Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

81. Ұйықтап кеткен ұшқыштар
Қараңғы түн еді. Ұшақ ауамен тез ұшып келеді. Ол сағатына 800 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатты. Ол өте үлкен жылдамдық. Пойыз да, автобус та мұндай жылдамдықпен жүрмейді. Кеме де мұндай жылдамдықпен жүзбейді. Екі ұшқыштың ұйқысы келді. Олар ұйықтап кетті. Ұшақ қаланың шет жанынан ұшып өтті. Олар оянып кетті. Ұшақты қалаға қарай бұрды. Олар ұшақты әуежайға қондырды. Олардың басшылары ашу үстінде болатын. Ол: Ұшақтың кешігуіне не себеп болды? Екеуің ұйықтап қалдыңдар ма? – деді. Екеуі: Жоқ, әрине, бастық – деді.
Скрыть текст
82. Құлақтың жағдайы
Оның құлағында кішкентай ауа толған томпақ бар еді. Бұл оны мазалай берді. Ол сөйлегенде жаңғырық естіліп тұратын. Бұл оны қатты мазалады. Ол осы кішкентай ауа толған томпақтан құтылғысы келді. Ол мұрнын қысып, аузын жауып қатты үрлей бастады. Ештеңе болмады. Ол басы су болған ит секілді басын шайқады. Ештеңе болмады. Ол 10 минут басымен тұрды. Ештеңе өзгермеді. Ол саусағын құлағына кіргізіп, тез суырып алды. Ешнәрсе болмады. Дәрігер оған мұрынға арналған тамшылар берді. Тағы да ештеңе болмады. Дәрігер оған құлаққа арналған тамшылар берді. Ол да көмектеспеді. Ол қыста серуендеп жүр еді. Ол мұзда тайып жығылып, басымен тротуарға құлады. Томпақ жоқ болып кетті!
Скрыть текст
83. Нашар жігіт
Ол өзінің сүйікті жігіті туралы ойлады. Ол неге онымен қалды? Ол неге жігітін тастап кетпеді? Ол жігітіне сенбейтін. Жігіті сүйемін деп айтатын. Жігіттің оған деген қарым-қатынасы нашар еді. Ол оған жағымсыз сөздер айтатын. Ол толықсың, аз тамақтану керек деп айтатын. Тағы ол жаман қылықтар көрсететін. Ол туған күніне "99 цент" дүкенінің арзан картасын сыйлады. Ол Рождествоға бір пакет алма сыйлап, барлығын өзі жеп қойды. Оның айтқан сөздеріне, істеген істеріне жылайтын. Кейін жігіті осының бәріне өкінетінін айтатын. Ол әрдайым өкінетінін айтады. Ол жігітін тастап кеткісі келетін. Ол басқа жігіт тауып алғысы келетін. Бірақ ол оны тастай алмады. Ол оны қатты жақсы көретін.
Скрыть текст
84. Есіктің қоңырауын кім басты?
Ол телефонмен сөйлесіп отырған. Телефон асханада үстелдің үстінде еді. Ол досымен сөйлесіп жатқан. Олар ауа-райы жөнінде айтып жатқан еді. Жаңбыр жауып тұр. Біреу есікті қақты. Ол есікке барды. Ол есікті ашты. Ешкім болмады. Ол қайтадан телефонға келді. Есікті қайта қақты. Ол телефонмен сөйлесуін жалғастырды. Есікті қайта қақты. Ол әңгімелесіп отыра берді. "Сүрінген ат жаман емес, бір орнында екі рет сүрінген ат жаман", - деп ойлады ол.
Скрыть текст
85. Ол саған керек пе, керек емес пе?
