Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 2, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Ұрылар суреттерді әкетуде
      Ұрылар баспалдақ, қол шам және пышақ пайдаланған. Және олар сәтті түскен. Олар әйгілі музейге кірген. Оларға небәрі терезені сындыра салу керек болған. Олар музейден бір сағаттан кейін шыққан. Олар өздерімен бірге 200 миллион доллар тұратын бес суретті әкеткен. Ұрылар суреттерді рамаларынан кесіп алған. "Олар өз ісін білген", - деді мұражай өкілі. Бірақ олар мұны қалайша оңай тындырды? Күзет не бітіріп жүр? Дабыл жүйесі неге істемеді? Бейнебақылау камералары қайда болды? Мұражайдың бұл бөлігінде бір күзетші болатын. Ол ұрлық болған кезде ұйықтап жатқан. Ол жұмыстан шығарылды. Дабыл беру жүйесі бұзылып тұрған. Мұражай әкімшілігі оның жөндейді деп күткен. Ұрылар шаңғы маскасын киіп келген. Полиция ұрыларды анықтау үшін бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп жатыр. Сынған терезеде темір тор болмаған, себебі ол адам көп жүретін көшеге шығатын, - деді музей өкілі.
Скрыть текст
      82. Жақсы жігіттермен кездесіңдер
      Пол теңіз жаяу әскерінде 17 жылдай қызмет етті. Қызметтен кететін күнін көп уақыт бойы күтті. «Қызметім бір ғанибет» – деді ол ағасы Сэмға, – «Бірақ, қызметтен кетсем де, еш өкінбеймін». Қызметінен кеткеннен кейін немен айналысатынын тіпті ойлаған да жоқ. Уақытының көп бөлігін өз қыздарымен өткізетіні сөзсіз. Бір қызы тоғызда, ал екіншісі жетіде еді. «Олар мені анда-санда көріп тұрады, бірақ көбіне бір-бірімізді көрмейміз» – деді Пол. Ол бес жылдан соң қызметінен кетуді жоспарлады. Қыздары он екі және он төрт жаста болады. «Керемет болады» – деді ол. «Әр түнді үйде өткізгім келеді. Қыздарға қарау үшін үйлерінде әкесі болуы керек. Жаман жігіттермен кездеспейтіндеріне көз жеткізу үшін мен олардың қасында боламын». Пол қыздарының өз ата-аналарының жолын қайталағанын қаламады. Олар мектеп бітірісімен үйленген еді. Қыздарының тұрмысқа шықпай, колледжде оқығанын қалады.
Скрыть текст
      83. Азық-түлікті үйге қалай апару керек (1)
      Нью-Йоркте азық-түлік дүкенін табу қиын. Кварталында азық-түлік дүкені бар адам бақытты. Дәмхана мен шағын мейрамханалар барлық жерде бар, бірақ азық-түлік дүкендері аз және олар бір-бірінен қашық орналасқан. Брайанға ең жақын орналасқан азық-түлік дүкені "Гристедес" желісінікі еді. Ол Брайанның пәтерінен алты квартал жерде орналасқан еді. Жұма күні ол сауда жасауға шығатын. Дүкенге дейін ол 25 минут жаяу жүретін. Кейін қайту 35 минут алатын. Қайтар жолда Брайан квартал сайын тоқтап, дем алып алуға мәжбүр болатын. Ол тротуарға төрт пластик пакетті қоя тұратын. Ол пакеттердің қасында тұратын. Ол саусақтарын уқалайтын. Ол қолдарын жазатын. Ол арқасын жазатын. "Бұдан жақсырақ бір әдіс болуы керек қой" деп ойлайтын ол. Ондай әдіс бар. Көбі заттарын салатын жеке арба сатып алып жатады. Олар 20 доллардай тұрады. Бірақ Брайан арбаға 20 долларын құртқысы келмеді. "Мүмкін бір нәрсе ойлап табармын" деп ойлады ол.
