Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 3, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Орта мектепті бітіру
      Ол орта мектепті бітіріп жатты. Ол алаңдады. Бітіру кеші бір жұмадан кейін болады. Оған дайындалу керек болды. Ол дүкенге кетті. Ол косметика мен шашты күтетін сұйықты сатып алды. Ол мүмкіндігінше әдемі көрінгісі келді. Содан кейін мектепті бітіргендігі туралы аттестатты алу үшін көйлек сатып алу керек болды. Көйлек қара-көк түсті болды. Ол сондай әдемі көрінді. Ол оны сатып алды. Ол оны өзінің шкафына ілді. Бітіру кешіне үш күн қалған еді. Ол мектеп бітіріп жатқанын мақтан тұтатын. Оның отбасы да мақтан тұтып жүр. Оның отбасында ол мектепті бітірген бірінші адам еді. Бұл үлкен оқиға және жетістік болатын. Ол колледжге баруды жоспарлаған. Мектеп бітіру кеші келді. Ол өзінің көйлегін киіп, дайындалды. Көп кешікпей ол кеште болды. Оның отбасы да сонда болды. Олар қашықтықтан бақылап тұрды. Оның есімін атады. Ол өзінің аттестатын алуға барды. Зал оны қуанышты дауыстармен қошеметтеді. Оның отбасы бақытты еді. Ол одан да бақытты еді.
Скрыть текст
      22. Жiгiтке балмұздақ ұнайды, ал қызға йогурт ұнайды
      Йогурттың дәмі тәтті. Балмұздақ та тәтті. Оған йогурт ұнайды. Оның досына балмұздақ ұнайды. Оның ең жақсы көретін балмұздағы шоколад дәмі бар балмұздақ. Жігітке йогурт ұнамайды. Оның жақсы көретін йогурты- құлпынай дәмі бар йогурт. Қызға балмұздақ ұнамайды. Бір күні қыз жігіттен: "Сен шоколад қосылған йогурт жеп көрдің бе?" - деп сұрады. Оның досы жеп көрмек болып шешім қабылдады. Олар йогурт сататын дүкенге бірге барды. Жігіт бір стакан йогурт сатып алды. Ол шоколад дәмімен еді. Ол өзінің йогуртына араxис ұнтағын септі. Ол йогуртты жеп көрді. Йогурт оған ұнады. Жігіт қыздан: "Сен құлпынай дәмі бар балмұздақ жеп көрдің бе?" деп сұрады. Қыз жеп көрмегенін, жеп көргісі келетінін айтты. Бір күні кешке олар бірге балмұздақ сататын дүкенге барды. Ол конусты стакандағы балмұздақты сатып алды. Ол құлпынай дәмімен болатын. Ол балмұздақты жеп көрді. Балмұздақтың дәмі оған ұнап қалды. Қазір оларға балмұздақ та, йогурт та ұнайды.
Скрыть текст
      23. Суретші Лиза
      Лиза қарындашпен сурет салғанды жақсы көреді. Қарындашпен сурет салу мен көркем сурет бір-біріне ұқсас. Ол қарындашпен сурет салады. Ол бояулармен сурет салады. Лиза қарындашпен көптеген нәрселерді салады. Қарындашпен ол мысықтың суретін салады. Қарындашпен ол құмыраның суретін салады. Сонымен қатар Лиза қарындашпен адамдардың да суретін салады. Лиза үшін қарындашпен сурет салу оңай. Лиза қарындашпен суретті жақсы салады. Сонымен қатар Лиза бояумен де суретті жақсы салады. Ол табиғат суреттерін салады. Ол күннің батқан суретін салады. Лиза адамдардың суретін салады. Көркем сурет қарындашпен сурет салуға қарағанда Лиза үшін қиынырақ. Көркем сурет шыдамдылықты талап етеді. Қарындашпен Лиза тез салады. Күндердің бір күнінде Лизаның атақты болғысы келеді. Лиза бояулармен суретті күнде салады. Қарындашпен күн ара салады. Лиза бояулармен суретті бөлмесінде салады. Оның бөлмесі суретшілерге арналған заттарға толы. Оның киімі де бояумен былғанған. Лиза оған мән бермейді. Оның сүйікті түсі жасыл. Жасыл түс-бұл жапырақтың түсі. Лиза табиғатты жақсы көреді. Қазір ол бояумен үлкен ағаштардың суретін салуда.
