Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
Казахский детям
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
Начальное чтение детям
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 3, страница 4

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Америкалық төбешіктегі сырғанау
      Ол америкалық төбешіктерден бір рет сырғанап көрді. Оған ұнамады. Ол екінші рет сырғанап көрді. Сонда да оған ұнаған жоқ. Ер кезегі үшке дейін дейді ғой. Ол кезектің соңына барып тұрды. Америкалық төбешіктерге кезек ұзын болатын. Ол танитындардың барлығы америкалық төбешіктерден сырғанауды қатты ұнататын. Одан басқалардың барлығына өте ұнайтын. Ол америкалық төбешіктер қорқынышты деп санайтын. Ол адамдардың оған неге осынша мән беретінін білген жоқ. Көрмеген екен, онда тұрған не бар? Өмірді қауіпке тігудің қажеті қанша деп ойлады ол. Ол кезегін күтіп тұрды. Кезектегі адамдар шыдамсыз болатын, ал ол шыдады. Кезек жылжып жатты. Оның сырғанайтын кезегі келді. Оны белбеумен байлады. "Өтінемін, қолдарыңыз бен аяқтарыңызды қысып алыңыз", – деді оған. Америкалық төбешік қозғалысын бастады. Олар жоғарыға баяу көтеріліп бара жатты. Олар төменге екпінмен құлдилады. Мұндай сырғанаудан құсқысы келді.
Скрыть текст
      62. Жүгіріске дайын
      Үлкен жүгіріс ертеңгі күнге белгіленген. Ол басқа мектеп оқушыларымен жарысқа түседі. Бұл оның алғашқы жүгірісі. Ол қобалжып, бір жағынан қуанып тұр. Ол мектептегі ең мықты желаяқ еді, ол бұған көп айлар бойы дайындалды. Ол жүгірумен көптен бері айналысады. Ол орта мектепте оқып жүргенде шыққан. Ол жүгіруді жақсы көреді. Ол барлық жерде жүгіреді. Ол базарға азық-түлік алу үшін жүгіретін. Ол мектепке де ертеңгісін жүгіретін. Ол мектептен үйіне жүгіреді. Ол үйіне және достарына жүгіріп барады. Оның достары одан алыс тұрады. Ол ешқашан жүгіруден бас тартпайтын. Жүгіру - оның құштарлығы. Жүгіру алдындағы түн болатын. Ол түнде жақсы ұйықтады. Таңертең толық даярлықпен оянды. Жарыс бір-екі сағаттан соң басталады. Ол моральді түрде де дайындалды. Ол енді қобалжымады. Ол жүгіріске дайын.
Скрыть текст
      63. Алекcтің достары
      Бәрінің достары бар. Кейбір адамдардың досы көп. Басқаларының тек бірнеше досы ғана бар. Ал Алекстің досы көп болатын. Ол достасуды жақсы көретін. Ол әртүрлі тақырыпта сөйлесе білетін. Ол мүлдем ұялшақ емес тұғын. Алекс барған жерінің барлығынан дос тауып алатын. Ол дүкеннен де дос тауып алатын. "Тамақ аласыз ба?" -деп бейтаныс адамнан сұрады. "Иә, солай,-" деп жауап берді бейтаныс. Алекс әңгімесін ары қарай жалғастырды. Ол банктен дос тауып алатын. "Депозит ашқалы жатырсыз ба?"- деп тағы бір бейтаныс адамнан сұрады. "Иә, сэр"-, деп бейтаныс жауап қайтарды. Әңгіме жалғасты. Алекс үшін достасу өте оңай болатын. Ол достыққа келгенде жылы шырай танытатын. Алексті білген кісінің барлығы оны ұнататын. Алекс білген адамның барлығы оның досы болып табылатын. Ол үшін бейтаныс адам деген болмайтын. Егер ол бір адаммен танысса, онда ол тез арада ол кісімен дос болып кететін. Алекс әлемдегі барлық достар онікі болса екен деп қалайтын.
