Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 6

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

101. Құдайға жақсы адамдар қажет
Құдай о дүниеге жақсы адамдарды алады. Ол өзінің жанында жақсы адамдардың болғанын қалайды. Ол жаман адамдарды Жерде қалдырады. Ол өзінің айналасында жаман адамдардың болғанын қаламайды. Оларға жаман қылықтарын Жерде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олар қайтыс болған соң, оларды шайтанға жібереді. Шайтан оларға күнде жұмыс істетеді. Олар үлкен оттың қасында жұмыс істейді. Олар әрқашан оттың жанында болады. Олар оттың жалынына төзеді. Шайтан оларға қара көмірдің ауыр шелектерін тасытқызады. Олар көмірді отқа тастайды. Олар көмірді үлкен отқа тастайды. Кейін тағы да үлкен шелектерді көмірге толтырады. Оларға су ішу үшін ешқашан уақыт бермейді. Тіпті демалуға да уақыт бермейді.
Скрыть текст
102. Мәселе ақшада емес
Ағайындылар бір бірімен сөйлеспейді. Олар ренжісіп қалған. Олардың ренжіскеніне көп болды. Реніш ақша үшін болды. Ақша адамдарды кейде бақытты, кейде бақытсыз етуі мүмкін. Ақша адамдарды біріктіруі мүмкін, бір бірінен ажыратуы мүмкін. Адамдарды бір бірінен ажырату үшін көп ақша қажет емес. Екі ағайынды 100 доллар үшін ренжісті. Бар жоғы 100 доллар. Екеуінің айтқаны: "Мәселе ақшада емес. Мәселе, дұрыс ұстанымда", - деді. Дұрыс ұстаным - өмірдің қағидасы. Шындықты айту - ол қағида. Жұмысқа бар ынтамен берілу - бұл қағида. Бірақ ағайындылар шындықты айтпады. Мәселе - қағидада емес, мәселе ақшада еді.
Скрыть текст
103. Үйі жоқ адам
Ол үйі жоқ адам еді. Ол тоңып дірілдеді. Ол саябақта орындықта отыр еді. Жанында тақтайша тұр. Тақтайшада: «Мені жұмысқа алыңдаршы. Менің үйім жоқ» деп жазылған. Адамдар жанынан өтіп жатты. Адамдар оны елемеді. Ол лас , кәрі көрінетін. Мына адам қалай жұмыс істей алады? Жұмыс істеу үшін тым кәрі ,әрі лас. Оған жуыну керек. Оған тамақ керек. Бір әйел тоқтап, қасына отырды. Әйел өзінің бір шіркеуде істейтінін айтты. Әйел оның өзімен бірге жүруін өтінді. Екеуі орындарынан тұрды. Ол сол әйелмен шіркеуге кетті. Шіркеуде жылы болатын. Ыстық тамақтың иісі шығып тұр. Әйел: «Біздің шіркеу сізге көмектеседі», - деді.
Скрыть текст
104. Шыдамды ана
Мей анасымен хабарласты. Оның анасы Қытайда тұратын. Қытай алыс. Анасы 50 жаста. Анасының көп достары бар. Бірақ ол қызын сағынатын. Мей Америкада тұрады. Ол мейрамханада даяшы болып жұмыс істейді. Бұл қытай мейрамханасы. "Менің не айтатынымды тапшы, анашым?" - деді Мей. "Мен жақсы адамды кездестірдім". Анасы өзінің қуанышты екенін айтты. "Сен оған тұрмысқа шығасың ба?"-деп сұрады. Ол Мейдің тұрмысқа шыққанын қалады. Ол немерелерінің болғанын қалады. Немерелерін отаны Қытайға алып келгенін қалады "Шыдамды бол", - деді Мей. "Біз өткен айда таныстық. Бірақ ол өте жақсы адам". Анасы: "Жарайды, мен шыдамды боламын. Бірақ тездет!" – деді.