Скрыть текст
      24. Дүкенде жалғыз өткізілген түн
      Өзінің атын естіп, "Кім бұл?" - деп сұрады. Бүгін дүкенді соңынан жауып шығатын күн кезегі онікі еді. Ол кассаның маңында, ақшаны санап тұрды. Түн ортасы болған соң, ол қатты шаршап, аяғында әрең тұрған еді. Күн бойына 8 сағат аяғымен тік тұрды. Бітіруге аз уақыт қалды. Ол артына тағы бір рет қарады. Артынан адымдар дыбысы естілді. Ол қорқып кетті. Ол ақшаны былай алып қойды. Адымдар дыбысы шыққан жаққа қарай бет алды. "Мұнда кім бар?" -деп сұрады. Алайда жауап берілмеді. Бір сәтте ол қозғалысты көрді де: "Мен Сізді көріп тұрмын", -деп дауыстады. Әлгі адам алдынан көрінді де, күле бастады. Бұл оның дос қызы болатын. "Қандай керемет тосын сый", - деді ол. Екеуі біраз күлді. Ол ақшасын санап болып, екеуі бірге үйге қайтты.
Скрыть текст
      25. Таңғы асқа сұлы жармасының ботқасы
      Сұлы жармасының ботқасы бізге пайдалы. Оның құрамында талшықтар бар. Талшық біз үшін пайдалы. Ол біздің тоқ ішекті таза әрі сау қалпында сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар сұлы жармасының ботқасында тұтас дәндер бар. Тұтас дәндер біздің денсаулығымызға пайдалы. Олар жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алады. Күн сайын дәннің қырық сегіз граммын жеу керек. Сұлы жармасының ботқасын дайындау оңай. Ең бірінші таза тегешті аласыз. Екінші, тегешке сұлы жармасының бір мөлшерін саласыз. Үшіншіден, тегешке бір табақ сүт құясыз. Енді оны қысқа толқынды пешке үш минутқа қоясыз. Сонымен қатар оны пеште де пісіруге болады. Сүттің де біз үшін пайдасы зор. Ол кальцийден тұрады. Кальций біздің сүйектерімізге пайдалы. Сұлы жармасының ботқасы таңғы асқа таптырмайтын дәмді тағам.
Скрыть текст
      26. Сэлли және оның мысығы
      Сэлли мысығын сипап отыр. Оның мысығының аты Китти. Китти үлкен қара мысық. Сэлли өзінің бармағымен Киттидің арқасынан жүріп өтті. Ол өзінің мысығын жақсы көреді. Оның мысығы сабын судың иісімен аңқиды. Оны таңертең жуындырған. Мысықтар суды ұнатпайды. Китти керісінше суды жақсы көреді. Китти адамды жатырқамайды. Сэлли төсегінде жатыр. Китти ұйықтап қалды. Сэлли шөлдеді. Ол Киттиді оятқысы келмеді. Ол өзінің телефонын алды. Ол өзінің кіші бауырына xабарласты. Ол телефон арқылы ақырын: "Маған бір стақан су әкеліп берші, өтініш", - деді. Бауыры: "Жарайды", - деп айтты. Ол төменде теледидар қарап жатқан. Ол асүйге барды. Ол бір стақан су алды. Ол оны жоғарыға әпкесіне апарды. Ол Киттидің ұйықтап жатқанын білген жоқ. Ол есікті тарс еткізді. Китти оянып, қашып кетті.
Скрыть текст
      27. Диван сатып алу
      Ол жиһаз дүкеніне барды. Оған жаңа диван керек болды. Оның ескі диваны сынып қалды. Ол дүкенді аралады. Әртүрлі дивандар көп болды. Ол қандай диван алатынын білмеді. Ол көк диванды көрді. Ол қолайлы болып көрінді. Ол диванға отырды. Ол тұрды. Ол диванды ұнатпады. Ол басқа диванды қарады. Ол қызыл болды. Ол жұмсақ болып көрінді. Ол оған отырды. Ол аяғына тұрды. Оған ер кісі жақындады. Сэр, сізге көмек керек пе? - деп сұрады сатушы. Ол оған ыңғайлы диван керек екенін айтты. Сатушы оған бір диванды көрсетті. Ол оны сынап көрді. Диван тексерістен өтті. Ол диванды сатып алып, үйіне алып кетті.
