарындасыңмен ойна. Сабырлы бол. Оқы. Өзіңнің ұстаздарыңды тыңда. Тырыс. Автобуста отыр. Қауіпсіздік белдемшесін тақ. Мынаның дәмін татып көр. Мыналардың дәмін татып көр. Киіміңді уақытылы ауыстыр. Таза жейде ки. Киін. Пижамаңды ки. Өзіңнің бөлмеңе бар. Өзіңнің бөлмеңді жинастыр. Төсегіңді жина. Ұйықтауға бар. Ұйықтар алдында анаңның бетінен сүй. «Рахмет», - де. «Мархабат», - де. «Оқасы жоқ», - де.
Скрыть текст
113. Фермерлік жануарлар
Тауық пен үйрек дос болды. Олар фермада тұрды. Олар үнемі бірге болды. Олар тоғанда бірге жүзді. Олар көп нәрселер туралы айтты. Олар мысық жайлы айтты. Олар мысықты қу әрі жауыз деп есептеді. Олар мысықты қауіпті деп есептеді. Мысық оларға жиі қарайтын. Олар мысыққа сенбеді. "Жанымызда мысық жүргенде, біз әрқашан сақ жүруіміз тиіс"- деп, бір -біріне қарады. Олар ит туралы айтты. Ит өте досшыл болды. Ит ойнағысы келді. Иттің қуаты көп болды. Ол көп үрді. Ол көп жүгірді. Олар екеуі де итті жақсы көрді. Олар фермер туралы айтты. Фермер оларға азық әкелетін. Фермер оларды бағып қақты. Фермер барлық жануарларды баптады. Ол сиырға жем берді. Ол торайды тамақтандырды. Ол ешкіні тамақтандырды. Ол қойды тамақтандырды. Ол қоянды тамақтандырды. Олар фермерді жақсы көрді. Ол барлығына жақсы қарады. Ол жақсы адам болды. "Фермерлер жақсы"- деді тауық. "Фермерлер бізге керек"- деді үйрек.
Скрыть текст
114. Ол қатты ашығып қалды
Ол журналдарды ұнатады. Ол суреттерді көргенді ұнатады. Журналда адамдардың суреттері бар. Онда жануарлардың суреттері бар. Онда киім суреттері бар. Онда азық-түлік суреттері бар. Ол гамбургердің суретін көрді. Бұл өте дәмді көрінеді. Гамбургердің фотосы оның аштық сезімін туғызды. Ол тоңазытқышқа барды. Ол оны ашты. Ол гамбургерді қалайды. Бірақ тоңазытқышта гамбургер жоқ. Гамбургер Макдональдста. Бірақ ол кішкентай бала. Ол Макдональдсқа бара алмайды. Ол Макдональдсқа телефон шала алмайды, себебі олар тамақты үйге жеткізіп бере алмайды. Макдональдс пиццерия сияқты емес. Пиццерияда үйге жеткізіп беру бар. Оның анасы жұмыста болды. Оған анасын үйге келгенше күту керек. Анасы оны Макдональдсқа апарады. Ол қайтадан отырды. Ол келесі бетті ашты. Онда шоколадты балмұздақтың суреті болды. Балмұздақ конус тәрізді ыдыста болды. О, қандай сұлу сурет. Ол ернін жалады. Балмұздақ сондай дәмді болып көрінді. «Анашым, өтінем, үйге тезірек келші», - деп ойлады ол.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский детям. Том 2, стр.5 Вернуться к началу Казахский детям. Том 2, стр.7  >>