Скрыть текст
105. Таза көлік
Оның әдемі көлігі бар. Бұл Cadillac болатын. Бұл 2003 жылғы Cadillac. Бұл төрт есікті Cadillac. Оның түсі ашық қоңыр. Оның моторы қуатты еді. Мұндай үлкен мотордың майы да, суы да ақпайтын. Ол көлігімен күніне тек бес километр жүріп тұратын. Ол көлігін жақсы күтетін. Көлігін күн сайын жуатын. Ол оны ыдыс жуатын сұйықтықпен жуып тұратын. Ол оны жұмсақ қағазбен сүртетін. Көліктің ішін апта сайын шаңсорғышпен тазалайтын. Ол тазартуға шағын шаңсорғыш қолданады. Оның көлігі сыртынан да, ішінен де тап таза болды. Ол көлікте ешқашан ештеңе жемейтін, ішпейтін.
Скрыть текст
106. Олар балалы болғысы келеді
Әйелдің балалы болғысы келді. Ол қыздың болғанын қалады. Ер адамның балалы болғысы келді. Ол ұлдың болғанын қалады. Күйеуі әйелін жақсы көретін. Ол әйеліне: "Жарайды, бізде қыз болсын", - деді. Әйелі күйеуін жақсы көретін. Ол күйеуіне: "Жарайды, бізде ұл болсын-деді. Олар бір бірін жақсы көретін. Олар бір бірін бақытты еткісі келді. Күйеуі өзінің ата-анасымен сөйлесті. Ол ата-анасынан не істеу керек екенін сұрады. Әйелі де өзінің ата-анасымен сөйлесті. Ол ата-анасынан не істеу керек екенін сұрады. Күйеуінің ата-анасы: "Бұл да шешілмейтін мәселе ме екен? Ұл мен қызды дүниеге әкеліңдер". Әйелдің да ата-анасы солай айтты! Олар екі сәбилі болды. Бірінші қыз, кейін ұл дүниеге келді.
Скрыть текст
107. Көбейіп кеткен мәселелер
Эмили диванға отырды. Оның кең де жұмсақ диваны бар. Диван жайлы болатын. Ол туфлиін шешті. Ол аяғын журнал үстеліне қойды. Үстелде теледидардың пульті жатыр. Ол пультті алды. Ол оны теледидарға бағыттады. Ол теледидарды қосты. Жаңалықтар болып жатыр. Репортер ұшақтың құлағанын хабарлап жатыр. 100 ден астам адам қаза болған. Репортер көпірдің құлағаны туралы айтты. 20 дан астам адам қаза болған. Ол теледидарды сөндіріп тастады. Оның онсыз да үйде мәселесі жетерлік еді. Оған тағы әлемдегі басқа мәселелер туралы білу қажет емес. Оның ақша жағынан қиындықтары болды. Оның денсаулығы да сыр беріп жүрген. Отбасылық мәселелері де болды. Біреудің мәселелерін тыңдауы қажет пе?
Скрыть текст
108. Енді оған ешқандай ет керек емес
Бұрын ол ет жейтін. Ол көп ет жейтін. Сиыр етін, шошқа етін жейтін. Ол ветчинаны да, тауық етін де жейтін. Ол етті күн сайын жейтін. Ол таңғы асқа бекон, түскі асқа гамбургер немесе хот-дог, ал кешкі асқа ет орамасын жейтін. Ол анда-санда көкөніс, жемістерді де жейтін. Кейде салат та жейтін. Бірақ етті әрқашан жейтін. Бірде ол қоқыс жәшігінің қасынан өтіп бара жатты. Ол бір нәрсенің иісін сезді. Бұл жағымсыз иіс болатын. Шынымен де жағымсыз иіс еді. Ол контейнердің қақпағын ашты. Оның ішіне қарады. Ол гамбургерге арналған ашылған ет қаптамасын көрді. Шыбындар мен құмырсқалар үймелеп алған. Сол сасып жатты. Ол қақпақты жапты. Ол енді ет жемейтін болды.
Скрыть текст
109. Азық-түлік таусылып қалды
Ол машинасымен супермаркетке кетті. Үйде азық-түлік таусылып қалыпты. Тоңазытқышта азық-түлік жоқ. Қоймада азық-түлік жоқ. Оған біраз азық-түлік алу керек еді. Ол сатылымның болғанын қалады. Сатылым ақша үнемдеуге көмектеседі. Ол супермаркетке кірді. Сатылымда алма мен банан бар екен. Бұл сәтті күн болды. Ол алма мен бананды жақсы көреді. Алманың бір келісі небары екі доллар тұрады. Әдеттегі бағасы 5 доллар еді. Бананның бір келісі небары 98 цент. Әдеттегі бағасы 1 доллар 78 цент еді. Ол екі келі алма, екі келі банан алды. Сосын сүт бөліміне барды. Сүт те сатылымда болатын шығар.
Скрыть текст
110. Көлік оталып кетер ме екен?
Ол көлігіне отырды. Ол көлік оталар деп үміттенді. Кейде ол бірден оталып кететін. Ал кейде бес минут өтіп барып оталатын. Тіпті кейде ол 20 минут шамасында отала алмайтын. Ол көлігін механикке апарып тастады. Ол машинаның ақауын таба алмады. Ол ақаудың не себептен екенін білмеді. Ол көлігін басқа механикке апарды. Механик ақауды қалай шешетінін білді. Оған жаңа оталдыру білтесін қою керек еді. Ол жаңа оталдыру білтесін қойдыртты. Ол оның ақысын төлеп, алғысын білдірді. Енді осы мәселелердің бәрі артта қалды. Әрқашан кілтті бұрағанда көлік әп-сәтте оталатын. Бірақ бір аптадан соң оның көлігі бірден оталмайтын болды. Ол бес минуттан соң оталатын болды. Ол механикке қоңырау шалды. Ол оған көлігін тағы әкеліп тастауын сұрады. Ол машинаны тағы да тексеріп беретін болды.
Скрыть текст
111. Тауға сапар
Оның серуендегісі келді. Бұл туралы өз күйеуіне айтты. Ол бұл ойын құптады. "Сенің қайда барғың келеді?" - деп сұрады. Оның тауға барғысы келді. Оның Үлкен аю көліне барғысы келді. Үлкен аю көлі таудың биігінде орналасқан. Ол 2000 метр биіктікте орналасқан. Олардың үйлерінен көлге дейін екі сағаттық жер. Сол жерге бару екі сағат уақытты алады. Көл үлкен де, әсем. Көліктерін көл маңына қоюға болады. Олар қайықтарды, балықшыларды тамашалай алады. Олар тиіндер мен бұғыларды тамашалай алады. Үлкен аю көліне барар жолда табиғат көріністерін тамашалауға болады. Жол үлкен ұзын ағашты орман арасынан өтеді.
Скрыть текст
112. Оның тілегі - өлім
Ник жасы келген қарт, әрі сырқат болатын. Шерри оның әйелі. Шерри Никтен кіші, ал Ник Шерриден үлкен болатын. Ник 81 жаста, ал Шерри 61-де болатын. Олардың отау құрғанына 41 жыл болды. Олар бірін-бірі жақсы көретін. "Мені өлтір", - деді Ник. "Сен мені сүйем дейсің. Егер шын сүйсең, мені өлтіресің". "Мен сені өлтірмеймін", - деді Шерри. "Сен жазылып кетесің. Ауырғаны да қояды". Никте қатерлі ісік болатын. Оның өкпесінде қатерлі ісік болатын. Бұрын ол шылым шегетін. Ол күніне темекінің 2 қорапшасын шегетін. Ник күнде қиналатын. "Бұл ісік мені өлтіреді", - дейтін Ник. Шерри оған: "Егер ауру сені өлтірсе, онда менің көмегім қажет емес".
