Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Начальное чтение детям

Том 3, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Жаңа көршімен танысу
      Хайденаның көршісі бір ай бұрын көшіп кеткен болатын. Хайдена қуанышты еді. Ол қарт көршісін ұнатпайтын, өйткені ол қатты ән айтатын. Бұл үй тапсырмасын орындағанда алаңдап отыратын. Жаңа көрші кеше орналасқан болатын. Хайдена жаңа көршісімен амандасқысы келді. Хайдена жаңа көршісінің есігін қақты. Есікті өзімен жасты қыз бала ашады. «Сәлем, Сізді тыңдап тұрмын?» - дейді көрші қыз. «Сәлем, мен Сіздің көршіңізбін, жай ғана танысуға келдім», - деді Хайдена. «Тамаша! Менің атым Бетти». «Сен Джордж Крамер атындағы орта мектепте оқисың ба?» - деп сұрады Хайдена. «Иә», - дейді Бетти. Хайден өте қуанышты еді. Енді сабаққа бірге дайындалатын болды.
Скрыть текст
      82. Үндемес ойыны
      Кайла сіңлісін жақсы көреді. Оның аты Бренда. Алайда ол өте мазасыз. Бренда көп сөйлейді ,әрі қатты сөйлейді. Кайлаға бір ой келді. «Қане, үндемес ойнын ойнап көрейікші, сенің бірден ойыннан шығатыныңа күмәнім жоқ!» - дейді Кайла. «Менің қолымнан келетініне күмәнің болмасын!» - деп жауап береді Бренда. Ол күтпеген жерде өзін жақсы ұстады. Ол күні бойы сөйлемеді. Кайла қуанышты еді. Алайда Бренда келесі күні де осы ойынды жалғастыра берді. Кайланың іші пыса бастады, өйткені ол сіңлісінің даусын естімеді. Бренда бұл ойынды тіпті мектепте де ойнай береді. Ондағы мұғалімдер Бренданың сынып жұмыстарына қатыспағанына ашуланады. «Жарайды, сен жеңімпаз болдың Бренда», - деді соңында Кайла.
Скрыть текст
      83. Тал отырғызу
      Сара жаратылыстану ғылымы сабақтарынан өсімдіктер туралы білді. Ол өсімдіктіктердің - адамдарға көмектесетінін білді. Адамдар болса жыл сайын тропикалық ормандарды құртатынын оқыды. Онымен қоса талдарды да құртады. Ол талдар болмаса, адамдардың дем алуы үшін оттегінің болмайтындығын біледі. Сондықтан ол мектепте бір үйірме ұйымдастырмақшы болды. Оны «Көгалдандыру жобасы» деп атайды. Бұл үйірменің мүшелері талдарды отырғызумен айналысатын болады. Бұл барлық мәселені шешпесе де, ағаш отырғызу – бұл қоршаған ортаны қорғауға көмектесетін бір тәсіл. Сонымен қатар, басқа да жаңа адамдармен кездесу әрқашан қызықты. Үйірме мүшелері әр сенбі сайын жиналатын болды. Үйірменің әр мүшесі нақты бір жұмысқа жауап беретін болды. Басында топта тек қана 20 адам болған еді. Кейін мектеп оқушылары үйірменің мақсатын білгеннен соң, мүшелер саны көбейді. Келесі аптада үйірмедегі адам саны жүзге дейін жетті.
Скрыть текст
      84. Қаражат жинауға арналған шоколад саудасы
      Саяхатқа шығуға қаражат жинау үшін мектепте шоколад саудасы жүргізіліп жатыр. Барлық балалар ақша жинау үшін шоколад саудасына қатысты. Шоколад сатуға қатыспаған оқушылар саяхатқа қаражатты өз қалталарынан төлеуге немесе бармауға тиіс болатын. Сатылымда шоколадтың әр түрлері болды: сүтті, қара, карамельмен, вафлимен. Бір шоколад бір доллар тұрады. Шоколадты көп сатқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік сатушы велосипед алды. Барлық оқушылар шоколадты қуана сатып жатыр. Өткен жылы 30 қорап шоколад сатылған. Бұл ең үздік нәтиже болды. Әркім осы жылы рекордты нәтижеге жетуге тырысты.
