Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 2, страница 6

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      101. Жер сілкінісі
      Джим Тернер Калифорнияда жаңа адам болатын. Ол онда бар болғаны бір-ақ жыл тұрды. Джимге бұл штаттағының бəрі ұнайтын. Ауа райы керемет. Жағажайы тамаша. Джим Калифорнияда қалып қоюды жоспарлаған болатын.
      Бір күні түнде Джим шырт ұйқыда жатқан. Оның керуеті кенеттен селкілдей жөнелді. Ол керуеттен секіріп түсті. Джимнің зəресі ұшты. Бұл оның көрген алғашқы жер сілкінісі еді. Джим мұндайда не істеу керек екенін де білмейтін. Айналасындағы заттар құлап, қирап жатқанда бұл орнында қалшиып тұрып қалды. Жер сілкінісі 15 секундқа созылды. Джимге бұл сағаттай көрінді. Келесі күні ертеңгісін ол заттарын жиыстыра бастады. "Калифорниядан осы көргенім де жетер" - деді ол.
Скрыть текст
      102. Құлақтандыру оқу керек
      Джастин Харрис достарымен бiрге жағажайға барды. Сол жерге келген кезде олардың көңіл күйлері түсіп кетті. Судың алдында бағанада үлкен құлақтандыру ілінген. Онда: «Бүгін суға түсуге рұқсат етілмейді» делінген. Оның достары толқындардың өте үлкен болғанын байқады. «Мүмкiн, суға кiру тым қауіпті шығар», - деді Джастиннiң достарының бiрi.
      Джастин құлақтандыруды елемеуге ұйғарды. Ол апта бойы шомыламын деп сенiп едi. Үлкен толқындар ақиқат емес көрінетiн. «Келiңдер, жігіттер!» - деді Джастин. Ол суға секірді. Сол уақытта оны зор толқын жауып жіберді. Оның достары құтқарушыны iздеуге жүгіре жөнелді. Құтқарушы Джастиндi құтқаруға міндетті. «Оқи алмайсыңдар ма?» - деп ұрысты ол.
Скрыть текст
      103. Тамаша жоспар
      Эмили Байкер Голливудта саяхаттап жүрген еді. Сол жерде жаңа фильмнің түсірілімі болып жатты. Онда басты рөлге оның сүйікті актері түсіп жатты. Эмили онымен танысқысы келді. Онда жоспар болды. Ол түсірілім алаңына жасырын кірмекші еді. Кейін сол жерде оны тауып алмақшы. Эмили олар кездескен бетте оны өзіне ғашық ету үшін бəрін жасайтынын білді.
      Эмили түсірілім алаңына келді. Сыртынан айнала жүздеген қыздар жиналды. Олардың бəрі қара киінген. Олардың бəрі осы жерге бір мақсатпен келгені анық. Жаңа жоспар əзірлеу қажет болды. Оларға ішке көрінбей кіру қажет емес. Олар күзет арқылы тек барлығы бірге өте алады. Ішінде сұлу актерді тауып алады. Сосын барлық қыздар бір-бірімен шайқасады.
Скрыть текст
      104. Əнші іздеуде
      Смит музыкалық топты ұйымдастыруда. Ол тамаша гитарист болатын. Оның ағасы соқпалы аспапта өте жақсы ойнайтын. Ал досы жақсы басист еді. Енді керегі жалғыз нəрсе - лайықты əншіні табу ғана.
      Эндрю плакат əзірледі. Онда: "Мықты əнші іздейміз" деп жазылған. Ол қаланың бəріне таратты. Дауыс сынағына көп адам келді. Олардың көбісінің дауысы жақсы еді. Эндрюға бəрінен де бір сұлу қыз ұнады. "Дауысы жаман ғой" - деп айтты топтың мүшелері. "Сендер, жігіттер, естеріңнен адастыңдар ма?" - деп жауап берді Эндрю. Оның ойынша, сол қыз мінсіз еді. "Махаббат сені керең етті", - деді Эндрюдың ағасы.
Скрыть текст
      105. Мен дәрігер боламын
      Крис Вильямс болашағына жоспар құрды. Ол дәрігер болмақ болды. Төрт жыл бойы Крис табандылықпен білім алды. Содан кейін оны медицина училищесіне қабылдады. Сол жерде ол тағы екі жыл оқыды. Ол жаратылыстану ғылымдары және математикамен ынта қойып шұғылданды. Крис үздік студент болды. "Сенен тамаша дәрігер шығады!" - дейтін оған ұстаздары.
      Бірде Крис сабаққа қатысып жатқан. Ол қан алуы керек болды. Ол инеге таңдана қарады. "Сенің кезегің, Крис" - деді оқытушы. Крис орнынан қозғала алмады. Ол не үшін бұлай қорыққанын түсіне алмады. Тұла бойы дірілдеп, инені емделушінің қолына енгізді. Бір тамшы қан пайда болды. Крис есінен танып қалды. Дәрігерлер қаннан қорықпауы керек. Енді Криске жаңа мамандық таңдауға тура келді.
Скрыть текст
      106. Ара алғаш шаққанда
      Джо Картер ірі денелі, күші мол ер адам еді. Оның бойы 180 сантиметрден ұзындау. Әр күн сайын ол ауыр заттарды көтеретін. Джо әрқашан ержүрек көрінетін. Көптеген қыздарға бұл ұнайтын. Оны үнемі кездесулерге шақыратын.
