Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Ол жұмысқа барады
Патрисияның көп уақыты жоқ. Жұмысқа баратын уақыт болды. Ол жұмысқа кешігіп қалғысы келмеді. Егер ол жұмысқа көп кешігетін болса, жұмыссыз қалады. Ол кофе ішуді аяқтады. Ақырғы бір жұтым жасады. Ол кофеге арналған шынаяқты асүйдегі ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаның үстіне қойды. Ол шүмекті бұрып, ыдысын жуды. Кілттер асүйдің үстелінде жаткан. Ол орындықтың үстінде жатқан өзінің сұр пальтосын алды. Орындық есіктің жанында тұрған. Ол есікті үйдің кілтімен жауып, сыртқа шықты.
Скрыть текст
2. Жаңа ауланған балық
Майк жатуға дайын болды. Сағат 11 еді. Ол ертең ертерек тұру керек еді. Келесі күні ол балық аулаға жиналды. Балықтар тіршілігін ерте бастайды. Олар азықты таңертен ерте іздейді. Олар азықты кешкі уақытта іздейді. Балық аулаудың ең жақcы кезі – ерте немесе кешкі уақыт. Яғни балық ашыққан кезде. Майк оятқышты сағат 5-ке қойды. Келесі күні ол балық аулауды сағат 6 бастайды. Ол 4 немесе 5 балық аулап алғысы келді. Егер де ол 4 немесе 5 балық ұстаса, ол бүкіл жұма бойы жаңа ауланған балықпен тамақтанып отырар еді. Жаңа ауланған балық – ең жақсы балық. Майк ұйықтауға кетті.
Скрыть текст
3. Жаңа автокөлікті сатып алу
Линда жаңа автокөлік сатып алғысы келеді. Оның автокөлігі ескі. Қазіргі автокөлігі - ақ Хонда. Линда жаңа қызыл Хонда сатып алғысы келеді. Оның 1000 доллар көлемінде жинаған ақшасы бар. Ол жаңа автокөлікті сатып алуды жеңілдету үшін 1000 долларды пайдаланады. Ол 1000 долларды Хонданың дилеріне береді. Хонданың дилері оған қол қоюға контракт береді. Контракт бойынша ол жетi жыл аралығында айына 400 доллар көлемінде төлеу керек болады. Оның жаңа қызыл Хондасы Линдаға үлкен ақшаға шығады. Бірақ бұл проблема емес, өйткені Линда көп ақша табады.
Скрыть текст
4. Жүдеу адам
Ричард аз тамақ ішеді. Ол тамақты көп ішпейді. Ол көп тамақтануды ұнатпайтын адам. Ол таңғы жеңіл аспен, түскі жеңіл аспен және кешкі жеңіл аспен қанағаттанады. Ричард толық адам емес. Ол жүдеу. Ол әрқашан жүдеу болады, өйткені ол аз тамақ ішеді. Ол таңғы асқа сұлы жармасының үлпектерін жейді. Ол оған сүт қосып жейді. Ол түскі асқа сэндвич жейді. Кейде бұл балығы бар сэндвич. Ол балықты жақсы көреді. Ол кешкі асқа күріш пен көкөністерді жейді. Ол кешкі асқа тек күріш пен көкөністерді жейді. Ол ешқашан толық болмайды.
Скрыть текст
5. Қоқыс шығару күні
Дженифер қоқыс контейнерін көшеге алып шықты. Ол дүйсенбіде таңертең қоқыс контейнерін көшеге алып шықты. Дүйсенбі- қоқысты шығару күні болатын. Қоқыс тасушы машина оның үйінің жанына келді. Қоқыс тасушы машинаның металдық қолы бар. Металдық қол қоқыс контейнерін іліп, көтеріп алды. Ол қоқыс контейнерін жоғары қарай көтерді. Ол қоқысты контейнерден қоқыс тасушы машинаның ішіне тастады. Содан соң металдық қол контейнерді орнына қойды. Дүйсенбіде түстен кейін Дженифер көшеге шықты. Қоқыс контейнері бос болды. Ол қоқыс контейнерін қайтадан өз ауласына апарып тастады. Келесі дүйсенбі күні ол оны көшеге қайтадан алып шығады.
