Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 1, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Анасы ашулы
Роберттің бөлмесі шашылып жатыр. Төсегінің астында пицца жатыр. Қабырғада желім. Барлық жерде киімдер . Еденде ойыншықтар жатыр. Робертке бәрібір. Ол теледидар қарап отыр. Анасы бөлмеге кірді. Ол теледидарды өшірді. Ол оған ұрысты. Ол бөлмесін жинай бастады.
Скрыть текст
22. Әкелер күні
Бүгін әкелер күні. Даниэль әкесін таңқалдырды. Ол әкесіне таңғы ас дайындап берді. Табақтың үстінде жұмыртқа, бекон және апельсин шырыны тұр. Даниэлдің әкесі қуанышты. Біраздан соң олар теннис ойнауға барады. Даниэл бір жақта тұр. Ол доп береді. Даниэлдің әкесі допты қағып жібереді. Кешке қарай олар күннің батқанын бақылайды. Қандай керемет күн.
Скрыть текст
23. Сіңлі
Бетти кіші сіңлісін жақсы көреді. Бетти оған қамқор болады. Ол оның жаялығын ауыстырады, тамақтандырады. Ол оны жүруге үйретеді. Ол оны жаңа сөздерге үйретеді. Кішкентай балаларға қамқор болу оңай емес. Беттидің сіңлісі кейде жылайды. Бетти онымен тығылмақ ойнайды. Ол көзін алақандарымен ашып-жауып ойнайды. Кішкентай сәби күледі.
Скрыть текст
24. Сен кейде жеңілесің
Сараның баскетбол командасы бүгін жеңіліп қалды. Ол ренжулі. Ол үйге көңілсіз келе жатыр. Ол диванға отырды. Ол жылай бастады. Мамасы оны көріп тұр. Ол оны құшақтап алды. Сосын оның сүйікті печеньесін пісірді. Жылы печенье Сараны күлімсіретті. Сара көз жасын сүртті. Ол кейде жеңетінін, кейде жеңілетінін мойындады.
Скрыть текст
25. Жаңа мекен жай
Ол жаңа қалаға көшіп барды. Онда көп ғимараттар бар. Көшеде адамдар көп жүреді Көп таксилер бар. Ол өзін жалғыз сезінді. Мұнда барлығы бәрін дұрыс жасамайды. Ол жаңа мектепке барады. Ол жүзі мейірімді адамды көрді. Ол оған жаңа мектепті көрсетіп жіберуін сұрады.
Скрыть текст
26. Кристофер және оның балығы
Кристофердің үй жануарын асырағысы келеді. Оған балықтар ұнайды. Балықтарды күткен оңай. Олар әдемі. Ол өзін жауапкершілігі бар деп ойлайды. Ол зоодүкенге өзі баруды шешті. Ол балық сатып алады. Балық кішкентай. Ол қара- қызыл. Ол жай жүзеді. Кристофер оны аквариумге жібереді.
Скрыть текст
27. Үлкен аға
Брайан - ең үлкен аға. Оның екі кіші бауырлары бар. Брайан ата-анасына үй жұмысына көмектеседі. Ол ыдыс-аяқ жуады. Ол еденді жуады. Ол мектептен бауырларын алып келеді. Брайан сонымен қатар бауырларын бәрін дұрыс істеуге үйретеді. Ол оларға әділ, мейірімді болу керектігін айтады. Брайан жанұясын жақсы көреді.
Скрыть текст
28. Сәтті айырбас
Түскі тамақ уақыты. Балалар тамақтануға бара жатыр. Олар абыржулы және қарындары аш. Полдың ветчина қосылған бутерброды бар. Ветчина оған ұнамайды. Оның тунец қосылған бутерброд жегісі келеді. Сараның тунец қосылған бутерброды бар. Ол тунец иістенген деп ойлайды. Оның ветчина бутербродын жегісі келеді. Пол және Сара кездейсоқ жолығып қалды. Олар бутербродтарын айырбастап алды. Екеуі де қалағандарын алды.
Скрыть текст
29. Ол аққаланы жасайды
Оның аққала жасағысы келеді. Ол қардан бірінші үлкен жұмаршақты домалатып жасайды. Сосын қардан екінші орташа жұмаршақты домалатып жасайды. Сосын аққаланың басына арнап кішкентай жұмаршақты жасайды. Оларды бір-біріне қояды. Ең үлкен жұмаршақ астында тұрады. Ол сәбізді мұрынға қадап қояды. Ол түймелерден көз бен ауыз жасайды. Ең соңында мойынорағышты байлайды.
Скрыть текст
30. Оқу қабілеті
Дональд екінші сыныпта оқиды. Оның оқу қабілеті басқа оқушыларға қарағанда жақсы емес. Ол өз қабілетін жақсартқысы келеді. Ол көп оқи бастайды. Ол білмейтін сөздерін сөздіктен іздейді. Ол сол сөздердің мағыналарын жазып алады. Содан кейін ол қайтадан кітап оқи бастайды.