Скрыть текст
113. Мэр кешігіп келеді
Ол асығып келе жатты Ол кешігіп келеді. Жылдамдықты күшейтті. Оның ұшаққа кешіккісі келмеді. Бағдаршамда қызыл шам жанып тұрды. Ол қызыл шамға жүріп кетті. Жақын жерде полиция болмағаны қандай жақсы болды деп ойлады. Ол дабылды естіді. Ол арт жағынан қызыл отты көрді. Қызыл от полиция көлігінің үстінде жанып тұрды. Мэр тоқтамады. Ол асығыс еді. Ол кешігіп келеді. Ол мэр ғой. Ол жылдамдықты тағы күшейтті. Полиция көлігі мэрдің артына түсті. Ол мэрдің артынан әуежайға дейін ілесіп барды. Мэр өз көлігінен шықты. Полиция да көлігінен шықты. «Сізді тұтқындаймыз », - деді. «Сіз мені тұтқындай алмайсыз. Мен мэрмін», - деді.
Скрыть текст
114. Ол жанармай үшін жұмыс істейді
Даг жанар-жағармай құю бекетіне келді. "Сізде жұмыс бар ма?" - деп сұрады. Қожайын: "Мүмкін біз сізді жұмысқа алатын шығармыз. Сіз ақшаны есептей білесіз бе? Сіз көліктерге отын құя аласыз ба?" деді. "Иә, мен ақшаны да есептей аламын, көліктерге де отын құю қолымнан келеді. Сонымен, мені жұмысқа қабылдайсыз ба?" деді Даг. "Тек бір мәселе туындап тұр, мен сізге еңбек ақыны ақшамен төлей алмаймын". - деді қожайын. "Сіз маған ақшамен төлей алмайсыз ба?" - деп сұрады түсінбеген Даг. "Маған бұдан не пайда? Сіз маған не төлейсіз сонда? Бананмен бе?" "Жоқ", -деді қожайын". "Мен еңбегіңізді банандармен қайтармаймын. Сіз маймыл емессіз ғой, солай емес пе? Мен сізге бензинмен төлеймін. Менде бензин жетерлік. "Келістік. Менің көлігім көп бензин жағады", - деді Даг.
Скрыть текст
115. Кітап сатылымы
Ол атақты карикатурашы еді. Ол саясат туралы карикатуралар салатын. Оның карикатуралары президенттер мен вице-президенттерді келемеждейтін. Оның карикатуралары Конгрессті келемеждейтін. Саясаткерлер оны ұнатпайтын. Қарапайым халық оны жақсы көретін. Есімі Пол. Ол өзінің төрт жүз карикатурасын кітапқа басып шығарды. Кітабын кітап жәрмеңкесінде сататын. Көпшілік сатып алатын. Ол әрқайсысына қолын қоятын. «Кітабыңызды не үшін сатасыз? Қосымша ақша керек пе?» деді Бекки. «Иә, маған қаражат керек» деп жауап берді Пол. «Газет мені жұмыстан шығарып жіберді. Олар менің карикатураларым дөрекі деді. Олар саясаткерлерді жылатуға дейін апарады». «Дегенмен, карикатураларың шынайы», - деді Бекки. «Иә, бірақ шындықты бәрі ұната бермейді», - деді Пол.
Скрыть текст
116. Үйдің бағасы өсіп кетті
Джек өз үйіне жүз мың доллар төледі. Үйді отыз жыл бұрын алған еді. Бұл үлкен үй . Төрт ұйықтайтын бөлме, төрт жуынатын бөлмесі бар. Джек жалғыз тұрады. Әйелі қайтыс болған. Балалары жан-жаққа кетіп қалған. Үйі бір адамға тым үлкен еді. Ол үйді сатуды шешті. Жылжымайтын мүлік агенттігіне хабарласты. Агенттіктен бір әйел келіп қарады. Үйдің бәрін қарап шықты. Алдыңғы ауланы, артқы ауланы, гаражды да қарап шықты. «Үйіңіз керемет», – деді ол. «Меніңше, бұл үйді 500.000 долларға сатуға болады». "Тамаша, 300.000 долларды балаларыма сыйға беремін, ал 200.000 долларына кішігірім үй сатып аламын", - деді Джек.