Скрыть текст
      28. Том ағайдың тәуелсіздік күні
      Бұл шілденің төрті болатын. Ол жылына бір рет болады. Бұл мереке күні. Томның бұл сүйікті мерекесі болатын. Том көп отшашу сатып алды. Оның отбасы бірге жиналды. Олардың барлығы есіктің алдындағы аулада еді. Оның жиені қуаныштан толқып жүрген еді. Ол алты жаста. Ол отшашуды тұтатқысы келіп жүрді. Том оған бенгал отшашуын ұсынды. "Абай бол", - деді Том өзінің жиеніне. "Абайлаймын, Том аға", - деді оның жиені. Отшашулар аспанды жарқырата бастады. Том және оның отбасы әртүрлі түске бөленген отшашуларды көрді. Олар көк түсті отшашуды көрді. Қызыл түсті отшашуды көрді. Отшашудың дыбысы қатты шықты. Олар аспанда атылды. Бәріне отшашу ұнады. Том ход-дог пен гамбургер дайындады. Ол үйге кіріп, коко-кола мен пластик стакандарды алып шықты. Барлығы тамақтанды, газдалған су ішті. Төртінші шілде өте қызықты мереке.
Скрыть текст
      29. Марктің ризашылык күнін мерекелегені
      Ризашылық күн- АҚШ- тың ұлттық мерекесі. Ол жылына бір рет тойланады. Марк ризашылық мерекесін жақсы көреді. Ол оның сүйікті мерекесі. Ол жыл сайын күркетауық дайындайды, әйелі оған көмектеседі. Марк сонымен қатар басқа да тағамдар дайындайды. Ол фарш дайындайды, картоптан салат жасайды және ветчина. Марк туған- туыстарын ризашылық мерекесіне шақырады. Марктың отбасы үлкен. Оның әйелі де өз туыстарын шақырады. Оның да отбасы үлкен. Олардың барлығы тамақ ала келеді. Желінбеген тамақ келесі күнге қалады. Есіктің қоңырауы шырылдады. Марк туғандарын қарсы алды. Ризашылық мерекесімен!"- деп бірін-бірі құттықтады. Тамақ дайын. Олардың барлығы Марктің әйелінің туыстарын тосуда. Есіктің қоңырауы шырылдады. Марктің әйелінің туыстары үйге кіріп жатты. Барлығы дастархан басына отыра бастады. Тамақ әкелінді. Барлығы бір-біріне күліп, әңгімелесіп отыр. Барлығы тамақтана бастады. Ризашылық мерекесі- қуанышты мереке.
Скрыть текст
      30. Марафон
      Дэвид марафонда жүгіріп бара жатты. Ол бұған әлі де сене алмады. Ол үшін бұл үлкен жетістік болған еді. Дэвид жыл бойына жаттығуы керек болды. Күн сайын таң сәрісімен аяғына спорт аяқ-киімін киіп, көбірек су ішіп жүгіруге шығып жүрді. Дэвид сағаттап жүгіре алатын-ды. Ол тоқтамастан, қойылған қашықтықты түгел жүгіріп шығатын болды. Кешкісін де Дэвид жүгіретін болды. Оның бойында қуаты көп болғандықтан, ол еш шаршамады. Марафондағы жүгіріс біраз уақыт алды. Дэвид 26 миль және 385 ярд (42 км 195 м) қашықтықты өткен еді. Мәреге жету үшін 5 сағат және 30 минуты кетті. Мәресіне жеткенде Дэвид шөлден қатты әлсіреп қалды. Төрт литрге жуық су ішсе де, шөлі ұзақ басылмады. Дэвид бақытты болды, марафонда жүгіру оның үлкен арманы болған еді. Енді ол келесі марафонды асыға күтуде.
