Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 1, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

21. Уақытша мұғалім
Миссис Смит - керемет мұғалім. Ол математиканы жеңілдетіп береді. Сонымен қатар, ол өз оқушыларын ұлы адам болуға үйретеді. Бір күні Миссис Смит ауырып қалды. Оны басқа оқытушы ауыстырды. Оның орнына сабақты мистер Джонсон жүргізді. Мистер Джонсон - жаман мұғалім. Ол математиканы шиеленістіріп жібереді. Сондай-ақ, ол оқушыларға айқайлайды. Оқушылар миссис Смиттің тезірек оралғанын қалайды.
Скрыть текст
22. Жапсырмалар топтамасы
Ол жапсырмалар жинағанды жақсы көреді. Оған олардың қалай сезілетіні және түрі ұнайды. Оның 500-ден астам жапсырмасы бар. Олар жылтырақ және үлкен. Оның жеміс пішінді жапсырмалары бар. Олардың жағымды иісі бар. Оның тіпті, қоңыз жапсырмалары да бар! Олар шын секілді көрінеді. Ол өзінің топтамасын барлығына көрсетеді.
Скрыть текст
23. Сапарға дайындық
Оның отбасы басқа штатқа барады. Ол өте алыста. Оларға ол жерге жету үшін 48 сағат қажет. Жолға дайындалу керек. Оның анасы қайда жүру керектігін білу үшін карта алып келді. Әкесі бутерброд пен шөлмек су сатып алды. Ол фотоаппарат алып келді. Олар осы сәтті мәңгілікке естерінде қалдыра алады.
Скрыть текст
24. Телефон арқылы әңгімелесу
Карен Калифорнияда тұрады. Оның ағасы Огайода тұрады. Олар бір-бірін қатты сағынады. Карен ағасына күн сайын телефонмен хабарласады. Ол оған ата-аналары туралы, мектептегі іс-әрекеттері және колледждегі жұмыстары жайлы айтып береді. Олар бір-бірімен ешқалай қоштасып бола алмайды.
Скрыть текст
25. Әжемен бірге велосипед тебу
Лиза мен оның әжесі жағажайға барады. Олар онда велосипедпен барады. Лизаның әжесі велосипедті жас әйел сияқты тебеді. Ол велосипедті өте тез тебеді. Лиза жай жүреді, бірақ ол жаттығуға дайын. Олар велосипедпен 4 сағат жүрді. Олар демалуды шешті. Лиза әжесін құшақтады.
Скрыть текст
26. Қызық газет
Ол көшеден бір дабыр-дұбыр дауыс естіді. Терезеге қарады. Газет келіпті. Ол газетті жақсы көреді. Газет өте қызық. Ол бірінші беттегі мақаланы оқыды. Бұл мақала лотереядан ұтқан жұмыссыз адам туралы. Содан кейін ол мысқылдарды қарайды. Олар өте күлкілі. Оған газет ұнайды.
Скрыть текст
27. Жаңа көршілер
Көшербаевтарда жаңа көршілер. Олардың тегі Маратовтар. Көшербаевтар Маратовтарға кіріп, танысады. Маратовтар оларды үйге шақырады. Олар қонақтарға кәуап дайындап жатыр.Үлкендер өздерінің шағын ауданы және көршілері жайлы айтып жатыр. Олар сонымен қатар жұмысы жайлы айтып жатыр. Балалар Маратовтардың ауласында ойнап жүр. Олар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста. Маратовтар өздерін үйдегідей сезінеді.
Скрыть текст
28. Қорқынышты кино
Ол кинотеатрға келді. Кино басталды. Экранда құбыжық пайда болды. Ол кенет айғайлап жіберді. Оған қорқынышты болса да, кино көруді тоқтатпады. Экран тіптен қараланды. Ол пакетіндегі попкорніне қарай қолын созды. Құбыжық бақырды: "Бу-у!" Ол ұшып тұрып, қолындағы попкорнын еденге шашып алды.
Скрыть текст
29. Сахнаға шығудан қорқу
Көрініс көрсетудің уақыты да келді. Ол осы көріністе дәрігер рөлін ойнамақшы. Ол қатты толқып тұр. Ол сахнаға шықты, адам өте көп екен. Олар бар назарын оған аударды. Ол өзінің сөздерін айту үшін аузын ашты. Бірақ есінде ештеңе жоқ. Ол сахнадан кетіп қалды.
Скрыть текст
30. Табылған заттар бюросы
Тілеу қаланы аралап жүр. Ол жолда келе жатып, сүрініп қалды. Енді қараса жерде әмиян жатыр екен. Әмиянды ашқан ол 500 долларды, несие карточкалары мен жүргізуші куәлігін көрді. Иесін тауып, бұны қайтару керек деп ойлады Тілеу. Ол осы әмиянды табылған заттар бюросына апарды. Енді әмиян иесі оны оңай таба алады.
Скрыть текст
31. Жақсылық жасау
Өз көлігімді жүргізіп келемін. Кенеттен ол тоқтап қалды. Не жағдай болды екен деп, сыртқа шықтым. Дөңгелек тесіліп қалыпты. Техникалық көмекті шақыру үшін телефон шалу керек, өзіммен телефоным жоқ. Басқа көліктің жаныма келіп жеткенін көрдім. Көліктің жүргізушісінен телефоныңызды пайдалансам бола ма? - деп сұрадым. Ол: "Әрине" - деп жауап берді. Неткен жақсы адам еді.
