Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 1, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

61. Керемет шкафтар
Орта мектеп оқушылары кілттенетін шкафтарға ие болды. Шкафтар сондай керемет. Сіз оның ішіне кітаптар сала аласыз. Сіз оның ішіне тамақ сала аласыз. Оның ішіне алғашқы көмек қобдишасын сала аласыз. Осындай шкафтардың арқасында сізге көптеген нәрселерді тасуыңыздың керегі жоқ. Сіз шкафыңызды безендіре аласыз. Сіз оған көптеген суреттерді жабыстыра аласыз.
Скрыть текст
62. Сасықиістердің жағымсыз иісі
Саябақта сасықиістер көп. Сасықиістер өзінің зәрін шашыратады. Саябақта қазір өте жағымсыз иіс тұр. Жанұя саябаққа пикникке бара жатыр. Оларда тамақ көп. Олар әлдеқандай оғаш иісті сезеді. Олар сасықиістерді көрді. Олар бұдан былай тамақтанғысы келмейді. Олар үйге кетіп барады.
Скрыть текст
63. Ескі доспен кездесу
Салтанат көшеге шықты. Ол өзінің шағын ауданында қыдырғанды ұнатады. Сонымен қатар таза ауада демалғанды ұнатады. Ол біреумен соқтығысып қалды. Ол соқтығысып қалған адамға қарады. Сөйтсе, оның бұрыңғы ескі досы екен. Ол күлімсіреді. Досы да таза ауада серуендегенді ұнататынын айтты. Екеуі құшақтасты. Өткенді еске алды. Олар күлді.
Скрыть текст
64. Бақытты адамдар, мұңды адамдар
Амаль өзінің тестін жақсы орындады. Ол күлімсіреді. Жұпар суретшілер сайысында жеңіп шықты. Ол күлімсіреді. Тілеу керемет фильмді көрді. Ол да күлімсіреді. Амаль мен Жұпар және Тілеу үшеуі бақытты. Сәнім аяғын сындырып алды. Ол ауруханаға түсті. Мадина жүгіру жарысында ең соңғы жүлдені иемденді. Жандос тестінен өте алмай қалды. Сәнім, Жандос және Мадина мұңды болып тұр.
Скрыть текст
65. Теледидар және тасбақалар
Сәнімай теледидарды қосты. Оның ең сүйікті бағдарламасы жүріп жатыр екен. Ол отыз минутқа созылады. Бұл бағдарлама жердегі ең баяу қимылдайтын жануарлар туралы. Оның өзінің кішкентай жануары бар. Ол тасбақа! Тасбақа сабырлы және сүйкімді. Ол жасыл түсті. Сәнімай теледидарды өзінің тасбақасымен көреді.
Скрыть текст
66. Ол көптеген нәрселерді жақсы істей алады
Айнұр өте дарынды. Ол тесттерді жақсы орындайды. Ол жақсы билейді. Ол жақсы ән айтады. Ол балық аулай алады. Ол виолончелде де жақсы ойнай алады. Ол шарф тоқи алады. Ол жақсы жүгіреді. Ол тамақты да жақсы пісіреді.
Скрыть текст
67. Жолдағы мотоцикл
Ол қатты шуды естіді. Ол айнаға қарады. Ол мотоциклді көрді. Ол жолда келе жатыр. Оның түсі сұр және қара аралас. Оның екі дөңгелегі бар. Мотоциклде ер адам отыр. Оның басында дулығасы бар. Ол күннен қорғаушы көзілдірік таққан. Оның үстінде былғары күртесі бар. Ол мотоциклді айдап келе жатыр.
Скрыть текст
68. Медаль
Мадақтау рәсімі өтуде. Ол бірінші орын үшін медаль алды. Ол дөңгелек. Ол алтын. Онда балериналардың суреті бар. Ол медальға лайық. Көрермендер оған қол соғуда. Оның ата-анасы оның атын айқайлап айтуда. Оның ағасы оған гүл берді. Ол иілді.
Скрыть текст
69. Тіс күтімі
Ол тәттіні көп жейді. Қазір оған тістерін тазалау керек. Ол тістерінде қуыс болғанын қаламайды. Ол ваннаға барды. Ол жіппен тістерінің араларын тазалап жатыр. Ол тіс щеткасын алып жатыр. Ол тістерін жоғары-төмен қозғалыстарымен тазалап тұр. Ол аузын шайып жатыр. Оның тістері ақ көрінеді. Ақырында ол ауыз қуысын шайып тазалайтын құралды пайдаланды.
Скрыть текст
70. Кетчупты ұнатушы
Ол кетчупты жақсы көреді. Ол қуырылған тауыққа кетчуп құяды. Ол картоп фриіне кетчуп құяды. Ол жұмыртқаға кетчуп құяды. Ол гамбургерге кетчуп құяды. Ол сосискаға кетчуп құяды. Ол қуырылған асшаянға кетчуп құяды. Ол бутербродқа кетчуп құяды. Ол тіпті конфетке кетчуп құяды. Кейде ол кетчупты ішеді.
Скрыть текст
71. Жаңғақ пастасымен жасалған бутерброд
Азиза өзіне жаңғақ пастасынан бутерброд жасағысы келді. Оны жасау оңай. Азиза базарға барды. Ол өзіне керекті нәрселерді сатып алды. Ол үйіне қайтты. Ол асүйге барды. Ол пышақпен банкідегі арахис пастасын алды. Ол пастаны нанның екі бөлігіне жақты. Ол бөліктерді қабаттады да, бір тістеді.
Скрыть текст
72. Журналда не бар екен?
Журналдарды оқу әрқашан қызықты! Алғашқы бетте әрдайым қандай да бір атақты адамның суреті тұрады. Кейде ол актриса. Кейде ол саясаткер. Кейде ол бас аспазшы. Сіз журналды ақтара аласыз. Онда қызықты материалдар бар. Мақалалар әрдайым маңызды оқиғалар жайында. Олардың кейбіреулері қайғылы. Басқалары - қуанышты.
Скрыть текст
73. Аспандағы бұлттар
Күндіз. Аспан ашық көк түсті. Күн жарқырап тұр. Аспанда бұлттар көп. Ол оларға қарап тұр. Бұлттар әртүрлі қалыпта. Біреуі жүрекке ұқсайды. Біреуі құсқа ұқсайды. Ол бұлттарға әлі қарап тұр.
Скрыть текст
74. Жапырақтар түсіп жатыр
Жаз бітті. Күз басталды. Күз дегеніміз керемет мезгіл. Күзде жаздағыдай өте ыстық емес. Күзе қыстағыдай қатты суық та емес. Ол оянды. Ол терезеге қарап тұр. Жапырақтар түсіп жатыр. Кейбір жапырақтар сарғылт. Кейбір жапырақтар қоңыр. Ол жапырақты жинап жүрген әкесін көрді. Ол далаға шықты. Ол әкесіне көмектесіп жүр.
Скрыть текст
75. Мейрамханадағы түскі ас
Қыздың қарны ашты. Оның ата-анасы ештеңе әзірлегісі келмейді. Олар жақын жердегі мейрамханаға барды. Даяшы қыз оларды бос үстелге әкелді. Отбасы үстелге отырды. Даяшы қыз оларға мәзірді берді. Отбасы оны қарады. Олар спагетти мен омарға тапсырыс берді. Олар тамақтарын күтуде.
Скрыть текст
76. Азық-түлік дүкеніндегі жұмыс
Нұржан азық-түлік дүкенінде жұмыс iстейдi. Ол - менеджер. Онда өзінің әріптестеріне арналған әртүрлі арнаулы киімдер бар. Оның киімі қызыл. Оның әріптестерінің киімдері - көк. Ол әрбір адам өз жұмысын жақсы атқаруы үшін жағдай жасауға тырысады. Ол оларға мұны қалай жақсы жасау керектігін айтады. Ол дүкенді аралайды. Ол сатып алушылардан қызмет көрсету сапасына риза-риза еместігін сұрайды.
Скрыть текст
77. Сәнді киіммен
Азиза сауық кешке бара жатыр. Оған әдемі киіну керек. Ол інжу алқаны тақты. Ол ернін қызыл далаппен бояды. Ол ұзын, ақ көйлек киді. Ол жылтыр туфли киді. Ол құлағына гауһар тасы бар сырға тақты. Ол саусағына лағыл жүзік тақты. Ол үйден шығуға дайын.
Скрыть текст
78. Cуықпен күресіп жатыр
Далада қар жауып тұр. Ол тоңып тұр. Ол күртесін киіп жатыр. Ол мойнын бөкебаймен орап жатыр. Қолына қолғап киіп жатыр. Ол алауошақтың жанында отыр. Оның әкесі оның арқасынан қағып тұр. Ол бұрылды. Ол оған ыстық шоколад құйылған кесені берді. Ол жадырай бастады.
Скрыть текст
79. Артқы ауладан келген кесіртке
Ол өзінің артқы ауласына бара жатыр. Ол бір нәрсені көріп тұр. Ол кішкентай және шырышты. Бұл кесіртке. Қыз оны өзінің қолына қойды. Ол оны үйге алып келді. Ол оны өз ата-анасына көрсетті. Ол оларға кесірткені үйде қалдырғысы келетінін айтады. Олар жоқ деді. Кесіртке бостандықта өмір сүру керек - деп айтты олар. Ол артқы аулаға барды. Ол кесірткені жіберіп қойды.
Скрыть текст
80.Алма ағашы
Ол алманы жақсы көреді. Оның көршісінде алма ағашы бар. Ол көршісінің үйіне бара жатыр. Ол есікті қағып тұр. Паркет ханым оны ашты. Ол онымен амандасты. Ол оның алма ағашынан бірнеше алманы үзіп алуға болатын-болмайтындығын сұрады. Ол рұқсат берді. Ол ең жақсы алмаларды үзіп алды. Ол біреуінің дәмін татып көрді. Ол тәтті.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Бахытжан Ертай, Маржанай Ташимова, Janerke Kurmanalinova, Moldir Khismet, Nazima Tokabayeva, Баян Сапарбек, Гульжан Иманова, Жанерке Кайнарбековна, Айгүль Жумаева, Гүлзина Естауова, Жадыра Қайратқызы, Жандос Бакытбекулы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова


©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.3 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.1, стр.5  >>