Скрыть текст
      85. Скаут-қыздардың печеньесі
      Бұл скаут-қыздардың печенье сататын мезгілі еді. Скаут-қыздардың печеньесін бәрі жақсы көретін. Олар өте дәмді . Осы сауда қайырымдылыққа бағытталған болатын. Барлық Скаут-қыздар печенье сатуға тиіс болатын. Бәрінен көп печенье сатқан қыз, әдетте, сыйлықпен марапатталады. Сатылымда печеньенің бірнеше түрлері бар. Барлығы да бір бағамен сатылатын болды. Әр адамның талғамы әр түрлі. Әр талғам үшін печенье бар. Скаут-қыздар печеньенің көбін мектепте сатты. Кейбіреулері печеньені базарда сатты. Ал кейбіреулері печеньені сауда орталықтарында сатты. Кейбіреулері тіпті үй-үйге кіріп печенье сатып жүрді. Печенье саудасы қызықты шара болғанымен, ол үлкен жұмыс.
Скрыть текст
      86. Тәлімгер
      Осы жылы Сара тәлімгер болады. Оған кіші жастағы бүлдіршіндермен жұмыс жасау ұнайды. Алайда осы жылы лагерьге орта сынып оқушылары демалуға келеді. Ол ешқашан бұл жастағы балалармен жұмыс жасап көрмеген. Сара олардың оны ұнатпағанын қаламады. Балаларды келесі күні күтіп алды. Балалар ол күткендей жаман болмады. Сара оларды нашар болады деп ойлады. Олар оны жек көреді деп ойлады. Алайда барлығы да өте жақсы балалар. Олар лагерде болғандарына өте қуанышты болды. Лагерьдегі демалыс аяқталғанда Сара бәрін досы деп есептеді. Барлығы Сараға таңдана қарады. Ол кетер кезде көңілсіз болды.
Скрыть текст
      87. Гаррсон телефонын жоғалтты
      Гаррисонға телефон керек. Оның қолында телефон ешқаншан бір жылдан артық тұрмайды. Үнемі келеңсіз жағдай болып қалады. Гаррисон бұған дейін де телефонын жоғалтқан. Ол оны мектепте қалдырып кеткен. Ол мектепке қайта келіп, телефонын тауып алғысы келді. Алайда тастап кеткен жерінен оны таба алмады. Гаррисонның телефонын бұған дейін де ұрлаған болатын. Телефоны қалтасында болған. Алайда жоғалып кетті. Ол бір адамның телефонын алып, қаша жөнелгенін де көрді. Гаррисон телефонын унитазға да құлатып алған кезі болды. Ол біреуге хат жазып жатқанда, телефон қолынан сырғып түсіп кеткен. Ата-анасы оған жаңа телефон сатып алғысы келмейді. Гаррсонның тағы оны жоғалтатынын біледі.
Скрыть текст
      88. Мектеп бітіру емтиханы
      Көптеген оқушылар мектеп бітіру емтиханын тапсырулары керек. Бұл өте маңызды емтихан. Оның нәтижесі шешуші дәрежеде оқушының бағасына ықпал етеді. Ол оқушы бағасын арттырып немесе кемітуі мүмкін. Әдетте ол ұзақ уақыт өткізіледі. Негізінде жинақты болып келеді, ол дегеніміз – курс басынан өткен ақпараттың барлығын қамтиды. Яғни, курс басынан өткеннің барлығын есте сақтау қажет. Бұл емтиханды тапсыру үшін өте жақсы дайындық қажет. Емтихан сұрақтары бірнеше жауаптардан тұруы мүмкін. Емтихан шығарма түрінде де болуы мүмкін. Емтихан бос ұяшықтарды толтыру түрінде де болуы мүмкін. Емтихан алдында жақсылап тынығып алуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ пайдалы таңғы ас ішіңіз. Тым жоғары қанты бар тағам жемеңіз. Жемістен жасалған салат секілді тағам жеңіз. Шәрбатпен құймақ жемеңіз. Сәттілік тілейміз!
