Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 1, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

41. Денсаулығы нашар бала
Ол толық. Ол тек қызыл ет, қытырлақ картоп және тәтті тағам жейді. Ата-анасы ол туралы уайымдайды. Олар артық тамақ жеуге тыйым салады. Енді олар тек денсаулыққа пайдалы тамақ жасайды. Олар таңғы асқа ботқа жейді. Олар түскі асқа балық, сәбіз және көкөністер жейді. Олар кешкі асқа тауық және салат жейді.
Скрыть текст
42. Сайтан дөңгелегі
Сайтан дөңгелек – айналып тұратын үлкен дөңгелек. Онда көп отындық бар. Ол сары орындықта отыр. Ол алаңдаулы. Ол қауіпсіздік белдігін киiп жатыр. Ол темір тұтқадан ұстап тұр. Ол қауіпсіздікте тұрғысы келеді. Дөңгелек қозғалады. Ол барған сайын биіктей береді. Ол төменге қарайды. Адамдар сондай кiшкентай. Қандай керемет!
Скрыть текст
43. Қосымша ақша
Ол ата-анасынан ұсақ-түйекке жұмсауға ақша алады. Олар оған 10 доллар беріп тұрады. Оған көп ақша керек. Ол ата-анасынан тағы да ақша сұрайды. Олар бермейді. Ол ата-анасының ойын өзгертпекші болады. Ол олардың көлігін жуады. Түскі астарын дайындайды. Оларға ұнағысы келеді. Ата-анасы оған қосымша ақша беретін болып шешеді. Енді ол аптасына 15 доллар алып тұратын болады.
Скрыть текст
44. Биді жақсы көретiн адам
Ол билегенді ұнатады. Ол мектебіндегі ансамбльде билейді. Ол сабақтан кейін билейдi. Ол бөлмесiнде билегенді ұнатады. Ол ас үйде билегендi ұнатады. Ол тіпті ванна бөлмесiнде де билегендi ұнатады. Бәрі біледі, би - оның жаны. Адамдар оған әлемдегі ең жақсы биші екенін айтады.
Скрыть текст
45. Көңілді сауық кеш
Ол құрбысының үйінде қонуға қалады. Олар әр түрлі қызықты ойын-сауықты табады. Олар жастықтармен атысады. Олар зефирды отта қуырады. Олар ән айтады. Олар фильм қарайды. Фильмдер қызықты. Олар попкорнды фильм қарап отырып жейді. Олар бір-бірінің шашын өреді. Олар қаптөсектерді алады. Олар ұйықтайды.
Скрыть текст
46. Кешірім сұрау
Ол мектепті ұнатпайды. Ол мұғалімдерін жек көреді. Ол оқуды жек көреді. Ол сыныптастарын жек көреді. Ол оларды мазақтайды. Ол оларға кедергі келтіреді. Олардың үй тапсырмаларын жыртады. Олардың түскі асқа деген ақшаларын ұрлайды. Бір күні оның бұзықтық жасағанын мұғалім көреді. Мұғалім оған ұрсады. Оны оқушылардың алдында кешірім сұрайды.
Скрыть текст
47. Жазу үстелінде стақанда сүт тұр
Жазу үстелінде стақанда сүт тұр. Ол үстелдің шетінде тұр. Бала сүтке қарап тұр. Бала оны ішкісі келеді. Мысық сүтке қарап тұр. Мысық та оны ішкісі келеді. Екеуі де үстелге жақындады. Мысық жылдам екен. Ол үстелдің үстіне секірді. Стақандағы сүт төгілді. Сүт еденге жайылды.
Скрыть текст
48. Қарапайым сыйлық
Ол мұғаліміне бір нәрсе алғысы келді. Бірақ оның ақшасы жоқ. Ол тапқырлық танытады. Ол ауланың артына барады. Ол қызғылт бұтаға қарайды. Ол әдемі, қызыл раушангүлді кесіп алады. Оны гүл сауытына салады. Гүл сауытына су құяды. Сыйлық дайын.
Скрыть текст
49. Тығылмақ
Джон көздерін қолымен жапты. Сандра тығылу үшін орын тапты. Джон онға дейін санады. "Он" дегенде ол көзін ашты. Ол Сандраны табуға тырысып жатыр. Ол олардың бөлмесінде жүр. Ол ас бөлмені қарайды. Ол кереуеттің астын қарайды. Ол кір жуатын бөлмені қарап шықты. Ол оны таба алмады. Сандра ата-анасының бөлмесінде.
Скрыть текст
50.Поштаны алаңдап күтіп отыр
Бала пошташыны күтіп отыр. Бүгін посылка келуі керек. Ол терезенің алдында отыр. Ол пошташының үйге жақындағанын көріп отыр. Ол далаға шықты. Ол пошташымен сәлемдесті. Пошташы оған посылканы берді. Олар бір бірімен қоштасты. Бала үйге кірді.
Скрыть текст
51. Әткеншекте
Майкл әжесімен саябақтағы ойын алаңына бара жатыр. Мұнда көп нәрселерді істеуге болады. Майкл әткеншектерге жүгіріп келді. Ол әткеншекке отырады. Ол аяғымен жерден итеріледі. Оның аяқтары ауада салбырап жатыр. Әжесі оны итереді. Ол биікке ұшады. Оған аспанға қолын жеткізе алатындай көрінеді.
Скрыть текст
52. Ол иттерін серуендетеді
Брайннің үш иті бар. Біріншісі - қара. Екіншісі - қоңыр. Үшіншісі - сұр. Қара ит өте үлкен. Қоңыр ит - орташа келген. Сұр ит өте кішкентай. Брайн олардың бәрін жақсы көреді. Ол иттерімен саябақта серуендейді. Иттер сүйсініп серуендеп жүр. Олар серуендеп жүргенде өздерін бақытты сезінеді.
Скрыть текст
53. Бәріне арналған қарындаш
Оның қарындашы бар. Оның ұзындығы 10 сантиметр. Ол жылтыр және алқызыл. Оның ұшында өшіргіші бар. Онда тіпті оның есімі жазылған. Ол қарындашын бәріне пайдаланады. Ол оны хат жазу үшін пайдаланады. Оны үй тапсырмасын орындау үшін пайдаланады. Ол оны тест тапсырғанда пайдаланады.
Скрыть текст
54. Жеңілтек ағайындылар
Ағайындылардың іші пысып отыр. Олар үй ішінде доп ойнайды. Ағасы інісіне допты лақтырады. Ол оны ұстап алады. Ол оны қайта лақтырады. Доп терезеге тиеді. Терезе шағылады. Олардың анасы терезенің сынған дыбысын естиді. Ол ашулы. Ол допты алып алды.
Скрыть текст
55. Пушинка көжегі
Оның кішкентай үй жануары бар. Бұл көжек. Оның есімі Пушинка. Ол аппақ. Оның көздері қара. Ол өте жұмсақ. Ол өте ойыншыл. Оның салмағы үш килограмм. Ол үйдің айналасында секіргенді жақсы көреді. Ол сәбіз жегенді жақсы көреді. Ол Пушинкаға күніне бес сәбіз береді.
Скрыть текст
56. Үш құрбы және секіргіш
Үзіліс. Оқушылар далаға ойнауға шығады. Үш дос қыз секіргішпен ойнап жүр. Элизабет бір шетін ұстап тұр. Сьюзан екінші бір шетін ұстап тұр. Олар бір-бірінен алыстау тұр. Олар секіртпені айналдырып тұр. Мария секіріп жатыр. Секіртпе оның басынан өтіп жатыр Ол жақсы секіреді. Ол жіптен тоқтаусыз секіреді.
Скрыть текст
57. Ол қызыл қоңызбен ойнап жүр
Ол далаға шықты. Ол қызыл қоңызды көреді. Қызыл қоңыз қызыл түсті. Сондай-ақ оның қара дақтары бар. Оның алты аяғы бар. Оның екі қанаты бар. Ол кішкентай. Ол қызыл қоңызды саусағына салды. Оның қытығы келді. Қызыл қоңыз оның денесінде жорғалады. Ол оны өзіне қалдырғысы келді. Қызыл қоңыз ұшып кетті. Ол оны ұстап алғысы келді.
Скрыть текст
58. Жерді қазатын ит
Ит жер қазғанды жақсы көреді. Бұл оның сүйікті ісі. Ол қожайынның үйіне барады. Ол алқаны алады. Ол алқаны аузына салады. Артқы аулаға жүгіріп барады. Ол аяқтарымен шұңқыр қазады. Оған алқаны салады. Шұңқырды топырақпен жабады.
Скрыть текст
59. Балалар алаңында
Оған өрмелеуге арналған конструкция ұнайды. Ол екі қолымен бірінші темірге жармасады. Оның аяқтары жердің үстінде салбырап тұр. Ол оң қолымен екінші темірді ұстайды. Содан соң ол темірді сол қолымен ұстайды. Ол осылай жалғастыра береді. Ол соңғы темірге жетеді. Ол секіріп түседі. Ол барлығын ойын үшін қайтадан бастайды.
Скрыть текст
60. Дәрігер болып ойнау
Ол ойнағанда дәрігер болуды ұнатады. Ол үстіне ақ халат киеді. Ол бөлмесін дәрігердің бөлмесі деп елестетеді. Оның әкесі емделуші. Әкесі оның бөлмесіне кіреді. Ол өзін қалай сезінетіндігін айтады. Ол үнемі жөтелетінін айтады. Ол оған көп су ішу керектігін айтады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Мади Толегенов, Janerke Kurmanalinova, Akerke Amiralieva, Feruza Moldashova, Ержан Базаргали, Жузумгуль Кушкинбаева, Майра Фазыл, Assel Kanybekova, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Баян Сапарбек, Маргулан Канат, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Чтение детям. Том 1, стр.4  >>