Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 2, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Ең жақсы құрбылар
Келли мен Джули – жақсы құрбылар. Олар бәрін бірге істейді. Олар күнде таңертең мектепке бірге барады. Бірге тамақтанады. Келли бекон мен жұмыртқа жейді. Джули дәнді дақылдар қауызын жейді. Олар бірдей сабаққа барады. Келли математиканы жақсы біледі . Джули ағылшын тілін жақсы біледі. Олар бір-біріне осы пәндерден көмектеседі. Олар бір колледжге түсуді жоспарлап жүр.
Скрыть текст
22. Рюкзак сатып алу
Говард рюкзак сататын дүкенге бара жатыр. Оған қызыл рюкзак ұнайды. Ол бағасына қарайды. Рюкзак 40 доллар тұрады! Ол сатушыдан бағаны түсіріңізші деп өтінеді. «Сізге 39 долларға бере аламын» - дейді. Говард келіспейді. «30 долларға қалай қарайсыз, сонда достарыма сіздерден рюкзак сатып алыңдар» деп айтамын. Сатушы бұған келісті.
Скрыть текст
23. Ол бас киімдер сататын дүкенге бара жатыр
Оның басында шашы жоқ. Ол басын жасыру үшін, қалпақ сатып алғысы келеді. Ол бас киімдер сататын дүкенге барады. Мұнда түрлі қалпақтар бар. Кепкалер бар. Оларды жазда киген жақсы. Шеті жоқ дөңгелек телпектер бар. Оларды қыста киген жақсы. Ол қысқа арналған бас киім және кепкалер сатып алды.
Скрыть текст
24. Оған жаңа киім қажет
Оған жаңа киім сатып алу керек. Ескі киім енді жарамайды. Ол сауда орталығына барады. Ол бірнеше көйлек сатып алады. Ол бірнеше юбка сатып алады. Ол бірнеше жакет сатып алады. Ол бірнеше шалбар сатып алады. Ол бірнеше жейде сатып алады. Оның пакеттері көп. Ол жаңа киімдерін киіп көруге асығып тұр.
Скрыть текст
25. Ол юбка сатып алады
Ол сауда орталығына барады. Ол дүкенге кіреді. Ол әдемі юбканы көреді. Оны ілгішінен шешіп алады. Юбканы ұстап көреді. Ол киіп көретін жерге бара жатыр. Юбканы киіп көреді. Юбка жарасып тұр. Ол кассаға бара жатыр. Ол кассирге 10 доллар берді. Кассир юбканы пакетке салып берді.
Скрыть текст
26. Ақ жейде
Ол ақ жейдесін киіп жатыр. Анасы баласына таза жүр деп жатыр. Ақ жейде оңай кірлейді. Ол: «Жақсы», - дейді. Ол пицца жеп отыр. Ағасы байқамай итеріп жібереді. Ол пиццаны ақ жейдесіне түсіріп алады. Ол айқайлап жіберді. Ол жейдесінен пиццаны алып тастады. Жейдеде үш бұрышты сарғылт дақ қалып қойды.
Скрыть текст
27. Ұсқынсыз етік
Адамдар оның етігін ұсқынсыз деп санайды. Олар қоңыр түсті. Онда сары дақ бар екен. Оған адамдардың не ойлайтыны бәрібір. Ол етігін жақсы көреді. Оны керемет деп санайды. Басқа етік ол үшін тым қарапайым. Сары дақтар етікті ерекше етеді. Анасы жаңа етік сатып ал деп жүр. Ол алмаймын дейді.
Скрыть текст
28. Аяқ киім топтамасы
Ол туфли жинайды. Оның 50 туфлиі бар. Біреуі жүгіруге. Басқасы жүруге. Ата-анасы туфли сатып алуды тоқтат деп айтады. Ол мұны әдетке айналдырды. Ол туфли сатып алу үшін, үш жұмыста істейді. Оның сүйікті туфлиін Майкл Джордан ойлап тапқан. Майкл Джордан – спорттан кеткен баскетболист.
Скрыть текст
29. Құлақ тестіру
Ол құлақтарын тестіргісі келеді. Анасы оның бұлай істегенін қаламайды. Ол жігіттердің сырға таққаны дұрыс емес дейді. Ол анасына мұның әдемі екенін айтады. Ол достарының не ойлайтынын сұрайды. Кейбір достары мұны дұрыс дейді. Басқалары мұның жаман болып көрінетінін айтады. Ол жалған сырға сатып алуды ойлап жүр.
Скрыть текст
30. Қаралы жұма
Қара жұма. Қара жұма үнемі рақымшылық күнінен кейін келеді. Көптеген дүкендер жақсы пайда табады. Дүкендерде адамдар қаптап жүр. Кезек ұзақ. Адамдар зат сатып алғысы келеді. Олар киім сатып алады. Олар электроника сатып алады. Олар асүй құралдарын сатып алады. Кейде адамдар тауарлар үшін төбелесіп жатады. Бұл нағыз ессіздік болып көрінуі мүмкін.
