Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
 Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  
 Лёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Сұрақтар
Рональд қашан таңғы асын ішеді? Ол таңертең таңғы асын ішеді. Ол таңғы асқа не жейді? Ол таңғы асқа сүрленген ет пен жұмыртқа жейді. Ол таңғы асқа не ішеді? Ол кофе ішеді. Ол таңғы асын қайда ішеді? Ол таңғы асын үйде ішеді. Рональдқа таңғы асты кім дайындайды. Оған таңғы асты оның әйелі дайындайды. Рональд неге таңғы ас ішеді? Өйткені тамақ оған күш береді? Ол таңғы асын ішкеннен соң не істейді? Ол тісін тазалайды. Ол тісін тазалағаннан кейін не істейді? Ол жұмысқа барады. Ол жұмысқа қандай автобуспен барады? Ол жұмысқа қалалық автобуспен барады.
Скрыть текст
22. Жер сілкінісі
Мишель жердің дірілін сезді. Ол бар болғаны бес секундқа созылды. Бүкіл үй дірілдеп кетті. Ол шу естіді. Теледидар сөніп қалды. Жарық өшіп қалды. Ол қорқып кетті. Ол ешқашанда жердің сілкінгенін көрмеген. Ол айтарлықтай қатты болды. Бір алып қол оның үйін сілкіп жатқандай сезілді. Жарық жанды. Мишель теледидарды қосты. Бірақ онда жер сілкінісі туралы хабар беріп жатқан жоқ-ты. Ол радионы қосты. Радиодан жер сілкінісі 4.7 балл болғанын айтты. Бірақта ештеңе қирамады. Ешкім жапа шекпеді. Бәрі аман-сау болды. Үйлерге зақым келмеген. Бәрі ойдағыдай болды. Бірақ Мишельдің қорқынышы әлі сейілмеді. Ол бір алыс жаққа кетіп қалғысы келді. Оған жер сілкіністері жақпады. Олар қатты үрей тудырады.
Скрыть текст
23. Артық салмақты қалай тастау керек
Кевин артық салмағын тастағысы келді. Ол толып бара жатыр. Оның іші үлкен болып кетті. Ол артық салмақ қосып алды. Ол әр апта сайын жарты килограмм қосып отырды. Оған жаңа шалбар сатып алу қажет болды. Оның ескі шалбары тар болып қалды. Ол енді төмен қараған кезде аяқтарын көрмейтін жағдайға жетті. Ол тек өзінің май басқан ішін көрді. Бұдан қалай құтылуға болады. Оған қалай қол жеткізбек? Ол қалай артық салмағын тастай алады? Қандай шара қолдана алады? Ол жарымен сөйлесіп көрді.Әйелі оған тәтті тағамдарды және бәліш жеуін қысқарту керек деп айтты. Ол күн сайын биік қырға шығып, қайта төмен түсу керек екені туралы кеңес берді.
Скрыть текст
24. Жұмыссыз
Кимберлидің көңіл-күйі болмай жүр. Оған жұмыс қажет болатын. Ол барлығынан жұмыс сұрап жүрді.. Кимберлиге бәрі жоқ деген жауап қайтарды. Ешкімде оған арналған жұмыс болмады. Күнде үйге келіп жылайтын. Жұмыссыз қалай өмір сүре алады? Кимберлидің тек 1000 доллары қалды. Осыны жұмсағаннан кейін, ақшасыз қалады. Сонда не істеу керек? Оның баратын жері де, достары да болмады. Ол мүлдем жалғыз, жабырқау күйде болатын. Ол күнде газетті қарап жүрді. Қандай жұмыс болмасын істеуге дайын болды. Тек жұмыс табылса, қуанышқа кенелетін еді.