Ол інісіне өзінің көлігін ұсынды. Інісі бұл туралы ойланатынын айтты. "Маған ойлану керек", - деді ол. Ол оған бір аптадан кейін хабарласты. "Көлігімді тегін алғың келе ме?" - деді ол. "Мен ойланып жүрмін". "Саған ойлануға көп уақыт керек пе?" - деді ол. Ол білмейтінін айтты. "Маған тағы ойлануға уақыт бер", - деді ол. Әпкесі қайырымдылық қорына хабарласты. Ол: "Сіздерге менің көлігім керек пе, тегін?" - деді. Қайырымдылық қорындағы ер адам иә деді. Ол: "Сізге бұл туралы ойлану керек емес пе?" - деді. Ол: "Маған бұл туралы ойланудың қажеті жоқ. Тегін көлікті алуға кім ойланады?" - деді. Келесі күні ол көлікті алып кетті.
Скрыть текст
86. Жуу мен кептіру
Ол кір жуатын орынға кетті. Ол асығыс еді. Ол кірлерін жуып кептіріп алуы керек еді. Сосын ол жұмысына баруы керек болатын. Кір машина жұмыс істеп тұрды. Машинаға біреу кір салып қойыпты. Машина тоқтады. Ол қақпағын ашты. Ол дымқыл кірлерді алып шықты. Дымқыл кір бөтен адамдікі болатын. Ол кептіргішке салып, өз кірлерін кір машинаға салды. Ол машинаны қосты. Жарты сағат өткен соң ол өз кірлерін алып , кептіргішке салды. Бір сағаттан кейін кептіргіштен кірлерін алып, жұмысына кетті. Ол дымқыл кірлерді кептіргішке тастап кетті.
Скрыть текст
87. Оған тұмауға қарсы екпені жасамайды
Ол мейірбике болып жұмыс істейтін. Тұмау мезгілі болатын. Бірақ оған тұмауға қарсы екпені екпеді. Бірақ басқа мейірбикелердің барлығына екпе екті. Барлық дәрігерлер тұмаудан екпе екті. Бірақ оған екпеді. тұмауға қарсы екпеден ол ауыратын. Ол кішкентай болған кезінде оған екпе жасаған. Тұмауға қарсы екпеден ол қатты ауырды. Ол ұзақ уақыт ауруханада жатқан. Кейін ол үйіне сауығып келді. Ол үш апта төсекте жатты. Ол шамамен бір ай ауырды. Осыдан кейін оған тұмауға қарсы екпені екпейтін болды. Тұмаумен де ол ауырған жоқ. Мен тұмауға қарсы екпені салдырмаймын, тұмаумен де ауырмаймын, - деді ол өз құрбысына.
Скрыть текст
88. Қасқыр сияқты тамақ жеу
Қыз тамақты тез жейтін. Қыз тамақты тез жегенді жақсы көретін. Қыз қасқыр сияқты тамақ жейтін. "Мен қасқыр сияқтымын", - дейтін қыз. Ер адам ақырын тамақ жейтін. Ер адам тамақты ақырын жегенді жақсы көретін. Ер адам тасбақа сияқты тамақ жейтін. "Сен тасбақа сияқтысың", - дейтін қыз. Қыз үстел басында отырғанда сөйлемейтін. Қыздың барлық істейтіні тамақ жеу еді. Ер адам үстел басында сөйлескені жақсы көретін, жаңалықтар, ауа райы туралы айтатын. Ер адам спорт туралы айтатын. Қыз ұлдың айтқанын тыңдайтын. Қыз басын изеп отыра беретін. Бұл иә дегенді білдіретін. Қыз басын шайқайтын. Бұл жоқ дегенді білдіретін. Қыз ешқашан иә демеген. Қыз ешқашан жоқ демеген. Қыз ешқашан ештеңе демеген. Қыздың бар білетіні - тамақ жеу.
Скрыть текст
89. Менің тұмауға қарсы вакцинам қайда?
