Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 2, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

81. Жағажайда күнге қыздырынып жатыр
Жаз. Күн аспанға көтеріліп жарқырап тұр. Ол жағажайға бара жатыр. Ол құмға орамалды төседі. Ол күнге қарсы крем жақты. Ол теріні қорғайды. Ол күнге арналған көзілдірілік тақты. Ол күннің көзіне зақым келтіргенін қаламайды. Ол орамалға жатты. Ол күнге қыздырынып жатқанына қуанышты.
Скрыть текст
82. Ол күртесін алуды ұмытады
Ол асығыс. Ол футболкамен шорты киеді. Ол үйден шығады. Ол машинасымен жұмысқа бара жатыр. Оның жұмыс орны суық. Оған күртке керек. Ол жылытқышты қоспауға тырысады. Оның қызметтестері ашулы. Ол досынан күртесін сұрайды. Оның да күртесі жоқ.
Скрыть текст
83. Ол еден жуады
Үйді жинау керек. Ол шелекті алады. Ол оны суға және жуғыш затқа толтырады. Шелектің іші көпіруде. Ол шелекке сорғышты салады. Ол су болды. Ол еден жуып жатыр. Бұл бір сағат уақытты алады. Үй үлкен. Сосын еденді шүберекпен сүртеді.
Скрыть текст
84. Ол шай дайындайды
Ол суды аққұманға құяды. Ол аққұманды плитаға қояды. Ол жылуды қосады. Ол бес минут күтеді. Су қайнайды. Ол кружкаға суды құяды. Ол пакетиктегі шайды салады. Су жасыл болады. Ол шайға аздап бал салады. Ол оны қасықпен араластырады.
Скрыть текст
85. Жалған тату белгілері
Джулиана тату салғызғанды ұнатады. Ол оларды керемет деп санайды. Ол көп тату жасатқысы келеді. Алайда, ол инеден қорқады. Ол жалған тату жасатады. Солардың бірі - піл. Ол татуды қолына жасады. Оның татулары шынайы болып көрінбейді.
Скрыть текст
86. Ол арналарды ауыстырып отыр
Ол диванда отыр. Ол пультті алды. Ол теледидарды қосты. Ол жаңалықтарды қарап отыр. Ол жаңалықтарды қарағысы келмейді. Ол келесі арна ауыстырды. Бұл балалар арнасы. Ол қайтадан арнаны ауыстырды. «Плохие девочки» фильмі жүріп жатыр. Бұл оның сүйікті фильмі.
Скрыть текст
87. Ол баскетбол жаттығуына баруға жиналып жатыр
Ол баскетбол жаттығуына дайындалады. Ол команда капитаны. Оның үстінде футболка мен шорты. Аяғында баскетболға арналған туфли. Ол бөтелкесіне су құяды. Ол оны спорттық сөмкесіне салып жатыр. Тағы баскетбол добын салып жатыр. Ол өз машинасына отырып жатыр. Ол спортзалға бара жатыр.
Скрыть текст
88. Олар бірге билейді
Бишілер байқауы өтіп жатыр. Бұл жыл сайын өтетін байқау. Жеңімпаздар сыйлықтар мен ақшаға ие болады. Бишілер сахнаға бірге шығады. Олар ән әуенімен би орындайды. Олар хип-хоп стиліндегі әнді таңдайды. Бұл биде па қимылы көп. Олардың бәрін есте сақтау қиын. Оларды жүздеген адам бақылап отырады.
Скрыть текст
89. 18-ші туған күн
Ол 18 жаста. Қазір оның қолынан көп нәрсе келеді. Ол темекі сатып ала алады. Алайда, темекі денсаулыққа зиян. Ол жұмыс бойы жұмыс істей алады. Ол өзі үшін шағын кеш ұйымдастырады. Адам көп келеді. Ол көптеген сыйлықтар алады. Немере ағасы оған бір қорап темекі сыйлады. Ол темекінің керек емес екенін айтты.
Скрыть текст
90. Мұражайға бару
Ол мұражайда. Ол суретке қарап тұр. Суретте ит бейнеленген. Ол итке ұзақ қарады. Оның бойында қандай-да бір әдемілік бар. Ол басқа суретке қарады. Онда билеп тұрған жігіт бейнеленген. Ол суретші туралы ақпаратқа қарады. Суретшінің есімі – Райан Говард.
Скрыть текст
91. Ол гитарада ойнайды
Ол жерге отырады. Адамдар оған таңдана қарайды. Ол саусақтарымен гитара шектерін шертеді. Ол ән тартады. Махаббат туралы ән. Адамдар аяқтарын соғып билейді. Олар тағы да ән салуын сұрайды. Ол бақытты. Ол басқа әнді айтады. Оның қызы жақындайды. Ол қаттырақ ән салады.