Скрыть текст
25. Бейшара ит
Джейсон сағатына қарады. Оның сүйікті телебағдарламасын көретін уақыт болыпты. Ол теледидарды қосып, креслоға отырды. Бірақ осы сəтте ол итінің даусын естіді. Ит есікті тырналап жатты. "О, жоқ", - деп ойлады Джейсон. Иттің шыққысы келіп тұр екен. Иттің сыртқа шыққысы келген. Егер ол жер үйіде тұратын болса, ол итті аулаға шығаратын еді. Бірақ ол пәтерде тұрады. Оның ауласы жоқ. Оған итті қыдыртуға алып шығу керек еді. Бірақ ол итті алып шығатын болса, ол сүйікті телебағдарламасын жіберіп алады. Ит тағы есікті тырналады. Джейсон теледидарды сөндірді.
Скрыть текст
26. Дауыл
Лора терезеден қарады. Дауыл көтеріле бастады. Аспан қап-қара болып кетті. Кейбір ағаштар желден майысып жатты. Жапырақтар түсе бастады. Күн суып кетті Ол барлық терезелрді жауып, далаға шықты. Оның машинасы көшеде тұр еді. Ол машинаның терезесін жауып, құлыптады . Ол үйге қайтып кірді. Теледидарды қосып, дауыл жайлы естігісі келді. Теледидардан үлкен дауыл және қатты жауын-шашын болатынын айтты. Ол адамдардың ешқайда шықпай,үйде отыру керек екенін айтты.
Скрыть текст
27. Тілазар бала
Дебора ұлына ашулы еді. Ұлы оның тілін алмайды. Ол 16 жаста. Ол «бәрін өзім білем» деп ойлайды. Ұлы шешесіне айқайлады. « Мен ешнәрсеге міндетті емеспін» деді. Ол тыңдауға, мектепке баруға міндетті емес. Үй тапсырмасын орындауға да, оқуға да міндетті емес. Не қаласа, соны істей алады. Дебора не істей алады? Оның күйеуі жоқ,ажырасқан. Ол ұлын қадағалай алмады. Ұлы әкесін тыңдар еді. Бірақ әкесі мұнда емес, басқа қалада тұрады.
Скрыть текст
28. Қатерлі ісік
Пауланың қатерлі ісігі бар. Оның алты ай ғана өмірі қалды. Дəрігерлер оған көмектесе алмайды. Паулаға ешкім де көмектесе алмайды. Ол 30 жыл бойы темекі шегіп келеді. Ол темекіні тастағысы келмейді. Темекі шеккен өзіне ұнайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын дəрігерлер оған темекіні тастауын айтқан еді. Ол дәрігерлерді де ,ата-анасын , балаларын да тыңдағысы келмеді.Құрбыларының айтқанына да кұлақ аспады. Оған бәрі темекіні тастау керектігін айтты. Паула олардың уайымдамауын, жақсы болатынын айтатын. Ол бұрынғыша күнде темекі шегеді. Неге шекпеске деп сұрайды ол.
Скрыть текст
29. Банктегі ақша
Рэнди банкке барды. Ол банктен ақша алуы керек. Рэндидың барлық ақшасы банкте жатыр. Банк Рэндидың ақшасын сенімді сақтайды. Ол ақшасын үйінде сақтай алмайды. Ақшасын біреу ұрлап алуы мүмкін. Ол ақшасын аулаға да тығып қоя алмайды. Ақшаны ит тауып алып, жеп қоюы мүмкін. Ол ақшасын ағашқа да жасыра алмайды. Оны құстар алып кетуі мүмкін. Кейбір адамдар ақшаларын төсектің астына тығып қояды. Ал кейбіреулері тоңазытқышқа жасырып қояды. Бірақ ол сенімді емес. Олар ақшаны төсектің астынан немесе тоңазтқыштан тауып алуы мүмкін. Адамдардың ақшаларын сақтайтын ең сенімді жер - банк.
Скрыть текст
30. Күн сайынғы жаңалықтар
Джеки жаңалықтар тыңдағанды жақсы көреді. Ол жаңалықтарды теледидардан да, газеттерден де оқиды. Журналдардан да жаңалықтар оқиды. Жаңалықтар әрқашан қызықты, әрі тартымды. Олар әрдайым ең соңғы ақпарат береді. Жаңалықтар күнде шығады.Жаңалықтар әрбір елде, әрбір штатта, әрбір қалада бар. Күллі әлем бойынша күн сайын жаңалықтар айтылады. Бірақ Джекидің жаңалыққа байланысты сұрағы бар. Неге жаңалықтар әдетте жағымсыз болады? Неге жаңалықтар көбінесе жақсы жайттар туралы болмайды? Ешкім жауабын білмейді.
Скрыть текст
31. Туфлиді тазалау
Дэнни өзінің қоңыр туфлиіне қарады. Олар ескі, лас болып көрінді. Оларды тазалау керек еді. Ол шүберекті, аяқ киім тазалайтын щётканы алды. Ол крем банкасын алып, қақпағын ашты. Ол саусағын шүберекпен орап, кішкене крем жағып алды. Ол кремді сол туфлиға жағып шықты . Ол щёткамен туфлиді тазалай бастады. Туфли жарқырай бастады. Ол жаңа сияқты болып көрінді. Сонан соң Дэнни екінші туфлиге крем жақты. Ол туфлиді жарқырағанша тазалай берді.
Скрыть текст
32. Оның өлгісі келеді
Фрэнк қарт адам емес. Оның жасы небәрі 61-де. Бірақ хал үстінде жатыр. Ол қарттар үйінде. Оның ешкімі жоқ. Әйелі алты ай бұрын қайтыс болған. Әйелін көшеден өтіп бара жатқан кезде, машина қағып кетті. Фрэнк әйелін жақсы көретін. Ол әйелі қайтыс болғаннан кейін ауырып қалды. Ол бұл қайғыдан ешқашан жазылмайды. Дәрігер Фрэнктің денесіне ештеңе болмаған дейді. Дәрігер Фрэнктің өмір сүргісі келмейтінін айтты. Дәрігердің бұған көзі жетті. Фрэнк өзінің әйелінсіз өмір сүргісі келмейді.
Скрыть текст
33. Екі таблетка аспирин
Лоистың басы ауырып тұр. Бұл бір сағат бұрын басталған. Ол басы не үшін ауырып тұрғанын білмейді. Оны ешқашан бас ауруы мазаламайтын . Лоис - дені сау әйел. Оның бас ауруы қайдан пайда болды? Мүмкін жағымсыз бір-нәрсе жеп немесе бірдеңе ішіп қойды ма? Ол түкке түсінбеді. Ол бас ауруы койғанын қалайды. Ол дәрі ішкенді ұнатпайды. Бірақ оның басы қатты ауырып тұр. Ол жуынатын бөлмеге барып, дәрі қорапшасын ашты. Ол аспирин таблеткаларын алып, екеуін қабылдады. Мүмкін, аспирин бас ауруынан құтылуға көмектеседі.
Скрыть текст
34. Пәтердің жоқтығы
Джерридің енді жұмысы жоқ. Оның санаулы ақшасы қалды. Бұл ақшасы пәтер ақысын төлеуге жетпейді. Ол төлей алмайтын болғасын, пәтерді босатуға мәжбүр болады. Келесі аптада пәтерді босату керек. Ол өзінің заттарымен көлігіне көшеді. Көрпесін, жастығын алып, көліктің ішінде ұйықтайды. Ол басқа жұмыс іздейді. Ол енді жуына алмайды, сол себепті қоғамдық әжетхананы пайдаланатын болады. Көлігін де жүргізе алмайды, өйткені жанармайға да ақша болмайды. Джерриге көмек керек.
Скрыть текст
35. Сэлли суық тигізіп алды
Сэлли суық тигізіп алды. Оның мұрны қызарып кеткен. Ол майлық салынған құтыдан майлық алып шықты. Ол сіңбірді. Ол майлықты қоқысқа арналған шелекке тастады. Ол тырнақтарына қарады. Оның тырнақтары өте ұзын. Оған тырнақтарын алу керек. Ол сөмкесін ашты. Ол сөмкесінен тырнақ алуға арналған қайшысын алды. Ол тырнақтарын алып тастады. Сосын қолына қарады. Қазір тырнақтары әдемі және қысқа болып көрінді.Ол тырнаққа арналған қайшысын қайтадан сөмкесіне салып қойды. Ол құтыдан тағы бір майлық алды. Ол тағы да сіңбірді.