Скрыть текст
      31. Саябақта серуендеу
      Күн тамаша еді. Джоу саябаққа барды. Жан-жағы адамға толы. Джоу қызықтың бәрін көрді. Ол велосипед теуіп жүрген баланы көрді. Ол әткеншекте тербеліп отырған қызды көрді. Ол көкке шығып отырған отбасын көрді. Ол гитарада ойнап отырған адамды көрді. Бұл көңілді көріністер. Джоу терең дем алды. Таза ауа. Ауада гүлдің жұпар иісі аңқып тұр. Ағаштар желмен тербеліп тұр. Джоу өзін сергек сезінді. Джоу қоңыраудың дауысын естіді. Ол жан - жағына қарады, балмұздақ сатушыны көрді. Ол қалтасына қолын салып үш доллар алып шықты. "Ей, балмұздақ сатушы", - деп айқалады Джоу. Балмұздақ сатушы Джоуға балмұздақ ұсынды. "Раxмет", - деді балмұздақ сатушы. Джоу ақшасын төлеп, өз жөніне кетті. Ашық күн еді. Бәрі тамаша болды.
Скрыть текст
      32. Атақты джазменмен кездесу
      Ол музыка дүкеніне кірді. Дүкенде әртүрлі заттар сатылатын. Онда пластинкалар, шағын компакт дискілер, постерлер мен киім сатылатын. Ол музыка тыңдағанды жақсы көретін. Оның сүйікті музыка жанры джаз болды. Ол ескі джаз пластинкаларын жинайтын. Оның топтамасында жүздеген пластинкалар болды. Ол пластинкаларды жас кезінен жинай бастады. Алғашқы джаз пластинкасына ие болған кезде оның жасы он бесте болатын. Оны әкесі сыйға тартты. Бұл туған күнге сыйлық болған еді. Сол күні джазға ғашық болып қалды. Музыка дүкенінде құрметті қонақ бар еді. Ол атақты джаз әртісі болатын. Ол оны көргенде қуанышқа бөленді. Онда оның барлық жазбалары болған еді. Оның аты Майлс Дэвис болды. Ол музыканың кемеңгері еді. Ол оның пластинкаларының бірін ала келді. Бұл оның сүйікті пластинкасы болатын. Джаз музыкантымен кездесу үшін, кезекте тұруы керек болды. Ол кезекке тұрды. Ол Майлс Дэвиспен кездесті. Ол күлімсіреп, пластинкасына қол қойып берді. Ол осы кезді басынан кешкеніне сене алмады.
Скрыть текст
      33. Қарт адам көшенің арғы бетіне өтті
      Көшенің арғы бетіне ер адам өтіп бара жатыр. Ол жасы келген адам еді. Ол тасбақа сияқты жүріп келе жатыр. Көшенің арғы бетіне өту оның көп уақытын алды. Ол күнде бір көшені кесіп өтетін. Әрқашан да ол көп уақыт алатын. Бағдаршамдағы жасыл түс ауыспады. Ол әлі де көшеден өтіп барады. Машина оған дыбыс беруде. Ер адам оған мән бермеді. Ол көшені тез кесіп өте алмады. "Мына еркек қайда кетіп барады?" - деп сұрады адамдар. Ешкім оның қайда кетіп бара жатқанын білмеді. Ер адам таяққа сүйеніп бара жатыр. Оның шашы ақ және көзінде көзілдірігі бар. Бір күні ол көшеден өтіп бара жатты. Бұрышта ұл бала тұр. "Сіз қайда бара жатырсыз?" - деп сұрады бала. "Білмеймін", - деп жауап берді ер адам. Қарт адам адасып кетті. Осылай бола тұрса да, ол әрқашан өзінің үйіне жолды тауып алатын.
Скрыть текст
      34. Аязды күнде досын күтуде
      Аязды күн болатын. Жел соғып тұрды. Ол өзінің көлігінде отырды. Ол өзінің досын күтіп отырды. Оның бүкіл денесі дірілдеді. Ол көліктегі жылытқышты қосты. Ол көлікті жылыта бастады. Кенеттен ол жылытуын қойды. Ол оны қайтадан қосты, бірақ жылытқыш қайтадан өшіп қалды. Ол жұмыс істеуін тоқтатты. Оған шынымен де суық болды. Оның үстінде жемпір болды, бірақ ол жеткіліксіз еді. Ол куртканы киюді ұмытып кетті. Қалай жылынсам екен деп ойлады ішінен. Оның есіне түсті, оның багажында бірдеңе болған. Ол көліктің есігін ашып, одан шықты. Дала көлікке қарағанда одан да суық болатын. Далада ешкім болмады. Ол өз көлігінің багажын ашты. Сол жерде куртка болды. Куртка ескі және сасық болатын. Оған бәрібір. Ол курткасын киді. Ол кері өз көлігіне кетті. Ақырында досы келді.