Скрыть текст
117. Жаңа көрші
Оның үйіне жаңа көрші келіп қоныстанды. Жаңа көрші мазалы ма деп ойлады Лиза. Жаңа көрші шулады. Ол теледидарды бар дауысына қосатын. Музыканың даусын да қатты қосып қоятын. Телефонмен қатты сөйлесетін. Пәтерінің есігін тарс етіп жауып кететін. Кірген кезде де солай. Оның баскетбол добы болатын. Ол сол добын жерге, қабырғаға , төбеге лақтырып, тарсылдатып үйдің ішінде жүгіріп жүретін. Лиз одан шуламауын өтінді. "Өтінемін, өзіңізді тыныш ұстаңызшы", - деді Лиз. Ол болса "Мен өзімді тыныш ұстамаймын деді". Лиз өзінің жаңа көршісін өлтіргісі келді.
Скрыть текст
118. Қоқысты жинама
Әр қыркүйекте волонтёрлер жағажайды тазалайды. Жүздеген волонтёрлер жағажайды тазалайды. Олар бос қоқыс қаптарын апарады. Қоқысты жинайды. Қоқыс қаптарын толтырады. Жүздеген қоқыс қаптарын толтырады. Олар барлық қаптарды жүк көліктеріне салады. Жүк көліктері қоқыс қаптарын полигонға апарады. Қоқыс жағажайдан полигонға барады. Жыл сайын жағажайда қоқыс көбейе түседі. Джил үш жыл бойы қоқыс жинады. Ақыры ол: «Адамдар осында жыл сайын қоқыс қалдырады. Олар біздің қоқысты жинайтынымызды біледі. Біздің қоқысты жинамауымыз керек, - деді. Бірнеше жылдан кейін қоқыс бұл жағажайды толтырады. Адамдар осында келуін қояды. Сонда олар қоқыс қалдырмайтын болады».
Скрыть текст
119. Шулы сауық кеші
«Мен полиция шақырамын», - деді Барри. «Полиция шақыратыныңа қуаныштымын», - деді Рут. Барри мен Руттың әдемі үй бар. Үй әдемі, тыныш болатын. Олардың көршілері жақсы және тыныш болатын. Бірақ осы кеште олардың көршілері мазасыз болды. Оларда бассеин қасында сауық кеші болып жатыр. Бәрі ішіп, қатты сөйлеп жүрді. Бәрі бассеинге секірді. Музыканың дауысы, көліктердің дабылы қатты шығып тұрды. Барри мен Рут барлық терезелерді жапты. Бірақ сауық кешінің шуы бәрібір естііп тұрды. Барри полиция шақырды. Полицей : «Біз сол жерде бір-екі сағаттан кейін боламыз», - деді. Барри: «Ертерек келуге бола ма?» деп сұрады. «Әкім үлкен сауық кешін өткізіп жатыр. Біздің біраз офицерлеріміз әкім мен оның қонақтарын қорғауда», - деді полицей.
Скрыть текст
120. Ағаштарды шауып тастаңыз
«Ана екі ағашты шауып тастауыңыз керек», - деді өрт қадағалау агенті. «Неге ол екі ағашты шауып тастауым керек?» - деп сұрады Даяна. «Өйткені ол екі ағаш өрт қаупін тудырып тұр», - деді өрт қадағалау агенті. «Ағаштардың бәрі өрт қаупін тудырады», - деді Даяна. «Иә, бірақ ана екі ағаш өте қауіпті», - деді агент. «Неге сол екі ағаш өте қауіпті?» деп сұрады Диана. «Өйткені сол екі ағаш үйіңіздің қасында тұр. Оларды шауып тастаңыз», - деді. Даяна кедей болатын. Оның ағашты шауып тастау үшін төлеуге жағдайы болмады. Агент айтты: «Шауып тастаңыз, болмаса сізге айып саламын». Келесі күні ол ағаштың екеуіне бензин құйып, өртеп жіберді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Казахский детям. Том 1, стр.1  >>