Скрыть текст
      84. Азық-түлікті үйге қалай апару керек (2)
      Екі аптадан кейін Брайан жуан ағаш таяқ сатып алды. Ол оны өзімен бірге дүкенге алып келді. Ол өзіне керек азық-түлігін сатып алды. Кассада оларды екі қабаттап төрт пакетке салып берді. Ол таяқ пен төрт пакетті сыртқа алып шықты. Ол пакеттерді тротуарға қойды. Ол екеуін оң жаққа, екеуін сол жаққа қойды. Ол таяқты пакеттердің ұстайтын жерінен өткізді. Ол пакеттердің ортасында тұрған еді. Ол әкіреңдеп таяқты кеудесіне дейін көтерді. Ол әкіреңдеп таяқты басынан асырды. Ол тақтайды иығы мен желкесіне қойды. Таяқтың екі жағынан пакеттер салбырап тұрды. Ол аттанды. Бұл оған ыңғайлы болды. "Не деген ақылдымын" деп ойлады ол. Ол бір квартал өтіп, тоқтады. Оның иықтары ауырып қалды. Үйіне жетем дегенше оның иығы да, желкесі де, арқасы да ауырып қалды. Ол бұдан жақсырақ бірдеңе ойлап табуы керек еді.
Скрыть текст
      85. Жіберушінің жаңа аты
      Оның электронды хаттар жібергендегі "Жіберуші" бағанындағы аты Мықты бала болатын. Бірақ бұл ат жеткілікті түрде мықты емес болатын. Оған мықтырақ көрінетін бірдеңе қажет еді. Ұзақ ойланғаннан кейін оған бір жақсы ой келді: Мықты жігіт. Достары оған қызғанышпен қарайтын болады. Оның "Жіберуші" бағанындағы аты күштілердің ең күштісі болады. Ол ғаламторға өзінің Yahoo! поштасына кірді. Ол "Баптамаларға" басты. Сосын ол "Пошта баптамаларына" басты. Ол "Әлеуметтік параметрлер", "Батырмалар қиысы" дегендерді көрді. Бірақ ол "Жіберуші атын өзгерту" деген бағанды көрмеді. Ол "Аккаунттарды" басты. Ол "Yahoo! поштасы" дегенді көрді. Ол меңзерді соған апарды. Бұл сілтеме болатын. Бірақ ол неге басқа сілтемелер секілді көк түсті болмады? Ол "Yahoo! поштасын" басты. "Хатты жіберу" дегеннің астында "Жіберушінің аты" деген жол болды. Оның жанында жиектемесі болды. Ол жиектемеде Мықты бала дегенді Мықты жігіт дегенге өзгертті. Ол "Сақтауды" басты. Ол "Поштаға қайту" түймесін басты. Ол барлық достарына қысқа хабарлама жазып жіберді: "Бұл кім екенін білесіңдер ме?"
Скрыть текст
      86. Қатеге толы кітап
      Олар бұл кітапты қалай басып шығарған өзі? Оны жарияламай тұрып, өздері оқыды ма екен? Олар орфографиялық тексеру туралы тіпті естіді ме екен өзі? Олардың бұл кітапты 70 долларға сатып отырғандарына ол аң-таң болды. Ол барлық қателерді қызыл қарындашпен дөңгелектеп сызып шықты. Сондықтан ол оны қайтарып бере алмады. Ол баспаға хабарласты. Черил жауап берді. Ол Черилге шағымданды. "Сіз алғашқы шағымданушысыз" деді Черил. Ол бұған таңғалды. Ол қанша адамның кітап қайтарғанын сұрады. Черил жазбадан тексеру үшін сәл кідірді. Ол ешкімнің кітапты қайтармағанын айтты. Ол бұған таңғалды. Ол қанша адамның кітапты сатып алғанын сұрады. Ол кітапты 1234 адам сатып алғанын айтты. "Сонда шағымданған мен ғана ма?" деп сұрады ол. Черил "иә" деп айтты. "Мен кітапта 215 орфографиялық қате белгілеп шықтым" деді ол, "ал кітапта бары 200 бет қана". "Сіз бұны бір өзінше рекорд деп айта аласыз ба?" деп сұрады Черил.
