Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 1, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

81. Жақсы әдеттер
Мишель және оның отбасы түскі ас ішіп отыр. Оның асбұршақ жегісі келді. Ол анасына: "Маған асбұршақты алып беріңізші"- деп сұрады. Анасы күлімдеді. Оған тарелканы бередi. Мишель әкесінен сыйлық алды. Ол оған алғыс айтты. Ол сыныптасының жылап отырғанын көреді. Ол сыныптасына қол орамалын береді. Мишель шынында да әдепті қыз.
Скрыть текст
82. Ыңғайсыз брекеттер
Оның тістері нашар. Оған брекет кигізеді. Ол мектепке барады. Ол сөйлей бастайды. Сыныптастары тісіндегі брекетін көреді. Олар оны мазақ етеді. Ол өзін бақытсыз сезінеді. Ол аузын ашпауға тырысады. Ол ешкіммен сөйлеспейді. Мұғалім сұрақ қояды. Ол жауап беруге шешті. Ол енді оны мазақ еткендерге көңіл аудармайды.
Скрыть текст
83. Алғашқы күні адасып қалды
Оның мектептегі алғашқы күні. Ол әбден адасты. Ол бұл жерде ешқашан болмаған. Оның алғашқы сабағы - испан тілі. Сабақ А ғимаратында. Ұжымның бір мүшесі оның адасып жүргенін көрді. Оған жоспар берді. Ол жоспарға қарады. Ол сыныбын тауып алды.
Скрыть текст
84. Ұрлық - бұл жаман
Донна ағасымен мектепке арналған құралдары дүкеніне бара жатыр. Донна қызғылт өшіргіштi көрді. Ол оған ұнап тұр. Оның ақшасы жоқ. Ол өшіргішті қалтасына салып алды. Ол дүкеннен жүгіріп шықты. Ағасы оны көріп тұр. Ол оған ұрлықтың жаман екендігін айтып жатыр. Ол өшіргішті орнына қойды. Ол Доннаны сатушыдан кешірім сұрауға мәжбүр етті.
Скрыть текст
85. Ол қарындасын алуға бара жатыр
Ол достарымен сөйлесіп тұр. Оның ұялы телефоны щырылдады. Ол қоңырауға жауап берді. Бұл оның қарындасы. Ол оны мектептен алып кете ала ма деп сұрады. Ол достарын көліктен шығуын өтінді. Ол мектептің алдына тоқтады. Оның қарындасы көлікке отырды.
Скрыть текст
86. Ханшайымды құтқарды
Ханшайым мұнарада қамаулы. Жақында оны айдаһар жейді. Патша мен патшайым уайымдап жүр Олар оны құтқарған адамға көп ақша беруге уәде етті. Олар қаланың барлық жеріне плакаттар ілді. Бір кедей шаруа жарнаманы көрді. Ол мұнараға шықты. Ол ханшайымды құтқарады. Ол ханшайымды атына алып барды. Олар қалаға қарай шауып келе жатыр.
Скрыть текст
87. Бiреулер ысытады, бiреулер суытады
Оның пицца жегісі келіп тұр. Ол тоңазытқышты ашты. Ол мұздатылған пиццаны алды. Ол сұп-суық. Ол оны ысытқысы келіп тұр. Ол пиццаны микротолқынды пешке қойды. Ол пиццаны 5 минут ысытты. Оның әпкесі салқын су ішкісі келіп тұр. Ол ас бөлмесінен су алып келді. Ол оны тоңазытқышқа салды.
Скрыть текст
88. Жақсы душ
Ол базарға барады. Ол түскі және кешкі асқа азық-түлік сатып алады. Ол дәріханаға барады. Ол дәрі алады. Ол мектепке барады. Ол үш тест тапсырады. Ол саябаққа барады. Ол үш айналым жүгіреді. Сосын ол үйге барады. Ол шаршаған және терлеген. Қандай күн! Ол салқын душ қабылдайды. Ол өзін жақсы сезінеді.
Скрыть текст
89. Ол түс емес
Ол сәлемдемесін күтіп отыр. Ол қобалжулы. Енді ол бүгін жейдесін алады. Ол үйінің қасында күтіп тұр. Пошташы оған сәлемдемені беріп жатыр. Ол оны ашты. Жейде қызыл түсті. Ол көгілдір түсіне тапсырыс берген. Оның ренжулі. Ол компанияға қоңырау шалды. Менеджер кешірім сұрады. Ол көгілдір жейдені тегін жібереді.
Скрыть текст
90. Ол көзілдірігін ұмытып кетті
Ол ағылшын тілі сабағына барады. Сөмкесіне қолын салды. Онда көзілдірігі жоқ екен. Ол ештеңе көріп отырған жоқ. Мұғалім тақтаға: "Мысық доп қуалап жүр" деген сөйлем жазады. Оқушыларға осы сөйлемді көшіріп жазыңдар деді. Ол көзін сығырайтып қарайды, бірақ ол сөйлемді көре алмайды. Ол тақтаға жақын барып отырады. Ол енді ешқашан көзілдірігін ұмытпайтын болады.
Скрыть текст
91. Ол жұмыстан кетіп қалды
Ол тез тамақтану мейрамханасында жұмыс істейді. Бірақ ол жұмысын жек көреді. Ол гамбургер дайындайды, картоп турайды және газдалған сусындарды стақандарға құяды. Оның ойынша, бұл қызық жұмыс емес. Ол келушілермен сөйлескенді де ұнатпайды. Оның бастығы Сьюзан Райт артық жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Соңында, ол жұмыстан кетіп қалды.
Скрыть текст
92. Болашақты жоспарлау
Ол болашағы туралы көп ойланады. Оның дәрігер болғысы келеді. Дәрігерлердің формалық киімдері күшті. Дәрігерлер адамдарға өздерін жақсы сезінуге көмектеседі. Олар көп ақша табады. Оның Беверли Хиллз, Калифорнияда тұрғысы келеді. Өйткені бұл қала өте таза. Үйлері әдемі. Ол тұрмысқа шығып ,балалары болғанын да қалайды.
Скрыть текст
93. Сыпайы адам
Ол көшеден өтіп барады. Қолында төрт қорап бар. Олар өте ауыр. Ол құлап қалды. Қораптарын жинап жатыр. Кездейсоқ адам оған көмектесіп жатыр. Оның жағдайын сұрап жатыр. Ол басын изеп жатыр. Ол қораптарын көтерді. Оларды көлігіне апарып берді. Ол оған рахмет айтып жатыр.
Скрыть текст
94. Ризашылық күнi алдындағы толқу
Ол ризашылық күнiн өте жақсы көредi. Күнтізбеге қарап отырып, қаламын алады. Өткен күндерді таяқшамен белгілейді. Яғни оларға «Х» қояды. Ризашылық күніне екi күн қалды. Ол бақытты. Ол күркетауық етін жейтін уақытты толқумен күтіп жүр. Өзінің отбасын көретін күнді қатты күтіп жүр.
Скрыть текст
95. Қайғылы және көңілді кітап
Ол кітап оқып отыр. Басты кейіпкер - қасқыр. Қасқыр жанұясын табуға тырысады. Сол үшін бүкіл әлемді кезіп шығады. Соңында қасқар өледі. Бұл кітап өте қайғылы. Енді ол басқа кітап оқиды. Ондағы асты кейіпкер кішкентай қыз. Ол қыз жүзу бойынша чемпионатты жеңіп алғысы келеді. Сол үшін көп жаттығады. Нәтижесінде ол бірінші орын алады. Оған осындай кітап ұнайды.
Скрыть текст
96. Көңіл көтеру саябағындағы сулы төбешік
Бетти мен Брайан көңіл көтеру саябағына бара жатыр. Күн ыстық, шуақты. Олардың салқындағысы келді. Олар сулы төбешікті көрді. Онда үлкен кезек. Бәрінің суға түскісі келіп тұр. Ақыры Бетти мен Брайанның кезегі келді. Олар шомылу киімдерін киді. Олар төбешіктен секірді. Олар су болды.
Скрыть текст
97. Ол күнделік жүргізеді
Доротидың күнделігі бар. Оның мұқабасы қызғылт. Оның ұзындығы он сантиметр. Оның ені жеті сантиметр. Оның екі жүз беті бар. Беттерінде жол сызықтары бар. Ол оған күнде жазады. Ол өзін қалай сезінетіндігі жайлы және ойларын жазады. Ол мектепте болған оқиға жайлы жазады. Анда-санда ол оған сурет салады.
Скрыть текст
98. Ол туфли киіп көредi
Ол аяқкиім дүкеніне барады. Ол өзіне ұнаған туфли көредi. Олар қара-ала. Ол оны киіп көредi. Олар аяғына тар. Ол үлкен өлшемін сұрайды. Жоқ екен. Ол өзіне ұнаған басқа туфли көредi. Олар ақшыл сары. Ол оны киіп көреді. Олар жақсы жарасып тұр.
Скрыть текст
99. Көп шалбар
Оның көп шалбары бар. Оның екi джинсы бар. Оның бiреуі - ақшыл көк. Екіншісі - қара көк. Оның екi мерекелік шалбары бар. Оның бiреуі - көкшіл сұр. Екіншісі - сұр. Оның екi күнделікті киетін шалбары бар. Оның бiреуiнде гүлдердің суреті бар. Екіншісінде жүректердің суреті бар. Ол күнде шалбар киеді.
Скрыть текст
100. Чили соусын сүйіп жейтін адам
Ол кеспе жеп отыр. Кеспенің дәмі жоқ. Ол чили соусын қосады. Ол кеспенiң дәмін көредi. Ол әлдеқайда дәмді болды. Ол барлық тағамдарға чили соусын қоса бастайды. Ол чили соусын фри картобына да қосады. Ол чили соусын көжеге қосады. Ол чили соусын көкөніс құймағына салады. Ол чили соусын тіпті күрішке де қосады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Мади Толегенов, Janerke Kurmanalinova, Akerke Amiralieva, Feruza Moldashova, Ержан Базаргали, Жузумгуль Кушкинбаева, Майра Фазыл, Assel Kanybekova, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Баян Сапарбек, Маргулан Канат, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Чтение детям. Том 2, стр.1  >>