Скрыть текст
      64. Сьюзанның бақшасы
      Сьюзанның бақшасы бар. Ол көкөністер мен жеміс-жидектер отырғызады. Бақша ауланың артында орналасқан. Оның артқы ауласы үлкен әрі ұзын. Оның көлемі өте кең. Сьюзанның бақшасы үлкен аумақты қамтиды. Оның бақшасында жемістердің бірнеше түрі өсіріледі. Онда қарбыз, жүзім, құлпынай, авокадо, апельсин және папайя өсіріледі. Кейбір жемістер жерде өседі. Қалғандары ағашта өседі. Сонымен қатар Сьюзанның бақшасында көкөністердің бірнеше түрі өседі. Онда қызанақ, картоп, асқабақ, сәбіз, кәді өседі. Сьюзан бақшасын мақтан тұтады. Ол оларды күтіп-баптау үшін көп еңбектенеді. Ол әр күн бақшасын суарады. Оның жемістері мен көкөністерінің дәмі ерекше. Ол оның күтіп-баптауы және сүйіспеншілігінің арқасында. Айналасындағылардың бәрі оның өсірген жемістерін жейтін. Сьюзан жемістер мен көкөністерді төмен бағада сатады. Оның кірісі жаман емес. Сьюзан өзінің барлық өнімін сатпайды. Ол әрдайым өзіне де жеткілікті етіп алып қалады. Ол жемістер мен көкөністердің өз денсаулығына пайдалы екенін білетін.
Скрыть текст
      65. Түстер
      Ол көп түстер көретін. Ол жақсы түстер көретін. Онда жаман түстер болмаған. Кейде ол біртүрлі түстер көретін. Ол түсінде ковбой болып жүргенін көретін. Ол атпен шауып, бандиттерді атып жүр екен. Ол түсінде ғарышкер болып жүргенін көретін. Ол түсінде ғарыш кемесімен жерді айнала салмақсыздықта ұшып жүр екен. Бұл жақсы түстер болатын. Ол түсінде адам толы бөлмеде жүр екен. Түсінде ол киімсіз екен. Бөлмедегілердің барлығы оған күліпті. Ол өзін теңізде жападан-жалғыз қалғандай сезініпті. Қайық тұңғиыққа кетіп бара жатты. Бұл жаман түстер болатын. Оған таныс емес жерлер түсіне кіретін. Жабайы жерлерді көретін. Ол жер бетінде өмір сүретін адам тәрізді мақұлықтарды көретін. Бұл түстер біртүрлі ерекше болатын. Оның түстері әсерлі болатын. Ол олардың мағынасын білсем дейтін. Ол өз түстерін дәптерге жазатын. Оны қорапқа тығып сақтайтын.
Скрыть текст
      66. Жаяу серуен
      Оның бетiнен тер сорғалап тұрды. Күн оның арқасын күйдірді. Оның әрбір жасаған қадамы ауыр болатын. Ол әбден қажыды. Ол алға қарай жылжуын жалғастырды. Оның алдында тік жар тұрды. Ол алға жоғары қарады. Онда тағы да басқа жарлар болды. Ол арнаның өріне қарай көтерілді. Айнала тастар болды. Төменде ол судың ағынын көрдi. Төңіректе өсімдіктер болды. Оның жаяу серуенi бiр сағаттан көпке созылды. Ол биiкте тұрды. Көрініс керемет болды. Оның назары бірнеше шақырым жерді қамтыды. Алыстан ол жабайы табиғатты көрдi. Ең жоғары жерге ол әлі жетпедi. Оған енді бір сағат жүру керек едi. Ол жорық құтысынан ұрттады. Ол жолдорбасынан бананды алып жедi. Ол өз жолын жалғастырды. Төбелер өте тайғанақ болды. Ол бірнеше рет төменге құлап кете жаздады. Ол төбенің басына да жеттi. Ол айналаға көз салды. Сұлулық таң қалдырды.
