Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 1, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

41. Түнде ұйықтай алмайтын қыз
Ол ұйықтай алмай жатыр. Ол дене жаттығуын жасауға тырысып жатыр. Ол өз үйін айнала үш километр жүгірді. Ол бір орында тұрып 100 рет секірді. Ол биледі. Ол тағы да ұйықтауға жатты. Ол ұйықтауға тырысып жатты. Сонда да оның ұйқысы келер емес. Ол өзінің әпкесінен не істеу керектігін сұрады. Оның үлкен әпкесі оған бесік жырын әндетіп берді. Ол ұйқыға кетті.
Скрыть текст
42. Оқушыларға арналған сыйлықтар
Жаңа жыл таяп қалды. Мұғалiм дүкенге бара жатыр. Оған өзiнiң оқушылары үшiн сыйлықтар сатып алу қажет. От 20 қалта сатып алды. Ол мұз кәмпиттер сатып алды. Мектеп керек-жарақтарын сатып алды. Пряниктер сатып алды. Ол бәрін қалталарға бөліп салды. Ол кассаға бара жатыр. Кассир оған оның қандай жақсы мұғалiм екенiн айтты.
Скрыть текст
43. Жұмысқа алуға байланысты сұхбат
Жуырда онда жұмысқа алуға байланысты сұхбат өтеді. Ол менеджер болғысы келеді. Дайындық керек болғасын ол шаштаразға барайын деп жатыр. Шашын алып, енді сауда орталығына бармақшы. Костюм сатып алысымен ол үйіне оралып, өз резюмесін принтерден басып шығарды. Енді ол компанияға бара жатыр. Ол терең демалып, жұмысқа алуға байланысты сұхбат өткізуге дайын тұр.
Скрыть текст
44. Күнделікті шығындарға қосымша ақша
Ата-аналары оған ұсақ-түйек шығындарға ақша береді. Олар оған аптасына 10 доллар береді. Оған көбірек керек. Ата-анасынан ақырындап ақша сұрайды. Бере алмаймыз,- дейді олар. Қызы олардың шешімін өзгертуге тырысады. Олардың машинасын жуады. Оларға тамақ пісіреді. Түрлі жылы сөздер айтады. Әке-шешесі оған қосымша ақша беруді жөн көрді. Ол аптасына 15 доллар алады.
Скрыть текст
45. Мектеп асханасыдағы сотқар
Үлкен сотқар мектеп асханасына кiрдi. Ол кезектің басына бара жатыр. Оқушылар ештеңе айтпайды. Олар одан кiшi. Олар одан қорқады. Мектеп асханадағы аспазшы сотқардың өзінің түскі асын кезексіз алғысы келгенін көреді. Ол оған кезекке тұр деп айтты. Оқушылар аспазшыны мақұлдаған дауыспен қолдады.
Скрыть текст
46. Жаңа дүкеннiң ашылуы
Ол өзінің жаңа нан дүкенін ашуда. Дүкенде торттар, кекстер, нан мен тоқаштар сатылады. Ол сыртына үлкен маңдайшалық жазу ілді. Онда: "Барлығына 50 пайыз жеңілдік!" -деп жазулы. Ол дүкенге көп сатып алушылар келеді деп үміттенеді. Дүкенге көптеген сатып алушылар келе бастайды. Ол сатып алушыларға сәлем береді. Олар оның нан-тоқаш өнімдерін сатып алады. Ол олардың сатып алғандарына алғысын білдіреді.
Скрыть текст
47. Едендегі қоқым
Ол граноланың бір тақтасын жейді. Гранола- сұлы мен қоңыр қанттың, мейіздің, кокос және жаңғақтың қоспасы. Ол еденге ұнтақ түсіріп алады. Ол мұны байқамады. Ол фильм көруге кетті. Ол қайтадан асүйге оралды. Ол көп құмырсқаны көрді. Барлық құмырсқалар қоқымның айналасында. Ол сыпырғы алды. Ол құмырсқаларды және қоқымды сыпырып тастады.
Скрыть текст
48. Отшашулар
Адамдар отшашуды тамашалау үшін саябаққа бара жатыр. Олар өздерімен бірге әкелген көрпелерін жаюда. Көрпеге жайғасқан олар тамашалап отыр. Отшашулар көздің жауын алады. Кейбіреулері үлкен және дауысы да жетерліктей. Басқалары кішкентай және дауыстары бәсең. Отшашулар түрлі түсті болады. Кейбіреулері қызыл. Кейбіреулері жасыл. Енді біреулері алтын түстес.
Скрыть текст
49. Кітапқұмар
Ол кітапханаға бара жатыр. Мистика бөлімінде кітап қарауда. Сөреден екі кітап алды. Ол романдар бөліміне бара жатыр. Бұл сөрелерден ешқандай кітап алған жоқ. Романдар оған қызықсыз. Бірнеше аспаздық журналдарды алды. Ол кітапханадан шығар жолдағы бақылау үстеліне бара жатыр.
Скрыть текст
50. Ол жаңбырлы күнге сай киінген
Жаңбыр жауып тұр. Ол сары жадағайын киіп алды. Денесіне сондай жылы. Басында тоқылған телпек. Басына жылы. Мойнына сұр шарф орады. Мойны да жылы. Аяғына су өтпейтін етік киді. Аяқтары да жылы. Қолына қолғап киді. Қолы да жылы. Қол шатырды қолына алды. Ол дала шығып бара жатыр.
Скрыть текст
51. Бұзылған сүт
Ол өзінің ыдысына қауыз дәндерін салды. Оған сүт керек. Тоңазытқышты ашты. Сүтті алды. Ыдысына сүтті құйды. Дәмін татып көрді. Қандай жаман дәм! Дәмі жиіркенішті. Ол пакетті тексеріп көрді. Жарамдылық мерзімі өткен жұмада өтіп кеткен. Сүтті лақтырып тастады. Оны ішуге болмайды.
Скрыть текст
52. Киімдердің жаппай сатылымы
Ол киімдер дүкеніне бара жатыр. Көйлектерге жаппай сатылым жүруде. Ол өзінің қызына көйлек сатып алды. Көйлек сары гүлді көк түсті. Ол көйлекті үйіне әкеле жатыр. Оның қызы көйлекті киіп көрді. Бірақ көйлектің өлшемі келмейді. Тым тар. Ол қайтадан дүкенге бара жатыр. Өзінің ақшасын кері қайтарып алмақшы. Кассир оған: "Кешіріңіз, жаппай сатылымда сатылған киімдер кері қайтаруға жарамайды", - деді.
Скрыть текст
53. Құтқарушы
Рут құтқарушы болып істейді. Ол ашық, қызыл жейде киіп жүреді. Онда ысқырық бар. Ол биік орындықта отырады. Жағажайда шомылып жатқандарды бақылайды. Ол барлығы дұрыс болсын деп тырысады. Ол қауіп-қатердің алдын алады. Адамдар суға батып бара жатқан кезде, оларды құтқарады. Адамдар оны жақсы көреді. Осы кісінің арқасында олар өзін қауіпсіз сезінеді. Рут өз жұмысын жақсы көреді.
Скрыть текст
54. Нашар серіктестер
Грин мырза өз оқушыларының өзімен бірге жоба бойынша жұмыс істегенін қалайды. Энтони, Брайан және Кэрол - бір топта. Этнони - жалқау. Ол ештеңе істемейді. Барлық жұмысты Брайан мен Кэролға істеуге тура келеді. Олар жобаны белгіленген мерзім ішінде аяқтауға үлгермей жатыр. Грин мырза ренжулі. Брайан мен Кэрол Грин мырзаға Энтонидің ештеңе істемейтінін айтты. Грин мырза жобаны аяқтау үшін оларға тағы бір мүмкіндік берді.
Скрыть текст
55. Ол тоқығанды жақсы көреді
Ол көптеген заттарды тоқиды. Ол бөкебайларды тоқиды. Ол бас киімдерді тоқиды. Ол жемпірлерді тоқиды. Ол қолғаптарды тоқиды. Ол өз тоқыған заттарын киіп жүреді. Оларды қыста киеді. Оған сол тоқылған киімдер жылы. Өзі тоқыған заттарын ол достарына да береді. Достарына олар ұнайды. Сондай-ақ, ол өзінің тоқыған заттарын сатады. Оның сатып алушылары оның бұйымдарын сатып алады.
Скрыть текст
56. Ол өзінің телефонын жақсы көреді
Ол өз телефонына қарайды. Оның ұзындығы сегіз сантиметр және ені бес сантиметр. Ол өз телефонын жақсы көреді. Ол оны барлық уақытта қолданады. Ол оны қайда барса да өзімен алып жүреді. Ол телефон арқылы достарымен сөйлеседі. Ол телефонымен ойын ойнайды. Ол өзінің шаруаларын телефонында жоспарлайды. Ол онымен электрондық жәшігін тексереді.
Скрыть текст
57. Қыста үзілісте
Қыс келді. Сәлден соң үзіліс басталады. Джозофер мәз болып отыр. Ол күлімсіремей жүре алмайды. Ол үзілісті тағатсыз күтіп отыр. Ол аяғын тыпырлатып отыр. Ол өзінің қарындаштарымен ойнап отыр. Ол сағатқа қарап отыр. Ол қар жайлы ойлап отыр. Ол қар лақтырысуға дайын. Ол шаңғы тебуге дайын.
Скрыть текст
58. Смузиді даярлау
Оның сусын ішкісі келді. Ол смузи ішуді қалайды. Смузи – шырын, балмұздақ, йогурт және т.б. нәрселермен араласқан, блендермен жасалған жидек немесе жеміс қосылған салқын десерт.Ол блендерді қолына алды. Блендер ішіне құлпынайды салды. Содан кейін оның үстіне сүтті құйды. Соңынан қант қосты. Ол түймені басты. Блендер барлық қоспаны араластырды. Ол сұйықтықты стақанға құйды. Ол дәмін татып көрді. Өте дәмді екен. Ол сусынның барлығын ішті. Ол соңынан блендерді жуды.
Скрыть текст
59. Жаттығу – мүлтсіздікке жол
Жаттығу – мүлтіксіздікке жол екендігі барлығына мәлім. Мишель жүзумен айналысады және ол екі жұмада бір рет жаттығады. Оның көрсеткіштері сондай жақсы емес. Ол үшінші орында. Сара жұмасына бір рет жаттығады. Ол Мишельге қарағанда жақсы жүзеді. Ол екінші орында. Шэрон күнделікті жаттығады. Оның көрсеткіштері өте жақсы. Ол бірінші орында.
Скрыть текст
60. Толтырмалы қонжық
Ол өзiнiң толтырмалы қонжығына қарайды. Оның биіктігі он сегiз сантиметр. Ол ақшыл қоңыр түсті. Оның көзi көгілдір түсті. Ол жолақ бөкебай таққан. Ол жұмсақ. Ол оны барлық жерге алып жүреді. Ол оны мектепке алып келедi. Ол оны футболдан жаттығуға алып келедi. Ол оны асханаға алып келедi. Ол оны тiптi тойларға да алып келедi.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Бахытжан Ертай, Маржанай Ташимова, Janerke Kurmanalinova, Moldir Khismet, Nazima Tokabayeva, Баян Сапарбек, Гульжан Иманова, Жанерке Кайнарбековна, Айгүль Жумаева, Гүлзина Естауова, Жадыра Қайратқызы, Жандос Бакытбекулы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.2 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.1, стр.4  >>