Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 2, страница 3

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Жол оқиғасы
      Нэнси 16 жаста еді. Ол автокөлікті жүргізуді үйренгісі келетін. Оны үйрету үшін оның ата-анасының қолы бос болмайтын. Нэнси өзінің апайынан оған көмектесуді сұрады. Оның да қолы бос болмады. Нэнси оларға ренжіп қалды.
      Автокөлікті жүргізу сондай қиын шаруа емес екендігіне мен сенімдімін деп ойлады Нэнси. Кештердің бірінде ол барлығының ұйықтап қалуын күтті. Ол баспалдақпен төмен астыға білдіртпей түсті. Ол машинаның кілтін алып, далаға шықты. Ол машина жүргізуді өзінен-өзі үйренеді.
      Нэнси моторды оталдырды. Ол ақырындап артпен жүрді. Сосын ол газ педалін басты. Ол машинаның сондай жылдам екенідігін ойламаған еді. Автокөліктің бір нәрсеге соғылғандығын сезіп, тежегішті басты. Ол артқа қараған кезде әлдеқандай қара дақты көрді. Ол өзінің итін басып кеткен екен.
Скрыть текст
      42. Жұмыс жаса
      Джефф 40-тағы еркек. Ол еш жерде жұмыс жасамайтын, ол тіпті мектепке де бармаған. Джефф өзінің бар өмірін ата-анасымен өткізген. Олар Джефф үшін алаңдай бастады. Джеффтің күні бойы айналысатын ісі тек бейне ойындар ойнау ғана болатын. Оған ата-анасы: "Саған өз өміріңмен бiр нәрсе жасау керек", - дейтін. Джефф ата-анасының бұл сөзіне құлақ аспайтын. Ол өз өмірін бақытты санайтын.
      Джеффтің ата-анасының ойына бір жоспар келді. Олар одан тұрғын үй ақысын алуды шешеді. "Бұл ақшаны қайдан табады екенмін?" - деп сұрады ол. "Жұмыс жаса!" - деді анасы. Джефф пәтер ақысын төлей алмаған кезде олар оның барлық бейне ойындарын жинап алып, сатып жіберді. Джефф ашуға мінді. Ол жұмыс іздеуге кірісті. Оған қайтадан бейне ойындар сатып алу керек.
Скрыть текст
      43. Өзіңмен бірге ылғи артық дөңгелек алып жүр
      Кристофер жаңа көлік сатып алды. Ол көлігімен ел араламақ болып жиналды. Сапарға шығу дайындығына достары көмектесті. Брайан оған: «Сен артық дөңгелек алуың керек» - деді. Кристофер оның айтқанын жөн көрмеді. Жаңа көліктер артық дөңгелек алып жүруді қажетсінбейді - деді ол.
      Бір апта өткен соң Кристофер сапарға шықты. Ол басқа елдерді көруге асықты. Кенеттен ол қатты дыбыс шыққанын естіді. Оның көлігі бір түрлі дыбыстар шығара бастады. Кристофер жол жиегіне тоқтады. Көлігін айналып қарап шықты. Көліктің артқы дөңгелегінің желі шығып кетіпті. Ол бір сағаттан көп уақыт жүрді. Кристофер Брайанға қоңырау шалып, көмек сұрауына мәжбүр болды. Соңынан Брайан оны ұзақ уақыт бойы күлкі етті.
Скрыть текст
      44. Қара жұма
      Алғыс айту күні – АҚШ-тағы ең үлкен мерекелердің бірі. Онан соң келесі үлкен американдық мереке келеді. Ол Қара Жұма деген атпен белгілі. Осы күні барлық дүкендерде жаппай сатылымдар орын алып, адамдар естерінен адасады.
      Қара жұма күні адамдар мазасызданып кетеді. Бір жылы Кэрол дүкен аралап, жаңа пальто алғысы келді. "Адам көп болмайтын шығар", – деп үміттенді. Бірақ, өз көзіне сене алмады – әрбір дүкен адамға лық толы екен.
