Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
Истории
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  1.  6  
  1.  7  
Казахский детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  2.  6  
  2.  7  
Начальное чтение детям
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
 Казахский по уровням
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  
  3.  4  
  3.  5  
  4.  1  
  4.  2  
  4.  3  
  4.  4  
  4.  5  
  5.  1  
  5.  2  
  5.  3  
  5.  4  
  5.  5  
 Лёгкое чтение
  1.  1  
  1.  2  
  1.  3  
  1.  4  
  1.  5  
  2.  1  
  2.  2  
  2.  3  
  2.  4  
  2.  5  
  3.  1  
  3.  2  
  3.  3  

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

41. Қатты дауысты радио
Брент бағдаршамды күтіп тұрды. Машинасында радио қосулы тұрған еді. Әуен дауысы өте қатты естіліп тұрды. Брент машинасында музыканы қатты қойып тыңдағанды жақсы көретін. Бренттің жанына полиция машинасы келіп тоқтады. Полиция Брентке қарап: "Машинаңызды жолдың шетіне қойыңыз", - деді. Брент: "Не?"- деді. Полиция: "Машинаңызды жолдың шетіне қойыңыз", – деді. Брент жолдың шетіне барды. Полиция: "Сізге неге айыппұл жазып жатқанымды білесіз бе?"- деді. Брент: "Айыппұл жазып жатырсыз ба? Маған неге айыппұл салып жатырсыз?"- деді. Полиция: "Себебі сіздің радиоңыздың даусы тым қатты шығып тұр", - деді.
Скрыть текст
42. Жұмыртқа және алма
Эмма базарға барды. Оған тамақ алу керек еді. Эммаға қоңыр жұмыртқа керек еді. Ол қоңыр жұмыртқалар жатқан картон қорабын ашты. Ол жұмыртқаларды қарап көрді. Ешқайсысы шытынамаған, жарылмаған. Барлық жұмыртқа бүтін. Ол қорапты жапты. Қорапты себетіне салды. Енді оған қызыл алма керек еді. Ол қызыл алмалар жатқан пакетке қарады. Алмалардың қарайғаны ,шірігі бар ма, жоқ па соны қарап көрді.. Ешқандай қарайған дақтар мен шіріктер көрмеді. Ол алмалар жатқан пакетті өзінің себетіне салды.
Скрыть текст
43. Жүрек жалғап алуға болатын жер
Дженна әуежайда болатын. Ол өзінің ұшағын күтіп отыр. Ұшағы кешкі сағат 7 (жетіде) келетін. Қазір әлі сағат 2 (екі) еді. Оның тамақтанып алуға уақыты жеткілікті. Дайындалып алуға да уақыты бар. Ол әуежайдағы мейрамханаға барды. Мейрамхана үшінші қабатта орналасқан. Мейрамханада адамдар көп. Бос орын мен үстелдер жоқ болды. Оның кезекте тұрғысы келмеді.Әуежайда бірінші қабатта мейрамхана бар еді. Ол бірінші қабатқа түсті Мейрамханада адамдар аз екен. Бос орындар мен үстелдер көп.
Скрыть текст
44. Жұлдызды жолақты кызыл ақ көк ту
Трейси туға қарады. Ту қызыл-ақ көк жұлдызды жолақты. Ол елу жұлдыздан тұрады. Ақ жұлдыздар көк төртбұрыштың ішінде орналасқан. Тудың алты көк жолағы, жеті қызыл жолағы бар. Барлық жолақтар көлденең емес, тік орналасқан. Жолақтар жоғарыдан ,төменге орналаспаған. Олар оннан солға қарай орналасқан. Трейсиге туы ұнайды. Бұл ту оның мемлекетінің туы. Бұл әдемі ту. Ешқандай туда елу жұлдыз, он үш жолақ жоқ.
Скрыть текст
45. Ұшақпен ұшу
Грек шалбарының қалтасынан қаламды алды. Ол қалтасынан кілттерді, телефонын және әмиянын шығарды. Ол барлығын зат салғыш контейнерге салды. Ол туфлиін шешті. Грек әуежайда болатын. Оған ұшаққа отыру керек болды, бірақ алдымен қауіпсіздік қызметінің бақылау бекетінен өту керек болды. Ол бақылаудан өтті. Контейнерге салған заттарын алды. Аяғына туфлиін киді. Сосын барып ұшақтың бортына көтерілді.
Скрыть текст
46. Су жəне алма
Сьюзан алма жегенді жақсы көреді. Ол үлкен қызыл алмаларды жақсы көреді. Сьюзан көгілдір шляпа кигенді жақсы көреді. Ол басына үлкен көгілдір шляпа киіп жүреді. Ол шляпа киіп отырып алма жейді. Ол суды ақ кеседен ішеді. Сьюзан су ішіп , алма жейді. Ол алманы пышақпен кеспейді. Пышақ өткір. Ол алманы жай жей береді. Ол алманы қолымен ұстап, тістеп жей береді. Ол ернін жалайды. Ол тағы бірнеше жұтым су ішеді. Ол аузын қолымен сүртеді.
Скрыть текст
47. Ол қолдарын жуып жатыр
Фей жүынатын бөлмеге барды. Ол салқын суды да, ыстық суды қосты. Шүмектен жылы су аға бастады. Ол жылы су ағынына қолын жуа бастады. Ол сабынды алып, қолдарын ысқылады. Сабынды орнына қойды. Фей қолдарын жарты минут жуады. Сосын қолдарын сумен шаяды. Ол ыстық, суық суды сөндіреді. Ол қолдарын сүлгімен сүртеді.
Скрыть текст
48. Сандра жержаңғақ жеп жатыр
Сандра жержаңғақтың бір пакетін алды. Бұл қуырылған жержаңғақ еді. Ол қуырылған жержаңғақтың біразын үстелге төкті. Үстелде сегіз шақты жержаңғақ жатты. Жержаңғақтар әлі қабығымен, тазаланбаған болған. Әр жержаңғақтың қатты қабықшасы болды. Сандра бір жержаңғақты алды. Ол оны қолында ұстап тұрды. Ол қабығын саусағымен қысты. Қабықша жарылып қалды. Сандра қабықты ашты. Қабықтың ішінде екі кішкентай қызыл жаңғақ болды.Әр жаңғақтың қызыл кабығы бар.Жұқа қызыл кабық екі жаңғақты да жауып тұрады.Ол қабықтан кішкентай қызыл дәнекті алды. Сандра дәнекті қызыл қабығымен қосы жеп қойды.
Скрыть текст
49. Қағазға арналған түйреуіш
Джимде екі бөлек қағаз бар еді. Ол екеуін біріктіргісі келді. Ол қағазды желімдегісі келмеді. Ол желімді тіпті пайдаланғысы келмейді. Ол оларды степлермен де біріктіргісі келмеді. Ол қыстырғышты да пайдланғысы келмеді. Джимге қыстыруға не нәрсе керек болды? Ол қағазға арналған түйреуішті қолданғысы келді. Ол екі қағазды да түйреуішпен түйреп қойғысы келді. Ол түйреуішті алды. Бұл қағазға арналған темір түйреуіш еді. Ол күміс түстес еді. Ол түйреуішті екі қағазға да қойды. Енді екі қағаз біріктірілген еді. Олар екі бөлек қағаз болып көрінбеді.
Скрыть текст
50. Пэт кір жуады
Пэт кір жуғыш машинаға қарады. Кір жуғыш машинаның дөңгелек бұрағыштарының бағыттары бар. Олар екеу еді. Әр бағыттың жанында сөздер жазылған. Әр бағыттың жанында үш сөз бар. Бір бағыттың жанында «шағын », «орташа », «үлкен» деген сөздер жазылған. Бұл бағыт киімдердің бір салымының мөлшерін қоюға арналған. Пэттің кір салымы азғантай ма, орташа ма әлде үлкен бе? Екінші бағыттың жанында «суық», «жылы» және «ыстық» деген сөздер бар. Пэт киімдерін суық, жылы, әлде ыстық сумен жуғысы келе ме? Пэт бірінші бағыттың «үлкен» деген сөзді таңдады, екінші бағыттан «ыстық» деген сөзді таңдады. Сосын ол кір жуғыш машинаның «іске қосу» түймесін басты.
Скрыть текст
51. Көлікті оталдыру
Боб есік тұтқасындағы түймені басты. Ол есіктің тұтқасын өзіне қарай тартты. Ол көліктің есігін ашты. Ол көлігіне отырды. Ол жүргізушінің орнына жайғасты. Боб қауіпсіздік белдігін киді. Қауіпсіздік белдігі оның кеудесінен, тізесінен өтеді. Қауіпсіздік белдігі оның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Ол кілтін оталдыру тетігіне салды. Оталдыру тетігі рүлдің қасында орналасқан. Тұтандыру көлікті оталдырады. Боб кілтті оталдыру тетігінде тұрғанда бұрады. Көлік оталды.
Скрыть текст
52. Хелен қуаты біткен батарейкаларды ауыстыруда
Хелен өзінің қолшамын қосты. Жарық жанбады. Қолшамның қай жері дұрыс емес? Ол пластмасса қолшамның үстіңгі бөлігін бұрап алды. Хелен пластмассалық корпустың ішінен екі батарейканы алды. Ол екеуін де қарап шықты. Бұлар D өлшеміндегі батарейкалар екен. Олар бүтін , бүлінбеген секілді көрінді. Мүмкін олардың қуаты таусылған шығар. Ол жаңа батарейкалардың қаптамасын ашты. Ол жаңа D өлшемінің екі батарейкасын пластмасса корпусына салды. Хелен пластмассалық қолшамның үстің бөлігін қайта орнына қойды. Ол қолшамды қосты. Қолшам жанды!
Скрыть текст
53. Лиз сүт ішкісі келеді
Лиз дөңгелек пластик контейнерге қарады. Контейнер бос еді. Лиздің сүт ішкісі келді. Бірақ сүт таусылып қалыпты. Оған тағы сүт жасау керек еді. Лиз шкафты ашты. Ол ұнтақ сүті бар қорапты алды. Ол дөңгелек пластик контейнердің қақпағын ашты. Лиз контейнерге ұнтақтан салды. Ол контейнерді суық сумен толтырды. Лиз контейнердің қақпағын жапты Лиз контейнерді қатты сілкіді. Ол суық сүтті стақанға құйды. Стақандағы суық сүтті ішті.
Скрыть текст
54. Бітелген қоқысты тазалауға арналған құрал
Майк қолын жуды. Ол қолын сабынмен жуды. Тісін тазалады. Тісін тіс пастасымен тазалап, сумен шайды. Ол суды тоқтатты. Раковина суға толып кетті. Су кетпей қойды. Не болып қалды? Неге су құбырға ағып кетпейді? Майк біраз күтті. Су ешқайда кетпеді. Ол раковинада тұрып қалды. Майк құбыр тазалайтын сұйық заты бар бөтелкені ашты. Оны раковинаға құйды. Майк біраз күтті. Бүкіл су лезде құбырға ағып кетті.
Скрыть текст
55. Мүгедектер арбасы
Билл мүгедектер арбасын ұрлап алды. Мүгедектер арбасы оныкі емес, басқа біреудікі еді. Бұл Дженнидің арбасы еді. Дженни тым алысқа бара алмайтын, тез шаршап қалатын. Бұл мүгедектер арбасы соныкі еді. Дженни өз үйінде еді. Оның арбасы кіреберісте тұрған. Билл кіреберістегі арбаны көрді. Ол жан-жағына қарады, ешкім болмады. Билл арбаға жармасты. Ол арбаны алдына салып итере берді. Арбаны өз үйіне қарай итере берді. Ол үйінің есігін ашып, арбаны үйіне кіргізді. "Ата, қара. Мен саған жаңа мүгедектер арбасын әкелдім» деді.
