Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

61. Раушангүлдер ханшайымы
Ол жарыста жеңіп шықты. Ол раушангүл ханшайымы атағын жеңіп алды. Раушангүлдер шеруінде жаңа ханшайым болып, өзін бақытты сезінді. Ол жаңа жылға арналған шеруге қатысатын болғандықтан, қатты толқып жүрді. Оны теледидардан көрсететін болады. Миллиондаған адамдар көреді. Ол Пасаденадағы тротуарда адамдарға қолын бұлғап өтеді. Пасадена – Раушангүлдер шеруінің отаны. Жыл сайын бұл шеруге 50- ден астам платформа қатысады. Барлық платформалар өте әдемі безендірілген. Олар көптеген әдемі түстерге боялған. Ол ең әдемі платформада тұрып, жиналған қауымды қарсы алатын болады. Оның ата-анасы мен достары ол үші өте қуанышты.
Скрыть текст
62. Полицей тікұшағын атып түсірді
Елде қылмыскерлер көп. Қылмыскерлер әр қалада, әр аймақта толып жатыр. Олар барлық заңдарды бұзады. Қылмыскерлер заңға бағынғысы келмейді. Мыңдаған заң бар, олар барлық заңды бұзады. Олар заңды бұзып, күлкіге айналдырады. Полицейлер қылмыскерлердің соңына түсіп, құрықтауға тырысады. Қылмыскерлер полицейлерге оқ атады. Олар полицейлерді өлтіруге тырысады. Өткен аптада олар полицей тікұшағын атып түсірді. Тікұшақ жерге құлап, жарылды. Қылмыскерлер тікұшақтың жанына жүгіріп келді. Тікұшақтың ішінде болған барлық полицейлер мерт болды. Қылмыскерлер мерт болған полицейлердің қару-жарақтарын ұрлап, қашып кетті.
Скрыть текст
63. Сегіз бала
Бір әйел бір дегенде сегіз бала туды. Ол бірден атақты болып шыға келді. Бұған ешкім сенген жоқ. Бұл әлемдік рекорд болды. Бірден қалай сегіз бала тууға болады? Дәрігер оған арнайы дәрілер беріп отырды. Сол дәрілердің көмегімен сегіз бала тапты. Ол сегіз баланың анасы болғанына бақытты еді. "Мен жалғыз өскем" - деді ол тілшілерге. "Маған жалғыз болған ұнамайтын. Өскенде менің көп балам болады деп шештім. Енді міне, балаларым көп. Мен сондай бақыттымын. Сегіз баланы дүниеге әкелген менің жолым болды. Мен олардың бәрін жақсы көремін, олар да мені жақсы көретін болады».
Скрыть текст
64. Қабырғадағы тесік
Оның жуынатын бөлмесінің қабырғасында шеге қағылған. Ол шегені қабырғадан жұлып алды. Шеге үлкен болатын. Шегені жұлып алғанда, қабырғада үлкен тесік қалды. Ол бұл тесікті бітеп тастағысы келді. Ол Уал-Март дүкеніне барды. Уал-Март дүкендерінде барлық заттар бар. Уал-Март өте танымал дүкен. Ол сатушыдан : "Мен жуынатын бөлмедегі тесікті қалай бітесем болады?» - деп сұрады. Сатушы бұны оңай жасауға болатынын айтты. Бітеу оңай. "Тек мына тюбиктегі герметикті сатып алыңыз. Сосын осымен тесікті толтырыңыз", - деді сатушы. Ол тюбикті сатып алып, үйге кеді. Ол сонымен қабырғадағы тесікті толтырды. Герметик кебу үшін, оны түнге қалдырды. Келесі күні тесік тіпті болмағандай көрінді!
Скрыть текст
65. Жаңа шаштың түсі
Сьюзанға өзінің шашының түсі ұнамайтын. Оның шашының түсі тұрақты емес. Бұрын олар тіпті қап-қара болатын. Ал қазір шаштары ағартып кетті. Оған ағарған шаш ұнамайтын. Бұл түс оның жасын үлкейтіп көрсетеді. Ол үлкен болып көрінгісі келмеді. Ол сұлулық салонына баруға жазылды. Бір апта өткен соң, ол сұлулық салонына барды. Шаштараз оның шашын бояп берді. Ол Сьюзанның шашына аздап күлгін түс қосты. Шаштараз бояп болған соң, Сьюзанның шаштарын қарап шықты. Бұл түс оған ұнады. Ақ шаштар көрінбеді. Ол тек кішкене күлгін реңді қара шашты көрді. Күлгін түсті рең өте керемет көрінді. Сьюзан бұл түсті жігіті ұнатар деп ойлады.