      Бір дүкенде әдемі көк пальтоны көрді. Оның бағасы бас-аяғы жиырма доллар екен. Сол пальтоны киіп көргісі келген, бірақ кенеттен бір әйел келіп, пальтоны алып кетті. "Мен үйге қайттым", – деді Кэрол күрсініп.
Скрыть текст
      45. Қызғылт үй
      Барбара өз үйіне құрбыларын шақырды. Ол өз жаңа үйін оларға көрсетуге өте қуанышты болды. “Қыздар, үйім туралы не ойлайсыңдар?” – деп сұрады олардан. Құрбылары не айтарын білмей тұрды. Олар жан-жағына қарап, оған жағымды бірдеңе айтқысы келді.
      «Бұл қызық екен», - деп айтты Бетти. Барбараның талғамы бір түрлі қызық болды. Оның үйінде бәрі қызғылт түсті болды. Перде, диван, кресло, тіпті кілем де қызғылт түсті еді. «Сенің күйеуің бұл туралы не ойлайды?» - деп сұрады Бетти. «Оған қатты ұнайды» , - деп жауап берді Барбара. Бетти және басқа әйелдер оған сенген жоқ. «Ант етемін, оған қатты ұнайды» - деді Барбара. «Бұл түсті таңдаған өзі ғой!»
Скрыть текст
      46. Зейнеттегі актер
      Мистер Мур зейнет жасында болды. Бір кездері ол актер болған. Ол атақты болған, және оны көп адамдар жақсы көретін. Қайда барса да, оны әйелдер тоқтататын. Әдетте олар оны құшақтап, онымен бірге суретке түскісі келетін. Ол өте әдемі болатын. Оны жалғыз көру оңай емес еді.
      Қазір мистер Мур көбіне жалғыз жүреді. Оның киноға түскен кезінен бері көп уақыт өтті. Кейде ол Голливуд бульварымен жүреді. Ол оны біреу танитын шығар деп үміттенеді. Алайда оны ешкім танымайды. Ол қазір әдемі емес. Оның әдемі бет-әлпеті әжімге толы. Ол қайтадан жас болғысы келеді!
Скрыть текст
      47. Төбелескіш болма
      Ричардтың бойы ылғи да ұзын болатын. Ол бастауыш сыныпта ең ірі бала болды. Ол соны пайдаланып, төбелескіш болды. Ол ылғи да айналасындағы кішкентай балаларды итеріп жүретін. Ол мұны орта мектепте де жасайтын болды. Көптеген балалар Ричардты жек көрді. Көптеген адамдар одан жылады.
      Ол өскен кезде оның өмірдегі жолы онша болмады. Ол әрқашан баскетболист боламын деп ойлады. Бірақ та, ол тізесін жарақаттап алып, ойнай алмай қалды. Қазір Ричардке жұмыс қажет еді.
      Ричард біраз жерге барды. Ол барлық компаниялардың иесін таниды. Олар - кішкентай кезінде Ричард мазақ еткен адамдар еді. Ричардке жұмыс табу өте қиынға соқты.
Скрыть текст
      48. Үйлену тойының бір жылдығына тосын сый
      Бұл олардың үйлену тойының бірінші жылдығы еді. Мартин мырза өзінің әйелін таңғалдырғысы келді. Ол оған айтулы кешкі ас дайындауды шешті. Ол оның сүйікті асын әзірлемекші болды.
      Ас дайындауға бірнеше сағат кетті. Оның келуіне ол үстел жасады. Ол кешті мінсіз етіп жасағысы келді. Ол бүкіл үйдің ішіне шырақ жағып, жарықты сөндірді.
      Тез арада қоңырау соғылды. Мартин мырза есікке жүгірді. Есікке барар жолда ол шыраққа сүрініп кетті. Алаудан перде тұтанып кетті. Өрт тез арада тарап кетті. Сосын өрт кілемге ауысты. Мартин мырза үйден атып шықты. Мартин ханымның таңғалғаны анық.
Скрыть текст
      49. Бай болу
      Патриция жеке университетте оқитын. Осындай университетте оқуға өзінің шамасы келмес еді. Жолы болып, алатын шəкіртақысын оқуына төледі. Университеттегі басқа көп адамдар өте бай еді. Кейде осы Патрицияның өзін ыңғайсыз сезінуіне əкеп соғатын.