Тұмауға қарсы вакцина дәріханада жиырма доллар тұрады. Тек санаулы ғана адамдар оны сатып алады. Үлкен кезек жоқ. Кезекте ешкім тұрмайды. Егер вакцина алғың келсе, 20 долларды төлеуің керек. Кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бірден алуға болады. Әкім тегін вакциналауды жариялады. Ол былай деді: «Біз барлығыңызға тегін егу жасаймыз. Сенбі күні кітапханаға келіңіздер». Сенбі күні екі мың адам кітапханаға келді. Олар төрт сағат кезекте тұрды. Төрт сағаттан кейін тегін егу аяқталды, өйткені оларда тегін вакцина бітіп қалды. Дәріханада вакцина әдеттегідей көп болатын, алайда тегін болмайтын. Жиырма доллар тұрады.
Скрыть текст
90. Ол маған үйленеді ме?
Ол тротуармен жалғыз жүріп келе жатты. Ол ешкімге, ештеңеге де көңіл бөлмей келе жатты. Ол өзінің жігіті туралы ойлап келе жатты. Жігіті оны ренжітті, ол оған қазір үйленгісі келмейтінін айтты. Оның кейінірек үйленгісі келді, ал қыздың қазір тұрмысқа шыққысы келді. Оның кейінірек тұрмысқа шыққысы келмеді. Неліктен жігіті қазір үйленгісі келмейді? Мүмкін, оның жігіті кейірек үйленгісі келмейтін шығар. Мүмкін оның жігіті оған ешқашан үйленгісі келмейтін шығар. Мүмкін оның жігіті басқа біреуді кездестіргісі келетін шығар. Мүмкін оның жігіті басқа біреуге үйленгісі келетін шығар. Ол орындыққа шалынып, аяғын ауыртып алды. Оның аяғы қанай бастады. Ол орындыққа отырды. Оның аяғы қатты ауырды. Ол қанды тоқтатуға тырысты.
Скрыть текст
91. Ұстаз
Ол өз жұмысын жақсы көретін. Оның жақсы жұмысы бар. Ол ұстаз Ол үйреткенді жақсы көретін. Ол өз оқушыларын жақсы көретін. Оқушылары оның айтқанын тыңдайтын. Оқушылары әрбір айтқанын сөздерін жібермей тыңдайтын. Оның оқушылары айтқандарының бәрін үйренетін. Олар жазып, сөйлеп үйренді. Олар сұрақ қойып, жауап беруді үйренді. Олар өз ойларын айтатын болды. Ол оларды ойлауға, түсінуге үйретті. "Әрбір естігендеріңе сене бермеңдер", - дейтін ол. "Әрбір оқығандарыңа сене бермеңдер", - деген ол. "Әр көргендеріңе сене бермеңдер", - деп айтқан ол. "Жақсылап ойланыңдар. Егер бір нәрсе шын болып көрінуге тым жақсы естіліп тұрса, ол дәл солай болып-ақ шығады", - дейтін ол.
Скрыть текст
92. Таза шіркеу
Аула тазалаушы шіркеудің ішін күнде тазалайтын. Ол еденді сыпырғышпен сыпырып, швабрамен сүртетін. Ол кілемді шаңсорғышпен тазалайтын. Ол барлық терезелерді дымқыл шүберекпен сүртетін. Ол ерлер және әйелдер дәретханасын жинайтын. Ол раковинаны тазалайтын. Ол унитазды тазалайтын. Ол дәретханадағы айналарды сүртетін. Ол шіркеудің сыртындағы баспалдақтарды тазалайтын. Ол баспалдақтарды щеткамен, сабынды сумен тазалайтын. Ол терезелерді, сонымен қатар дәретханалар мен едендерді де тазалықта ұстайтын. Баспалдақтар, терезелер, дәретханалар мен едендер тап-таза болатын. Бұл таза шіркеу болатын.
Скрыть текст
93. Қарызға 1000 доллар бере аласың ба?
