Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 1, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

1. Таң
Ол ұйқысынан оянды. Ол күннің қалай шығып келе жатқанын көрді. Ол тісін тазартты. Оның тістері ақ. Ол өзінің киімдерін киді. Оның көйлегі көк. Оның бәтеңкесі сары. Оның шалбары қоңыр. Ол баспалдақпен төмен түсіп келе жатыр. Ол кесені алды. Ол сүт құйып, үлпек септі. Ол оны жей бастады. Ол газетті алды. Ол оқып отыр.
Скрыть текст
2. Оның мектептегі алғашқы күні
Ол сыныпқа келе жатыр. Алдыңғы қатарда бос орын бар екен. Ол сол орынға отырды. Ол жан-жағына қарады. Сабақта әртүрлі адамдар. Ол қасындағы қызға "сәлем "деді. Ол күлімдеді. Мұғалім кірді. Ол есікті жапты. Бәрі тынышталды. Мектептегі алғашқы сабақ басталды.
Скрыть текст
3. Едендегі су
Оның су ішкісі келді. Ол стақанға су құйды. Ол жүре бастады. Ол стақанды құлатып алды. Су жерге төгілді. Су көп. Ол швабраны алды. Ол суды сүртті. Еден таза. Ол басқа стақанға су қүйды. Ол оны ішті. Ол бақытты.
Скрыть текст
4. Бала күтуші
Кейси жаңа автокөлік алғысы келеді. Оған ақша керек. Ол бала күтуші болып жұмысқа тұруды ұйғарды. Ол балаға қарап жүр. Ол оған түскі асын береді. Ол оған кітап оқып береді. Кітап күлкілі. Бала күледі. Кейси оны жақсы көреді. Үйге баланың анасы оралады. Бала Кейсиді сүйеді. Кейси кетіп барады. Ол онымен тағы отыруға келеді.
Скрыть текст
5. Дәрігер
Сэм - дәрігер. Ол адамдардың денсаулығына қарайды. Ол оларға күлімсіреп қарайды. Ол оларға дәрі береді. Кішкентай емделушілерге ол стиккер сыйлайды. Кішкентай емделушілер оны жақсы көреді. Олар ауырған кезде соған қаралады. Ол оларды өздерін жақсы сезінуге көмектеседі. Оны бақытты ететін осы. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді. Ол үйіне мақтанышпен қайтады.
Скрыть текст
6. Егіздер
Джил мен Джоди - егіздер. Олар бір- біріне қатты ұқсайды. Бірақ олардың мінездері әр түрлі. Джил спортты жақсы көреді. Ол гольф пен баскетболды жақсы ойнайды. Сондай-ақ ол шулы. Ол күні бойы сөйлеумен болады. Джоди кітап оқығанды жақсы көреді. Ол күніне кітаптың үш жүз бетін оқи алады. Сонымен қатар ол тыныш. Ол көп сөйлегенді ұнатпайды. Джил мен Джоди бір-бірін бәрібір жақсы көреді.
Скрыть текст
7. Оқу
Мына кітап кітапханада бар. Джоди кітапханаға бара жатыр. Ол сол кітапты алғысы келеді. Кітапты оның карточкасына жазып берді. Ол кітапты үйіне алып келді. Ол диванға отырды. Ол бірінші бетті оқыды. Оған ұнады. Ол тағы жиырма бетін оқыды. Кітап оған әрі қарай қызықсыз көрінді. Джоди кітапты кітапханаға қайтарды.
Скрыть текст
8. Жаңбырға бола тоқтатылды
Бренда пикник ұйымдастырғысы келді. Ол себетті алды. Ол себетке бутербродтарды салды. Бутербродтар денсаулыққа пайдалы. Сонымен қатар олар дәмді. Ол өзінің автокөлігімен саябаққа бара жатыр. Ол көрпешені жайды. Ол бір дыбыстарды естіді. Бұл жаңбыр. Ол көрпешені жинады. Ол тамақтарды себетке салды.
Скрыть текст
9. Бананды-жаңғақты тоқаш
Мэри дүкенге келеді. Дүкен сондай үлкен. Дүкенде нан мен тоқаштар сатылады. Мэри сәбізден жасалған тортты көрді. Ол сәбізді ұнатпайды. Ол банан мен жаңғақтан жасалған тоқашты көрді. Ол сондай дәмді көрінді. Ол екі доллар тұрады. Ол оны сатып алды. Ол ораманы шешті. Ол үлкен бөлігін тістеді. Тоқаштың сырты қытырлақ . Оның іші жұмсақ.
Скрыть текст
10. Саябақ
Линдаға саябақ ұнайды. Онда айналысуға болатынның бәрі бар. Алдымен ол аспанға қарады. Бір бұлт итке ұқсайды. Басқа бұлт қойға ұқсайды. Кейін ол үйректерді тамақтандырды. Олар аш. Линда оларға нанның ұсағын шашты. Үйректер осындай тамақты жақсы көреді. Ақыры, Линда күннің қалай батып бара жатқанын бақылайды. Ол сондай әдемі.
Скрыть текст
11. Жаңарған жанар
Сандра нашар көреді. Құс жастық сияқты көрінеді. Жастық зефир сияқты көрінеді. Зефир ағаш сияқты көрінеді. Ағаш ара сияқты көрінеді. Сандра дәрігерге бара жатыр. Дәрігер оған көзілдірікті береді. Ол оны тағады. Ол дәрігерді көреді. Оның көзі көк түсті. Барлығы айқын көрінеді.