      Оның бар курстастары қымбат киім киетін. Ал Патриция өз оқулықтарына зорға төлейтін. Киімге ақша жұмсауды ең соңына қалдыратын. Оның барлық курстастары сəнді спорттық автокөлікпен жүретін. Патриция университетке автобуспен баратын. Өзінде ақша жоқтығынан ұялатын.
      Қам жеме, - деді анасы. Жақында дипломыңды аласың. Өз дипломыңмен керемет жұмысқа орналасасың. Бір күндері сен де солар сияқты бай боласың. Олардан асқан бай болуың да мүмкін.
Скрыть текст
      50. Өзінің жақын дос қызына ғашық
      Джеймс пен Сьюзан кiшкентайынан бiрге өстi. Олар әрқашан жақын достар болатын. Қазір олардың жасы отыз бесте. Содан кейiн бәрi өзгерген. Джеймс үйленбек болды.
      Джеймс Сьюзанды өзiнiн қалыңдығымен таныстырды. Ол олардың тiл табысып кететiнiне сендi. Джеймс Сьюзанның бақытты екенін көрсе, өзi де бақытты болар еді. Бiрақ та Джеймс өзiн жайсыз сезiндi. Джеймстің үйлену тойы жақындап қалды. Кенеттен Джеймсте қызғаныш сезімі пайда болды. "Мен не iстеп қойдым?" - деп ойлады ол.
      Жиырма жылдық достықтан кейiн Джеймс бiр нәрсенi түсiндi. Ол Сьюзанға ғашық. Бірақ бірдеңені өзгертуге тым кеш.
Скрыть текст
      51. Тәуелсіз ана
      Маргарет анасымен жақын болды. Олар әрқашан ең жақсы достар болды. Қазір Маргарет 25 жаста. Міне, ол өздігінен өмір сүру үшін, оны анасының үйден жіберетін кезі келді. «Сен өз бетіңше өмір сүруің керек»,- деді оған анасы. Маргарет мұны қаламады.
      «Мен сені жалғыз қалдырғым келмейді», - деді Маргарет. Ол анасы жалғызсырап қалады деп қорықты. Ол табиғатында өте ұяң əйел еді. Оның жүнге аллергиясы болды, сондықтан үй жануарын ұстай алмайтын.
      Мені уайымдамай-ақ қой, - деді оған анасы. Сен кеткен бойда маған менің жақын досым көшіп келеді.
Скрыть текст
      52. Күзетші
      Джозеф жаңа жұмыс тапты. Ол өзінің сүйікті музыкалық тобына күзетші болып орналасты. Оның ойынша, бұл дүниедегі ең жақсы жұмыс. Оған топтың қалай ойнап жатқанын күнде кешке есту мүмкіндігі туды. Және сол үшін оған ақша төленеді!
      Джозеф ол жұмыстан бірінші кештен кейін-ақ шығып кетті. Іссапарға шығудың алдында ол топты автобусқа ертіп бара жатқан болатын. Кенеттен оларды естерінен адасқан бір топ қыздар қуа бастады. Ол қыздардың бетін қайтара аламын деп ойлады. Бірақ ол қатты қателескен еді. Олар шындығында әлдеқайда күшті болды. Істің ақыры көздің көгеруімен және беттің тырналуымен тынды. "Бұл ауырлық ешқандай ақшамен өлшенбейді" - деді Джозеф.
Скрыть текст
      53. Іріктеу сайыстары
      Пол спортты ұнатпаушы еді, өйткені ол жақсы нәтижелерімен мақтана алмайтын. Соған қарамастан, ол тосыннан футбол мен баскетболдан іріктеу сайыстарына дайындала бастады. "Сен мұны неліктен жасамақшысың?"- деп сұрады Роберт, "Менің біраз белсендірек болғаным жөн" - деді Пол.
      Роберт, шындығында, Полдың оған берген жауабына көңілі толмады, бірақ оған қарамастан ол досына көмектеспекші болды. Роберт Полмен бірге іріктеу сайысына барды. Сол кезде ғана досының неліктен кенет спортқа ынтасы туғанын түсінді. Сайыс орнына келгелі Пол сұлу қыздардан құралған қолдаушы топтан көзін алмады. Оның тамсана сүйген сұлуы Сьюзан да сол құрама командада болған екен.