Скрыть текст
31. Барлығына 50 пайыздық жеңілдік
Жаппай сатылым болып жатыр. Барлығы 50 пайыздық жеңілдікпен сатылып жатыр. Оған қымбат сағаттар ұнайды. Олардың нақты бағасы 100 доллар. Қазір сағаттар 50 доллар тұрады. Ол енді сағат сатып ала алады. Тек бір сағат қана қалды. Оның алдындағы адам сол сағатты сатып алды. Ол қатты қапаланды. Ол соған ұқсас сағат іздей бастады. Ол таба алмады.
Скрыть текст
32. Жылы күртеше
Оның жылы күртешесі бар. Ол қызыл түсті. Сырты жылтыр. Іші жұмсақ. Ол денеге қатты жабысып тұрмайды. Ол кең де емес. Екі жағында үлкен екі қалтасы бар. Оған қалтасына жеңіл желпі тамақ салған ұнайды. Күртешеде түрлі түсті замок бар. Алдыңғы жағында да қалтасы бар. Оған қолдарын салады.
Скрыть текст
33. Тығылмақ ойыны
Олар мектепте тығылмақ ойнайды. Кайл жүргізуші. Ол көзін жұмып, онға дейін санады. Қалғандары тығылады. Кейбіреуі ағаштың артына тығылады. Кейбіреуі сырғанақтың артына тығылады. Тағы біреулері сыныпқа кетті. Жүргізуші өзінің достарын тауып алғысы келеді. Ол жеңу үшін сегіз досының бәрін табу керек.
Скрыть текст
34. Ол бәрі жерде ойыншық алып жүреді
Оның ойыншығы бар. Ол осы ойыншықпен ойнайды. Ол бәрі жерде осы ойыншықты өзімен алып жүреді. Ол оны мектепке апарады. Үзіліс кезінде рюкзагынан алып ойнайды. Түскі аш ішуге барғанда оны өзімен алады. Ол жүзуден жаттығуға барғанда алады. Ол ойыншығымен бірге жүзгісі келеді. Оның жүзуден жаттықтырушысы рұқсат бермеді.
Скрыть текст
35. Құмнан жасалған қамал
Көктем. Жағажайдағы күн керемет. Күн жайнап тұр. Самал жел соғып тұр. Адамдар суда жүзіп жүр. Адамдар күн астында қыздырынып жатыр. Сэм құмнан қамал салып жатыр. Басқа ешкім құмнан қамал салып жатқан жоқ. Ол бар құмды қалауынша пайдалана алады! Ол үлкен қамал сала алады!
Скрыть текст
36. Ол музыка тыңдап отыр
Ол құлаққабын қосты. Оның құлаққабы сыртқы шуды жібермейді Ол өзіне ұнайтын музыканы таңдайды. Бұл музыка рэп стилінде. Ол музыка ырғағына билеп жатыр. Ол кәсіби биші болуды армандайды. Ол күн сайын жаттығады.
Скрыть текст
37. Ол жүгіргенді ұнатады
Ол кроссовкасын киіп жатыр. Ол пәтерінен шықты. Ол мектебіне қарай жүгіріп келеді. Ол үйлерге қарағанды ұнатады. Оған бетіне соққан желді сезінген ұнайды. Ол мектепке дейін жүгіріп келеді. Ол мұғалімін көрді. Оған осы мұғалім ұнамайды. Ол қайта үйіне қарай жүгіріп келеді.
Скрыть текст
38. Қызықты Хэллоуин
Хэллоуин. Хэллоуин – бұл адамдар әр түрлі киім киетін уақыт. Жастар әртүрлі киім кигенді ұнатады. Кәрі адамдар әдеттегі киімдерін киеді. Балалар үйдің есіктерін қағып тәтті ас сұрайды. Олар бір үйге жақындап келеді. Олар есіктің қоңырауын басып жатыр. Олар: «Бірдеңе бер, немесе мен сиқырлап тастаймын!» Олар тәтті тағамдар алады. Олар басқа үйге қарай бара жатыр.
Скрыть текст
39. Кит пен Джон екеуі де жылады
Кит Джонды ұрып жіберді. Джон шалқасынан құлады. Джон жылап жатыр. Кит күліп жатыр. Джон мұғалімді тауып алды. Ол Киттің не істегенін айтып берді. Мұғалім Китке ұрсып жатыр. Кит жылап жатыр. Кит пен Джон екеуі де жылап жатыр. Балалар оларға күліп жатыр. Кит пен Джон одан да қатты жылап жатыр. Мұғалім оларға қағаз майлықтар беріп жатыр.
Скрыть текст
40. Әуе шары
Джейсон шар үрлеп жатыр. Оны анасына бергісі келеді. Ларри оны қаламымен жарды. Тарс еткен дауыс Джейсонды шошытып жіберді. Джейсон айғалап жіберді. Ол Ларриге ызалы. Ларри күліп жатыр. Джейсон Ларриды жұдырықтып ұрып жытыр. Ларри құлады. Джейсон күліп жатыр. Ларри тұрып Джейсонды жұдырықтап жатыр. Екеуі төбелес үшін келеңсіз жағдайға қалды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Мади Толегенов, Мурат Аяганов, Раушан Муталипова, Алия Отеш, Роза Алиева, Гульзайнаб Сисенова, Салтанат Калдыбекова, Aigera Yerzhanova, Assel Kanybekova, Молдир Занкоева, Акжайык Сабырбаева, Маржанай Ташимова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 2, стр.1 Вернуться к началу Чтение детям. Том 2, стр.3  >>