Скрыть текст
12. Жеміс-жидек сататын дүкен
Карима дүкенге барады. Дүкен жеміс-жидектер сатады. Дүкенде жеміс-жидектер сатылады. Жеміс-жидектердің түсі әртүрлі. Құлпынай және алма - қызыл түсті. Мандарин және асқабақ - қызыл-сары. Лимон - сары. Лайм - жасыл. Көкжидек - көк. Жүзім және алхоры - күлгін. Кариманың жақсы көретін түсі-күлгін. Ол алхоры сатып алды. Ол дүкеннен кетіп қалды. Ол алхорыны аузына салды. Алхоры дәмді.
Скрыть текст
13. Ерекше астық үлпегі
Ол ертемен оянады. Ол шаршаған. Оған таңертеңгі ас қажет. Таңертеңгі ас оны қуаттандырады. Ол ас үйге бара жатыр. Ол ыдысқа сүттi құяды. Ол қорапшаны көрдi. Оның iшiнде бидай үлпегі бар. Бидай үлпегі денсаулық үшiн пайдалы. Он қорапшаны ашты. Оның iшiнде ойыншық бар. Бұл кiшкентай көлiк.
Скрыть текст
14.Жаңа көйлек
Ол сауда орталығына бара жатыр. Сауда орталығында дүкен көп. Ол киім дүкенін көрдi. Ол оның iшiне кiрдi. Дүкенде әртүрлi көйлек көп. Бiрнеше көйлек гүлді. Басқа көйлектерде жолақтар бар. Ол гүлді көйлектi алды. Ол ақ-қызғылт түстi. Ол оны киіп көрдi. Ол айнаға қарады. Көйлек тамаша көріндi.
Скрыть текст
15. Ол үйін бояу үшін түс таңдап жатыр
Оның үйiнің түсі ақ. Ақ түс көзді жалықтыратын түс екен. Ол бояу сататын дүкенге бара жатыр. Ол әртүрлi бояуларға қарап жатыр. Ол қызыл шелекті көріп тұр. Қызыл түс тым шаңқиған түс екен. Ол көк шелекті көрді, көк түс тым мұңды екен. Содан кейін ол сары шелекті көріп, сары тым ашық түс болып көрінді. Соңында ол жасыл шелекті көрді, жасыл түс тамаша түс екен.
Скрыть текст
16. Жағажайда көңілді
Жағажайда көңілді. Кейбіреулер суда жүзіп жүр. Олар жарысып жүзіп жүр. Жеңімпаз серфингке арналған тақтаны алды. Кейбіреулер құмда жатыр. Олар жайсыз күйден арылғысы келеді.Балалар құмнан сарайлар салып жатыр. Олар сарайларды үлкен және биік қылып салуға тырысып жатыр. Сосын су құм сарайларды ағызып әкетеді. Балалар жаңасын салады.
Скрыть текст
17. Әдемі бақша
Бақша әдемі. Бақша үлкен. Онда гүлдер көп. Қызғылт түсті гүлдер бар. Алқызыл түсті гүлдер бар. Кішкентай гүлдер бар. Үлкен гүлдер бар. Бағбан тағы да гүлдер отырғызуда. Онда бұрқақ та бар. Балалар соның жанында отыр. Балалар онда тиындарды лақтыруда. Ата-аналар жымиып күліп тұр.
Скрыть текст
18. Ол секіріп барып, допты себетке лақтырды
Ол баскетбол ойнайды. Ойын қызу өтіп жатыр. Ол өз командасындағы ойыншыға қарап тұр. Оның командасындағы ойыншы допты оған қарай жіберді. Ол корт бойынша өз командасы жағына қарай жүгiрiп барады. Ол секiрiп барып, допты себетке лақтырды. Оның командасы бақытты. Олар оны құшақтауда. Олар оның атын айтып айқайлауда. Трибунадағы адамдар "Алақай" деп айқайлауда.
Скрыть текст
19. Жеңісті тойлау
Оның командасы маңызды ойында жеңіске жетті. Олар мұны атап өткісі келеді. Оларға бір нәрсе сатып алу керек. Олар атқарылатын жұмыстарды өзара бөліп алды. Патриция нан дүкеніне барады. Ол баскетбол пішініндегі тортқа тапсырыс бермекші. Линда мерекелік кештің әрленуіне жауапты. Ол сабынды көпіршіктер мен шарлар алады. Команданың барлық мүшелері Мэридің үйіне жиналады. Олар жеңісті тойламақшы.
Скрыть текст
20. Жүгіру жарысы
Ол старт сызығында тұр. Ол өзінің қарсыластарына сәттілік тіледі. Ол бәрінен кім тез жүгіретінін анықтау үшін жүгіру жарысына қатысады. Ол толқиды. Оның алақандары терлеп кетті. Ысқырық берілді. Ол жүгірісті бастады. Басында бірер минут ол ақырын жүгірді. Сосын ол жылдамдықты қосты. Оның қарсыластары бәсең жүгіріп келе жатыр. Олар шаршады. Ол мәре сызығына жетті. Ол ұтты.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Бахытжан Ертай, Маржанай Ташимова, Janerke Kurmanalinova, Moldir Khismet, Nazima Tokabayeva, Баян Сапарбек, Гульжан Иманова, Жанерке Кайнарбековна, Айгүль Жумаева, Гүлзина Естауова, Жадыра Қайратқызы, Жандос Бакытбекулы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Чтение детям. Том 1, стр.5 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.1, стр.2  >>