Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 2, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

41. Ол мысықты құтқарады
Ол "Мяу" дегенді естіді. Мяулаған дыбыс ағаш жақтан естілді. Ол ағашқа мұқият қарады. Ол сүйкімді, ақ мысықты көреді. Ол ағашқа қыстырылып қалған. Қыз ағашқа шықты. Ол мысықты алып , жерге түсті. Мысықтың қожайыны бақытты. Ол қызға 15 доллар берді. Ол бұл ақшаға мысық сатып алды.
Скрыть текст
42. Құмырсқаларды өлтіруге болады
Сіз адамды өлтіре алмайсыз. Бұл заңға қарсы. Сізді түрмеге отырғызады. Сіз біреудің итін өлтіре алмайсыз. Бұл да заңға қарсы. Сіз құмырсқаны өлтіре аласыз. Құмырсқаларды ешкім жақсы көрмейді. Құмырсқалар сіздің тамағыңызды жейді. Құмырсқалар сіздің үйге кіріп кетеді. Құмырсқаларды өлтіру заңға қарсы емес.
Скрыть текст
43. Ақ ит
Оның иті бар. Ол ақ. Оның аяқтары қысқа. Оның құлақтары үшкір. Ол өте тез жүгіреді. Ол итпен ойнайды. Ол ойыншықты бөлмесіне лақтырады. Ол итіне оны барып алып келуін өтінеді. Ит жүгіріп барады. Ол артынан қарап тұр. Ит оған қарай жүгіріп келеді. Ойыншық иттің аузында.
Скрыть текст
44. Көшенің иті
Ол көшеден ит тауып алды. Оның қарғыбауы жоқ. Ол иттерді жақсы көреді. Ол итті үйіне алып келді. Ол оны жуындырады. Оны мал дәрігеріне апарады. Ит ауру. Ол жақында өледі. Оған тіпті xирургиялық операция көмектеспейді. Ол итті жібере салатын болды.
Скрыть текст
45. Итке тиіспеңдер
Оның иті үлкен. Ол неміс төбеті. Ол итін жақсы көреді. Ол итін қалада қыдыртады. Көшедегі адамдар әрқашан итіне жақындайды. Олар оны сипалайды. Олар рұқсатсыз сипалайды. Бұл оған ұнамайды. Оған итін басқа адамдардың ұстағаны ұнамайды. Ол итін басқа адамдардан алыс ұстайды.
Скрыть текст
46. Үйректерді тамақтандыру
Ол саябаққа бара жатыр. Саябақта көл бар. Ол нанның бір тілімін алады. Ол оны ұсақтайды. Ол нанды суға тастайды. Үйректер нанның қиқымының артынан қуалай жөнеледі. Ол тағы да бір тілім нан алады. Ол тілім нанды көлге тастайды. Екі үйрек бір тілім нан үшін төбелеседі.
Скрыть текст
47. Ол бөтен балалармен отырады
Ол – келіп қарайтын күтуші. Ол ата-аналардан сағатына 10 доллар алады. Бөтен балалармен ол жарты күн отырады. Ол үйге барады. Ол балалармен ойнайды. Ол оларға үй жұмыстарын орындауға көмектеседі. Оларға тамақ дайындайды. Ата-аналары жұмыстарынан келеді. Оған алғыс айтады. Олар 80 доллар төлейді.
Скрыть текст
48. Оның жұмысқа өтініші
Ол аяқ-киім дүкенінде жұмыс істегісі келеді. Ол жұмысқа өтінішін басып шығарады. Ол үш бет болды. Ол аяқ-киім дүкеніне барады. Ол меңгерушіге қағаздарын ұсынады. Меңгеруші қағаздарды стэплермен бекітсін деп айтады. Онда стэплер жоқ. Ол еденнен қағазға арналған қыстырғыш тауып алады. Ол соны пайдаланады.
Скрыть текст
49. Ол жұмыс табады
Ол 16 жаста. Ол қазір жұмысқа қабылдануы мүмкін. Ол сүйікті мейрамханасында жұмыс істегісі келеді. Ол жерде жұмыс істесе, түскі асқа жеңілдіктер алады. Ол оларға хабарласады. Ол басқарушымен сөйлеседі. Басқарушы оны сұхбатқа шақырады. Ол өзі жайлы айтып береді. Басқарушы оған келесі аптада хабарласатынын айтады.
Скрыть текст
50. Қымбат әмиян
Ол ақша табу үшін көп жұмыс істейді. Ол аптасына 40 сағат жұмыс істейді. Ол өзіне жақсы бір нәрсе алғысы келеді. Ол дүкен аралайтын болды. Ол сүйікті дүкеніне барады. Ол жерде әдемі киімдер көп. Барлығы өте қымбат. Ол өзіне ұнайтын әмиянды көреді. Ол 50 рубль тұрады. Ол сатып алайын ба деп ойланып тұр. Ол әмиянды сатып алады.