Скрыть текст
      89. Ерекше майшам
      Ширли құрбыларымен сауда орталығына барды. Олар орталықтың ішіне кірді. Оның ішінде көп дүкендер бар. Бірінші олар майшам сататын дүкенге кірді. Дүкенде үлкен сатылым жүріп жатыр . Ширли жасыл түсті майшамды алып, иісін көрді. Одан қарағай орманының иісі аңқиды. Бұл иіс оған атасын есіне салды. Атасы осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған . Ол атасына баруды жөн көреді. Ол майшам сатып алмақшы болды. Ширли құрбыларын үйлеріне жеткізіп тастады. Одан әрі бейіт басына жол тартты. Ол атасының қабыр үстіндегі ескерткішіне майшамды қойды. Ол күлімдеді. Атасы майшамды ұнататынын біледі. Ол үйіне оралды.
Скрыть текст
      90. Музыканы жүктеу
      Томас «Жасыл күн» жаңа альбомын алғысы келді. Алайда, оның ақшасы аз еді. Ол жұмысынан айырылып қалған. Оның үстіне, ол колледждің ақысын төлеуі керек болды. Ол музыканы жүктеп алмақ болды. Оны ғаламтордан іздеді. Сілтемені басты. Бұл көптеген музыкасы бар вебсайт болатын. Ол ең әуелі «Жасыл Күн» альбомын жүктеді. Ол мұның соншалықты тез болғанына таңқалды. Ол тағы бірнеше альбомды жүктеп алды. Ол «Бір бағыт» альбомын да жүктеп алып, оны қарындасына жіберді. Ол «Бір бағытты» жақсы көретін. Алайда, қарындасы бұған қуана қойған жоқ. Ол оның әуенді заңсыз жүктеп алғанына ашуланды. Ол ағасына альбомды сатып алғаның жөн деді.
Скрыть текст
      91. Ыдыс-аяқ жуу
      Смиттер ыдыс-аяқты кезекпен жуатын. Апасы ыдысты дүйсенбі күні жуатын. Әкесі сейсенбі күні жуады. Ал Саманта сәрсенбі күні ыдыс жуады. Содан кейін кезек қайтадан басталатын. Бүгін сәрсенбі, Самантаның кезегі. Саманата түскі астың ыдыстарын үстелден жинап алды. Оларды ыдыс жуғышқа салды. Губкаға ыдыс жуғыш құралдан тамызды. Ол ыдысты губкамен жуады. Ол жұмысын жеңілдету үшін ән салады. Ол ыдысты сумен шайқайды. Ол ыдыстарды орамалмен сүртеді. Оларды ыдыс кептіргішке орналастырады. Оның ыдыс жуғыш машина сатып алғысы келеді.
Скрыть текст
      92. Калифорниядағы суық күн
      Габби ауа-райы арнасын қосты. Синоптиктердің болжамы бойынша температура 3 градусқа дейін төмендейді екен! Бұл Калифорния үшін суық күн! Габбиге дайындалу керек. Ол тері жағасы бар күрткесін тапты. Ол мұны желтоқсаннан бастап киетін. Ол қолына қолғап киді. Мұны оған әжесі тоқып берген. Екі шалбарды қабаттап киді. Мойнына шарфты тақты. Мұны да әжесі тоқып берген болатын. Ол басына бас киім киді. Аяғына жүн шұлық киді. Ол етігін киді. Ол үйден шығуға дайын. Ол көшеге шықты. Ол көшеде қысқа шалбар мен жеңсіз футболкалар киген адамдарды көрді.