Скрыть текст
66. Оның аяғы ауырып тұр
Оның аяғына бірдеңе болды. Ол аяғын күйдіріп алғандай сезінді, бірақ бір жері ғана дызылдады. Ол мұның не екенін білмеді. Оның көлемі 10 тиындай болып көрінді. Ол аяғының сыртқы жағында болатын. Ол қол айнаны алып, кішкентай ісікті қолымен ұстап көрді. Ісік жұмсақ емес, қатты. Ісік кішкентай тас сияқты сезілді. Терінің астындағы тас сияқты ісік, оттай қыздырып жатты. Бұлай болуы дұрыс емес. Оның дәрігерге қаралуы керек.
Скрыть текст
67. Көліктегі ұйқы
Оның ақшасы аз еді. Далада суық болатын. Қыс мезгілі. Алайда қазір ,ол далада емес, өз пəтерінде еді. Ол дəл осы сəтте өзін жақсы сезінді, себебі өз пəтерінде болатын. Бірақ келесі айда оны бір жайсыздық күтіп тұр .Келесі айда ол өз пəтерінде бола алмайды. Ол қазір жұмыста жоқ, сондықтан пəтер ақысын төлей алмады. Ол үй иесіне хабарласып, ,келесі айда пəтер ақысыз тұруға рұқсат беруін сұрады. Үй иесі оған пəтер ақыны төлей алмайтын жағдайда, пәтерді босатуын сұрады. Ол енді қайда барады? Оған машинасының ішінде ұйықтауға тура келеді. Бірақ қыста машина іші өте суық болады. Оның көңіл-күйі түсіп кетті.
Скрыть текст
68. Балық аулауға кеттік
Олар айлаққа кетіп, қайыққа отырды. Оларда балық аулауға арналған құралдардың бәрі бар еді. Олар балық аулағанды жақсы көретін. Кейде олар көп балық ұстайтын. Ал кейде екі балық қана ұстайтын. Кейде тіпті шабақ та түспейтін. Бірақ бірде-бір балық ұстай алмаса да, олар үшін бір ғанибет еді. Қайық айлақтан ұзап жүзіп кетіп, көлдің ортасына тоқтады. Бәрі қармақтарына құрттарын іліп жатты. Кейбіреулер қармақтың ілмегіне тірі құрттарды іліп жатты, ал енді біреулері өлі құрттарды іліп жатты. Тағы біреулері резеңке құрттар іліп қойып жатты. Бәрі қармақтарын суға лақтырды. Енді олар балықтардың құрттарды қапқанын күтті.
Скрыть текст
69. Әдемі күртеше
Оған өзінің жаңа күртешесі ұнайтын. Ол оның сүйікті күртешесі болатын. Күртешенің түсі қоңыр болатын. Салмағы да ұнайтын. Жеңіл де емес, ауыр да емес. Пішінін ұнататын. Күртешесі жақсы жарасатын. Ол күртешесін киіп көрді. Ол айнадағы күртешесіне қарады. Қандай әдемі күртеше! Ол дәрігердің қабылдауына барды. Кабинет жылы болды. Ол күртешесін шешіп, орындыққа қойды. Медбике оның есімін айтып шақырды. Ол тұрып, дәрігердің бөлмесіне кірді. Ол күртешесін орындықта қалдырғанын ұмытып кетті. Бірақ күртеше орындықта ұзақ жатқан жоқ. Біреу оны алып кетті.
Скрыть текст
70. Әріптесі оған көмектеспеді
Пэттидің компьютері сынып қалды. Оған көмек қажет болды. Ол өзінің әріптесінен көмек сұрады. Пэтти оған дәмді кешкі асқа апаратынын айтты. Кешкі ас қандай болады?'' - деп сұрады. Пэтти кешкі асқа қытай тағамдары болатынын айтты. Кешкі ас әріптесіне ұнады. Ол Пэттидің үйіне 7-де келетінін айтты. Жұмыстан кейін Пэтти үйіне барды. Ол кешкі асқа өте дәмді қытай тағамын дайындады. Әріптесі кешікті. Ол 7:30 да келмеді, қоңырау да шалмады. Пэтти өзі әріптесіне қоңырау шалды. Қоңырауға ешкім жауап берген жоқ. Тоғыз жарымда Пэтти ұйықтауға жатты. Телефон шырылдады. Ол оның әріптесі болатын. Пэтти телефонға жауап берген жоқ. Ертең басқа біреудің көмектесуін сұрайды.