Скрыть текст
51. Ол дәрігер
Ол дәрігер. Ол балаларды емдейді. Дәрігер балалар үшін уайымдайды. Ол балалардан қай жерің ауырады деп сұрайды. Ол балаларға бәрі жақсы болатынын айтады. Ол оларға тәтті береді. Балалар оны жақсы көреді. Ата аналарға рецепт береді.
Скрыть текст
52. Ол ұйықтауға дайындалуда
Ұйықтар алдында Сараға бір нәрсе істеу керек. Оған шырақ жағу керек. Оның иісі оған жақсы ұйықтауға көмектеседі. Ол пижамасын киеді. Пижамамен ұйықтаған ыңғайлы. Оған он минут кітап оқу керек. Оқыған ұйқысын келтіреді. Осыдан кейін ол ұйықтай алады.
Скрыть текст
53. Ол бетін жуады
Ол тегешке су толтырды. Ол бетке арналған сұйық сабынды алақанына құйды. Ол көздерін жұмды. Ол сұйық сабынды бетіне жағады. Ол қолдарын суға салады. Ол суды бетіне шашады Ол мұны су біткенше істеді. Ол бетін сүлгімен сүртті.
Скрыть текст
54. Ол оған Библияны береді
Ол көшеде келе жатыр. Бір әйел оны тоқтатты. Ол ер адамнан христианинсыз ба деп сұрады. Ол жоқ деп жауап берді. Менің христианин болуым керек - деді. Әйел оған Библияны берді. Ол оны алды. Ол оны оқиды. Библияны шынында да қызық деп ойлайды. Оны қолынан тастамайды. Ол жақын жердегі шіркеуге барады. Ол сыйынады.
Скрыть текст
55. Оның компьютері істен шықты
Ол компьютерінде ойын ойнайды. Ол ас үйден бір стакан су әкеледі. Стаканды үстелге қойды. Ол абайсызда стаканды құлатып алды. Су пернетақтаға құйылды. Компьютердің дисплейі қап-қара болып кетті. Ол компьютерді қайтадан қосуға тырысты. Ол жұмыс істемеді.
Скрыть текст
56. Тәртіпсіз көрермен
Ол киноға келді. Ол отырды. Ол аяғын жоғары көтерді. Ол жан-жағына қарады. Ол попкорнды қытырлатып жейді. Ол телефонын пайдаланды. Ол біреуге телефон соқты. Ол қатты сөйледі. Ол бәрінің мазасын алды. Көрермендер оған шығып кет деді.
Скрыть текст
57. Ол көйлекті қайтарды
Ол сатып алған көйлегін дүкенге қайта алып келеді. Көйлек тым үлкен. Оған кіші өлшем керек. Дүкенде кіші өлшемді көйлек жоқ. Ол көйлекті қайтарады. Ол ақшасын қайтарып алады. Ол өзіне ұнайтын басқа көйлекті көреді. Көйлек өте әдемі. Ол оны сатып алады. Ол бірінші көйлекке қарағанда арзан.
Скрыть текст
58. Сергектік үшін кофе
Оған түні бойы сергек болу керек. Оған ұйықтауға болмайды. Ол кофе сатып алмақшы болды. Кофе адамдарға сергек болуға көмектеседі. Ол төрт шынаяқ кофе сатып алды. Төрт түрлі дәмі бар кофе. Ол әрбір шынаяққа екі шақпақ қант салды. Ол кофеден ұрттады Ол ыстық әрі дәмді.
Скрыть текст
59. Ол сыйлық сатып алады
Ол құрбысына сыйлық сатып алады. Бұл оның сүйікті кітабы. Ол орайтын қағаз алады. Ол кітапты қағаздың үстіне қояды. Ол кітапты қағазға орайды. Ол қағазды жабысқақ лентамен жабыстырады. Ол үстіне оның есімін жазады. Оралған кітапты лентамен бантик түрінде байлайды. Ол сыйлықты сыйлық пакетіне салады.
Скрыть текст
60. Әдемі қыз
Кейт журналға қарап отыр. Журнал мұқабасында әдемі қыз. Оның шашы ұзын. Оның көздері үлкен және көк. Оның терісі әдемі көрінеді. Ол манекенші. Кейт журналды ашады. Ол журналдан маникеншіні іздеді. Ол манекенші туралы мақаланы оқиды. Оның орнында болсам деп армандайды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Мади Толегенов, Мурат Аяганов, Раушан Муталипова, Алия Отеш, Роза Алиева, Гульзайнаб Сисенова, Салтанат Калдыбекова, Aigera Yerzhanova, Assel Kanybekova, Молдир Занкоева, Акжайык Сабырбаева, Маржанай Ташимова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 2, стр.2 Вернуться к началу Чтение детям. Том 2, стр.4  >>