Скрыть текст
      87. Аяулы әйел
      Калвин телефон тұтқасын көтерді. Бір әйел: "Сәлеметсіз бе? Мен Рутпын. Мен Альцгеймер науқасымен ауыратын адамдарға көмек көрсететін еріктілер ұйымынанмын" деді. Оның дауысы егде тартқан әйелдікіндей болды. Ол бұл ұйымның ақша жинаумен айналысатынын айтты. Калвин оның телефон нөмірін қайдан білетінін сұрады. Әйел оның телефон нөмірі тізімде жазылғанын айтты. Бірақ ол: "Мен тізімде болсам да, маған енді қоңырау шалмаңыз" - деді. Ол енді бұл нөмірге бұдан былай қоңырау шалмауын сұрады. Рут кешірім сұрады. Калвин телефон тұтқасын орнына қойды. Кейін Калвин өзінің қателігін түсінді. Ол осындай аяулы егде әйелге дөрекі сөйлемеуі керек еді. Ол телефонындағы "Кіріс нөмірлерді" ашып қарады. Сол нөмірге қоңырау шалды. "Сәлеметсіз бе, Рутпен сөйлесуге бола ма?" - деп сұрады. Ер адам: "Қандай Рутпен?" деп сұрады. Калвин Руттың тегін білмейтін еді. Ер адам Рутты адамдардан сұрастырып, тауып беретінін айтты". "Мен оны толық тыңдамай, тұтқаны қоя салғаным үшін кешірім сұрайын деп едім" - деді Калвин. Ер адам Калвиннің кешірімін жеткізетінін айтты.
Скрыть текст
      88. Гараж есігі сатылады
      Гери гаражының есігін сату үшін ғаламторға хабарландыру жариялады. Бір кісі қоңырау шалды. Гараждың есігі жақсы күйде ме? Сізде бөлшектердің бәрі бар ма? Бағасы қандай еді? «465 доллар» - деді Гери. Бағасы хабарландыруда жазылған еді. Ол кісі Гериді тексергісі келген. Ол Гериді бағасын түсіре ме екен деп тексерді. Ол есікті көргісі келді. Гери оны шақырды. Кісі келді. Ол есікті тексерді. Оған ұнады. Ол Гериге 400 доллар ұсынды. Гери бірден «жарайды» деді. Ол Геридің дереу келіскеніне таң қалды. Ол Гериге 350 доллар ұсынуым керек еді деді. Гери «Жоқ, сіз 400 ұсынуыңыз керек еді» -деді, - «Сіз бір долларға кем ұсынғанда жоқ дейтін едім. Бағасын түсіргіңіз келгеніңізді түсіндім. Мен 400 долларға келісуге шешім қабылдап қойғанмын. Сондықтан 350 доллар ұсынбағаныңызға өкінбегеніңіз жөн».
Скрыть текст
      89. Пердені жап
      Әйел оны шақырды. Сосын "Ей" деп дауыстап, баяу айтты. Ер адам «Менің атым Ей емес» деді. Қашан осыны түсінесің?" Ол қонақ бөлмеге кірді. Әйел одан пердені жауып жіберуді сұрады. Ер адам киініп жатқан. Әйел қарсы үйдегі адамдар олардың пәтерде не болып жатқанын көріп қояды деп қорықты. Ер адам оған оның қалай киініп жатқаны ешкімге қызық емес деді. Әйел оған Нью-Йоркте небір жындылар бар екенін айтты. Қарсы үйде қандай жындылар тұратынын кім білсін? Ол терезеге қарады. "Мәссаған, сен дұрыс айтасың" деді ол. "Біреу бізге дүрбіден қарап тұр". Ол қолын бұлғады. Ол пердені жауып тастады. Ол қайтадан ас үйге барды. Әйел тағы "Ей" деп дауыстап, баяу айтты. Ол қайтадан қонақ бөлмеге барды. Ол: "Тағы не болды?" деп сұрады. Әйел бір перденің толық жабылмай қалғанын айтты. "Мені бәрібір біреу көріп қоя алады" деді ол.
Скрыть текст
      90. Фотосурет
      Эмили мен Грант 34-ші көшедегі "Macy's" әмбебап дүкенінде еді. Дүкенде жылсайынғы гүлдер көрмесі өтіп жатқан. Дүкен гүлдерге толы еді. Оларға қарап, жұпар иісін сезіну бір ғанибет болатын. Бейне бір орманда не джунглиде жүргендей сезім қалыптасатын. Айнала толы гүл болды. Дүкен адамдарға лық толы еді. Дүкенде болғандардың бәрі суретке түсіріп жатты. Олар гүлдерді суретке түсіріп жатты. Олар гүлдердің қасында тұрып, бірін-бірі суретке түсіріп жатты. Адамдар бейтаныстардан өздерін суретке түсіріп жіберулерін сұрап жатты. Эмили Грантты түсірді. Грант Эмилиді түсірді. Эмили басқа біреуді өзін Грантпен бірге түсіруін сұрады. Бейтаныс адам оларды суретке түсірді. Сурет бұлыңғыр болып шықты. Эмили тағы біреуден суретке түсіріп жіберуін сұрады. Ол да бұлыңғыр шықты. Грант бейтаныстан өздерін суретке түсіруді сұрады. Сурет анық болып шықты. Бұл әдемі фотосурет болды. "Ер кезегі үшке дейiн" деді Грант.