Скрыть текст
      67. Найзағай
      Жаңбырдың тамшылары терезенің әйнегінен төмен қарай ақты. Найзағайдың жарқылы аспанды жарқыратып жіберді. Көшеде ешкім жоқ еді. Найзағай жақындап қалды. Оның бүгінгі кешке жоспары болатын. Бүгінгі жоспары осы жауынға байланысты кейінге қалдырылды. Көше сұрықсыз еді. Жолдар дымқыл, сұрғылт. Желден талдар шайқалып тұрды. Жел қатты соғып тұрды. Жерде талдың бұтақтары мен жапырақтары шашылып жатты. Ол өз үйінде қауіпсіз еді. Ол кешкі сағат бесте болатын жаңалықты көру үшін теледидарды қосты. Теледидарда ауа- райын айтып жатыр екен. Онда үйден шықпауды ескертіп жатыр екен. Найзағай түні бойы болатынын айтып жатты. Үйі суық екен. Ол жылытқышты қосты. Үйден найзағайдың гүрілі естіліп жатты. Бір уақытта жарық өшіп қалды. Тоқ болмай қалды. Ол бірнеше май шам жақты және қолына фонарикті алды. Найзағай жарқылдап жатты. Ол төсегіне жатып, ұйықтап кетті. Ол тек таңертең бір-ақ оянды. Найзағай бітіпті.
Скрыть текст
      68. Автомобильмен саяхат
      Шуақты күн болатын. Олар бесеу болатын. Олар жақсы достар болатын. Сағат қанша? - деп сұрады олардың біреуі. Сағат тоғыз болып қалған. Олар бәрі бір- біріне қарады. Жолға аттанатын кез болды. Олар бәрі қуанышты желпіністі сезінді. Олар көлікке отырды. Олардың бірі көлік рөліне отырды. Барлығы қорғаныс белдігін тақты. Радио қосылып тұрды. Салонда рок-музыка дүрсілдеді. Жол жақын емес. Бұл Сан-Францискоға автомобильмен саяхат болатын. Олардың әрқайсысына бұл алғашқы саяхат болатын. Саяхат ұзақ болады. Олар ас пен сусындар сатып әкелді. Олар Сан-Францискода апталап болуды ұйғарды. Бұл көңілді саяхат болды. Олар радиомен бірге күліп, ән айтты. Кейде олар тоқтап, вагон-мейрамхана түріндегі әрленген тоқбасарлардан тамақтанды. Олар келесіде автомобильмен саяхатқа қай жерге шығатындарын жоспарлады.
Скрыть текст
      69. Велосипед дүкені
      Ол велосипед дүкеніне барды. Оның жаңа велосипед сатып алғысы келді, себебі оның ескі велосипеді тым ескі болатын және ол істен шықты. Велосипед дүкеніне кірген кезде төңіректің бәрі велосипедке толы болатын. Біреулері қабырғада болды. Біреулері кіре берісте болды. Бірқатар велосипедтер тіпті төңкерілген күйінде төбеден салбырап тұрды. Ол өзіне қандай велосипед керек екенін білді және соны сатушыға жақындап келіп айтты. Сатушы оны басқа бөлмеге апарды. Сол бөлмеде де велосипедтер көп болды. Оған оның көргені ұнап қалды. Ол сатып аламын деп шешкен велосипедін жылдам таңдап алды. Таңдағаны кішкентай қара велосипед еді. Ақшасын төлеген соң, ол сол велосипедке мініп үйіне қайтты. Велосипед бес жүз долларға шықты. Ол сол ақшаға тұрды. Ол велосипедті әр түрлі трюктер жасау үшін қолданды. Ол ешқашан құламады. Ол кәсіпқой велосипедші болатын.
Скрыть текст
      70. Кітапханаға бару
      Ол кітапханаға барды. Кітапхана үйден алыс емес еді. Кітапхана аса үлкен емес, бірақ өте жақсы. Оған бір-ақ кітап керек. Ол кітап мектептегі сабаққа қажет болатын. Ол кітапты сатып алғысы келмеді. Кітапханадан кітапты тегін алуға болады. Оқырмандар үшін кітапхана есігі әрқашан ашық. Кітапхана білімнің ордасы. Ол кітапханаға кірді. Ол жер өте жайлы және тыныш. Сонымен қатар оның іші салқын еді. Ол алдыңғы қатардағы үстелге барып отырды. Ол өзіне керек кітабын сұрап алды. Кітапхана меңгерушісі оған керек кітапты табуына көмектесті. Ол көмектескеніне алғысын білдірді. Кітапханашы көмектесе алғанына қуанышты екенін айтты. Ол кітапханашымен сөйлесті. Олар кітаптар мен кітапханашылар жайында айтты. Бұл қызықты әңгіме еді. Ол көп затты білді. Ол кітапханадан шығып үйіне қайтты. Ол кітапханадан ерекше сезімге бөленіп қайтты. Ол кітапханашы болғысы келіп кетті, бір күні ол кітапханашы болады.
Скрыть текст
      71. Ел кезуші адам
      Ол Теннессиден еді, бірақ ол онда тұрғысы келмеді. Ол бір жерден бір жерге барды. Ол өз елінен он сегіз жасында кеткен. Оның ақшасы болмады. Көлігі де болған жоқ. Ол Калифорнияға дейін кез- келген көлікті тоқтатумен жетті. Оның отбасы оны тоқтата алмады, себебі ол ересек еді. Оның арманы ел аралау еді. Ол тартымды азамат болатын. Ол көптеген таңданарлық жұмыстармен айналысатын. Ол көптеген адамдармен кездесті. Калифорния - үлкен штат. Калифорнияда халық өте көп. Ол көптеген жерлерде өмір сүрді. Ол ешқашан бір жерде көп тұрақтаған емес. Ол саяхатын жалғастыра берді. Ол келешек туралы ойлаған емес. Ол бір күндік өмірмен өмір сүрді. Оның көп заттары болған емес. Оның кішігірім арқаға асатын сөмкесі болды. Онда ол киімдерін сақтады. Оның гитарасы мен ата - анасының фото суреттері өзімен бірге болды. Міне, ол осы заттарды өзімен бірге алып жүрді. Мүмкін, бір уақытта үйіне оралар деп ойлаймыз.
Скрыть текст
      72. Бостонға ұшу
      Ол өзінің автокөлігімен әуежайға кетіп бара жатты. Ол өзінің рейсін күтті. Ол бір сағат күтті. Ұшақтың жерге қонуы жайлы жариялады. Ұшақ қонғанын жариялады. Ол ұшақтың бортына көтерілді. Ұшақ өте үлкен. Ол Бостонға ұшып бара жатты. Бостонда оның жанұясы бар. Ол Лос-Анджелесте тұрады. Ол мұғалім. Ол жергілікті колледжде сабақ береді. Оған оның жұмысы ұнайтын. Оның жанұясы оны мақтан тұтатын. Ол олармен жүздесуді ұйғарды. Бұл бүкіл отбасының жиыны еді. Ол бұл кездесуді көп күткен еді. Ол барлығымен кездесуді тағатсыздана күткен еді. Бостонда соңғы рет болғанына бес жылдай уақыт өтіп кетіпті. Ол өзімен бірге свитер мен курткаларын алды, өйткені Бостонда осы уақытта суық еді. Ұшақ көтеріліп ұшты. Оның құлағы бітіп қалды. Ол өзінің құлаққаптарын киіп алды. Сапар 6 сағатқа созылды. Ол Бостонға аман-есен ұшып келді.
Скрыть текст
      73. Өз отбасын жинау
      Ол ұшақтан түсті. Ол аяғымен жерге басты. Бұл ұзақ ұшу болды. Жолаушылардың арасында жаңа туған сәби де болды, ол ұшу барысында жылаумен болды. Ол ұйықтай алмады. Ол әуежайдан шықты. Ол такси шақыртты. Ол оны үйге дейін жеткізді. Ол таксидің жүргізушісіне рахметін айтып, ақшасын төледі. Ол өз үйіне қарады. Ол қуанышты еді. Ол үйіне келгеніне қуанышты еді. Үйдің сыртында от жанып тұрғанын көрінді. Ол жылт еткен көлеңкені байқап қалды. Отбасы жинала бастады. Ол есікті қақты. Есікті әкесі ашты. " Үйге хош келдің, Грег!" -деді ол күлімдеп. Ол үйге кірді. Ол бәрімен сәлемдесті. Ол Алекспен амандасты. Ол әжесін құшақтап, сүйді. Ол күйеу баласымен қол алысып амандасты. Ол қарындасы мен бауырын құшақтады. Ол өз анасын көргенде қуанышында шек болмады. Анасы оны құшырлана сүйді. Отбасымен кездесу өте керемет болды. Ол кейін Калифорнияға қайтқысы келмей қалды.