Скрыть текст
31. Жаңа үй жануары
Мен сурет салып үйреніп жүрмін. Мен сенбі және жексенбі күндері сурет саламын Оқытушым маған жаңа нәрселер көрсетеді. Қазір мен адамдарды, жануарларды, заттарды салуды білемін. Мен әрқашан алда болғым келеді, сол себепті мен күнде сурет салып үйреніп жүрмін Менің ата-анам әрқашан сен жақсы суретшісің деп айтады. Олар бұл менің мамандығым болады деп ойлайды.
Скрыть текст
32. Балмұздақ күні
Шуақты күн. Оған ыстық. Ол өзін кітаппен желпіп отыр. Оған әлі де ыстық. Ол салқындатқышты қосады. Оған сонда да ыстық. Ол бассейнге секіреді. Оған бәрібір ыстық. Оның әкесіне бір ой келді. Ол оны балмұздақ кафесіне апарады. Олар екі адамға үлкен мөлшерде банан балмұздағын алады. Ол енді ыстықты сезінбейді.
Скрыть текст
33. Сынақ
Оның ертең сынағы бар. Оның дайындалғысы келмейді. Дайындалғанның орнына ол видеоойындар ойнайды. Келесі күні ол сынақ тапсырады. Ол өте қиын. Ол ештеңе білмейді. Ол өз сынақ парағын бос қылып тапсырады. Мұғалім оған ұрсып, нөл қояды.
Скрыть текст
34. Хелен бос емес
Хелен ертең математикадан тесті жақсы тапсырғысы келеді. Ол кітабын алып, дайындалып жатыр. Осы кезде оның інісі бөлмеге кіреді. Ол қатты шулай бастайды. Хелен оған айқайлайды. Кейін анасы кіреді. Ол Хеленнен түскі ас жасауын өтінеді. Хелен оған да айқайлады. Соңында Хелен оларға өзінің бос еместігін айтады.
Скрыть текст
35. Кір жейде
Ол өзіне газдалған сусын құйып жатыр. Ол байқамай жейдесіне сусынды төгіп алады. О, жоқ! Оның анасы қатты ашуланады. Оның жейдесі өте қымбат. Ол оны тазартуға тырысып жатыр. Ол оған су құяды. Ол дақты кетіретін құралдарды қолданып жатыр. Ол жейдені химиялық тазартуға апарады. Барлығы бекер.
Скрыть текст
36. Өзім туралы
Мен мектепке жаңадан келген оқушымен. Сыныпқа өзім туралы айтып жатырмын. Мен Канададан келдім, бірақ қазір Невадада тұрамын. Мен әке-шешеммен және ініммен бірге тұрамын. Інім менен 5 жас кіші. Менің өмірімде музыка маңызды орын алады .Мен ән айтуды және би билеуді жақсы көремін. Мен саксофонда ойнаймын. Мен болашақта музыка мұғалімі боламын.
Скрыть текст
37. Ұзақ күту
Әткеншек тебу көңілді және тез. Кезек өте ұзын. Джон достарымен күтеміз деп шешеді. Джон уақыт өткізудің амалын қарастырады. Ол аяғымен 10 минут бойы жерді тепкілейді. Сосын ол телефон ойындарын ойнайды. Кейін достарына қалжың айтады. 2 сағат өтті. Ұлдар әлі де кезектерін күтіп тұр.
Скрыть текст
38. Мұғалім телефонын алып алды
Браун мырзаның лекциялары көңілсіз. Бір студент Браун мырзаның не істеп жатқанын қарайды. Браун мырза тақтаға бірдеңелер жазып жатыр. Студент телефонын алып шықты. Ол ойын ойнай бастады. Браун мырза оның үстеліне жақындады. Браун мырза оның телефонын алып алды. Оның көңіл күйі жоқ.
Скрыть текст
39. Ешкім тұмауды жақсы көрмейді
Ол ауырып жатыр. Ол дәрігерге барды. Дәрігер оған дәрі береді. Бір апта өтті ,ол әлі ауырып жатыр. Анасы оның ұйықтау керектігін айтты. Ол күні бойы төсекте жатыр. Ол демалып жатыр. Ол тауық сорпасын ішеді, көкөністер жейді. Ол әлі ауырып жатыр. Ешкім тұмауды ұнатпайды.
Скрыть текст
40. Цирк
Ол циркке барды. Ол клоунды көрді. Ол өте әдемі. Ол сиқыршыларды көрді. Олар қалпақтың ішінен қояндарды суырып алып жатыр. Ол биікте канатпен жүріп келе жатқан адамдарды көрді. Ол доппен өнер көрсетіп жатқан адамдарды көрді. Ол көптеген жануарлар көрді. Сақинадан секіріп жүрген арыстандар, билеп жүрген пілдер. Ол цирктен ешқашан кеткісі келмеді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Мади Толегенов, Janerke Kurmanalinova, Akerke Amiralieva, Feruza Moldashova, Ержан Базаргали, Жузумгуль Кушкинбаева, Майра Фазыл, Assel Kanybekova, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Баян Сапарбек, Маргулан Канат, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Чтение детям. Том 1, стр.3  >>