      Бір күні Джо кездесуге уәделескен қызбен паркте болды Олар пикник жасады. Джо қызды сүйейін деп жатты. Кенет оның мұрнына ара қонды. Джо кішкентай қыздай айқайлап жіберді. Ол парктен жүгіріп шықты. Ол өзінің көлігіне отырып, барлық есіктерін жауып алды. Ара оның мұрнын шағып алды. Ол өзінің көлігінде жылап отырды. Оның қызы кетіп қалды. Ол кейін барлығына: «Ол ер сияқты көрінгенмен, іс-әрекеті кішкентай баланікі сияқты», - деп айтып жүрді.
Скрыть текст
      107. Сараның алғашқы машинасы
      Сара Миллер жуырда ғана жүргізуші куәлігін алды. Енді оған қажет болған жалғыз нәрсе – машина еді. Алайда, ол бір проблемаға тап болды: оның ақшасы болған жоқ. Сара балмұздақ сататын дүкенде уақытша жұмыс тапты. Ол жерде жазда ғана істейтін болды. Жаз бойы тынымсыз еңбек етіп, әрбір долларды үнемдеп отырды. Ақыры үш айдан соң Сараның машина сатып алуға мүмкіндігі туды. Ол пайдаланылған машинаны сатып алды.
      Бірақ сол машинаның көптеген сызаттары болған, ал бір әйнегі жарылған болатын. Орындықтарда үлкен дақтар болды, машинаның ішінде бір жағымсыз иіс тұрды. "Жарайды!" – деді Сара. Ол босқа еңбек еткен жоқ қой. Машинасы басқаларға ұнай ма, ұнамай ма – оған бәрібір. Не болса да, ол өзін мақтан тұтты.
Скрыть текст
      108. Балақайлар үшін тым кәрі
      Миссис Джоунс балабақшада тәрбиеші болатын. Ол өз өмірінде онша бақытты болмады. Ол балаларды сүйетін еді, алайда қазір оларға бұрынғыдай көңілі толмайтын. Миссис Джоунс оларды тым көп шулайды деп санайды. "Олардың бар шаруалары айқайлау және жылау", - деп шағымданды ол - "Мен бұл жұмыс үшін тым кәрімін".
      Зейнеткерлікке кететін уақыт келді. Миссис Джоунс көл жағалауынан бір үй алып, армандаған тыныш өмірін сүргелі жатқан болатын. Алайда кейін миссис Джоунс бақытты болмады. Оның жаңа үйі тым- тырыс болды, ол балаларды сағынып кетті.
      Миссис Джоунс арқан сатып алып, көл маңында өсіп тұрған талға іліп қойды. Әр демалыс сайын балалар оның үйіне қонаққа келетін болды. Олар арқанда тербеліп, көлге секіріп ойнайтын болды. Миссис Джоунс та әрқашан оларға қосылып ойнайтын.
Скрыть текст
      109. Жаңа телефон
      Карл Вильсон телефонның ең жаңа моделін алғысы келді. Бұндай телефон 400 доллар тұрды. Ол өзінің ата-анасынан оны сатып алып беруін сұрады. "Кешір", - деді олар. "Бұл өте қымбат". Карл сонда да оларды мезі етуді жалғастыра берді. Ол осы ойынан бас тартпады. Ол кішкентай бала сияқты жылады. Оның ата-анасы өздерін кінәлі сезінді. Олар өздерінің баласының бақытты болғанын қалады.
      Мистер және миссис Вильсон шамалы ақша жинады. Олар Карлдың туған күніне телефон алып берді. "Байқап ұста", - деді оған олар. "Әрине, байқап ұстаймын!" - деді ол. Карл бақытты болды. Ол телефонды қалтасына салды. Ол достарына мақтану үшін жүгірді. Телефон қалтасынан түсіп кетіп, тас жолға түсті де, сынып қалды.
Скрыть текст
      110. Жабық сауық кеші
      Мистер және миссис Райт демалысқа кетті. Олардың ұлы Брэндон үйде жалғыз қалды. Үй толығымен оның қарамағында болды. Ол сауық кешін өткізуді ұйғарды. Ол өзінің бірнеше достарын шақырды. "Менің ата-анам ешқашан ештеңені біліп қоймайды", - деді ол. "Бұл шағын сауық кеш болады".
      Сенбі келді. Оның есік қоңырауы тоқтамай басыла берді. Оның үйіне бұрын кездестірмеген адамдар келдлі. Брэндон оларды қуып жібере алмады. Олар тым көп болды. Ол ыдыстың сынған даусын естіді. Кілемге ішімдіктер төгілді. Әрине, оның ата-анасы бұл туралы біліп қояды. Оның ата-анасы келмегенше, Брэндон жай ғана бойын еркін ұстауға және өзінің кейін тартып алынатын еркіндігімен рахаттануды ұйғарды.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Раушан Муталипова, Бахытжан Ертай, Айгерим Ержанова, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Janerke Kurmanalinova, Акжайык Сабырбаева, Assel Kanybekova, Гульнар Абдраимова, Жадыра Қайратқызы, Feruza Moldashova, Акнур Жунусова, Мади Толегенов, Майра Фазыл, Маржанай Ташимова, Мира Сембайкызы и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.2, стр.5 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.3, стр.1  >>