Скрыть текст
      93. Жылдамдықты шектеу
      Тұрғындар тұратын аудандарда жылдамдықты сағатына 25 мильге (40 шақырым)дейін төмендету енгізілген. Адамдар әдетте бұдан жоғары жылдамдықпен жүреді. Тек Сарадан басқалары. Сара көлігімен жұмысқа бара жатты. Ол радионы қосты. Өзінің сүйікті музыкасы ойнап тұр екен. Ол басын изей бастады. Кенет ол гудок естіді. Ол арттан естілді. Бір жүргізуші оның алдын кесіп өтпек болды .Сара сағаты 25 миль жылдамдықпен келе жатқан. Оның дабылдататын жөні жоқ еді. Ол ережені сақтап келе жатқан. Ол ақырындап жүре бастады. Ал жүргізуші ашуланды. Дабылдатуын жалғастыра берді. Ол бұрынғыдан да ақырындады. Қазір ол сағатына 10 миль жылдамдықпен келе жатыр. Ол оң жолаққа шықты. Арттағы жүргізуші оны басып озды.
Скрыть текст
      94. Мұқият жиналу
      Эбби Лас-Вегасқа жол жүрмек болды. Ол жақта үш түн болады. Сондықтан барлық заттарын мұқият жинауы керек. Ең әуелі оған чемодан керек. Оның барлық чемодандары сынып қалған . Ол құрбысының чемоданын ала тұрды. Оған әуелі ең қажетті заттарын салды. Ол тіс пастасын, тіс щеткасын және әмиянын салды. Ол жұқа матадан тігілген жейдесі мен шолақ шалбарын салды. Лас-Вегаста ыстық болады. Ыстық болғандықтан ,ол күнге күюден қорғайтын крем алды. Эббидің терісі күнге тез қызарып кетеді. Оның үстіне терісі тез кеуіп кетуші еді. Ол багажға лосьон да салды. Ол тізімде жазылғандардың тек төрттен бірін ғана жинады. Енді оған тағы біраз уақыт керек.
Скрыть текст
      95. Ғаламтор арқылы аяқ-киім алу
      Дэнни ғаламтор арқылы жаңа туфли сатып алды. Ол оны алғанша шыдамы таусылды. Ол терезеге қарады. Ол ақ қорабы бар почтальонды көрді. Ол оның сәлемдемесі болуы керек. Ол далаға шықты. Почтальоннан қорапты алған Дэнни, рахмет! - деп айқайлады. Дэнни жылдам қорапты ашты. Туфли тамаша болып көрінді. Олар оның күткеніндей тамаша көрінді. Ол оларды киіп көрді. Олар тым тар еді. Оған оларды айырбастау керек болды. Оған 12-ші (43-ші) өлшемді туфли қажет еді. Ол компанияға қоңырау шалды. Телефон бос емес. Ол ұзақ уақыт бойы қоңырау шалды. 40 минут өткеннен кейін оның кезегі келді. "Сәлеметсіз бе, маған туфли айырбастау қажет", - деді Дэнни. "Өкінішке орай, барлық аяқ киімдердің бағасы соңғы деп саналады, яғни айырбасталынбайды және қайтарылмайды", - деді сауда менеджері. Дэнни таң қалды. Ол қораптағы әдемі етіп бекітілген жазбаға қарады. "Барлық бағалар соңғы".
Скрыть текст
      96. Кредит картасы
      Эббидің анасы оған өзінің кредит картасын берді. Бұл кредит картасы жедел тауар сатып алуға арналған карта деп ойлаған. Эбби сауда үйіне өз құрбыларымен бірге барды. Өл əдемі сөмке көрді. Ол қара түсті жəне жылтыр. Оған сол сөмкені алу керек болды. Ол дүкенге кірді. Ол бағасына қарады. Сумка алты жүз доллар тұрады. Ол оны сатып алғысы келді. Ол өзінің кредит картасына қарады. Ол сатушыға жақындады. Ол оған өз кредит картасын ұсынды. Сатушы оны санау құрылғысынан өткізді. Ол сөмкенің ақшасын кейін төлеу керек екенін білмеді. Сөмке бір айдан соң төлеу шотынан шықты.