      Пол іріктеу сайыстарының ішіндегі ең нашар ойыншы болды. Ойын барысында ол жиі аяғынан шалынды. Кейін баскетбол ойыны кезінде басына қатты соққы алған еді. Оның құрама командаға өтуіне ешқандай мүмкіндігі болмады.
Скрыть текст
      54. Мен итті қыдырта алам
      Доннаға бір ой келді. "Мен итті қыдырта алам!"- деді ол. Оның бір құрбысы итті қыдыртумен айналысатын. Ол көшеде қаңғып жүрген иттерді қыдыртатын адамдарға көп ақша төлейтінін естіген.
      "Сен олай істей алмайсың", – деді оның жігіті. "Неге?" – деп сұрады Донна. "Сен иттерді жек көресің!" – деп жауап берді жігіті. Бұл шындық еді. Донна оны жоққа шығарды. Шын мәнінде, оған ақша табудың жеңіл әдісі керек еді.
      Ол бірінші күні ит қыдыртуға шыққанда, бес клиент болды. Донна иттердің күші көп екенін білмеді. Олар көшеде тұра жөнелгенде, оны сүйретіп әкетті. Донна қолдарындағы шылбырды босатып жіберді. Ол иттерден де, олардың иелерінен де бір күнде айрылып қалды.
Скрыть текст
      55. Көлікті орналастыру қызметі
      Джонның Лос-Анджелеске жаңа келуі болатын. Фермада өсіп, бұрын-соңды үлкен қалада ешқашан тұрмаған ол, осы күнге шейін қаланы аңсап келген.
      Бір күні кешкісін Джон достарымен қаланың орталығында кездесуге келіседі. Кешкі ас ішеміз деп келіскен ресторанға Джон кешігіп қалады, өйткені ол көлігін қоятын жер таба алмай әлек болады. Бір мезгілде оған бір ер адам жақындап: "Мен сіздің көлігіңізді қоюға көмектесейін,"- деді. Джон бұл адамның ресторандағы көлікті қоюмен айналысатын қызметшісі деп ойлайды.
      Джон ер адамға алғысын айтып, оған көлігінің кілтін тапсырды. Кешкі астан шыққан соң, Джон көлікті қоюмен айналысатын адамды таба алмады. "Біз көлік орналастырумен айналыспаймыз,"-деп түсіндірді даяшы. Джонның көлігі ұрланғаны анықталды. Қаланың өзі оған ұнағанымен, адамдары ешбір ұнамады.
Скрыть текст
      56. Бөлмеде бірге тұратын жолдас іздеу барысында
      Рональд колледжге түскен қаласына көшіп барды. Оған тұратын жер керек еді. Колледждің жанындағы пәтерлер қымбат еді. «Мен баспанасыз студент боламын», - деп әзілдеді ол.
      Рональд шешім ойлап тапты. Ол хабарландыруды ғаламторға орналастырды. Ол: «Студент қалашығының маңынан бөлмеде бірге тұратын жолдас іздеймін. Талабым: жинақылық және ақылды болуы». Бір күнде ол жиырма жауап алды. Шын мәнінде Рональд бөлмесін бөтен адаммен бөліскісі келмейтін. Алайда, бұл нәрсе оның мүмкіндігінің жалғыз ғана жолы еді. «Мен ол тек салақ және ақымақ болмайды деп үміттенемін»,- деп ойлады ол. Әрқайсысымен сұхбаттасып, ол өзіне ұнаған жігітті таңдап алды. Олар нағыз дос болып, өмір бойы достасып кетуімен аяқталды.
Скрыть текст
      57. Қоршаған ортаның ластануы
      Лаура қоршаған орта жайлы қатты ойланатын. Ол планетамыздың болашағы туралы алаңдайтын. Лаура заттардың барлығын екінші рет қолдануға тырысатын. Ол баратын жерінің барлығына велосипедпен баруға тырысатын. Лаура қоршаған ортаны ластандыруды және жаһандық жылынуды болдырмас үшін қолынан келгеннің барлығын істегісі келетін.
      Бір күні Лаура өзінің велосипедімен үйіне қайтып бара жатқан. Оның алдында келе жатқан жүк көлігінің кабинасындағы терезеден қоқыс салынған пакет тасталды. Ол Лаураны ашуландырды. Лаура пакетті көтеріп жүк машинасының артынан ілесті. Жүк көлігі тоқтаған кезде ол пакетті жүк көлігінің кабинасының терезесіне лақтырды.
      Жүк көлігінің жүргізушісі полицей қызметкері екен. Ол Лаураны екі тармақ бойынша айыптады. Бірінші тармақ – полицейді қорлау, екіншісі – рұқсат етілмеген жерге тастау.
Скрыть текст
      58. Артық опа-далап
      Карен бет-мойынына опа-далап жаққанды ұнатпаушы еді, өзін жасанды әрі өзгеше сезінетін. Оның жанындағы дос қыздары "Әлі бала секілдісің, онсыз сен мұншалықты сұлу болып көрінбейсің" - деп күлетін болған. Карен де оларға сенетін болды.
      Оны жаққаны бөлек, опа-далаптардың бағасына Кареннің көңілі мүлдем толмайтын. Ол соған бола қаражат бөлгісі келмегенімен, жанындағы құрбыларының барлығы опа-далапсыз жүрмейтін болғандықтан, "Менің де бояу алуым қажет" деп ойлайтын ол.
      Бір күні Карен өзіне ұнайтын бозбаламен танысады. Оның ойынша, Карен өте көрікті әрі қызық адам болатын. Алайда ол Каренді өзімен бірге ешқайда алғысы келмейтін. Достарының "Неліктен?" - деген сұрағына, ол "Өйткені ол тым артық опа-далап қолданады", - деп жауап қатқан.
Скрыть текст
      59. Жас ата-ана
      Грин мырза мен ханым- жас ата-аналар. Олардың сәбилері екі ай бұрын ғана дүниеге келді. Олар екі ай ішінде көз шырымын дұрыс алмады. Сәби олардың әрбір минутын алатын еді. Олар ата-ана міндеттерінен аздап демалыс алғысы келді. Грин мырза: «Біз жақын арада есімізден алжасамыз», - деді.
      Грин мырзаның анасы оларға бір жаққа барып, демалып келулерін сұрады. Олар демалыста жүргенде кішкентай сәбиге өзінің қарайтынын айтты. Грин ханым: «Бұл деген тамаша», - деп жауап қатты. Ерлі-зайыптылар демалысқа жылдам жиналып, сапарға шығып кетті.
      Жас ата-аналар бүлдіршіндерінен жырақта жүру ұнайтын болар деп ойлады. Алайда олар қатты қателескен еді. Олардың ойы тек сәбиде болды. «Сәбимен ештеңе болып қалмады ма екен?» деген ой маза бермеді. Бір күн өткеннен кейін олар үйге қарай жолға шығып кетті.
Скрыть текст
      60. Алғаш Диснейлендке бару
      Стивен жаңа ғана Калифорнияға көшіп келді. Оған көп нәрсені көру, істеу керек еді. Ол жағалауды бойлап серуендегісі келді. Ол Голливудқа барғысы келді. Дегенмен бәрінен де Голливудқа барғысы келді.
      Стивен алдымен өз машинасымен Анахаймға барды. Қазір ол жиырма бес жаста. Саябаққа кірісімен, ол бес жастағы балаға айналып кетті. Ол қуанғанынан айғайлап жіберді. Стивен Диснейлендке айына бір рет барып жүрді. Ол өзінің жаңа мекен-жайын ұнатып қалды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Раушан Муталипова, Бахытжан Ертай, Айгерим Ержанова, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Janerke Kurmanalinova, Акжайык Сабырбаева, Assel Kanybekova, Гульнар Абдраимова, Жадыра Қайратқызы, Feruza Moldashova, Акнур Жунусова, Мади Толегенов, Майра Фазыл, Маржанай Ташимова, Мира Сембайкызы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.1, стр.5 Вернуться к началу Пословицы  >>