Скрыть текст
      91. Өзің үшін, өзің күрес
      Билли мектептен келді. Ол бірінші сыныпта оқитын. Ол жылап келді. Әкесіне Джоннидің оны итеріп жібергенін айтты. Джонни оны үш рет итеріп жіберіпті. Билли ертеңіне әкесінің өзімен бірге мектепке баруын сұрады. Әкесінің Джонниді барып итеруін қалады. Әкесінің Джонниді өзі итергендей үш рет итеріп жібергенін қалады. Бұл Джонниге жақсы сабақ болады. Осыдан соң Джонни Биллиді ешқашан итермейді. Әкесі оған әркім өзі үшін өзі күресе білу керек деді. Бірақ оны қазірден бастап үйрену керек деді. Билли қазірден бастап өз-өзіне тұруы керек. Басқа ешкім ол үшін шайқаса алмайды. Ол төбелесуі керек. Ол тығылып, қашпауы керек. Ол да Джонниді итеріп жіберуі керек. Ол Джонниді үш рет итеріп жіберуі керек. Ол мұны ертеңінде жасауы керек. Егер ол қазір Джонниден қашса, онда ол өмір бойы бәрінен қашып жүреді.
Скрыть текст
      92. Қаладағы жұмысшылар (1)
      Нью-Йоркта мыңдаған жұмысшылар бар. Онда сізге көрінбейтін жұмысшылар бар. Онда сізге көрінетін жұмысшылар бар. Сізге көрінетін жұмысшылар көшеде болады. Барлық жерде көше саудагерлері бар. Олар кең тротуарларға орналасады. Олар әйелдерге арналған сөмкелер сатады. Олар күннен қорғайтын көзәйнек пен әтір сатады. Олар әмиян сатады. Олар кітап пен ДВД-дисктер сатады. Тамақ сатушылар барлық жерде. Олардың көбінде төрт дөңгелекті күміс түстес сүйретпе арбалары бар. Арбаларда сары не көк түспен "Sabrett" деп жазылған шатырлар бар. Саудагерлер тамақ пен сусындар сатады. Олар хот-дог пен ыстық шұжық сатады. Олар таяқшадағы ет сатады. Олар үлкен тоқаш сатады. Кейбір сатушылар тек жаңғақ сатады. Тағы біреулері тек ауылшаруашылық өнімдерін сатады. Тротуарларда суретшілер отырады. Олар портретіңізді салады. Олар сізді күлкілі не шебер қып салып береді. Бұрыштарда газет сатушылар тұрады. Олар сізге «Нью-Йорк Таймс» немесе «Дейли Ньюс» газеттерінің соңғы басылымдарын сатады.
Скрыть текст
      93. Қаладағы жұмысшылар (2)
      Кей ер адамдар "Нью-Йорктің көрікті жерлері" деген жазуы бар ашық сары жейделер киген. Олар күнделікті қаланы аралайтын екі қабатты автобустарға билет сатады. Жолаушылар оған қалаған жерден, қалаған уақытта мініп-түсе алады. Ақ жейде киген ер адамдар дөңгелегі бар көк түсті қоқыс жәшіктерін итереді. Ер адамдар тротуарлардағы қоқысты сыпырады. Артында екі дөңгелегі бар велорикшаның педалін айналдырып бара жатқан кісі өтіп барады. Велорикша - бұл үш дөңгелекті велосипед. Оның жолаушыларды күннен қорғайтын шатыры бар. Велорикшаның артқы орнына екі жолаушы отыра алады. Велорикшамен қала ішінде туристік саяхат жасауға болады. Шағын қалалық саябақта күзетші тұр. Оның үстінде көк жейде және қара шалбар. Оның жүзі жылы және әрқашан көмекке келуге дайын. Таксистер барлық жерде. Олар сары таксилерімен бүкіл қаланы аралап жүреді. Күні-түні мыңдаған нью-йорктіктер таксистерді шақырады. Олар жылдам, бірақ қауіпсіз жүргізеді.
Скрыть текст
      94. Ою жазуы бар тұтатқыш
      Ол бір айдан кейін Лос-Анджелеске көшпек болған. Ол жаңа өмір бастамақ болатын. Ол қуаныштан толқып жүрді. Оның құрбысы да толқып жүрді. Құрбысы Диснейленд пен Голливудты көруге асықты. Жігітінің туған күні бір аптадан кейін еді. Ол оған қымбат темекі тұтатқыш сатып алды. Оның сыртына ойылған жазу жасады. "Триштен махабатпен Россқа" деп жазылған. Оның туған күні келгенде ол оған сыйлығын берді. Ол қорапты ашты. Ол тұтатқышқа қарады. Ол қуанды. "Бұл әдемі тұтатқыш екен" деді ол. Қыз оған арғы бетін төңкеріп қара деді. Ол оны төңкерді. Ол жазуды көрді. Оның түрі өзгеріп кетті. "Не болып қалды?" деп сұрады қызы. Ол оған ою салуға артық ақша құртпауы керек еді деді. Бір аптадан соң ол қызына шындығын айтты. Ол онымен айырылысқысы келетінін айтты. Ол Лос-Анджелеске жалғыз өзі көшіп кетті. Ол тұтатқышты ешқашан қолданбады.
Скрыть текст
      95. Бонус картасын қазбалап іздеу
      Стюарт дәріханада кезекте тұрған еді. Сатушы "Келесі" деді. Ол Стюарттан бонустық картасын сұрады. Стюарт өзінің әмиянын ақтарып, іздей бастады. Ақыр аяғы ол оны тапты. Карта басқа жеті дүкеннің жеті түрлі карталарымен бірге жатты. Әр картаның өлшемі несие картасының төрттен бір бөлігіндей еді. Бір нәрсе сатып алар кезде ол өзіне керек картаны табу үшін әрдайым барлық картаны ақтарып шығатын. Қазбалау, қазбалау және тағы қазбалау. Ол қазбалаудан шаршады. Бұның бір шешімі болуы керек. Үйіне келген соң ол барлық кіші карталарды шығарды. Оларды скотчпен бір-біріне жабыстырып қойды. Ол төртінші мен бесінші картаның арасында шамалы орын қалдырды, сөйтіп ол барлығын жинап алатындай етті. Қандай қарапайым шешім. Ол данышпан еді! Ол карталар жинағын әмиянына салып қойды. Ол тағы дүкенге барғанын күте алмай асықты.
Скрыть текст
      96. Ол дауыстар естиді
      Пит шизофреник еді. Адамдардың бір пайызға жуығы шизофреник. Шизофрения - психикалық жағдай. Оның себептері белгісіз. Оған қарсы ем жоқ. Дәрі-дәрмектер осындай аурумен өмір сүруге көмектеседі. Бірақ ол дәрілердің кері әсері де бар. Шизофрения әдетте жасөспірім кезде пайда болады. Адам өзінің басында дауыстар ести бастайды. Дауыстар әрдайым сөйлеп тұрады. Пит күн сайын дәмханаға барады. Ол кофе ішіп, шылым шегеді. Ол үстел басында жалғыз отырады. Дауыстар Питке сөйлейді. Олар бірде ананы, бірде мынаны айтады. Олар көрші үстелде отырған адам туралы айтады. "Мынау адам сені жақтырмай отыр. Ол сенімен төбелескісі келеді" дейді дауыстар Питке. Пит сол адамның қасына баруды ойлайды. Ол сол адамға орнынан тұрсын деп айтып, төбелеске шақыруды ойлады. Бірақ Пит дауыстардың алдамшы болуы мүмкін екенін біледі. Ол дәмханадан шығып кетеді.
Скрыть текст
      97. Ит щабуылы (1)
      Олар орталық саябақтың солтүстік бөлігінде болатын. Күн ыстық еді. Олар шағын көлдің қасында жүрген. Кейбір адамдар балық аулап отырған. Джеймс қоңыр питбулді көрді. Ол питбулдерді жек көретін. Бұл иттер қауіпті болады. Олар кім көрінгенге атыла беруі мүмкін еді, тіпті өз иесіне де. Ол ит бос күйінде жүгіріп жүрген. Ол өз көзіне өзі сене алмады. Орталық саябақта иттер байлаулы жүруі тиіс. Джеймс Ронданың қолынан ұстады. Ол ит туралы ештеңе демеді. Ит өтіп бара жатқанда ол мұқият бақылап тұрды. Сосын Джеймс иттің иесін көрді. Ол шолақ шалбарлы денесіне дым кимеген үлкен семіз кісі еді. Ол бутерброд жеп жатты. Үш питбулі қасындағы аласа шарбаққа байлаулы тұрды. Ол бір итінің бос жүргенін білмеген секілді. Ол бутербродын жеп, рахаттанып тұрды. Олар ол адамның қасынан өтіп кетті.