Скрыть текст
71. Жағажайдағы ермек
Оның іші пысты. Ол қандай да бір амалын тауып, көңіл көтергісі келді. Ол өзінің досымен көңіл көтергісі келді. Ол досына қоңырау шалды. ''Менің ішім пысты. Жақсылап көңіл көтерейік!'' - деді. Досы: ''Тамаша. Сенің қоңырау шалғанына қуаныштымын. Менің де ішім пысты. Қандай ұсыныстарың бар?" Ол жағажайға барғысы келетінін айтты. Бұл ой досына ұнады. Ол көлігімен досын алып кетуге барды. Олар жағажайға кетті. Бір-біріне ұшатын дискті лақтырды, мұхитта шомылды. Олар құмнан үлкен қамал жасады, желкенді қайықтарды, шағалаларды бақылады. Содан соң ол досын үйіне апарып тастады''. Керемет демалыс болды! Кейін тағы да барайық'' - деді досы.
Скрыть текст
72. Ол хот-догты жақсы көреді
Ол өз көлігінде үйіне қайтып келе жатты. Ол үйге жеткенше шыдай алмады, өйткені қарны аш болатын. Ол сегіз сағат бойы ештеңе жемеді. Сегіз сағат бұрын екі хот-дог жеген еді. Хот-дог өте дәмді болды. Ол хот-догқа қыша, пияз және дәмдеуіштер қосты. Олар сондай дәмді болды. Ол үйге жетті. Екінші қабатқа көтеріліп, пәтеріне кірді. Ол тоңазытқышты ашып, қаптаманы алды. Бұл хот-дог шұжығының қаптамасы еді. Ол қаптамадан екі шұжықты алып, қысқатолқынды пешке салды. Сосын қыша, пияз, дәмдеуіштерді, хот-догқа арналған екі бөлкені алды. Ол тағы да екі дәмді хот-догты жеуге дайын еді!
Скрыть текст
73. Көптеген ескі-құсқы заттар
Ол пәтерін тазалауы керек еді. Оның пәтерінде лақтыратын, керек емес заттар өте көп. Оның жүзден астам кітаптары бар. Бұл заттардың барлығымен не істеу керек? Барлығын үйде сақтай алмайтын еді. Ол кішірек пәтерге көшіп жатыр. Жаңа пәтерінде кітаптарын сақтайтын орын жоқ , велосипедіне де орын жоқ . Велосипедін не істейді? Оның үлкен теледидары бар еді. Теледидар оның жаңа пәтері үшін тым үлкен еді. Теледидарын не істейді? Ол ағасын шақырды. "Сен кітаптарымды, велосипедімді, теледидарымды алғың келе ме?" деп сұрады. Оның ағасы "Сен үй заттарын жаппай сатылыммен сатуың керек" деді.
Скрыть текст
74. Бейтаныс адам
Ол ер адамға қарады. Ол тротуармен жүріп келе жатты. Бұл бейтаныс адам еді. Ол бұл адамға күмәнмен қарады. Осы ауданның тұрғыны емес еді. Ол өзінің машинасын ақырын жүргізіп келе жатты. Ол үйіне жетіп қалған еді. Ол ер адамды қуып жетіп, артқы айнасы арқылы қарап отырды. Бейтаныс адам тротуарда біраз тұрып, көршілердің есігінің алдына келді. Есік алдында машина тұр. Ол машинаның жүргізуші жағына келіп, қайта тротуарға шықты. Машинаның жанында бейтаныс адам не істеді, - деп сұрады ол өзінен. Ол енді түсінді. Бейтаныс адам машинаның есігі жабық па екендігін тексерді. Ол полицияға хабарласты.
Скрыть текст
75. Шошқа тұмауы
Қыркүйек айы еді. Бүкіл әлемде адамдар тұмаумен ауыра бастады. Тұмау H1N1 деп аталатын. Кейбір адамдар оны шошқа тұмауы деп атайды. Шошқа өсірушілерге бұл ұнамайды. Олар : "Оны шошқа тұмауы деп атауды доғарыңдар" деп айтатын. Шошқалар тұмаумен ауырмайды. Сіз шошқа етін жеп, тұмауын жұқтыра алмайсыз". Тағы шошқаларды торайлар деп атайды. Біз олардан бекон мен ветчина аламыз. Біз торайлардан шошқа етін аламыз. Бірақ торайлардан да шошқа тұмауын жұқтыра алмаймыз. Біз тұмауды вирустан жұқтырып аламыз. H1N1 вирусы барлық ауруды тудырды. Қазан айында жаңа вакцинаны таратты. Жаңа вакцина адамдарды көп вирустан қорғады. Адамдар да, шошқа өсірушілер қуанышты.
Скрыть текст
76. Менің ақшам қайда?
Джек ашулы еді. Джо оған ақша қарыз. Ол Джектен бір ай бұрын 100 доллар қарыз ақша алған еді. Ол қарызын келесі аптада қайтаратынын айтқан. Бірақ ол Джекке қарызды жеті күннен кейін де, 14 күннен кейін де, 21 күннен кейін де, тіпті 28 күннен кейін де қайтармады. Міне, сондықтан Джек қатты ашулы еді. Ол Джоға хабарласты. "Сен маған 100 доллар қарызсың. Сен менен ақшаны бір ай бұрын алғансың. Менің ақшам қайда? Ақшамды дереу қайтаруыңды сұраймын!" - деді Джек. Джо оған: "Мен қатты қынжылып тұрмын. Сенікі дұрыс. Мен саған 100 доллар қарызбын. Мен ақшаны келесі аптада қайтарсам бола ма?
Скрыть текст
77. Тұмауға қарсы екпе жасатыңыз
Тұмаудың мезгілі. Үнемі сақ болуыңыз керек. Тұмауды өте оңай жұқтырып алуға болады. Сіз қолыңызды жиі жуып тұруыңыз қажет. Сізге тұмауға қарсы екпе жасату керек. Ол тұмаудан қорғануға көмектеседі. Бірақ тұмау екпесінен біраз қиындықтар тууы мүмкін Мәселе - инеде. Медбике инені сіздің қолыңызға салады. Қолыңыз бір- екі күн ауыратын болады. Қолдың ауырғаны ешкімге ұнамайды, бірақ қолдың ауырғаны жаман ма, бүкіл дененің ауырғаны жаман ма? Дененің ауырғаны одан да жаман. Қолыңыздың ауырғаны жақсы ма, денеңіздің ауырғаны жақсы ма? Тұмаудан сіздің денеңіз апта бойы ауыратын болады. Мүмкін, ол екі апта ауруы мүмкін.
Скрыть текст
78. Мен саған жетіде хабарласам
Кэрол мен Мэри - құрбылар. Кэрол Мэриге сағат жетіде хабарласатынын айтты. Бірақ Кэрол хабарласқан жоқ. Әйтеуір сағат жеті жарымда хабарласты. Ол кеш хабарласқанына кешірім сұрады. Мэри бәрі дұрыс екенін айтты. Мэри өтірік айтқанды ұнатпайтын. Бұл Кэролдың алдағаны бірінші рет емес еді. Кэрол осымен төртінші рет алдады. Мэри Кэролға сенбейтін болды. Кэрол оның ешқашан жақын құрбысы болмайды. Жақын құрбылар тек шындықты айтады, бірін-бірі алдамайды. Жақын құрбылар кешігіп хабарласпайды, барлығын уақытында және кешікпей істейді.
Скрыть текст
79. Ол үнемі жей береді
Джейн Лизаға қоңырау соқты. Лиза тамақ ішіп отырғанын айтты. Ол кешкі асын ішіп отырған. Лиза Джейннен кейін хабарласуын сұрады. Ол Лизаға келесі күні хабарласты. Лиза оған тамақ ішіп отырғанын айтты. Ол түскі асын ішіп отырған. Лиза Джейннен кейінірек қоңырау соғуын өтінді. Ол келесі күні тағы Лизаға қоңырау соқты. Лиза тамақ ішіп отырғанын айтты. Ол таңғы асын ішіп отырған. Лиза Джейнен кейін хабарласуын өтінді. Келесі күні Джейн Лизаға тағы да қоңырау соқты. Лиза тамақ ішіп отырғанын айтты. Ол жеңіл-желпі тамақтанып отырған. Лиза Джейннен кейінірек хабарласуын өтінді. Джейн оған «жоқ, осы жолы өзің маған қоңырау соқ. Тамақ жеп отырмаған кезінде маған хабарлас» - деді.
Скрыть текст
80. Кеудені жерден көтеру
Жоғары, төмен. Жоғары, төмен. Билли кеудесін жерге түсіріп, көтеріп жатыр. Қолдары бүгілуі еді. Алақандары да , аяғының да ұштары жерге тиіп тұрды. Арқасы түзеу . Іші де, мұрны да жерге жақын тұрды. Кейін ол қолдарын жазды. Қазір оның мұрны жерден жарты метрде. Арқасы түзу ,қолдары тік . Басы аяғынан сәл биік тұрды, ал аяқтары басынан сәл төмен болды. Бұл кеуде көтерудің біріншісі еді, сосын ол қолдарын бүкті, сол кезде мұрны мен іші жерге кішкене ғана тиіп тұрды. Ол қайтадан қолдарын жазды. Бұл да тағы кеудені жерден көтерудің бір түрі. Билли 10 рет жасап шықты. Ол күнде он рет жасады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.5  >>