Скрыть текст
92. Оған бір цент жетпейді
Ол тауармен кассаға жақындады. Тауар 40 доллар, 1 цент тұрады. Ол әмиянына қарады. Онда тек 40 доллар ғана. Ол кассирден осы қанағаттандыра ма деп сұрады. Кассир дөрекі дауыспен: "Жоқ!" деді. Ол аяғының астына қарады. Бір жерде тиын жатуы тиіс. Бейтаныс адам оны иығынан түртті. Ол: "Сізге цент қажет пе?" деп сұрады.
Скрыть текст
93. Ол уайымдайды
Ол қатты уайымдайды. Ол болашағы туралы көп ойлайды. Ол кімге үйленетіні туралы уайымдайды. Ол әйелінің нашар болғанын қаламайды. Ол жұмыс таба алмай қаламын ба деп уайымдайды. Оның баспанасыз болғысы келмейді. Ол достары өзін тастап кете ме деп уайымдайды. Оның жалғыз қалғысы келмейді.
Скрыть текст
94. Ол пошташыны күтеді
Ол үйдің жанында тұр. Ол сол жаққа қарайды. Ол оң жаққа қарайды. Ол пошташыны күтіп тұр. Анасынан сәлемдеме келуі тиіс. Ол пошташыны көріп қалды. Оның үстінде көгілдір көйлек. Ол қолын бұлғап сәлемдеседі. Пошташы сәлемдемені береді. Ол алғаны жөнінде қол қояды. Ол үйіне қарай жүгіріп барады.
Скрыть текст
95. Партаның астына жабысқан сағыз
Ол сабақ үстінде сағыз шайнап отырды. Мұғалім ашуланады. Мистер Хилл сабақтан кейін үзілісте қалуын өтінді. Ол қыздан не істеу керек екенін сұрады. Мұғалім оған партаның астындағы сағыздарды жинап алуын айтты. Ол партаның астына қарауын сұрады. Партаның астында жабысқан сағыздар көп екен. Ол жиіркенді.
Скрыть текст
96. Тамақ ұрлау
Ол жұмыстан шығарылғанына ызалы еді. Ол шоттарын төлей алмайды. Оның қарны аш. Оның тамақ сатып алатын ақшасы жоқ. Ол бірдеңе істеуді шешті. Ол супермаркетке келе жатыр. Ол азық-түлікті алып, дүкеннен шығуға бара жатыр. Дабыл соғылды. Басқарушы полицияны шақырды.
Скрыть текст
97. Ұрлық
Ол дүкенге кірді. Ол видео ойындар тұрған жерге бара жатты. Ол өзіне ұнайтын ойынды көріп қалды. Ол айналасына қарады. Артынан бақылап тұрған ешкімді байқамады. Ол видеоойынды күртешесіне салды. Ол бұл видеоойынды сатуды жоспарлады. Бұл танымал ойын еді. Ол шыға бергенде дабыл ойнай жөнелді.
Скрыть текст
98. Ол жаман бала
Ол адамдарды мазақтайды. Ол адамдарды семіз деп мазақтайды. Ол сыныптастарына жаман хабарламалар жібереді. Ол дәлізде адамдардың аяқтарынан шалады. Ол барлық сынақтарында басқалардан көшіреді. Ол адамдардан ақша ұрлайды. Ол ешқашан мұғалімдерін тыңдамайды. Мұғалімдер оның сабақтарында болғанын қаламайды.
Скрыть текст
99. Колледждегі соңғы күн
Бүгін оның колледждегі соңғы күн. Анна үйіне қайтады. Оның төрт чемоданы бар. Чемодандарына киімдерін және кітаптарын салды. Ол байқаусызда кітаптарын құлатып алды. Кітаптары ауыр. Ол кітаптарын көтерді. Ол химия пәні кітабына қарады. Ол химия пәнін сүймейді.
Скрыть текст
100. Ол кетеді
Ол басқа облысқа кетеді. Ол қуанышты, бірақ аздап көңілсіз. Ол жаңа жерде жұмысқа орналасатынына қуанады. Жаңа адамдармен кездесетініне қуанады. Ол жаңа өмір бастайтынына қуанады. Отбасынан алыстайтына көңілсіз. Достарынан алыстайтына көңілсіз. Көп нәрсенің орны жетпейтін болады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Мади Толегенов, Мурат Аяганов, Раушан Муталипова, Алия Отеш, Роза Алиева, Гульзайнаб Сисенова, Салтанат Калдыбекова, Aigera Yerzhanova, Assel Kanybekova, Молдир Занкоева, Акжайык Сабырбаева, Маржанай Ташимова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 2, стр.4 Вернуться к началу Чтение детям. Том 3, стр.1  >>