Скрыть текст
6. Суық ауа райы
Томасқа ыстық болмады. Оған жылы да болмады. Оған суық болды. Ауа райы ыстық емес. Ауа райы жылы да емес. Ауа райы суық. Томасқа тоңған ұнамайды. Ол өз күртесін іздей бастады. Ол күртесін тапты. Ол күртесін киіп алды. Бірақ сонда да суық болды. Ол терезеге қарады. Барлық терезелер жабық тұр ма? Иә, олардың бәрі жабық. Бірде бір терезе ашық болмады. Ол есікке қарады. Есік те жабық. Оған сонда да суық болды. Ол жылырақ күрте іздей бастады.
Скрыть текст
7. Пианист
Дональд пианинода ойнайды. Ол пианиноны жақсы көреді. Оның қонақ бөлмесінде үлкен пианиносы бар. Оның пианиносы жылтырыған және қара. Оның үш аяғы бар. Пианинода ойнау үшін ол орындыққа отырады. Орындықтың төрт аяғы бар. Пианиноның 88 клавишасы бар. Клавишалар қара және ақ. Дональдтің он саусағы бар. Оның он саусағы пианиноның 88 клавишасында музыка ойнайды. Пианинода тағы үш педаль бар. Дональд өзінің екі аяғын үш педальге басады. Ол өзінің екі қолы мен екі аяғын пианинода ойнау үшін қолданады. Ол тағы екі көзін пианиндан алмайды.
Скрыть текст
8. Ол әпкесіне хат жазады
Кристофер әпкесіне хат жазды. Оның әпкесі басқа қалада тұрады. Оның әпкесінің компьютері жоқ. Оның да компьютері жоқ. Оның әпкесі телефонды колданғанды ұнатпайтын. Ол да ұнатпайды. Ол әпкесіне ұзын хат жазды. Ол өз өміріндегі жаналықтарды айтып берді. Ол оған жаңа жұмыс тапқанын айтты. Оның жаңа қызы бар екенін де, жаңа көлігі бар екенін айтты. Ол әпкесіне көп жаңалық айтты. Ол оның хатын оқып қуанады. Кейін оған хат жібереді. Оның хатында да көп жаңалық болады.
Скрыть текст
9. Жаңа туфли
Лиза жаңа зат сатып алуға барғанды ұнатады. Ол ертен дүкен аралауға барады. Оған жаңа туфли қажет. Ол екі қызыл туфли сатып алғысы келеді. Ол қызыл туфлиді әдемі деп ойлайды. Ол туфлиді сауда кешенінде сатып алады. Лиза заттарды әдетте сауда кешенінде сатып алады. Сауда орталығы оның үйінен бір шақырым қашықтықта ғана орналасқан. Ол сол жаққа жаяу жүріп барады. Бұл оның 20 минут уақытын ғана алады. Ертең ол 4 аяқ киім дүкендеріне барады. Ертең сенбі. Сенбі күні сауда кешенінде әрдайым жаппай сатылымдар өткізіледі. Егер жаппай сатылымда баға жақсы болса, ол екі туфли сатып алуы мүмкін.
Скрыть текст
10. Желаяқ
Беттидің дәрігері оған көбірек жаттығу қажеттігін айтты. Сондықтан ол жүгіре бастады. Жүгіру оған ләззат әкеледі. Ол күн сайын жүгіреді. Ол күніне екі миль жүгіреді. Демалыс күндері ол бес миль жүгіреді. Ол тауға жүгіреді. Ол таудан жүгіреді. Ол көшеде және жаяужолда жүгіреді. Ол соқпақта жүгіреді. Ол ыстықта да, суықта да жүгіреді. Ол шуақ күндерде де және жауынды күндерде де жүгіреді. Келесі аптада Бетти марафонда жүгіреді. Келесі аптада онда бірінші марафон жүгірісі болады. Марафон - 26 миль (42 шақырым). Ол тоқтамастан үш сағат жүгіретін болады. Ол марафонда жеңіп шығуға тырыспайтын болады. Ол оны жай ғана аяқтауға тырысатын болады.