Скрыть текст
      97. Анаға арналған гүлдер
      Аналар күні болған. Бренда анасына сыйлық сатып алғысы келеді. Бірақ Бренда кедей. Бренданың жұмысы жоқ. Ол сыйлықты өз қолымен жасамақ болды. Ол ауланың артындағы гүлді жұлып алмақ болды. Ол ауланың артына барды. Ол бұталар мен ағаштарды көрді. Ол жерден ешқандай гүл көрмеді. Ол көршілеріне барды. Олардан бақтарын аралап көруді өтінді. Олар оны баққа кіргізді. Олардың бағы керемет екен. Гүлдер өте көп. Үлкен гүлдер бар. Кішкентай гүлдер де бар екен. Раушангүлдер де бар. Қызғалдақ та бар. Таңдап алуға болады. Ол әртүрінен бірнеше гүл жұлып алды. Ол көршісіне рахмет айтты.
Скрыть текст
      98. Мектепті аяқтау
      Тэмми мектеп бітіреді. Ол 600 түлектің бірі. Ол мектеп бітіргені туралы куәлік алғаннан кейін колледжге барады. Ол залдағы адамдарға қарады. Ол өзінің ата-анасын көрді. Олардың осында екеніне қуанып қалды. Ол сол жағына қарады. Ол жақта өзінің ең жақын құрбысы отыр екен. Олар мектепте оқыған кезінде жақын құрбылар болған. Оның ең жақын құрбысы да колледжге барады. Тэмми оң жағына қарады. Бұл оның жігіті. Олар екеуі бір колледжге барады. Тэмми өткенді есіне түсірді. Кейбір естеліктер жақсы болса, кейбір естеліктер жағымсыз. Осының бәрі артта қалды. Ол енді жаңа өмір бастайды.
Скрыть текст
      99. Колледжге түсу
      Хосе мектеп бітіруші. Енді колледж таңдайтын уақыт келді. Бұл өте сындарлы, әрі жауапты кезең. Оның өтініш жазуы керек . Оның эссе жазуы керек. Оның үстіне, осының бәрін уақытында өткізуі керек. Хосе колледждерді аралауы керек. Ол өзі өтініш бергісі келетінін колледж таңдауы керек. Олардың қайсы қолжетімді екенін білуі керек. Ол бес түрлі колледжге өтініш бермек болды. Ол әрбір оқу орнын мұқият тексерді. Ол аздап жүрексінді. Тіпті уайымдай бастады. Ол орта мектептен әрі қадам басуға дайын еді. Колледжге өтініш беру оңай жұмыс емес екен.
Скрыть текст
      100. Жатақханаға арналған заттар сатып алу
      Келесі айда Сара колледжге оқуға кетеді. Ол жатаханада тұратын болады. Оның сатып алатын заттары көп. Бүгін ол жатақханаға керекті заттарды сатып алмақ болды. Ол ата-анасымен және ағасымен дүкен аралады. Ол өзіне керек заттардың тізімін жасады. Ең бірінші, оған төсекке арналған жайма керек болды. Төсегіне сай келетін жайма сатып алу керек. Ол әдемі гүлдері бар жайма тауып алды. Содан кейін шам мен айна сатып алды. Ол бәрін біртіндеп сатып ала бастады. Ол тізімдегі сатып алған заттарын белгілеп қойды. Ол колледжге дайын. Ол барлық заттарды чемоданына салды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Aidana Bissekesh, Мира Сембайкызы, Аяулым Орынгали, Алтынгуль Кептербаева, Janerke Kurmanalinova, Майра Фазыл, Aigera Yerzhanova, Арайлым Тлеуова, Аслан Бисенов, Мади Толегенов, Акжайык Сабырбаева, Арай Сагымжанова, Арайлым Токтаубаева, Гульнар Абдраимова, Максат Маликов, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 3, стр.4 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.1, стр.1  >>