Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 1, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

61. Сурет сабағы
Ол сурет сабағына бара жатыр. Үстінде арнайы ақ халат. Қазір оның киімі таза болады. Ол күнбағысты салуды бастайды. Ол қылқаламды алады. Ол жасыл, сары және қоңыр түстерді алады. Ол ақ қағазды алады. Ол қылқаламды бояуға батырады. Ол сурет салуды бастайды.
Скрыть текст
62. Жаттығуға дайындалады
Ол футболдан жаттығуға дайындалып жатыр. Оның футбол киімі бар. Ол футбол добын алады. Анасы оны футбол алаңына апарады. Ол машинадан шығады. Ол командасының ойыншыларына сәлем береді. Олар жаттығады. Олар аяқтарын қатар қояды. Олар саусақтарын аяқтарына тигізеді.
Скрыть текст
63. Кенгуру қалтасы
Кенгуру- қызық жануар. Оның қалтасы бар. Кенгурудың қалтасына баласы сыйып кетеді. Ол соның ішінде қауіпсіздікте болады. Джеймс осындай қалтаның болғанын қалайды. Ол онда кенгурудің баласын салмайтын еді. Онда тамақ пен видео ойындарын салар еді. Адамдар мен кенгурулар әр түрлі.
Скрыть текст
64. Ағасы мен тәтесі
Ол ағасы мен тәтесіне қонаққа бара жатыр. Олар әр түрлі. Тәтесінің бойы ұзын және арық. Ағасының бойы қысқа және толық. Тәтесі көкөністерді ұнатады. Ағасы тек ет жейді. Тәтесі - сабырлы. Ағасы –шулы адам. Бірақ олар бір-бірін жақсы көреді. Олар қонақ келгенін ұнатады. Оған тәтесі және ағасының қасында әрқашан көңілді.
Скрыть текст
65. Уақыты жоқ бала
Баланың әрқашан уақыты болмайды. Мектепте сегіз сағат болады. Күніне жеті сабақ болады. Сабақтары қиын. Үйге көп тапсырма береді. Үй тапсырмасын орындау үшін бес сағат қажет. Тағы ол пианинода ойнауды үйреніп жүр. Пианинода ойнауға екi сағат жұмсайды. Ол тек төрт сағат ғана ұйықтайды. Ол шаршады.
Скрыть текст
66. Жеміс-жидек салаты
Ол мискаға қытырлақ картопты салады. Әкесі оны байқап отыр. Ол қытырлақ картоптың зиян екенін айтады. Олар денсаулыққа пайдалы емес. Ол қытырлақ картопты лақтырып тастайды. Ол ас үйге келеді. Ол жеміс-жидек салатын жасай бастайды. Ол банан, құлпынай, киви мен алманы алады. Ол оларды ұсақтап турайды. Олардың барлығын мискаға салады.
Скрыть текст
67. Ол тест тапсырады
Мұғалім қазір тест болатынын хабарлайды. Оқушылар үстелден артық заттарды алып тастайды. Mұғалім тест тапсырмаларды үлестіредi. Бір оқушы қатты күрсінеді. Ол қарындашын алады. Сұрақтарды қарайды. Ол жауаптарын біледі. Жауабын жазады. Ол тестті аяқтайды. Ол өзін жақсы сезінеді.
Скрыть текст
68. Мұғаліммен кездесу
Лиза анасымен мектепке бара жатыр. Олар Лизаның мұғалімімен кездеседі. Мұғалім күлімдеп қарсы алады. Олар барлығы отырады. Мұғалім Лизаның бағалары жайында айтады. Оның үлгерімі өте жақсы. Лиза өте ақылды қыз. Тағы мұғалім Лизаның тәртібі жайлы айтады. Ол бәрімен мейірімді. Лизаның анасы бақытты.
Скрыть текст
69. Екінші ит
Оның бір иті бар. Итінің жүні қара. Ол өте үлкен. Ол тағы ит асырағысы келеді. Ол зоодүкенге барады. Ол тағы ит сатып алады. Оның жүні қоңыр. Ол итті үйіне алып келеді. Ол екі итті бір жерге қояды. Олар бір бірінен қашады. Олар бір біріне ұнатпайды.
Скрыть текст
70. Мысық пен иірілген домалақ жіп
Ертең болатын викторинаға бала дайындалып отыр. Оның мысығы ылғи бөгет жасайды. Ол аяғымен түрткілеп ойнайды. Осылай үйде шу көтереді. Бала иірілген домалақ жіптi алады. Оны бөлменің бір жағына лақтырады. Мысық домалақ жіптiң артынан жүгіреді. Мысық жіптi ұстап алады. Ол онымен ойнайды. Енді бала алаңдамай сабақ оқи алады.
Скрыть текст
71. Апельсин ағашын отырғызады
Ол апельсин ағашын өсіргісі келеді. Кішкентай шұңқыр қазады. Шұңқырға дән салады. Дәнді топырақпен жабады. Бір апта бойы суарады. Ешқандай апельсиндер өсіп шыққан жоқ. Ол анасынан нені дұрыс істемегенін сұрайды. Анасы оған: "Шыдам керек" дейді. Ол ағашты бір ай бойы суара береді. Апельсиннің өсе бастағанын көреді.
Скрыть текст
72. Жоғалған блокнот
Лена блокнотын асханада қалдырып кетеді. Бұл жайлы әлі білмейді. Ол сыныпқа барады. Кевин асханаға кіреді. Блокнотты көреді. Оның кімдікі екенін білмейді. Ол блокнотты табылған заттар жәшігіне салады. Лена блокнотының жоғалғанын біледі. Ол табылған заттар жәшігін тексереді. Блокнотын табады.
Скрыть текст
73. Сен қуасың!
Қуыспақ – өте көңілді ойын. Жора, Лиза және Лора қуыспақты күнде ойнайды. Лиза және Лора жүгіреді, Жора оларды қуып жетуге тырысады. Ол барынша тез жүгіреді. Ол Лизаны қуып жеткісі келеді. Лиза баяу жүгіреді. Жора қыздың жүгіргенін көріп тұр. Ол қызды қуып жетеді. Ол қызды иығынан қағады. Ол қызға «Сен қуасың!» дейді.
Скрыть текст
74. Әр түрлі талғам
Мен кекс және таяқшадағы мұз кәмпитті жақсы көремін. Екеуі де тәтті. Әкем лимон мен грейпфрутті жақсы көреді. Екеуі де қышқыл. Әпкем кофе және күңгірт шоколадты жақсы көреді. Екеуі де ашты. Ағам барлығын жақсы көреді.
Скрыть текст
75. Мектептегі қиял
Мұғалім үкімет туралы әңгімелеп тұр. Қызға бұл қызық емес. Ол партасына қарайды. Ол қиялдай бастайды. Достары жайлы қиялдайды. Оларды сауық кешіне шақырады. Кеш көңілді. Ол билеп, ән салады. Ол жақсы әуендерді тыңдайды. Оның жанына мұғалім келеді.
Скрыть текст
76. Әкесіне арналған жануар
Оның әкесі жалғыз. Үлкен үйде онымен ешкім тұрмайды. Ол ажырасқан. Оның достары алыста тұрады. Ол жұмыс істемейді. Ол тек үйде отырады, фильм көреді. Ол әкесіне жаны ашиды. Әкесіне сыйлық дайындап жатыр. Ол әкесіне күшік сыйлады. Оған күшік ұнады. Ол оған қамқор болып жүреді.
Скрыть текст
77. Өте сырқат
Ол өте сырқат. Оған суық тиген. Ол тынымсыз түшкіреді. Ол өзімен бірге мұрын сүртетін қағазды тастамайды. Оның мұрны қып-қызыл. Тағы оның қызуы бар. Маңдайына суық орамалды қояды. Мектепке бару үшін ол өте сырқат. Оның достары халін сұрап келеді. Олар оған үй тапсырмаларын береді. Достары оның жақсы сезінуі үшін барлық жағдайды жасайды.
Скрыть текст
78. Ең жаман оқушы
Рональд ең жаман оқушы. Үй тапсырмасын орындамайды. Оның орнына видео ойын ойнайды. Мұғалімі оған ұрсады. Рональдға бәрібір. Мұғалімі сөйлеп тұрғанда, ол ән тыңдап отырады. Ол оқымайды. Тесттердің бағасы нашар. Ол сыныптастарымен де қарым-қатынастасы жаман. Чарльз одан өшiргiшiн сұрайды. Рональд оны ұрып жібереді.
Скрыть текст
79. Жаман әдеттер
Оның жаман әдеттері бар. Ол ешқашан ешкімге құрмет көрсетпейді. Анасы оған сыйлық алып береді. Ал ол анасына рахмет айтпайды. Қыздың әжесі мен атасы қонаққа келеді. Ал ол олардың тезірек кетуін сұрайды. Қыздың сыныптас құрбысында оған керекті бір нәрсе бар. Ол оны ұрлап алады. Әкесі қызынан өтініп сұрайды. Ал ол қыз оны орындамайды.
Скрыть текст
80. Басқа сыныпқа ауысу
Ол математика пәні мұғалімі Гарсия ханымды ұнатпайды. Гарсия ханым үнемі оны сыныптастарынан бөліп жүреді. Үй тапсырмасын үнемі көп береді. Үнемі оған тіл тигізеді. Оған ешқашан көмектеспейді. Сондықтан бұл сыныптан кетуді шешті. Ол Моор ханымның сыныбына ауысады. Ол жақсы адам.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Мади Толегенов, Janerke Kurmanalinova, Akerke Amiralieva, Feruza Moldashova, Ержан Базаргали, Жузумгуль Кушкинбаева, Майра Фазыл, Assel Kanybekova, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Баян Сапарбек, Маргулан Канат, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Чтение детям. Том 1, стр.5  >>