Скрыть текст
      74. Сұхбаттасу
      Ол өзінің ең жақсы туфлиін киді. Ол ең әдемі жейдесін киді. Ол шалбарын киді. Ол шашын тарап, жөндеп қойды. Ол бетін әрледі. Ол үстіне әтір септі. Ол жұмысқа қабылдау сұхбатына толық дайын болды. Ол тағы бір рет айнаға қарап алды. Ол нақ кәсіпкердің өзі секілді еді. Ол сөмкесін алып, үйден шықты. Ол өз көлігіне отырып, жүріп кетті. Сұхбат ғимараттың алтыншы қабатында өтетін еді. Ол жоғарыға лифтімен көтерілді. Ол сұхбаттасу бөлмесіне кірді. Оны төрт адам қарсы алды. Олар костюм киген болатын. Сұхбаттасу басталды. Олар оған қиын сұрақтар қойды. Ол шамасы келгенше жақсы жауап беруге тырысты. Ол өзіне өте сенімді еді. Ол оларға ұнады және өзіне лайықты жұмысқа ие болды. Оның қуанышында шек болмады.
Скрыть текст
      75. Сәлемдеме
      Пошташы есікті қақты. Ешкім жауап бермеді. Оған сәлемдемені тапсыру керек еді. Оған сәлемдемені алған адамның қолы керек еді. Бұл өте ауыр сәлемдеме екен. Ол есіктің қоңырауын басты. Сол қалпы ешкім жауап бермеді. Ол терезеден қарады. Ішінде біреу бар еді. Диванда бір қыз жатыр еді. Ол терезені қақты. Қыз қатты ұйықтап жатты. Ол енді айқайлап шақыра бастады. Ол қыздың атын атап шақыра бастады. Ол оянды. Ол терезеден ер адамды көрді. Ол есікті ашты. Ол: "Кімсің? Не керек?" деп сұрады. «Мен пошташымын. Байқалмай тұр ма?» - деп өз киіміне көрсетті. Ол ұйқысын аша алмай тұрды. "Менде сізге арналған сәлемдеме бар", - деді пошташы. "Менің атымды қайдан білесің?" - деп сұрады қыз. Ол оның есімі сәлемдемеде көрсетілгенін айты. Ол қол қойды. Ол үйге сәлемдемені кіргізді. Ол өте ауыр екен.
Скрыть текст
      76. Фрисби-ұшатын тәрелке
      Тамаша ашық күн болатын. Ол өзінің туыс әпкесінің және ағаларының үйінде болатын. Оның іші пысты. Істейтін іс жоқ еді. Ол жерде ұшатын тәрелкені көрді. Ол оны қолына алды. Ол ұшатын тәрелкемен ойнағанды жақсы көретін. Бұл қызықты және оңай ойын болатын. Ол оны әрдайым ойнайтын. Оған ойнайтын тағы басқа біреу керек еді. Ол өзінің ағаларынан сұрады: "Балалар, менімен бірге ұшатын тәрелкемен ойнағыларың келе ме?" Олар бірден келісті. Олар өздерінің ата-аналарынан рұқсат сұрады. Оларға ойнауға екі сағат берілді. Олар саябаққа ойнауға кетті. Ол өзінің ағаларына олардың жиналуын айтты. Оның ағалары бұрын- соңды ұшатын тәрелкемен ойнамаған еді. Олар ойынды асыға бастағысы келді. Ол ұшатын тәрелкені қолына ұстап тұрды. "Ұста!" - деп айқайлады ол ағаларының біріне. Ол ұшатын тәрелкені оған лақтырды. Тәрелке ауада ұшып кетті. Ол беймәлім ұшатын нысан сияқты болып көрінді. Оның ағасы оны ұстап алды. Ол оны кері лақтырды. Олар ұшатын тәрелкемен екі сағат ойнады. Бәріне өте қызықты болды.
Скрыть текст
      77. Іштің ауыруы
      Әлидің іші ауырды. Ол себебін білмеді. Бәлкім, бірдеңе жақпай қалған шығар деп өзінен сұрады. Сол күні не жегенін есіне түсіре бастады, таңда жұмыртқа жеді. Таңғы асқа кесіліп қуырылған нан мен сүт болды. Кейін ол шоколад ұнтағы бар печеньемен жүрек жалғады. Жайырақ, түскі ас ішті. Түскі асқа күркетауық пен ірімшіктен жасалған сэндвич жеген болатын және газдалған су ішкен еді. Біраздан соң ол тағы жүрек жалғаған болатын. Бұл жолы таяқшасы бар жеміс балмұздағын жеген еді. Сонан соң ол кешкі ас ішті, кешкі асқа қуырылған ет болды және көкөніс пен езілген картоп. Ол тағы газды су ішті. Бір күнде жеген тамағы осы болатын. Ол тағы ойланып, газды сусынды сирек ішетінін ескеріп, бар кінәні судан көрді. Келесі күн де жетті, іші ауыруы кетті, ол бұдан былай газдалған су ішпейтін болды.