Ол қатты ашулы. Ол өз ағасына қатты ашулы. Ағасы оған көмектеспеді. Оған қарызға 1000 доллар керек еді. Ол ағасынан қарызға 1000 доллар сұрады. Ағасы «жоқ» деді. Ағасы онда 1000 доллар жоқ екенін айтты. Ағасы өтірік айтты. Ағасында 10000 доллар бар. Ағасында 1000 доллардан он есе артық ақша бар. Ағасы неге оған өтірік айтты? Ағасы неге оған 1000 доллар бермеді? Ол: «Сенде 1000 доллар бар екенін білемін. Маған тек 1000 доллар керек. Мен қарызды келесі жылы қайтарамын. Ақшаңды келесі жылы қайтып аласың» - деді. Ағасы «жоқ» деді. Ағасы «адамдар қарызға ақша алмау да, бермеу керек» деді. «Бірақ мен бөтен адам емеспін. Мен – сенің қарындасыңмын!» - деді ол.
Скрыть текст
94. Ызғарлы қыс
Қыс. Аспан сұрланып тұр. Аспандағы күн үлкен емес. Күн сәулесі жылы емес. Күн ешқашан аспанға жоғары көтерілмейді. Ол аспанда төмен тұрады. Көлеңке ұзын болады. Көлеңке таңертең ұзын болады. Түстен кейін де ұзын болады. Көлеңке суық. Жел соғады. Жел күнде соғады. Кейде суық жел соғады. Қағаздарды ұшырады. Адамдар жылы күртешелерін киеді. Олар қолдарын қалтасына салып алады. Адамдар қолдарын үрлеп жылынады. Адамдардың жылы демін көруге болады. Олар дем алғанда, ауыздарынан бу шыққанын көре аласыз. Олардың демі шәйнектен шыққан бу сияқты. Қыста бәрі тоңады.
Скрыть текст
95. Өте көп тұтқындар
Түрмелерде қазіргі уақытта тұтқындар саны өте көп. Тұтқындар қос қабатты төсектерде ұйықтайды. Олар үш қабатты төсектерде ұйықтайды. Үш қабатты төсектер үш тұтқынға арналған. Бір тұтқын астыңғы қабаттағы төсекте ұйықтайды. Екінші тұтқын ортаңғы қабаттағы төсекте ұйықтайды. Үшінші тұтқын үстіңгі қабаттағы төсекте ұйықтайды. Олар бірінің үстінде бірі ұйықтайды. Олар бірінің астында бірі ұйықтайды. Тұтқындар үш қабатты төсектерге шағымданады. Олар үш қабатты төсектерді ұнатпайды. Бұрын түрмелерде қос қабатты төсектер болмаған. Түрмелерде ешқандай төсек болмаған. Тұтқындар салқын еденде ұйықтайтын болған. Тұтқындар қазіргі уақытта күніне үш рет тамақтанады. Олар үш рет ыстық тамақ ішеді. Бұрын тұтқындарды күніне бір рет тамақ тамақтандыратын. Олар бір рет салқын тамақ алатын.
Скрыть текст
96. Моргтағы өлі адамдар
Үлкен бөлмеде ауабаптағыш бар. Бірақ бөлмеде жағымсыз иіс тұр. Өлі адамдар жылжымалы темір жәшіктерде орналасқан. Өлі адамдардың киімдері жоқ. Олар жалаңаш. Әрбір өлген адам жаймамен жабылған. Жәшіктер тартылып ашылады және жабылады. Моргтың үлкен бөлмесінде дәрігер өлген адамдармен жұмыс істейді. Ол күнде жұмыс істейді. Ол денелерді тіледі. Ол оларды пышақпен тіледі. Ол оларды арамен тіледі. Ол денелерді тексереді. Ол денелердің ішін тексереді. Бұл адамдар неге өлді? Бұл жас жігіт неге өлді екен, деп ол өзіне сұрақ қояды. Ол бұл сұраққа жауап беруге тырысады. Әрбір өлген адам - жұмбақ. Дәрігер бұл жұмбақты шешуге тырысады. Одан кейін ол полицияға бұл адамдар неден өлгені туралы xабар береді.
Скрыть текст
97. Футбол
Футбол - көңілді ойын. Ол өте танымал. Ол бүкіл әлемге танымал. Ойынды қарау қызықты. Ойынды ойнау да қызықты. Бұл қарапайым ойын. Мұнда екі команда бар. Олар үлкен шөпті алаңда ойнайды. Бір доп болады. Екі торланған қақпа болады. Әр команда допты қарсыластың қақпасына салуға тырысады. Ойыншылар қолдарын қолдана алмайды. Олар допты қолмен ұстай алмайды. Олар допты алаңда қозғалтуға аяқтарын пайдаланады. Олар доп соғуға кеуделерін пайдаланады. Олар допты тіреуге бастарын пайдаланады. Ойыншылар алға да, артқа да жүгіреді. Олар шөпте сырғанайды. Олар бір-бірімен соқтығысып қалады. Олар жеңіп шығу үшін ойнайды.
Скрыть текст
98. Джунглидегі ағаштар
Джунглиге көп мөлшерде жаңбыр жауады. Жаңбыр ағаштардың өсуіне көмектеседі. Джунглиде алуан түрлі ағаштар бар. Ағаш-джунгли жануарларының мекендейтін орны. Көптеген аңдар ағаштарда өмір сүреді. Маймылдар-джунглидің жануарлары. Маймылдар ағаштарды жақсы көреді. Олар ағаштан ағашқа секіріп, тербеліп қозғалады. Олар ағаштан жерге түседі. Олар жерден ағашқа қайта мінеді. Олар ағаштарда отырады. Олар қорегін ағаш басында жейді. Олар ағаш басындағы жемістерді жейді. Олар ағашта өскен жемістерді жейді. Олар ағаштарда құстармен бірге өмір сүреді. Олар ағашта кесірткелермен де тұрады. Олар ағаш басында жыландармен де тұрады. Олар ағаштар үстінде құмырсқалармен да бірге жүреді. Джунглидегі ағаштар аңдарға өте бай.
Скрыть текст
99. Көп ақша
Ол барда отырды. Ол сыра ішіп отырды. Ол мас болып қалды. Ол сөйлей бастады. Ол көп сөйлей бастады. Ол өзінің ақшасы туралы айтты. Ол көп ақша туралы айтты. Оның сөмкесінде мыңдаған доллар болған. Ол өзінің сөмкесінде 20 000 долларын барын айтқан. Ол бұл туралы қатты айтты. Бардағы барлық адамдар оның айтқанын естіді. Олардың бәрі оған қарап отырды. Ол өзінің сөмкесінен біраз ақша алып шықты. Ол қолындағы ақшаны көрсетіп, барлығына "Қараңдар, мында 1 000 доллар", - деді ол. Ол күлді. Ол ақшаны қайтадан сөмкесіне салып, сыраның тағы бір саптыаяғын ішті. Оның қылығын ер адам бақылап отырды. Ол сырасын ішіп болған соң бардан шығып кетті. Әлгі ер адам оның соңынан ерді.
Скрыть текст
100. Жаңбыр жауа ма?
Кеше кешке ол жаңалық көріп отырған. Ауа райын бақылаушы бүгін жауын жауатынын хабарлады. Бүгін күні бойы жаңбыр жауады. Ол киінді. Ол резеңке етігін , плащ киді. Ол өзімен бірге қолшатыр алды. Ол жаңбыр жауады деп ойлап, сәйкес киім киді. Оның аяғына резеңке етік , үстіне плащ киді. Қолында қолшатыр ұстап тұрды. Ол далаға шықты. Олай болмады. Жаңбыр жауған жоқ. Сонда жаңбыр қайда жауды? Ол жоғары қарады. Ол көк аспанға қарады. Ол үйіне қайта кірді. Ол плащты, резеңке етігін шешті. Ол қайтадан далаға шықты. Ол қолшатырын ұстап шықты. Ол ауа райының қандай болатынын білу мүмкін емес деп ойлады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Лёгкие истории. Том 1, стр.6  >>