Скрыть текст
11. Қарапайым салат
Джордж салат жасағалы жатыр. Ол қарапайым салат жасайды. Бұл қарапайым салат, бірақ ол сондай-ақ өте дәмді болады. Оның салаты бар болғаны екі ингредиенттен тұрады. Бір ингредиенті - балғын қияр. қияр қоңыр жасыл әрі ұзын. Джордж қиярдың қабығын тазартады. қабығын қоқыс шелегіне тастайды. ол қабықты жемейді. ол қиярды ұсақ тілімдерге кеседі. әрбір тілімі бес центті монетаның өлшеміндей болады. ол барлық тілімдерін үлкен табаққа салады. сосын ол үлкен табақтағы осы тілімдерге салатқа арналған дәмдеуіш себеді. Бар болғаны осы - қияр және салатқа арналған дәмдеуіш.
Скрыть текст
12. Не деген тәрбиесіз
Хеленнің өзінің анасына көңіліне толмайды. Ал, оның анасының Хеленге көңілі толмайды. Олардың екеуінің де бір-біріне көңілдері толмайды. Хеленнің УХАЖЕРІ бар. оның есімі Питер. Питер оның анасына ұнамайды. Оның анасы Питерді тәрбиесіз деп атайды. Неліктен ол олай айтады? себебі Питер үйге кірген кезде бас киімін шешпеді. Хеленнің анасы мұны тәрбиесіздік деп айтады. Ер адам үйге кірген кезде бас киімін шешуі керек. "Сенің әкең үйде әрқашан да бас киімін шешетін",- деді Хеленнің анасы. "Бірақ, анашым, қазір басқа заман", - деді Хелен. "Келесі жолы Питердің бас киімін шешетініне уәде беремін". Хеленнің анасы өте кеш екендігін айтты - тәрбиесіздік бұл тәрбиесіздік.
Скрыть текст
13. Пәтерді тазалау
Кеннет өзінің пәтерін тазалады. Ол қоқысты шығарды. Ол өзінің ванна бөлмесінің ішіне кіріп қарады. Жуғыш пен ванна кір болатын. Ол жуғыш пен ваннаны жуды. Ол өзінің жатын бөлмесінің ішіне кіріп қарады. Еденде киімдер жатыр екен. Ол киімдерді көтерді. Ол жейделерді ілгішке ілдіі. Ол шалбарларды жинады. Ол шалбардарды комодқа салды. Ол кір киімдерді жуды. Ол қонақ бөлмесіне ішіне кіріп қарады. Еденде қағаздар жатыр екен. Еденде кітаптар, газеттер және журналдар жатыр екен. Ол олардың барлығын көтерді. Ол олардың барлығын кітап сөресіне қойды. Содан кейән ол бүкіл пәтерді шаңсорғышпен тазалады.
Скрыть текст
14. Чекті тіркеу
Сандра өзінің газ копманиясына чек жазып берді. Ол бір жолға:"Мамырдың 17-сi 2016-шы жыл" деп жазды. Келесі жолға ол:"Газ Компаниясы" деді. Одан соң келесіге:"$35.66." деп жазды. Сосан соң келесіге:"Отыз бес доллар алпыс алты цент" деп қайталады. Тағы келесі жолға: "Газдың айлық есебі" Басқа жолға ол өз қолын қойды. Сосын он конвертке салды. Және ол тағы конвертке газдың ақшасын салды. Ол конвертті жалап жабыстырып тастады. Конверттің бетіне ол өз қайтарма мекен жайын жазды. Конверттің бетіне ол тағы 44-центтік пошталық белгі басты. Ол конвертті пошта жәшігіне итеріп жіберді.
Скрыть текст
15. Ерітілген ірімшік
Стивен аш болатын. Оған не жеп алса болады? Ол тоңазытқышты қарады. Ол қызығылт-сары түсті ірімшікті көрді. Ол шамалы сары майды көрді. Ол не жейтінін біліп алды. Ол ерітілген ірімшігі бар сэндвич жейтін болды. Ол тоңазытқыштан сары май мен ірімшікті суырып алды. Ол екі тілім нанға май жағып алды. Ол ірімшікті кесіп екі май жағылған наның ортасына қойды. Ол табаны қыздырып алды. Ол ірімшікті сэндвичті табаға қойды. Үш минуттан соң ол сэндвичті екінші жағына аударды. Тағы үш минуттан ол соң еріген сэндвичті тәрелкеген салды.
Скрыть текст
16. Бір бірін жақсы көретіндер
Донна күйеуін жақсы көрді. Оның күйеуі Доннаны жақсы көрді. Олар бір бірін жақсы көрді. Ол оның туған күніне сыйлық жасағысы келді. Ол келесі аптада 40 жасқа толайын деп жатты. Ол өзінен оған не сыйлайтынын сұрады. Оған сағат сыйласа ма екен? Оған свитер сыйласа ма екен? Оған сағат сыйласа ма екен? Оған жаңа гитара сыйласа ма екен? Оған не сыйласы екен? Ол одан туған күніне нені қалайтынын сұрады. Ол туған күніне ештеңе қаламайтынын айтты. "Сен бірдеңе қалауың керек", - деді ол. "Сенікі дұрыс", - деді ол. "Сен меіні мәңгі сүйгеніңді қалаймын".
Скрыть текст
17. Жұмыс, жұмыс
Ұйықтайтын уақыт болып еді. Эдвард қатты шаршап тұрды. Ол теледидарды, компьютерді өшірді. Ол ас үйдегі шамды сөндірді. Ол жуынатын бөлмеге барды да, тісін жуды. Жатын бөлмеге барып, пижамасын киді. Ол төсекке жатып, басын жастыққа тигізді. Ол көрпені үстіне жамылды. Ол сол күні орындаған жұмысы жайында және келесі күні орындауға тиіс жұмысты ойлап жатты. Ол көзін жұмды. Ол үш айдан кейін берілетін демалысы туралы ойлады. Бұнысы сондай тамаша болар еді.
Скрыть текст
18. Әлсіздік
Кэрол өзіңде бір әлсіздіктің пайда болғанын сезінді. Ол үнемі өзің әлсіз сезінеді. Бұрын олай болмайтын. Бұрын оның күш-қуаты көп болатын. Неге ол үнемі әлсіздікті сезеді? "Көп қант жеуін керек", - деді оның құрбысы. "Қант саған қуат береді". Бірақ Кэролдың қантты көп жегісі келмеді. Қант көп жесең, салмағын көп болады. Ол артық салмақтың қосылғанын қаламады. Ол тек күш-қуатының қалпына келгенін қалады. Ақырында, ол дәрігер қабылдауына баруға шешім қабылдады. Дәрігер оған мәселе қалқанша безінде екедігін айтты. "Қалқанша без деген не?"- деп сұрады ол дәрігерден. "Оның әсерінен сіз өзіңізді әлсіз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ алаңдамаңыз, мен бұл мәселені шешемін", - деді дәрігер.
Скрыть текст
19. Батыл жүргізуші
Брайанның мәшинесі жылдам. Ол мәшинесін жылдам айдайды. Ол жылдамдық асырған үшін ешқашан айыппұл алмайды. Оның мәшинесі полицияныкінен әлдеқайда жылдам. Олар оны қуалайды, бірақ ұстай алмайды. Брайан полициядан үнемі қашып құтылады. Полиция оны ұстағысы келеді. Бірақ олардың машинасы тым баяу. Брайанның мәшинесі өте жылдам. Ол сағатына 100 мильден (160 километр) астам жылдамдықпен айдағанды ұнатады. Ол полицияны көргенде оларға қолын бұлғайды. Полиция сиренасын қосады. Олар қызыл жарықтарын қосады. Олар Брайанды қуалайды. Брайан жылдамдық қосады. Ол жолдағы барлық мәшинелерден озып кетеді. Ол полициядан құтылып кетеді.
Скрыть текст
20. Жаңа сәби
Рут жүкті. Ол сәби күтіп жүр. Сәби екі айда кейін дүниеге келуі керек. Сәби - ұл бала. Бұл оның тұңғыш ұлы. Оның бір қызы бар. Қызы екі жаста. Рут кішкентай қызын жақсы көреді. Оның қызы інісі болатынына қуанып жүр. ҚазірРут екі адам үшін тамақтанып жүр. Ол өзінің ішіп-жеген тағамдарына аса сақтықпен қарайды. Ол жаңа піскен жемістер мен көкөністерді көп жейді. Аптасына екі рет балық жейді. Ол спирттік ішімдіктер мен кофе ішпейді. Ол тәттілер мен қытырлақ картоп жемейді. ОЛ темекі шегетіндерден аулақ жүреді. Оның баласының дені сау болады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Суперлёгкое чтение. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.2  >>