Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 1, страница 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Жүзінші қабаттан көрініс
      Ол биік үйде тұрады. Ол жүзінші қабатта тұрады. Ол оянуда. Ол терезеге үңілуде. Ол күннің шығуын көріп жатыр. Ол басқа үйлерді көруде. Ол тауды көруде. Ол төменге қарап жатыр. Адамдар өте кішкентай сияқты. Дүкендер де кішкентай сияқты. Қандай тамаша көрініс!
Скрыть текст
      82. "Кім көп бәліш жейді" сайысы
      Әйгерiм карнавалға бара жатыр. Әйгерiм "Кім көп бәліш жейді" деген сайысқа қатысады. Ол орындыққа отырды. Оның алдында көп бәліш тұр. Ол жей бастады. Алдымен ол алма қосылған бәліш жеді. Оны жеу үшін, Әйгерiмге бес минут қажет. Ол тағы да он бәліш жеді.
Скрыть текст
      83. Көп күрте
      Ғалымбайдың сыдырма ілгекті екі күртесі бар. Оның біреуі ақшыл көк түсті. Екіншісі - қоңыр түсті. Ғалымбайдың сыдырма ілгексіз екі күртесі бар. Күртенің біреуінде оның аты жазылған. Екіншісінде - мектебінің аты жазылған. Ғалымбайдың екі ұзын күртесі бар. Күртенің біреуінде түймелері бар, екіншісінде түймелері жоқ. Ол өзінің барлық күртелерін жақсы көреді.
Скрыть текст
      84. Көп туфли
      Назираның биік өкше екі жұп туфлиі бар. Оның бірі баумен. Басқасы-сыдырмамен. Оның екі жұп крассовкасы бар. Оның бірі-жылтыр. Екіншісі- ашық түсті. Оның екі жұп балеткасы бар. Оның бірі қызғылт түсті. Басқасы- қоңыр түсті. Ол өзінің туфлилерін сауық кештерге киеді.
Скрыть текст
      85. Допты еркін лақтыру
      Нұржан баскетбол ойнап жүр. Ол «Атырау Барсы» командасында ойнағысы келеді. Нұржан баскетбол кортына күнде барып тұрады. Ол еркін лақтыру техникасын жетілдіріп жатыр. Ол еркін лақтыру сызығында тұрып, допты лақтырып жатыр. Допты себетке тигізе алмай, допты қайтадан лақтыруға тырысып жатыр. Бұл жолы доп себетке түсті. Нұржан тағы екі сағат жаттығады.
Скрыть текст
      86. Бір біріне пас бере доппен ойнау
      Баскетбол- командалық ойын. Команда мүшелері басқа ойыншыларға допты бере білу керек. Кәрім кәрзеңке шығыршығынан алыста. Ол Нәбиге пас берді. Нәби оны ұстап алды. Ол да кәрзеңкеден алыста тұр. Ол допты Ғалымбекке қарай лақтырды. Ғалымбек оны қабылдады. Ғалымбек кәрзеңкеге жақын тұр. Ол допты кәрзеңкеге қарай лақтырды. Доп торға түсті.
Скрыть текст
      87. Екі адамдық теннис
      Гүлжан мен Ерлан бірге теннис ойнайды. Олар теннис алаңына бара жатыр. Гүлжан теннистік соққыларды жетілдіргісі келедi. Ол сызықтың сыртында тұр. Ол допты жоғары лақтырды. Ол допты ракеткамен ұрды. Доп тордың үстінен өтті. Ерлан допты көрді. Ол оны ракеткамен қақты. Ол Гүлжан жаққа қарай ұшты. Доп солай анда-мында ұшып жатыр.
Скрыть текст
      88. Кезекші даяшы
      Арайлым даяшы болып істейді. Ол мейрамханада жұмыс iстейдi. Мейрамханаға бiр келушi кiредi. Он оны үстеліне ертіп апарады. Оған мәзірдi бередi. Ол оның алдына тәрелке, шанышқы және қасық қояды. Ол қуырылған тауық етіне тапсырыс бердi. Ол күлімсіреп қарады. Ол тапсырысты өте тез орындайды. Ол оған оның тамағын әкелдi. Ол тамақ жеудi аяқтады. Ол оған көп шайлық бердi.
Скрыть текст
      89. Клоундар өте жақсы əртістер
      Клоундар өте жақсы əртістер. Олар күлкілі көрінеді. Олардың беттері боялған. Олардың аяқ киімдері үлкен. Олар түрлі түсті жасанды шаш киiп жүредi. Олар күлдіргі нәрселер жасайды. Олар шарларды лақтырып ойнайды. Олар әуе шарларынан жануарларды үрлейді. Олар фокус көрсетеді. Олар көп əзілдер айтады. Клоундар көптеген жерде жұмыс істейді. Кей кезде сауық кештерде жəне цирктерде көрініс көрсетеді. Олар барлық жерде күлдіріп жүреді.
Скрыть текст
      90. Қайықпен жүзу
      Кәмшат көлдің басқа жағасына өткісі келеді. Ол қайықты көрді. Онда қайықшы отыр. Қайықшы қайықты тоқтатты. Ол оған ақша берді. Ол қайықты есті. Кәмшат қайықта отыр. Қайық - қоңыр түсті. Ол ағаштан жасалған. Қайық басқа жағаға келіп жетті. Кәмшат қайықшыға алғысын білдірді. Ол қайықтан жағаға түсті.
Скрыть текст
      91. Озықтарға арналған оқу
      Ол кітап оқи бастады. Ол түсінуге өте қиын. Ондағы сөздер озық адамдарға арналған. Ол олардың не мағына беретінін білмейді. Ол сөздікті алды. Ол "facile" сөзінің не мағына беретінін білгісі келді. Ол сөзді тапты. Ол сөз "өте қарапайым" дегенді білдіреді. Ол сөздіктен басқа да қиын сөздерді іздеуде. Ол кітапты қайта оқып шықты. Қазір ол оны жақсы түсінеді.
Скрыть текст
      92. Бұта үстінен
      Олжас Кәріммен бірге доп ойнап жүр. Олжас Кәрімге допты лақтырды. Доп Кәрім оны ұстай алмайтындай тым биік ұшып барады. Доп бұталардың үстінен ұшып өтті. Қазір ол көршісінің ауласында. Балалар көршісінің есігін қақты. Көршісі есігін ашты. Олар одан допты алуға рұқсат сұрады. Ол ашуланды. Олар кешірім сұрады. Ол: "Бұл жағдай ақырғы рет болсын", - деп айтты.
Скрыть текст
      93. Қараңғыда қорқынышты
      Жандос жаңа ғана қорқынышты фильм көрді. Оның ата-анасы оған барып ұйықтасын деп айтты. Жандос төсек орнына жатты. Ол жарықты сөндірді. Ол ұйықтап кете алмайды. Ол фильмді ойлай береді. Оған қараңғыда қорқынышты. Егер оған елес шабуыл жасаса не болады? Ол ата-анасының бөлмесіне барады. Ол сонда ұйықтады.
Скрыть текст
      94. Қар шары
      Бетти өз сыйлығын ашып тұр. Бұл – қар шары. Оны сiлкiп тұр. Жылтырақтар төмен түстi. Ол шардың ішіне қарады. Бұл – Санта-Клаус. Оның ақ сақалы және үлкен қарны бар. Оның сыйлықтар салынған қабы бар. Ол тек жақсы балаларға сый тартады. Бетти – жақсы бала. Ол Санта-Клаус оған кіріп шығар деп үміттенедi.
Скрыть текст
      95. Бағдаршам
      Қымбат көлігіне отырды. Қауіпсіздік белдігін тақты. Орнынан қозғалды. Ол рұқсатты жылдамдықпен келе жатыр. Тым жылдам жүру қауіпсіз емес. Бағдаршамның сары түсі жанып тұр. Ол жылдамдықты төмендетті. Қызыл түс жанды. Қымбат тоқтады. Ол күтіп тұр. Жасыл түс жанды. Ол сапарын жалғастырды.
Скрыть текст
      96. Жағажайда көңілді
      Жағажайда көп нәрсе істеуге болады. Сүлгінің үстінде жатуға болады. Күннен қорғайтын крем жағуды ұмытпаңыз. Сіз теріңіздің күйіп қалғанын қаламайсыз ғой. Құмнан қамал тұрғызуға болады. Тапқырлығыңызды көрсетіңіз! Суда серфингпен айналыссаңыз болады. Биік толқындарда абайлаңыз! Ақырында, күннің батуын тамашалай аласыз.
Скрыть текст
      97. Бәліштің суығанын күту
      Пештің дыбысы шықты. Алма бәліші піскен болуы керек. Қыз қолғап-ұстағышты киді. Ол бәлішті шығарды. Үстелдің үстіне қойды. Иісі мұрын жарады. Түрі де тартымды. Ол өте ыстық. Ол бәліштің суығанын күте тұру үшін жоғарыға өз бөлмесіне көтерілді.
Скрыть текст
      98. Шаш алу
      Оның шашы өте ұзын. Ол оның беліне дейін жетеді. Ол шаштаразға барды. Ол күтті. Ол журнал оқыды. Шаштараз оның есімін атады. Ол отырды. Ол өзінің шашын қысқа етіп қидырғысы келетінін айтты. Шаштараз 60 сантиметр шашты қиып тастады. Шаштараз одан шаш үлгісінің ұнайтын-ұнамайтынын сұрады. Ол айнаға қарады. Оған ұнады.
Скрыть текст
      99.Концертте
      Маргарет концертке келді. Мұнда адам көп. Залдың іші қараңғы. Оның сүйікті тобы сахнада. Гитарист гитараның ішегін тарта бастады. Сахнаны түрлі-түсті жарық басты. Жетекші әнші Маргареттің жақсы көретін әнін бастады. Ол сүйікті тобына қошемет білдірді. Ол қолдарын жоғары көтерді.
Скрыть текст
      100. Әртүрлі телебағдарламалар
      Ол теледидарды қосты. Жаңалықтар жүріп жатыр. Ол жаңалықтарды қарау жалықтырады деп ойлайды. Ол келесі арнаға ауысты. Аспаздық туралы бағдарлама болып жатыр. Бас аспазшы торт жасауда. Оған торт ұнамайды. Ол келесі арнаға ауысты. Мультфильм жүріп жатыр. Мультфильм піл мен тышқан туралы. Фильм оған қызық сияқты. Ол қашықтықтан басқару пультін қойды. Пульттің оған енді керегі жоқ. Ол фильм көруде.
Скрыть текст
      101. Ақша жинау
      Ол жаңа ноутбук сатып алғысы келеді. Ноутбук 1000 доллар тұрады. Оның қолында 500 ғана бар. Ноутбук сатып алу үшін ол ақша жинайды. Мейрамханадан ас ішпейді. Жаңадан киім сатып алмайды. Киімді тек жеңілдік кезінде ғана алады. Ол көп жерге жұмысқа тұрды. Ол бала күтуші болып істейді, банкте істейді. Ақша жинауын жалғастырып келеді.
Скрыть текст
      102. Сауда автоматы
      Оның қарны ашты. Жақын мейрамханалардың бәрі жабық. Ол сауда автоматын тауып алды. Онда көптеген жеңіл жүрек жалғайтын нәрселер бар екен. Сусындар да бар. Ол бір доллар салды. Бір қалта чипсы алғысы келеді. Чипсыға сәйкес түймені басты. Автоматқа қолын созды. Ол чипсысын алды.
Скрыть текст
      103. Алма сатып алу
      Оның қарны аш. Оның алма жегісі келеді. Ол далаға шықты. Ол көлігіне қарай беттеді. Ол базарға бара жатыр. Ол көп алма көрді. Жасыл алмалар қышқыл көрінеді. Қызыл алмалар тәтті көрінеді. Ол қызыл алма алды. Ол кассаға барды. Ол кассирге ақшасын төледі. Ол алма жеп тұр.
Скрыть текст
      104. Алғыс айту күні
      23-ші қараша. Ата-аналар күркетауық сатып алып жатыр. Балалар асты күтіп отыр. Ата-аналар күркетауықты үйге алып келді. Қоңырау шылдырлады. Аналары есікті ашты. Үйге оның құрбысы кірді. Барлығы дастархан басына отырып жатыр. Олар тамақ іше бастады.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Бахытжан Ертай, Маржанай Ташимова, Janerke Kurmanalinova, Moldir Khismet, Nazima Tokabayeva, Баян Сапарбек, Гульжан Иманова, Жанерке Кайнарбековна, Айгүль Жумаева, Гүлзина Естауова, Жадыра Қайратқызы, Жандос Бакытбекулы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.4 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.2, стр.1  >>