Скрыть текст
      35. Сауда кешенінде жасалған сауда
      Ол сауда кешеніне барды. Оған киім керек болды. Жаз кеп қалған еді. Ол тізім ала барды. Бұл сатып алуға қажет киімнің тізімі болатын. Ол тізімге қарады. Оған футболкалар қажет еді. Ол дүкенге кірді. Дүкеннің аты "Жазғы жейделер". Ол он жейде сатып алды. Олардың түсі әртүрлі еді. Үш көйлек көгілдір түсті. Тағы үшеуі қызыл болды. Екеуі ақ. Қалған екеуі қара болды. Ол тізімінен жейделерді сызып тастады. Оған шалбарлар қажет болды. Ол дүкенге келді. Дүкеннің атауы "Сәнді шалбарлар". Ол бес шалбар сатып алды. Екеуі көгілдір джинс болды. Қалған екеуі слакс деп аталатын қоңыр-сары кең балақ шалбар еді. Соңғысы қорғаныш түсті қоңыр болды. Ол тізімінен шалбарларды сызып тастады. Оған аяқ киім қажет еді. Ол аяқ киім дүкеніне барды. Ол сандалдарды көрді. Ол әдеттегі туфлидің орнына сандал сатып алды. Ол енді жазға дайын.
Скрыть текст
      36. Ноутбукты сатып алу
      Ол компьютер сатып алды. Бұл ноутбук болды. Ноутбук қымбат болды. Ол үшін бұл бірнеше жүз доллар болды. Ол оған өзі ақша жинап алды. Керек соманы жинап алу үшін 4 ай уақыты кетті. Ол ақшаны өзі тапты. Сабақтан кейін ресторанда жұмыс істеді. Жұмыс қиын болды. Компьютерді сатып алуға бел буды. Жұмысты тастап кете алмады. Ол "Ең жақсыны ал" дүкеніне барды, сатып алу үшін. Қолындағы ақшасымен дүкенге кірді. Оған қандай компьютер керек екенін жақсы білді. Ол компьютерге төледі де, лезде үйіне алып кетті. Ол қорапты ашты. Абайлап қораптан компьютерді алып шықты. "Әдемі", - деді ол. Жаңа ноутбук жарқырап тұрды. Ол тамаша болып көрініп тұрды. Бұл оның өміріндегі ең бақытты күн еді. Ол оны қосты. Ол интернетте тіркелді.
Скрыть текст
      37. Мектептегі ең танымал қыз
      Ол танымал болатын. Мектептегі әрбір адам оның атын білетін. Ол басқалардың ықыласын жақсы көретін. Ол әдемі болатын. Ол сары шашты болатын. Оның шашы ұзын және түзу болатын. Ол қымбат киімдер киетін. Ол өте жақсы иіс су қолданатын. Ол қымбат макияж қолданатын. Барлық басқа қыздар оған қызғанышпен қарайтын. Барлық жігіттер оны ұнататын. Ол ешкіммен ара қатынаста болғысы келмейтін. Бір күні оның ата-анасы оған тосын сый жасады. Олар өздерінің көшетінін айтты. Ол қатты таңданды. Олар келесі аптада көшті. Олар Колорадоға көшті. Ол басқа мектепке бара бастады. Енді ол танымал болмайтын. Оның атын ешкім білмейтін. Оны ешкім жақсы көрмейтін. Оған ешкім қызғанышпен қарамайтын. Ол енді қарапайым қыз болатын. Басында ол қайғыратын. Алайда кейін ол өзін бақытты сезінді. Бұл жақсы өзгеріс болатын. Қарапайым қыз болу жақсы еді. Ол танымал болмағанына қайғырмады.