Скрыть текст
32. Олар жұма күні кешке немен айналысады?
Дэвид, Дженифер және Сьюзан немен айналысатынын табуға тырысып жатыр. Дэвидтің мейрамханаға барғысы келіп тұр. Дженифер мен Сьюзан тамақ ішіп алған. Дженифер караоке-барда өлең айтқысы келіп тұр. Дэвид пен Сьюзанның тамақтары ауырып тұр. Сьюзан теннис ойнағысы келіп тұр. Дэвид пен Дженифер еріншектер. Олар қазір немен айналысады екен?
Скрыть текст
33. Дәмін татып көру
Ол базарға бара жатыр. Ол қаражидек қосылған тоқаш сатып алғысы келеді. Дәмді екеніне ол сенімді емес. Ол сатушыға келіп, дәмін тату үшін бір кішкене үзім беруін сұрайды. Сатушы оған бір кішкене үзім берді. Ол дәмін татып көрді. Өте дәмді екен. Ол бір пакет тоқашты сатып алды.
Скрыть текст
34. Ит ұлып жатыр
Ол төсекке секірді. Ол ұйықтауға дайын. Ол шуды естіді. Ол терезеге қарады. Ол ұлыған итті көрді. Ол сыртқа шықты. Ит көңілсіз. Оның иесі оны тамақтандырмайды. Ол итке тамақ әкелді. Ол итпен ойнап жатыр, тамақты қағып алуға итермелеп жатыр. Ит құйрығын бұлғақтатуда.
Скрыть текст
35. Хатшының міндеті
Эдвард - дәрігер қабылдауындағы хатшы. Оның жұмысы көп. Ол пациенттерді қабылдайды. Оларға сұрақтар қояды. Ол олардың бойы мен салмағын жазады. Ол адамдарға қанша уақыт күтетінін айтады және телефон қоңырауларына жауап береді. Ол әрдайым не айтатынын біледі. Эдвард сонымен қатар құжаттарды рәсімдейді.
Скрыть текст
36. Қызметші әйелдің міндеті
Ол дәулетті адамдардың үйінде қызметші болып жұмыс істейді. Оның міндеттері көп. Ол кір жуады. Терезе жуады. Тамақты әзірлейді. Үстел үстін жинайды. Еденді жуады. Оған үй жинастырған ұнамайды. Дегенмен оған балаларға қараған ұнайды. Оларға кітап оқып береді. Оларды мектептен алып кетеді.
Скрыть текст
37. Полиция
Ол үйiне кiрдi. Үйiнiң есiгi ашық. Терезелер сынған. Оның киiмi бөлмеде шашылып жатыр. Жиһазының астан-кестені шыққан. Ол маска киген бiр кiсiні көредi. Оның үйiнiң iшiнде қарақшы бар! Оны қарақшы көріп қоймас үшін, тырысып жүр. Ол полицияға қоңырау шалып тұр. Полиция тез келедi. Олар жаман адамды қамауға алады.
Скрыть текст
38. Шаштараз-стилист
Шаштараз-стилист өзінің жұмысын жақсы көреді. Ол көптеген қызметтерді көрсетеді. Ол адамдардың шашын қияды. Оған мұны істеу өте оңай. Ол мұндай жұмысқа тек 5 доллар ғана алады. Ол бұйра шашты түзетеді. Оған мұны істеу өте қиын. Мұндай жұмысқа ол 100 доллар алады. Ол клиенттердің шашын бояйды. Ол клиенттерге қандай да болсын түсті таңдатқызады. Ол мұндай жұмысқа 50 доллар алады. Адамдардың ойынша, оның бағалары әділ.
Скрыть текст
39. Ұялы телефонын жоғалтқан қыз
Ол қолын қалтасына салды. Оның ұялы телефоны онда жоқ. Ол кереуеттің астын қарады. Онда көріп тұрғанының бәрі, тек қана тиындар. Диван астын қарады. Онда көріп тұрғанының бәрі, бірнеше қарындаш қана. Оған бір ой келді. Басқа телефон арқылы өзінің ұялы телефонына қоңырау шалды. Қоңырау үнін естіді. Ол үн асүйден шығып жатты. Ол өзінің телефонының қысқа толқынды пештің үстінде тұрғанын көрді.
Скрыть текст
40. Саябақтағы тиіндер
Ол саябаққа келді. Ол көп тиіндерді көрді. Олар кішкентай ғана екен. Олар қоңыр түсті еді. Құйрықтары бір қызық екен. Олар тым жылдам жүгіреді. Олардың көздері үлкен келеді екен. Олар епті. Ол бір тиіннің қасына жақындады. Тиінге жаңғақ берді. Тиін оны алып, жылдам жоғалып кетті.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Бахытжан Ертай, Маржанай Ташимова, Janerke Kurmanalinova, Moldir Khismet, Nazima Tokabayeva, Баян Сапарбек, Гульжан Иманова, Жанерке Кайнарбековна, Айгүль Жумаева, Гүлзина Естауова, Жадыра Қайратқызы, Жандос Бакытбекулы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.1 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.1, стр.3  >>