Скрыть текст
56. Жаңа жасалынған салат
Маргарет жаңа дайындалған салат жасады. Ол сары бананды, қызыл алманы, жасыл қиярды тазалады. Сосын сары сәбізді, қоңыр картопты, ақ пиязды алып тазалады. Ол ақ жұмыртқаны да тазалап алды. Ол барлығын өткір пышақпен ұсақтап турады. Ол бананды, алманы, қиярды,сәбізді, картопты, пияз бен жұмыртқаны турау үшін өзінің өткір пышағын пайдаланды. Ол кызанақты турады. Ол барлығын тегешке салды. Ол салатқа арналған дәмдеуіштері бар құтыны ашып, салатқа салды.
Скрыть текст
57. Таза еден
Эд ас үйдің еденіне қарады. Еден лас болатын. Еденде тамақтың ұсақ қалдықтары жатты. Эд нанның, крекердің қалдықтарын көрді. Ол ірімшіктің де қалдықтарын көрді. Оған еденді сыпыру қажет еді. Эд ас бөлмесінде жәндіктердің пайда болғанын қаламады. Жәндіктер тамақтың қалдықтарын жегенді жақсы көреді. Ол шкафтан сыпырғышты, қалақшаны алды. Эд еденді сыпырды. Ол тамақтың барлық қалдықтарын қалақшаға жинап салды.
Скрыть текст
58. Ұшатын табақ
Оның әкесіне әуе шарларын ұшырған ұнайтын. Ол үлкен әуе шарларын сатып алып . оны гелимен толтырды. Гелий - ол арнайы газ. Бұл газ - әуе шарларын аспанға ұшыратын зат. Бірде әкесі тағы да жаңа әуе шарын сатып алды. Шарды қораптан шығарып, көшеге алып шықты. Ол оны арнайы арқанмен қазыққа байлап қойды. Қазық жерде қағылған болатын. Қазыққа байланган арқан , әуеде шарды ұстап тұрды. Ал шар гелиймен толтырылған. Ол Джуниорадан жаңа шар неге ұқсап тұр? - деп сұрады. "Шар ұшатын табақшаға ұқсайды!" - деді Джониор. "Ол нағыз ұшатын табақшаға ұқсайды! Ішінде өзге планеталықтар бар ма?"
Скрыть текст
59. Маған машинагы жүргізуге рұқсат берші
Дейви 10 жаста. Оның әкесі машина жүргізіп келеді Радио қосылып тұр. Ол радио тыңдап отырған еді. Радиодан жол апаты жайлы айтып жатты. Жол апаты тас жолда болған екен. Екі адам қайтыс болыпты. Жол апаты 30 минут бұрын ғана болған екен. Әкесі баласына өмірдің қысқы екенін, жол апаттары барлық жерде болатын, әркіммен болуы мүмкін екенін айтты. "Сен әрқашан абай болуың керек", "Ешқашан асығып жүрме, әрқашан басқа жүргізушілерге көңіл бөл". - деді әкесі. Дейви сақ жүргізуші болатынын айтты. Ол ешқашан асықпайды. "Қазір машинаны жүргізсем бола ма?" деп сұрады.
Скрыть текст
60. Қызыл дақ
Ол айнаға қарады. Бетіндегі қызыл дақтар нелер? Күн сайын оның бетінде қызыл дақтар пайда болатын. Олар жәндіктердің шағып кеткен орны ма? Оны түнде бір жәндіктер шағып кеткен бе? Бұл неғылған қызыл дақтар? Олар әдетте бір екі сағаттан кейін жоғалып кететін. Сол кезде оның беті жақсырақ көрінетін. Күн сайын таңертең оның беті қызарып тұратын. Түнде не болады? Ол жастығының кесірі ме? Оның жастығында қызыл дақтар пайда болатын бір нарсе бар. Ол жаңа жастық сатып алады. Мүмкін бұл мәселе жастығынан болар.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
Казахский язык – просто о сложном  в  Facebook  и  ВКонтакте
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.4  >>