Скрыть текст
36. Фермер (шаруашылық басқарушысы)
Фермердің жеке меншігінде үлкен көлемде жер бар. Осы жерде азық-түлік өсіреді. Азық-түліктерді дәннен өсіреді. Дәндерді жерге егеді, сосын олардан жүгері, бидай шығады. Дәндерді суару қажет. Оларға күннің жарығы түсуі қажет. Фермердің өзінің тракторы бар. Онымен өзінің жерлерін аралайды. Фермердің көп малдары да бар. Олар: шошқалар, сиырлар, қойлар, тауықтар, ор қояндар, иттер және мысықтар. Жауын кездері фермер үйіне барады, ал малдары қорада тұрады. Фермер маңдай терін төгіп еңбектенеді, ал үй жануарларың өмірі жақсы.
Скрыть текст
37. Қағаз парақ
Джимми парақты еденге түсіріп алды. Ол еңкейіп, парақты көтерді. Ол парақты екіге бүктеп, үстелге қойды. Ол қарындашты алды. Қағазға телефон номерін жазды. Ол қарындашты үстелге қойып, қайшыны алды. Парақты екіге қиып, жартысын үстелге қойды. Ол номер жазылған парақтың екінші жартысын жейдесінің қалтасына салды.
Скрыть текст
38. Ол ұйықтауға тырысты
Ол ұйықтауға кетті. Сағат 11 болатын. Ол жарықты сөндірді. Ол төсекке жатты. Қараңғы болатын. Тып-тыныш болатын. Ол ұйықтай алмады. Ол көзін жұмды. Ол ұйықтауға тырысты, бірақ қолынан келмеді. Ол жарықты қайтадан қосты. Ол кітабын ашты. Ол кітапты оқи бастады. Жақсы кітап болатын. Ол бір бетін оқыды. Сосын келесі бетін оқыды. Біраздан соң оның ұйқысы келді. Ол кітапты жауып, жарықты сөндірді. Ол көзін жұмды. Норма бірден ұйықтап кетті.
Скрыть текст
39. Мас жүргізуші
Родни түрмеде отыр.. Ол өз көлігін мас күйінде жүргізгендіктен түрмеге түсіп қалды. Ол бір жақты қозғалысы бар көшеде дұрыс емес бағытта қозғалды. Ол өзге үш көлікпен соқтығысып қала жаздады. Біреу 911 номеріне қоңырау шалды. Полицей көлігі Роднидің ізіне түсті. Полицей көлігі қызыл түсті дабылды қосты. Ашық қызыл түс болатын. Полицей көлігі дабыл дауысын қосты. Дабылдың дауысы қатты болатын. Родни жолдың жиегіне шықпады және көлігін де тоқтатпады. Соңында ол жолдан шығып кетті. Ол ағашқа соғылды. родни көліктен шықты. Оның жағдайы жақсы болатын. Алайда көлігінің жағдайы жақсы болмады. Полицей: - Сіз массыз. Мен сізді түрмеге алып кетемін, - деді.
Скрыть текст
40. Қолға дәрі егу
Люси дәрігерге барды. Ол өзін нашар сезінді. Дәрігер одан "Сізді не мазалап тұр?" деп сұрады. Ол өзін жаман сезініп тұрғанын айтты. "Сіздің бір жеріңіз ауырып тұр ма?" деп сұрады дәрігер. Ол бүкіл денесі ауырып тұрғанын , өзін нашар сезінінетінін айтты. Дәрігер оған: "Сіздің жағдайыңыз қиын. Мен мұны шешуге тырысамын", - деді. Дәрігер Люсиға ине салды. Емді сол қолына салды. "Қазір өзіңізді жақсы сезініп тұрсыз ба?" - деп сұрады дәрігер, ол "Жоқ, қазір менің сол қолым қатты ауырып тұр", - деп жауап берді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.3  >>