Скрыть текст
      38. Ол патша болды
      Ол патша болатын. Ол мейірімді билеуші болатын. Ол кедейлерге аямай беретiн. Ол ашыққандарды тамақтандыратын. Ол ауру адамдарды айықтыратын. Жұрт өзiнiң патшасын жақсы көретiн. Олардың патшасының әскерi болатын. Оның орасан зор әскері болатын. Ол патшалықты қорғайтын едi. Басқыншылар жиi шабуылдайтын. Патшаның әскерi қуатты болатын. Олар семсермен және қалқандармен соғысатын. Олар бір де бір шайқаста ұтылмайтын. Патша өз әскерін мақтан тұтатын. Патша өз патшалығын мақтан тұтатын. Патша бай болатын. Ол әлемдегі күллі алтынды иемденіп алған болатын. Алтын патшаны тойымсыз етті. Одан да көп иемденгісі келді. Ол бүкіл әлемнен алтын iздейтiн. Оның әскерi оған күмiс апаратын едi. Оған күмiс керек емес едi. Оған алтын керек едi. Патша құтырып кеттi. Оның халқы қарсы көтерілдi. Олар патшаны тақтан түсірдi. Олар патшаны патшалықтан қуып жібердi. Ол дүниеден өтті.
Скрыть текст
      39. Адамдарменен қарым-қатынас жасай алу қабілеті
      Ол адамдармен сөйлескенді ұнататын. Ол үшін басқалармен сөйлесу оңай тұғын. Ол достарына: "Сәлем, халің қалай?" - деп айтатын. Достары оған: "Жақсы", - деп жауап қайтаратын. Ол әрдайым әдепті болатын. Біреу түшкірсе, ол "Сау болыңыз", - дейтін. Хош айтысар алдында ол "Хош, сау болыңыз", - дейтін. Ол жақсы сұхбаттас болатын. Ол қалай әңгімелесу керек екенін жақсы білетін. Ол әрдайым сөйлеп жүретін. Ол телефонмен сөйлесетін. Ол дәріс уақытында сөйлейтін. Ол жұмыста сөйлесетін. Оның жұмысы адамдармен сөйлесу болатын. Ол клиенттерге зат сатып алуға жәрдем беретін. "Мырза, мен сізге көмек бере аламын ба?" - деп сұрайтын ол. Ол әр күні клиенттермен сөйлесетін. Ол әрдайым көмекке келуге әзір болатын. Бір күні клиент "Менімен әңгімелесу үшін уақыт кетіргеніңіз үшін рахмет", - деді. "Әлбетте", - деп ол күлімсіреп жауап қайтарды. Адамдармен қарым-қатынас жасай алу - адамның жақсы қасиеті. Ол оны әр күні пайдаланатын.
Скрыть текст
      40. Әлем ұлық
      Әлем - ұлық. Әлемде жүз миллиондаған халық бар. Адамзат бүкіл дүниеге жайылған. Әлемде орын көп. Біз Құрама Штаттарда тұрамыз. Құрама Штаттар демократиясыменен танымал. Құрама Штаттарда көп адам тұрады. Құрама Штаттардың халқы ғаламның түрлі жерлерінен келген. Канада - әлемнің тағы бір жері. Канада өзінің таза ауасымен танымал. Англия - әлемдегі тағы бір жер. Англияның халқы ағылшын тілінде сөйлейді. Англияда адамдар түрлі акцентпен сөйлейді. Англияда патшайым бар. Африка - ғаламның тағы бір жері. Африкада жабайы табиғат бар. Африкада басқа жерлерге қарағанда жабайы табиғат көп. Африкада арыстандар менен пілдер өмір сүреді. Африка - ғажайып жер. Әлемнің әрбір жерінде сұлулық бар.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Мади Толегенов, Аслан Бисенов, Алтынгуль Кептербаева, Акжайык Сабырбаева, Нарынбек Гилман, Assel Kanybekova, Елімай Шынатай, Олжас Токмагамбетов, Бахытжан Ертай, Гульнар Абдраимова, Дастан Ахметдин, Жанар Жанаева, Майра Фазыл, Максат Маликов, Aigera Erzhanova, Айжан Даукишева, Акнур Жунусова, Аяулым Орынгали, Маргулан Канат, Маржанай Ташимова, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.3, стр.1 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >>