Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 2, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Мектепке барар жол
Ол таңғы асын ішіп отыр. Ол үйінен шығады. Ол автобус аялдамасына барады. Ол автобусын бес минут күтеді. Ол автобусқа отырды. Ол жолақы төледі Ол терезеге қарап отыр. Ол мектебін көрді. Ол есікке жақындады. Ол автобус жүргізушісіне алғыс айттты. Ол автобустан шықты.
Скрыть текст
2. Жақсы мұғалім
Ол - мұғалім. Ол үшінші сыныпқа сабақ береді. Ол күнде: “Қайырлы таң, балалар” деп айтады. Ол оқушыларынан қалдарын біліп тұрады. Оқушылары оны жақсы көреді. Ол өз жұмысына өте тиянақты. Ол көп ақша да алмайды. Мұғалімдер көп ақша алу керек. Олардың жұмыстары ауыр.
Скрыть текст
3. Гарри барлық жерде оқиды
Гарри бағаларын бәрінен маңызды деп есептейді. Ол сабаққа унемі дайындалып жүреді. Ол барлық жерде оқиды. Ол кітапxанада оқиды. Ол түскі астың алдында оқиды. Ол тіпті сауық кешінде жүргенде де оқиды. Достары үнемі оны мазақ қылады. Бірақ Гарри оған мән бермейді. Ол үнемі жақсы баға алады.
Скрыть текст
4. Бояуға арналған кітапша
Ол бояуға арналған кітапшасын шығарды. Ол түрлі түсті қарындаштарын алды. Ол кітапшаны ашты. Суретте - билеп тұрған қоян. Ол қоянды қоңыр қарындашпен бояйды. Аспанды көк түспен бояйды. Гүлді қызыл қарындашпен бояйды. Ол суретті жыртып алды. Ол суретті қабырғаға жабыстырып қойды.
Скрыть текст
5. Ол кітап таңдап жүр
Ол кітапxанаға келді. Ол сөрелерге қарады. Ол бір кітапты алды. Ол кітапты ашып қарады. Ол бірінші бетін оқыды. Ол күлді. Кітап қызықты екен. Ол кітапты жаздырып алу үшін үстелдің қасына бара жатыр. Ол кітапxанашыға кітабын берді. Ол кітапxанаға арналған карточкасын алды. Оны кітапxанашыға берді. Кітапxанашы кітабы мен карточкасын берді.
Скрыть текст
6. Ол сабаққа дайындалады
Ол сабаққа кітапxанада дайындалады. Ол сөмкесіне жаратылыстану ғылымдарына арналған оқулығын салды. Ол сөмкесіне қарындаштары мен қаламдарын салды. Ол сөмкесіне өшіргіш салды. Ол сөмкесіне жеңіл тамақ салды. Оның қарны ашуы мүмкін. Ол сөмкесіне жеке кітапшасын салды. Ол сабаққа дайын.
Скрыть текст
7. Ол кітапxанада дайындалады
Ол кітапxанада. Кітапxанада адамдар көп. Бәрі курстық жұмыстарына дайындалуда. Ол өзіне орын тапты. Ол отырды. Ол оқулықтарын шығарды. Ол қаламын шығарды. Ол маркерін шығарды. Ол оқулықтағы маңызды жерлерді белгілеп қойды. Сосын ол дайындық кезінде үзіліс жасайды.
Скрыть текст
8. Ол жазбалар жазады
Ол жазуға арналған дәптерін шығарды. Ол кітабын оқып отыр. Ол беттің жоғарғы жағында жазылған бөлім атауларын көшіріп жазады. Ол ең маңызды ақпаратты жазады. Ол есте сақтау керек деген сөздерді маркермен белгілеп қойды. Ол келесі бетті аударды. Ол тағы да жазбалар жазды. Соңында ол бөлімнің қысқаша мазмұнын жасады.
Скрыть текст
9. Ол шығарма жазады
Ол ағылшын тілі курсында дайындалады. Оған шығарма жазу керек. Шығарма пингвиндер туралы. Ол интернеттен пингвиндер туралы ақпарат тауып алды. Ол кітаптардан пингвин туралы ақпарат тауып алды. Оның алғашқы сөйлемі -пингвиндер туралы жұмбақ. Оның соңғы сөйлемі- сол жұмбақтың жауабы.
Скрыть текст
10. Ол қорытынды бақылау жұмысын жазады
Ол өзінің орнына отырды. Ол тапсырма алды. Ол сұрақты оқыды. Ол жауабын жазды. Тапсырмада 20 сұрақ берілген. Ол соңында өзінің жауаптарын тексереді. Қоңырау соғылды. Сабақ бітті. Ол тұрды. Ол өз жұмысын мұғалімге тапсырды. Ол бұл жағдайды атап өтпекші.
Скрыть текст
11. Ол қабырғаны жұдырықтады
Оған жазған шығармасын берді. Ол минус 3 деген баға алды Ол ашулы. Ол жоғары бағаға лайықпын деп ойлайды. Ол ненің дұрыс емес екенідігін мұғалімнен сұрады. Флорес мұғалім оған көп грамматикалық қателер жібергендігін айтты. Ол жоғары баға қоюын сұрады. Ол: «Жоқ» - деді. Ол жұдырығымен қабырғаны соқты. Оны үлкен қиындықтар күтіп бар.