Скрыть текст
      98. Ит шабуылы (2)
      Джеймс ол адамға оның иті туралы ештеңе деген жоқ. Олар тағы 100 фут жүріп өтті. Олар айқайлаған дауысты естіді. Олар артына бұрылды. Питбуль кішкентай қыздың аяғынан тартып жатыр екен. Қыз жамылғының үстінде жатқан. Ит оны жамылғының үстінен тартып әкетпек болып жатты. Қыздың әкесі итке айқайлап жатты. Иесі итіне айқайлап жатты. Ит иесіне жүгіріп барды. Кішкентай қыз жылап-еңіреп жатты. Әкесі қызын қолына алды. Джейсс барлық питбулдерді мұхитқа лақтырып жіберу керек деп ойлады. Олар саябақ басқармасының ғимаратына кірді. Джеймс қызметкерге болған жайтты айтып берді. "Рас па?" деді ол. "Бұл өкінішті. Қыздың жағдайы жақсы болып кетеді деп үміттенем. Ол саябақтың полициясын шақыру туралы ештеңе айтпады. Олар саябақтан шықты. Кішкентай қыз әлі әкесінің қолында жылап тұрды. Питбулді байлап қойған екен.
Скрыть текст
      99. Әйелдер жарамсағы
      Ағасы оған жаңалық айтты. Оның әкесі қайта жолға шықпақ. Ол билет сатып алды. Ол Ирландияға барып қайтпақ болатын. Ол тамызда ұшпақ болатын. Олардың анасы ешқайда бармайтын. Ол соңғы саяхаттарында ауырып қалған. Олар Оңтүстік Америкада саяхаттаған. Ол неден ауырып қалғанын білмеді: бірдеңе жеп қойды ма әлде ішіп қойды ма. Бірақ ол бір аптадай ауырды. Олардың сапары екі аптаға созылған. "Маған жетер енді" деді ол. "Енді ешқашан үйден шықпаймын. Ауырсам, өз үйімде ауырғым келеді". Әкесі жалғыз өзі саяхаттауға қарсы емес еді. Ол адамдармен тез достасып алатын. Ол қалжыңдасқанды ұнататын. Ол билегенді ұнататын. Ол нағыз әйелдер жарамсағы болатын. Анаcы бұған алаңдамайтын. Анасы ол оның көзіне шөп салады деп қорықпайтын. "Ол 82 жаста!" деді ол. "Егер ол осындай жаста көзге шөп сала алса, онда оны рекордтар кітабына жазу керек".
Скрыть текст
      100. Ол шаш көредi
      Қыз жігітке басындағы шашының қайта өсіп келе жатқанын айтты. Жігіт бұны естіп, таңғалды. Ол түсіп қалған шаштың қайта өсетіні туралы ешқашан естімеген. Қатерлі ісікке шалдығып, химиотерапия алатындардың шашы жиі түседі. Олар көбіне қайта өсіп шағады. Бірақ ол химиотерапиядан өтпеген. Жігіт қыздан сенімді ме екенін сұрады. Жігіт қандай да бір жаңа шаш байқамады. Иә, қыз сенімді. Оның қасқасы ұлғайғанның орнына «кішірейіп» барады деді қыз. Ол өзінде де жүні өсіп жатқанын айтты. "Аяғымда ешқашан жүн болмаған". Енді оның аяғында шамалы жүн шығып жатыр. Қыз оған өзінің аяғын көрсетті. Жігіт ешқандай жүн байқамады. Жігіт одан «Ішіп алған жоқсың ба?» деп сұрады. Ол «Әрине жоқ» деп жауап берді. "Күмәнің бар ма?" деп сұрады қыз. Ол «Әрине жоқ» деді. Ол жай қалжыңдап тұр. Бірақ келесі күні жігіт көз дәрігеріне жазылып қойды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Еркежан Каймоллаева, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Жанара Қабина, Гаухар Назымбекова, Аслан Бисенов, Сауле Ибраева, Señor Chingón, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова
Корректор текстов на казахском языке: Максат Маликов



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Лёгкое чтение. Том 2, стр.4 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв