Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 1, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Ол зоопаркқа барады
Ол зоопаркқа келе жатыр. Ол арыстанды көреді. Арыстан ақырады. Ол пілді көреді. Пілдің тұмсығы ұзын. Ол тасбақаны көреді. Тасбақа баяу қозғалады. Ол қоянды көреді. Қоянның терісі жұмсақ. Ол горилланы көреді. Горилла банан жеп отыр.
Скрыть текст
2. Жаңа жыл
Жаңа жылда Тимға әкесі сыйлық сыйлады. Сыйлық қораптың ішінде. Тим қорапты ашады. Ол қызыл машинканы көреді. Машинка дауыс шығарады, тез жүреді. Тимға сыйлық ұнайды. Ол әкесін құшақтады. Әкесі күлімдейді.
Скрыть текст
3. Ол медбикеге барады
Ол далаға ойнауға шығады. Ол жүгіреді. Ол құлайды. Оның аяғы ауырып тұр. Ол жылайды. Ол тұрады. Ол медбикеге барады. Медбике жақсы адам. Ол мейірімді болып көрінеді. Медбике оған таяқшадағы мұз кәмпит береді. Ол тәтті. Медбике оған таңғыш салады. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол қайтадан сабаққа барады.
Скрыть текст
4. Күту
Балалар сыныпта отыр. Мұғалім математика сабағын өткізіп жатыр. Балалар шаршады. Олардың ойнағысы келеді. Олар күнді көргісі келеді. Олар сырғанағанды жақсы көреді. Олар алтыбақан тепкендi жақсы көреді. Олар математиканы ұнатпайды . Олар сабақ үстінде сағатқа қарап отырады. Сағат ақырын жүреді. Балалар үзілісті күтіп отыр.
Скрыть текст
5. Үй шаруалары
Алмас бейне ойындарын ойнап жатыр. Анасы ашулы. Ол баласын жалқау деп ойлайды. Анасы жұмыстың тізімін береді. Алмас бұртияды. Ол тізімге қарайды. Ол еденді сыпыру керек, сосын ыдысты жуу керек. Кейін итке тамақ беру керек . Сөйтіп үй жұмысына кірісіп кетеді.
Скрыть текст
6. Бірінші ән
Ол көлікте отыр. Оның әкесі радио қосты. Ән естіліп тұр. Ол аяқтарымен тақылдатады. Ол басын әрі бері қозғайды. Әкесі күліп қояды. Оған да ән ұнайды. Ән бітті. Радиода басқа ән ойнады. Оған жаңа ән ұнамады. Ол тыныш отыр.
Скрыть текст
7. Дәрігерге бару
Галя қызуды сезінеді. Анасы оның маңдайын ұстайды. Галяның температурасы жоғары. Анасы Галяны дәрігерге апарады. Дәрігер мейірімді. Ол оған стиккер береді. Ол дәріні қабылдау керектігін айтады. Көп су ішу керектігін айтады. Галя үйге барады. Ол дәріні қабылдап, су ішеді. Ол 3 күн осылай жасайды. Ол сауығып кетті.
Скрыть текст
8. Әртүрлі тағамдар
Сараның карны аш. Ол асүйге барды. Шкафты ашты. Шкафта әртүрлі тағамдар бар. Зефир - тым тәтті. Картоп чипсилерінің тұзы көп. Балмұздақтың суы көп. Кивидің жемісі тым қышқыл. Таяқшалар дәмсіз. Үйге әкесі келді. Ол қызына крекер берді. Крекерлер керемет.
Скрыть текст
9. Бұрыш
Джил математиканы ұнатпайды. Джил тамақ туралы айта бастайды. Оның құрбылары күледі. Олар үй тапсырмаларын орындамайтын болды. Мұғалім ренжулі. Ол балаларға бұрышқа тұрыңдар деп айтады. Джил бұрышқа барады. Салмақты болу қиын. Ол өзінің жанұясы туралы ойлап отыр. Ол өзінің иті туралы ойлап отыр. Бес минут өтеді. Мұғалім оған кетуге рұқсат береді.
Скрыть текст
10. Тосын - сый кеші
Лилидің туған күні. Ол төсегінен тұрды. Оған ешкім ештеңе айтпады. Анасы оны мектепке апарды. Оның достары да ештеңе айтпады. Мұғалімі де ештеңе айтпады. Лили көңілсіз. Лили үйге жалғыз қайтып барады. Ол есікті ашады. Оның достары мен туыстары торт ұстап тұр. Олар: "Лили, тосын - сый!" - деп айтады.
Скрыть текст
11. Жаңа үй жануары
Катя серуендеп жүр. Ол итті көрді. Ит құйрығын бұлғаңдатады. Ит Катяға ұнайды. Оның қарғыбауы жоқ. Катя оны үйге асырауға алды. Ол итті шомылдырады. Ол итке Тоби деген есім берді. Ол Тобиді ветеринар дәрігерге апарды. Тобидің дені сау. Ол итімен күнде серуендейді. Олар бір-бірін жақсы көреді.
Скрыть текст
12. Топтық жоба
Мұғалім жоба жасауға тапсырма береді. Ол оқушылардың топта жұмыс істегенін қалайды. Адам, Билл, Джо бір топта. Адам ақылды. Джо суретті жақсы салады. Билл арқашан ынтымақтастыққа дайын. Олар жақсы топ құрайды. Олар жобаларына кірісіп кетеді. Мұғалімге бұл ұнайды. Ол балаларға жоғары баға қояды. Адам, Джо және Билл қуанышты.
Скрыть текст
13. Мысық пен тышқан
Мысықтың іші пысты. Ол көңілін көтергісі келеді. Ол жіппен ойнап жатыр. Ол ішін көтеріп керілді. Ол ұйықтап отыр. Ол сүт ішеді. Оның сонда да іші пысты. Ол тышқанды көрді. Тышқан ірімшік жеп жатыр. Мысық ірімшікті ұрлап алды. Тышқан ашуланды. Тышқан мысықты қуды. Мысық көңілденді.
Скрыть текст
14. Лимонад стенді
Джон мектебімен саяхатқа барғысы келеді. Оған елу доллар керек. Ол ақшаны өзі тапқысы келеді. Ол лимонад стендін ашуды жоспарлайды. Ол базарға барады. Лимон арзан , піскен. Ол елу лимон сатып алады. Ол лимонад жасай бастайды. Кезекте адамдар көп. Оның лимонад стенді табысты өтіп жатыр. Ол жеткілікті ақша жасайды.
Скрыть текст
15. Жаңа және ескі рюкзак
Ертең мектепте сабақтың бірінші күні. Барбара рюкзагіне қарап отыр. Ол тесік, кір. Оған жаңа рюкзак керек. Ол анасымен дүкенге келді. Дүкенде рюкзак өте көп. Бір рюкзакта- сары жұлдыздар. Басқасында - кемпірқосақ жолақтары. Үшіншісінде - иттер. Барбараға мына рюкзак ұнады. Ол оны сатып алды.
Скрыть текст
16. Жақсы тіс дәрігері
Майра тiсінiң ауырғанын сезiндi. Бұл туралы анасына айтады. Анасы оны тіс дәрігеріне апарады. Майра қорқады. Ол қабылдау бөлмесіне кiредi. Қабылдау бөлмесіндегі қыз оны шақырады. Майра үлкен креслоға отырады. Ол тic дәрігерін күтедi. Тic дәрігері келедi. Ол Майраның тiciн ұқыпты қарайды және емдейдi. Ол оған жаңа тiс щеткасын бередi. Майра өзін жақсы сезінедi.
Скрыть текст
17. Кітапханаға бару
Маркке кітап керек. Оның ақшасы жоқ. Оның анасы оны кітапханаға әкеледі. Маркке үйіне кітаптарды ақысыз алуына болады. Марк кітапханаға кірді. Онда кітаптар көп. Жануарлар туралы кітаптар бар. Теңіз қарақшылары туралы кітаптар бар. Ғылымдар туралы кітаптар бар. Марк олардың барлығын алады.
Скрыть текст
18. Көп құмырсқалар
Ол торт жеп отыр. Ол торттың қиқымын түсіріп алады. Құмырсқалар оны сезеді. Олар нан қиқымына қарай өрмеледі. Ол құмырсқаларды көреді. Оларды өлтіргісі келмейді. Ол шынаяқты алады. Оның ішіне құмырсқаларды салады. Ол терезені ашады. Құмырсқаларды шығарып жібереді.
Скрыть текст
19. Хэллоуин
Нэнси ханшайымның киімін киеді. Ол "Әзіл немесе тамақ ұсыну" ойынын ойнайды. Ол бір үйге келеді. Ол есіктің қоңырауын басады. Жас жұбайлар есікті ашады. Нэнси оларға өз сөмкесін ұсынады. Ол тәттілер алады да "Рахмет!" - дейді. Жас жұбайлар мәз-мейрам болады. Нэнси келесі үйге қарай келе жатыр.
Скрыть текст
20. Балалар зообағы
Ол балалар зообағына бара жатыр. Бұл зообақта жануарларды ұстап көруге және тамақ беруге болады. Зообақта әр алуан жануарлар бар. Ол тасбақаны сипайды. Тасбақа қатпарлы. Ол қойларды сипайды. Қойдың жүні жұмсақ. Ол сиырларды сипайды. Сиырдың терісі тегіс. Ол үй қояндарды сипайды. Үй қояндары үлпілдек. Ол анасына үй жануарын асырағысы келетінін айтады. Анасы оны ертең алып бере алатынын айтады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Мади Толегенов, Janerke Kurmanalinova, Akerke Amiralieva, Feruza Moldashova, Ержан Базаргали, Жузумгуль Кушкинбаева, Майра Фазыл, Assel Kanybekova, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Баян Сапарбек, Маргулан Канат, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский детям. Том 2, стр.7 Вернуться к началу Чтение детям. Том 1, стр.2  >>