Скрыть текст
12. Мектеп керек-жарақтарына арналған қаламсауыт
Оның мектеп керек-жарақтарына арналған қаламсауыты бар. Оның ішінде бес қарындаш бар. Олар үшкір етіп ұшталған. Олардың бәрі сары. Барлығының ұштарында өшіруге арналған қызғылт өшіргіштер бар. Оның жеке екі өшіргіші бар. Бір өшіргіш - ақ. Екіншісі - қара. Бір нәрсені жазу үшін ол қарындашты қолданады. Қателерді түзету үшін ол өшіргішті қолданады.
Скрыть текст
13. Ол қалпақшаны жоғалтып алды
Ол қаламын алып шықты. Ол қалпақшасын алып тастайды. Ол оны түсіріп алады. Ол төменге қарайды. Ол қалпақшаны көрмейді. Ол партасының айналасын қарайды. Ол бәрібір де қалпақшасын көрмейді. Ол қайда екен? Оны тауып алу керек. Қалам қалпақшасыз кеуіп қалады. Ол сыныптың басқа жағына барады. Ол қалпақшаны тауып алады.
Скрыть текст
14. Таңғы астарға арналған контейнер
Оның таңғы асқа арналған контейнері бар. Оның екі бөлімшесі бар. Біреуі жоғарғы жағында орналасқан. Бұл үлкен бөлімшесі. Оның ішіне сэндвичті салады. Алды жағында тағы да бір бөлімшесі бар. Бұл кішкентай бөлім. Оның ішіне сағыз пакетиктерін салады. Тағы да ұзын бауы бар. Оны иығына іле алады.
Скрыть текст
15. Мектеп асханасы
Ол мектеп асханасында тамақтанады. Тамақ мұнда дәмді емес. Бірақ олар тегін. Ол асхананың ішін қарап тұр. Ол қай жаңа адамдармен отырамын деп ойлап тұр. Әр түрлі топтар бар. Ол спортшылармен отыра алады. Драма үйірмесіне қатысатын балалардың жанына отыра алады. Ол бай балалардың жанына отыра алады. Оның таңдауы көп.
Скрыть текст
16. Жаздағы балмұздақ
Жаз. Күндізгі сағат үш. Өте ыстық. Балмұздақ сататын дүкенге бара жатыр. Ол дәмі әртүрлі балмұздақтарға қарап тұр. Сондай көп балмұздақтар! Ол шоколад балмұздағын және ванильді балмұздақты да алғысы келеді. Ол екі түрлі балмұздақ алатын болды. Кезек ұзын. Жазда бәрі балмұздақ жегісі келеді.
Скрыть текст
17. Ол лимондарды жейді
Оған қышқыл ұнайды. Лимон қышқыл . Лимон сары. Ол лимонның қабығын аршиды. Ол лимонды тістейді. Лимон тәтті. Ол дәнектерін түкіріп тастады. Дәнектері дәмсіз. Анасы осы сен кызықсың дейді. Көп адамдар лимонды басқа тамақпен жейді.
Скрыть текст
18. Тауықтың хош иісті дәмі
Оның қарны аш. Ол бір дәмді тамақтың иісін сезіп тұр. Иіс асүйден шығып тұр. Ол қонақ бөлмесінен шықты. Ол асүйге бара жатыр. Ол тәрелкедегі тауықты көреді. Тауық ыстық. Ол шанышқы мен пышақты алады. Ол тауықтың бір тілімін кесіп алады. Ол шанышқымен түйреп алады. Ол тауықты жейді.
Скрыть текст
19. Соя қосылған ірімшік
Ол соя қосылған ірімшікті 10–ға бөледі. Ол табаны плитаға қояды. Ол плитаны қосады. Ол табаға май құяды. Ол соя қосылған ірімшікті табаға салады. Ол соя қосылған ірімшіктің қоңыр болғанын тосып отыр. Ол соя қосылған ірімшікті аударады. Қазір басқа жағы қуырылып жатыр. Ол соя қосылған ірімшіктің қоңыр болғанын тағы да тосып отыр. Ол плитаны өшіреді.
Скрыть текст
20. Ол шоколад сатады
Ол супермаркетке қарама-қарсы тұр. Ол үстелдің жанында тұр. Үстелде оның шоколадтары жатыр. Оның төрт қорап шоколадтары бар. Оның шоколадтары әртүрлі. Бір шоколад плиткасы 1 доллар тұрады. Ол футбол командасына қаражат жинап жүр. Бір отбасы бір қорап шоколадты сатып алады. Ол 40 доллар тұрады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Мади Толегенов, Мурат Аяганов, Раушан Муталипова, Алия Отеш, Роза Алиева, Гульзайнаб Сисенова, Салтанат Калдыбекова, Aigera Yerzhanova, Assel Kanybekova, Молдир Занкоева, Акжайык Сабырбаева, Маржанай Ташимова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Чтение детям. Том 2, стр.2  >>