Скрыть текст
      78. Колледждегі бірінші күн
      Оған тез жиналу керек. Ол төсектен ұшып тұрып киінді. Ол тісін тазалады да , сөмкесін алды. Ол тез үйден шықты. Оның колледжі алыс емес болатын. Ол велосипедпен барды. Ол жиырма минутта сол жерде болды. Колледж үлкен болатын. Ол адасып кетті. Оның алғашқа сабағы сағат сегізде басталып кетті. Ол өзінің сыныбына қалай баруды сұрады. Оған біреу карта берді. Ол сыныбына дейін картаның көмегімен жетті. Ол бес минутқа кешігіп барды. Сабағы бітті. Оның тағы бір сабағы бар болатын. Ол сол картаның көмегімен сыныбын адаспай тапты. Бұл жолы ол кешікпей барды. Екінші сабағы да бітті. Үйге қайтатын уақыт та болды. Оған ертең де сабақ. Ол қуанышты, толқып кетті.
Скрыть текст
      69. Түн жарымынан кейінгі серуен
      Қыз көшені кесіп өтті. Көшеде жан жоқ еді. Көліктер де болмады. Түн жарымынан кейінгі уақыт еді. Көше бойы жүре берді, қорқыныш мүлдем болмады. Түнде жүру - қауіпті, әсіресе, қыз балаға, алайда оған бәрібір болды, ол төбелесуді, өзін қорғау тәсілдерін білетін. Ол өзімен бірге қалтасына газдалған баллон алып жүретін. Бәріне дайын еді. Көшелер жым-жырт, адам жоқ. Ол бір сағаттай жүрді. Түнгі ауамен тыныс алып, жұлдыздарға қарап, жабық тұрған дүкендерді қарап өтті. Көшедегі аяқжолдардың жиегінің лас екенін байқады. Ол үйіне қайтты. Бірден төсекке құлады. Бұл тағы бір түн болды. Ол сәби секілді ұйықтап кетті.
Скрыть текст
      80. Шаштаразға бару
      Оның шашы ұзын болды. Олар өте ұзын болып өстi. Кейде бұл оған кедергi жасады. Шаштары оның аузына түсетiн. Олар оның тамағына түсетiн. Кейде олар оны қышытатын. Ол оларды қысқартайын деп ойлады. Ол өз достарынан сұрады. Оған достары қысқартпау керектiгiн айтты. Ол олардан себебiн сұрады. Достары оған өте жақсы көрiнетiнiн айтты. Достарының не айтатыны оған бәрiбiр болды. Ол шашын қысқартамын деп шештi. Түскi уақыт болатын. Ол ештеңемен айналыспады. Ол шаштаразға барды. Кiрдi де отырды. Ол шебердi күттi. Ол басқа келушiмен айналысып жатты. Ол көп кешікпей аяқтады. Ол онымен амандасты. Ол оның шашын қысқартты. Бұл жиырма минут уақыт алды. Ол айнаға өзiне қарады. Ол жақсы көрiндi. Ол шаш қысқартқанына риза болды. Ол шаштаразбен есептестi де рахмет айтты. Ол өз жолымен кеттi.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Мади Толегенов, Аслан Бисенов, Алтынгуль Кептербаева, Акжайык Сабырбаева, Нарынбек Гилман, Assel Kanybekova, Елімай Шынатай, Олжас Токмагамбетов, Бахытжан Ертай, Гульнар Абдраимова, Дастан Ахметдин, Жанар Жанаева, Майра Фазыл, Максат Маликов, Aigera Erzhanova, Айжан Даукишева, Акнур Жунусова, Аяулым Орынгали, Маргулан Канат, Маржанай Ташимова, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.3, стр.3 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >>