Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1.  5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 2, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Достармен кездесу
      Джейсон жаңа дос тапты. Оның аты Даниель. Даниелдің тек қана бір қолы бар. Екінші қолынан ол кішкене бала болғанда көлік апаты кезінде айырылған. Джейсонға Даниелмен бірге ойнау өте ұнады. Ол Даниелді өзінің басқа достарымен кездесуге шақырды. Джейсон Даниел басқа балаларға да ұнайды деп сенді. “Кафеде кездесейік”, - деді Джейсон.
      Даниел кафеге кірді. Басқа балалар оған таңғалып қарады. Даниел қатты қобалжыды. “Олар мені мазақ етпейді деп үміттенемін”, - деп ойлады ол. Ол Джейсонның достарымен қатты достасқысы келді. “Мәссаған!” - деп айтты достарының бірі. "Сенің жейдең қандай әдемі!” Даниель жеңілдеп қалды. Осыдан оны балалар өз тобына апта сайын шақыратын болды.
Скрыть текст
      2. Әженің жемпірлері
      Стивен әжесіне қатыстының барлығын жақсы көретін. Ол ұнатпаған бір ғана зат болды. Ол ылғи да жемпір тоқып беретін. Оның мейірімділікпен жасап жүргенін Стивен түсінеді. Бірақ та, жемпірлердің барлығы өте ұсқынсыз болатын. Стивен әжесіне аптасына бір рет қонаққа келіп тұрды. Әр кез әжесі оған жаңа свитер сыйлайтын.
      Стивен кішкентай пәтерде тұрды. Оның пәтерінде жемпірлерді сақтайтын орын болмады. Ол оларды таратуға мәжбүр болды. Әжем ешқашан білмейді деп ойлады. Бір кезде әжесі Стивенге күтпеген жерден қонаққа келді. Ол оған жемпірлерін көрсетуін өтінді. "Оның барлығын біреу ұрлап кетті", - деді ол. "Олар өте әдемі болып еді". Келесі айдың басына таман әжесі оған тағы да онын тоқып берді.
Скрыть текст
      3. Әдемі шаш
      Доротидің шашы өте бұйра еді. Ол оны жек көретін. "Шашым өте қалың", - деп әрқашан ренжіп жүрді Дороти. Дороти актриса болғысы келген. Ол білетін барлық актрисалардың шаштары түзу болған. Олар әрқашан мінсіз және тегіс болатын. Күнде таңғы сағат 5-те Дороти ерте тұрып алатын. Шашын түзетуге екі сағат кетіретін.
      Бір күні Доротиге маңызды актерлік сынға бару керек болды. Ол бұл туралы кеш білді. Шашын түзетуге уақыты болмады. "Мынадай шашпен мен ешқашан жұмыс таппаймын", - деп ойлады ол. Ол қателескен еді. Режиссер Доротиді көрісімен, оны қабылдады. "Сіздің шашыңыз қандай тамаша!" - деді ол. "Сіз оларды өте жақсы көретін сияқтысыз!" "Әрине, жақсы көремін", - деп жауап берді Дороти.
Скрыть текст
      4. Көріксіз кенже қыз
      Лиза көп балалы отбасында өсті. Оның өзінен үлкен алты әпкесі болды. Олар өте әдемі еді. Сондықтан ол өзін жаман сезінетін. Ол өзінің олар сияқты емес екенін білетін. Лиза өзі жайлы адамдардың айтатын жайсыз сөздерін естіп, қапаланатын.
      Өсе келе қыздар әрбір демалыс күндерін жігіттермен қыдырумен өткізетін. Ол кезде Лиза жалғыздан жалғыз үйде отыратын. Ал әпкелері күнімен беттерін әрлеумен, шаштарын әдемілеумен болатын. Ал Лиза болса күні бойы кітап оқып, сабағына дайындалатын. Әпкелері үнемі оның қылықтарын күлкі қылатын.
      Уақыт келе , барлық әпкелері ерте тұрмыс құрды. Олардың барлығының күйеулері әдемі болды, бірақ ақылсыз және жұмыссыз еді. Лиза колледжде оқыды. Ол соның арқасында атақты ғалым, бай болып, бүкіл дүние жүзін аралады. Қазір керісінше, кім кімге күлгендей еді.
Скрыть текст
      5. Мен сноубордта сырғанай аламын
      Кевин Мишельді кездесуге шақырды. Ол сноубордта сырғанауға барғысы келді. "Сноубордта сырғанағанды өте жақсы көремін!" – деді Мишель. Онысы жалған еді. Ол бұрын ешқашан сноубордта сырғанаған емес. Ол тек Кевинге әсер қалдырғысы келді. «Тамаша!" – деді Кевин. «Ендеше, бізге озық сноубордшылардың бөктеріне баруға болады».
      Мишель шошып кетті. Озық сноубордшыларға арналған бөктердің шыңы өте биік еді. Шындықты айту кеш. «Мен тепе-теңдікті сақтауым керек». Мишель дөңнен ұшып кетті. Ол аяғында екі секундтан кем уақыт қана тұра алды. Бөктердің аяғына жеткен сәтте, ол дәу жұмаршақ қарға ұқсас боп тұрды. Кевин оны қатты аяп кетті. Ол оны жылындыру үшін қатты құшақтады. Аяғында оның жоспары іске асты.
Скрыть текст
      6. Көлікпен саяхат
      Джон және оның достары көлiкпен саяхат жасады. Олар Лос-Анджелестен Вашингтонға бара жатты. Джон барлығын жоспарлап қойды. Ол өздерінің сүйікті өлеңдері жазылған компакт-дискілер даярлады. Олар жол бойы әншілермен бiрге ән салды. Тіпті көліктің жүксалғышына дейін олардың сүйiктi тағамдарымен толтырылды.
      Джон достарына таң ата соқты. Ол оларға картаны көрсеттi. Онда көп белгі түсіріліпті. «Мынаның бәрі біздің жолда жасайтын аялдамалар,» - деді ол достарына. Джон жолда Алтын Қақпа көпірін, Үлкен Шатқалды, Кәнігі Жауынгер ыстық бұлағын және де басқа белгілі орындарды көргісі келді. "Қай өлеңді бірінші тыңдаймыз?" – деп сұрады Джон. Оның достарының бәрі ұйықтап қалған еді. Олар бүкіл жол бойын осы күйлерінше өткізді.
Скрыть текст
      7. "Алты ту" ойын-сауық саябағына бару
      Джорджың ең жақын досы оны халын білуге келді. Джозеф Аризонада тұратын. Джордж екі жыл бұрын Лос-Анджелеске көшіп кеткен болатын. Ол Джозефпен сол уақыттан бері көріспеген еді. Джордж оның досы уақытты жақсы өткізгенін қалады. Ол досын Лос-Анджелеске көшіп келуіне көндіргісі келді. Джорджда ерекше идея туындады. Ол өзінің досын "Алты ту" ойын-сауық саябағына алып барды. Оларда Аризонада американдық төбешік сияқты аттракциондар жоқ.
      Джордж бен Джозеф Татсу атты аттракционда сырғанауды шешті. Ол үлкен және бес айналым жасайтын. Джозеф басқалардан артық айғайлады. "Қалай, күшті ме?"-деп сұрады Джордж. "Егер сен осында көшіп келсең, біз күнде осында келетін боламыз!" Джозеф содан кейін Лос-Анджелеске келген жоқ.
Скрыть текст
      8. «Теңіз әлеміне» наразылық көрсету
      «Теңіз әлемі» - дүниедегі ең танымал парктердің бірі. Оны жыл сайын мыңдаған адам көріп кетеді. Көпшілігі әр түрлі өнер көрсететін дельфиндер мен киттерді көруге келеді. Олар бұл жағдайды табиғат аясында ешқашан кездестіре алмайды.
      Соңғы кездері «Теңіз әлемі» өте үлкен қысым астында. Мыңдаған адамдар бұндай парктерге қарсы келуде. Олар киттер мен дельфиндердің кіші аймақта күшпен тұрмау керектігін айтады. Сондай-ақ олар зорлықпын әртүрлі өнер көрсетпеу керек. Адамдардың көбісі осы пікірді қолдай бастады. «Теңіз әлемі» наразылық білдіріп жатқан адамдардың сөзіне құлақ асады деген үміт бар.
Скрыть текст
      9. Көлік жүргізушілерге арналған кинотеатр
      Сенбі күні кешкісін Хеленнің іші пыса бастады. "Жүр, көлік жүргізушілерге арналған кинотеатрға барып қайтайық", – деді Донна. Хелен оның не екенін түсінген де жоқ. Донна мұның оған ұнайтынын айтты. Хелен келісті.
      Көлік жүргізушілерге арналған кинотеатрда фильмдерді ашық аспан астында көрсетеді. Адамдар өз көліктерін үлкен экранның алдына қояды. Әркім бір-бір динамиктен алады. Барлығы өз көліктерінен көреді. Хелен мұндай кинотеатрлардың көбін ескі фильмдерден көретін. "Адамдар ол жерге кездесуге баратын", - деді ол. Ол мұндай кинотеатрлардың әлі бар екеніне таң қалды. Қыздар қорқынышты фильм қарады. Бұл басқа адамдар компаниясында қарағанннан гөрі қорқыныштырақ болды. "Мұндай кинотеатрларды барлық жерлерде қайта жаңғыртса, дұрыс болар еді", - деді Донна.
Скрыть текст
      10. Қанша жей алсаң, сонша
      Роберттың отбасы әр жексенбі сайын жиналатын. Олар әрқашан бірге түстенетін. Әр апта сайын олар бір мейрамханаға баратын. Бұл "шведтық үстел"-қанша жей алсаң, сонша ал жүйесі бойынша жұмыс істейтін мейрамхана еді. Роберттың отбасы тамақ жегенді жақсы көретін. Бұл олар үшін мінсіз мейрамхана болды.
      Роберттың анасы бәрінен де көп жейтін. Ол кем дегенде бірден төрт тағам алатын. Оның әкесі талғампаз болды. Шведтық үстел оған зор мүмкіндіктер беретін. Нэнси тәте шведтық үстелді бәрінен де жақсы көретін. Ол әрқашан өзімен бірге үлкен сөмке әкелетін. Ол өзін ешкім көріп қоймасын деп тырысатын. Ол тамақты сөмкеге лақтыратын. Ол мейрамханадан қайтқан уақытта оның сөмкесі үш есеге үлкейетін.
Скрыть текст
      11. Балапан - үй жануары
      Эндрю Вильямс, жаңа үй жануарын асырай бастады. Ол жануар - балапан еді. Бастапқыда оны әке-шешесі әкелген еді. Эндрю балапанды ұнатпады. Ол басқа үй жануарын қалады. "Менің барлық достарымда ит немесе мысық бар", - деп сыңсыды ол. Балапан Эндрюдың қыр соңынан қалмайтын болды. Ол өте сүйкімді еді. Екі ай өткен соң ол балапанға қатты бауыр басып қалды. Оған Рекс деп ат қойды.
      Бір күні Эндрю мектептен оралды. Ол Рексті іздей бастады. Бірақ еш жерден таба алмады. "Рекс үйден қашып кетт", - деді анасы. Эндрю ешнәрсе түсінбеді. Кейін оның көзі пешке түсті. Анасы түскі асқа балапан әзірлеп жатыр екен. Эндрю жылап жіберді.
Скрыть текст
      12. Соңғы шылым
      Уайт мырзаның жаман әдеті болатын. Ол шылымнан шылым қоймай тарта беретін. Уайт мырза бұл құмарлығының денсаулығына зиян екенін білді. Бұдан былай тіпті серуенге шыға алмай қалды. Күні бойы жөтелетін. Уайт мырза жыл бойы шылымды тастауға тырысты. Үнемі бір қорапты сатып алып тұрып, мұның соңғы шылым болатынына өзіне уәде беретін.
      Уайт мырза тексерілу үшін дәрігеріне барды. Дәрігері рентген жасауды өтінді. Сол жақ өкпесінен ісік табылды. Шылым шеккеннен обырға шалдығыпты. Уайт мырза үйіне үрейленіп қайтып келе жатты. Біреуін ғана қалдырып, шылымының бәрін лақтырып жіберді. Бұл ақыры соңғы шылым болатын болды.
Скрыть текст
      13. Біз тоналдық!
      Мистер және Миссис Смит бүгінгі көңілді түнді үйден тыс өткізген. Олар түні бойы би билеп, үйге тек түнгі 3-те оралған еді. Үйге келген кезде, алдыңғы терезенің сынғанын байқайды. Олар үйге жүгіріп кірді. Үйдің ішінде теледидарлар, ноутбуктер, тіпті жазу жазылған тәрелкелері де жоғалған.
      Миссис Смиттің жасы көл болып "Біздің үй тоналды!" - деп байбалаң салды. Олар полиция шақыртты. "Бәлкім, ұрыларды таба алмаспыз", - деді олар.
      Мистер Смит үйді жинастыра бастағанда, терезе алдында бейтаныс заттың жатқанын көрді. Бұл ұрының әмияны болып шықты, ол терезеден қашып жатқанда түсіріп алған екен.
Скрыть текст
      14. Қайтадан парта алдына
      Гонсалес мырза аула сыпырушы болатын. Ол өз жұмысын жақсы көрмейтін. Ол ақылды адам болатын. Ол өз өмірінде көп нəрсеге қол жеткізе алатынын білді. Гонсалес мырза қайтадан колледжге оқуға барғысы келді. Ол ылғи мұғалім болуды армандайтын. Егер ол колледжді бітірсе, оның арманы орындалатын еді.
      Гонсалес мырза 40 жаста болатын. Оның балалары оған қайтадан колледжде оқу үшін кəрі екенін айтты. "Сен ата сияқты көрінетін боласың" - деп қалжыңдады олар. "Өтірік!" - деді Гонсалес мырза. "Ондағы ең дана студент мен боламын!"
      Төрт жыл өткен соң Гонсалес мырза колледжді тəмəмдады. Оның балалары оны мақтан тұтты.
Скрыть текст
      15. Мысықтарды жақсы көретiн қыз
      Дженни Уайт өз мысықтарын жақсы көретiн. Онда алты мысық болды. Дженни күндерiн сол мысықтармен өткiзетiн. Ал оның достары ол үшiн алаңдайтын. "Сен таза ауаға жиi шығып тұрсаң болар едi", - дейтiн олар." Ал Дженни: "Мен оларды жалғыз тастап кетуге шыдай алмаймын", - дейтiн.
      Бiрде Дженни жұмысында бiр адамды кездестiрiп қалады. Ол әдемi әрi қызықты кiсi болатын. Дженни онымен кездесуге жиi барып жүрдi. Ол оны мiнсiз деп ойлайтын. Дженни оны үйiне қонаққа шақырды. Ол қатты қобалжыды. Ол менiң мысықтарымды жақсы көретін болады деп ойлады.
      Ол кiсi үйге кiрдi. Кiрген бойда түшкiрiп, тыныс ала алмай қалды. Оның мысықтарға аллергиясы болатын. "Мен мысықтарды жек көремiн!"- деп айқайлап жібердi ол.
Скрыть текст
      16. Автобуспен саяхат
      Шэрон Джэксонның көлігі бұзылып қалған болатын. Ол көлігін шеберханаға айдап апарады. Шэронның жұмысқа жетуі үшін көлік қажет, ал көлігінің жөндеуі бір аптаға созылады.
      Оған құрбысы "Сенің автобуспен жетуіңе болады" деп кеңес берді. Шэрон бұрын-соңды автобуспен жүріп көрмеген еді. Ол қорқып, дұрыс емес бағытта кетіп қаламын деп ойлады. "Мен автобустарда тіпті ұрлық жасайды деп естігенмін", - деп құрбысына айтты, "Уайымдама. Саған ештеңе де болмайды", - деп құрбысы оны жұбатты.
      Шэрон автобусқа отырды. Бұл соғұрлым қорқынышыты еместігіне көзі жетті. Негізінде, ол өте байсалды жан. Ақыры ол ұйықтап қалып, өз аялдамасынан асып кетті де, жұмысына кеш қалды.
Скрыть текст
      17. Суық тию
      Даниэлге суық тиіп қалды. Қызуы көтеріліп, қалтырады. Күні бойы мұрны ақты. Қоймай түшкірумен де болды. Даниэль дәрігерге келді. Оған демалып жат деді. «Үш күн бойы төсектен тұрмаңыз», - деді дәрігер.
      Даниэль құлақ асқан жоқ. Достары шомылуға шыққан еді. «Барайық!» - деді олар оған. «Бәрі жақсы болады». Даниэль достарымен бірге бассейнде түн батып кеткенше болды.
      Ертеңіне таңертең Даниэль өзін тым нашар сезінді. Даусы қарлығып, шықпай қойды. Қалтыраумен болды. Бес күн бойы ауырды. Ол дәрігерге көмек сұрап қаралды. «Сіз мені тыңдамадыңыз ғой, солай ма?» - деп сұрады дәрігер.
Скрыть текст
      18. Жаңа туфли
      Мэри Гринге жаңа туфли қажет болды. Оған биік тақалы көк туфли қажет болды. Олар 150 доллар тұрды. Ол әкесінен ақша сұрады. "Сен есіңнен адастың ба? Сен биік тақалы туфли кимейсің ғой!" - деді мистер Грин.
      Мэри тынымсыз туфли туралы армандады. Ол мистер Гринді сонымен мазалауды тоқтатпады. Мистер Грин өзін ыңғайсыз сезініп жүрді. Оның Мэриге туфли алып беретін жағдайы болса екен деп жүрді, өйткені бұл Мэриді бақытты етер еді.
      Мистер Грин Мэридің туған күніне ақша жинап, оған туфли алып берді. Мэри оны шешпестен түні бойы киіп жүрді. Ол оның аяғын күлдіретіп жіберді. Мэри оны жек көріп кетті. Мэри оны ешқашан да кигісі келмеді. Сондықтан ол мистер Гринге оны жоғалтып алдым деді.
Скрыть текст
      19. Артық салмақты тастау
      Майкл Филипс артық салмақтан зардап шегетін. Ол өз бейнесіне көңілі толмағандықтан, арықтағысы келді. Оның денсаулығы да мәз емес. Ол соңғы рет дәрігерге қарлағанда қорқып кетті. Дәрігер жүрек ауруының пайда болу қаупі бар деп айтқан болатын.
      Филипс тамақтану салтын өзгерту керектігін біледі. ол бургер мен чипстарды көп жейді. жеміс пен көкөністі мүлдем жемейді десек те болады. "Пайдалы тамақты жеу - ішпыстырарлық іс екен!" - дейді Филипс.
      Дәрігер тағы бір кеңес берген. "Сізге көп дене жаттығуларын жасау керек", - деді Филипске. Ол серуенге ешқашан шықпайды деуге болады. Енді ол жүгіруге арналған құрылғыны сатып алды. Филипс қайтсем де арықтаймын деп бекінді.
Скрыть текст
      20. Ол үшін алдымен өзі үйренуі керек еді
      Бұл күн Кейт Вильсон үшін өте ерекше болды. Ол жаңа ғана жалақысын алған болатын. Ол өзінің алғашқы велосипедін сатып алуға бара жатты. Кейт Вильсон кедей отбасында өсті. Олардың Кейтке велосипед алып беруіне ешқашан қаражаттары жетпейтін.
      Қазір Кейт отызда. Ол жақсы жерде қызмет етеді және оның екі баласы бар. Ол балаларына велосипед тебуді үйреткісі келді. Бірақ ол үшін алдымен өзі үйренуі керек еді. Велосипед дүкенінен ол үлкен көгілдір велосипед сатып алды. Енді уйренетін кез келді.
      Оның алғаш велосипед тебуі өте нашар болды. "Бұл ойлағаннан қиынырақ екен!" деп айқайлап жіберді ол. Сан рет құлағаннан кейін ол оны бағындырды. Тұла бойын үлкен мақтаныш биледі. "Өз балаларымды үйретуге асығып тұрмын", - деді ол.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Раушан Муталипова, Бахытжан Ертай, Айгерим Ержанова, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Janerke Kurmanalinova, Акжайык Сабырбаева, Assel Kanybekova, Гульнар Абдраимова, Жадыра Қайратқызы, Feruza Moldashova, Акнур Жунусова, Мади Толегенов, Майра Фазыл, Маржанай Ташимова, Мира Сембайкызы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.5 Вернуться к началу Пословицы  >>