Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 4, страница 1

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      1. Алғашқы жұмыс күні
      Том балмұздақ сататын дүкенге жаңадан жұмысқа орналасты. Ол дүкен «Тәтті балмұздақ» деп аталды. Дүкен оның үйінен 5 минуттық жерде орналасқан. Бүгін оның ең алғашқы жұмыс күні. Ол уайымдады. Және де толқыды. Ол өзінің фирмалық киімін киді. Ол жұмысқа ерте келді. Ол жақсы әсер жасағысы келді.
      Оның бірінші міндеті дүкенді ашу. Оған балмұздақтарды дайындау керек болды. Және тапсырыс берушілерге арналған орындықтар мен үстелдерді дайындау керек. Оған барлық құрылғыларды жуу керек. Бәрі дайын болу үшін бүкіл жағдай жасау керек болды. Оған жетекшісі де көмектесті. Және де ұжымдастары да көмектесті. Ол кассир қызметін атқарды. Ол балмұздақтарды салып беріп тұрды. Том өзінің жұмысын жақсы көреді.
Скрыть текст
      2. Сату бойынша менеджер
      Джо сату бойынша менеджер. Оның көп міндеттері бар. Ол сатып алушыларға қажетті заттарды табуға көмектеседі. Сатып алушылар ашуды келтіруі мүмкін. Олар әрқашан өздерінікін дұрыс деп ойлайды. Джо олармен әрқашан өзін жақсы ұстауы қажет. Джо телефон қоңырауларына да жауап береді. Адамдар дүкендегі тауарлар туралы сұрайды.
      Джо әжетхананы тазалайды. Бұл жұмыстың ең нашар жағы. Әжетхана өте лас болады. Оның қоқысты шығаруы қажет. Оның әжетханадағы сабын ыдысын сабынмен толтырып отыруы қажет. Джо сонымен қатар кассада жұмыс істейді. Ол тауарларды сканерлейді. Ол адамдарға ақшаның қалғанын береді. Ол өзінің жұмысын жақсы деп ойлайды, бірақ ол бірнеше жылдан кейін жұмыстан шығуды ойлайды.
Скрыть текст
      3. Ол киноны жалғыз көрді
      Кеннет киноға барды. Ол атыс-шабыс фильмдерін ұнататын. Неғұрлым көп болса, сол жақсы. Ол достарын күткен болатын. Олар кешкі бесте кездесуге жоспарлаған-ды. Ол достарын кинотеатрдың сыртынан күтті. Жиырма минут өтті. Достары келмеді. Ол олардың біреуіне телефон соқты. Ол бірден дауыстық поштаға тап болды. Ең қызығы оның достары қайда екен?
      Ол жабырқай бастады. Ол өзінің өзге достарына қоңырау шалды. Олар жауап бермеді. Ол кері кинотеатрға қайтты. Ол билет сатып алды. Ол буфетке кетті. Ол газдалған сусын мен попкорн сатып алды. Ол көру залына кірді. Ол ыңғайлы орындықты тауып алды. Ол отырды. Ол киноны мүлдем жалғыз көрді.
Скрыть текст
      4. Оның шаш жуатын мұршасы жоқ
      Даниэль айнаға қараңқырап қалды. Оның шаштары майланып кеткен еді. Оған шашын жуу керек еді. Оған шашын жуу үшін 30 минуттай уақыт керек. Бірақ 15 минуттан соң оның кездесуі бар еді. Бірақ ол нашар көрінгісі де келмеді. Ол үстел жаймасын алды. Онда қызғылт түсті гүлдер салынған еді. Ол үстел жаймасымен басын орап алды.
      Енді оның шаштары толығымен көрінбей тұрды. Ол бірінші қабатқа түсті. Оның ағасы оны көріп күле бастады. Айнаға қарасаң етті,- деді ол. Ол айнаға барып қарады. Ол күлкілі көрінді. Ол ағасына қызғанышпен қарады. Оның ағасының шаштары қысқа еді. Оған шашын жууға бар болғаны 5 минут керек.
Скрыть текст
      5. Дүкен жабылып қалды
      Синдидің дүкенге өз көйлегін қайтаруы қажет болды. Алдында оны үйде киіп көрген еді. Оған сыймады. Бүгін оны қайтаруға болатын соңғы күн болатын. Бүгінгі күннен кейін көйлекті өзіне қалдыруға тура келеді. Дүкен кешкі сағат 8-де жабылады. Ол сағат жеті жарымда шықты.
      Сауда кешеніне жету үшін 20 минут қажет. Машинасын тұраққа қойып, көйлекті қайтаруға 10 минут қана қалады. Бүгін сенбі болатын. Тұрақта машиналар көп болды. Тұрақтан орын табу үшін 5 минут қажет болды. Ол машинадан жүгіріп шыққанмен, үлгермеді. Дүкен жабылып қалыпты.
Скрыть текст
      6. Телефонын ұмытып кетті
      Айлин дәрігерге қаралуға мәжбүр болды. Ол қабылдауға жазылмаған еді. Дәрігерге жету үшін оның екі сағат күтуі керек болды. Оның іші пысты. Ол өзінің телефонын ұмытып кетті. Ол не істерін білмеді. Ол жан-жағына қарады. Барлығының телефоны бар еді.
      Ол әлдеқандай журналдар бар ма деп қарады. Әдетте қабылдау бөлімдерінде журналдар болады. Мұнда испан тіліндегі журналдар болды. Айлин испанша оқу білмейтін еді. Ол теледидар қосты. Кабельді теледидар болмаған еді. Жергілікті теледидар Айлинға ұнамайтын. Ол тым қызықсыз еді. Ол қасында отырған адаммен сөйлеспекші болды, бірақ ол назар аудармады. Оның өз телефонынан қолы босамады. Ол өзімен телефонын алмағанына өкінді.
Скрыть текст
      7. Тапсырыс бойынша пицца
      Том аш болды, бірақ жалқаулығы да ұстап тұрды. Оның тамақ жасағысы келмеді. Оның мейрамханаға барғысы келмеді. Тіпті қалдық тамақты да жылытқысы келмеді. Ол тапсырыс бойынша пицца алдыруды ойлады. Ол пицца сайтына кірді. Ол кішкентай пиццаға тапсырыс берді. Ол пиццаны алып келгенін күтті.
      Кейінірек, ол есіктің қоңырауын естіді. Бастапқыда оның тұрғысы келмеді. Ол бес минуттан кейін тұрды. Ол есікті ашты. Пиццадан керемет иіс шығып тұрды. Ол тапсырысты әкелген адамға пиццаның ақшасын төледі. Сонымен бірге, ол жақсы шайпұл берді. Том өзінің диванына қайта отырды. Ол барлық пиццаны жеді. Ол тойды.
Скрыть текст
      8. Боб 25 килограмм артық салмақ тастады
      Боб жаттығу залына бір жыл бойы күнделікті барып жүрді. Және ол пайдалы тағамдармен жеді. Ол өзінің қанша артық салмақ тастай алатынын көргісі келді. Ол таразыға тұрды. Ол көзін жұмып алды. Ол қорқып тұрды. Егер ол салмақ қосып алса ше? Ол ақырын көзін ашты. Ол төмен қарады. Ол күлімсіреді. Ол 25 килограмға арықтады. Ол қуанғанынан секірді. Ол бұл оқиғаны атап өткісі келді.
      Ол гамбургер сататын өзінің сүйікті дәмханасына барды. Ол дәу гамбургерге тапсырыс берді. Басында ыңғайсызданып қалды , бірақ ол бұған лайық еді. Ол үлкен мөлшерде қуырылған картоп тілімдеріне тапсырыс берді. Ол бес қаптама кетчупті бірге қосты. Ол гамбургерді бір тістеді. Өте дәмді сезілді. Ол ертең тағыда салауатты өмір салтын ұстанатын болады.
Скрыть текст
      9. Салақ пен тазайын
      Мэри салақ болатын. Ал Кэсси тазайын. Екі қыз да бір бөлмеде тұрды. Мэридің кереуетінде барлық киімдері жататын. Ал Кэссиде тек қана төсегі. Кэсси Мэриге өзінің киімдерін бір жерге жинауын сұрады. Мэри оның өтінішін естімеген сыңай танытты.
      Мэридің үстелінде кешегіден қалған тамақ тұрды. Ол иістеніп кеткен. Кэсси оған иістеніп кеткен тамақты лақтыру керектігін айтты. Мэри «жоқ» деді. Кэсси оны өзі лақтырды. Мэри оған айқайлады. Ол Кэссиге өзінің заттарына тиіскеніне ашуланды. Кэсси де оған жауап ретінде айқайлады. Ол Мэриге заттарының шашылып жататын айтып ашуланды. Мэри есікті тарс жауып шығып кетті. Кэсси жалғыз қалды. Бөлмені жинайтын ыңғайлы уақыт та табылды.
Скрыть текст
      10. Тез дайындалатын кеспе
      Джессика колледж студенті болатын. Ол тамақты жақсы жасауды білмейтін. Оның тамақ жасауға жеткілікті уақыты да жоқ болатын. Оның ешқашан қолы бос емес. Оның маңызды тестті тапсыруы керек. Ол тез дайындалатын кеспенің бір кесесін алды. Тез дайындалатын кеспені дайындау өте оңай. Ол қаптама қағазын жартылай ашады. Ол дәмдеуіштері бар пакетті ашады. Дәмдеуіштер кеспенің дәмін жақсартатын зат.
      Ол дәмдеуішті кеспенің бетіне себеді. Ол кесені сумен толтырады. Ол қаптама қағазды жабады. Ол кесені микротолқынды пешке қояды. Ол микротолқынды пешті үш минутқа қосады. Ол отырады. Ол күтіп отырған кезде сабақ оқиды. Ол "динг" дегенді естиді. Тамақ дайын!
Скрыть текст
      11. Ол бір галлон сүт сатып алды
      Элисон таңғы асын ішкісі келді. Ол жуғыштан тегешті алды. Ол шкафты ашты. Онда түрлі дәндердің 10 қорап қауызы болды. Ол өзінің сүйікті қауызының бір қорабын алды. Бұл қант қосылған қауыз болды. Ол қауызды тегешке салды. Ол тоңазытқышты ашты. Ол сүттің картон қорабын алды. Ол тегешке сүт құя бастады.
      Алайда сүт тым аз болып шықты. Ол қауызға жетпейтін еді. Ол қауызды сүтсіз іше алмайды. Оның көңілі түсіп кетті . Ол дүкенге барды. Ол жабық болды. Ол басқа дүкенге барды. Ол алыста болатын, бірақ ол ашық болды. Ол бір галлон (3,8 литр) сатып алды. Әйтеуір жақсылап таңғы ас жасай алды.
Скрыть текст
      12. Өзіңді бала сезіну
      Джордж және оның достары паркке барды. Олар бірінші әткеншекке отырды. Оларға барлығы қарап тұрды, себебі олар колледж студенттері болатын. Олар өздерін қайта бала сезінгісі келді. Біреу Джордждың иығынан қақты. Бұл әйел біреудің анасы болатын. Ол Джордждың әткеншектен түсуін сұрады. "Неге?" "Себебі менің кішкентай қызым отырғысы келеді", - деп жауап берді әйел.
      Джордж бұрылып қарады. Бұнда кішкентай қыз болды. Ол шамамен 10 жаста еді. Джордж өзін нашар сезінді. Ол әткеншектен түсті. "Отыра ғой, балақай", - деді Джордж. Оның достары оған қарап күлді. Джордж төбешікке барды. Ол төбешікте өзін бала сезінді.
Скрыть текст
      13. Ол кітаптарды кітапханадан алады
      Даниэль кітапханаға бара жатыр. Оған пингвиндер туралы кітап алу керек. Кітапханада әртүрлі кітаптар бар, барлық іздегенің табылады. Және тағы кітапханада фильмдер мен компакт-дискілер бар. Даниэлде пингвиндер туралы кітаптар жоқ еді. Негізінде ол көп кітап сатып ала бермейтін. Ол кітап сатып алу ақшаны далаға шашу деп санайтын. Несіне кітап сатып алу керек, егер оларды кітапханадан алуға болатын болса?
      Оған кітапханалық карточка жасатып алу қажет. Ол өзінің жеке мәліметін жазды. Сауалнамада қарапайым сұрақтар бар. Асты жағына ол қолын қойды. Ол пингвиндер жайлы 10 кітап алды. Ол кітаптарды беру рәсімделетін үстелге барды. Кітапханашы кітаптарды сканерледі. Ол кітаптарды үйіне алып кетті.
Скрыть текст
      14. Қайырымды әйел
      Оның көп ақшасы болды. Ол жомарт әйел болатын. Бір кездері ол да кедей болған. Ол кедей болудың қандай екенін білетін. Оның басқа адамдарға көмектескісі келді. Рождествода ол мұқтаж жандарға тағамдар тарататын. Тағамдарды ол өзі дайындайтын. Ол табаққа күркетауықтың аяқтарын және картоп езбесімен қоса бір мөлшер қып асбұршақ салатын. Ол тәрелкені әрбір кездескен панасызға берді.
      Үйсіз адамдар оны жақсы көретін. Бір панасыз адам оған бір центін берді. Ол оған бір центті өзінде қалдыруын айтты. Ол көбірек көмек көрсеткісі келді. Ол енді әрбір кездескен панасыз адамға 50 долларды ұстатып жіберді. Бұл оған жақсы әсер қалдырды.
Скрыть текст
      15. Өзгерген ер адам
      Ол нашар адам болатын. Оның адамдармен қатынасы өте нашар болды. Ол ешкімді де, ешнәрсені де құрмет тұтпайтын. Ол еденге түкіретін. Ол сағызын жазу үстелдеріне жапсыратын. Ол адамдарды жылауға мәжбүр ететін. Ол тағайындалған кездесуге келген адамдарды кешкі асты төлеуге мәжбүр ететін. Ол үй жинаушыға айғайлайтын. Оның әйелі одан кетуді ұйғарды. Бұл оны өзгертті. Ол әйелін қайтарғысы келді.
      Ол жақсы азамат болды. Ол кедейлер үшін садақа беріп жүрді. Ол жануарларға көмек көрсету орталығында ерікті болып жұмыс істеді. Ол адамдарға жылы сөздер айтып жүрді. Ол әйеліне хат жазды. Ол хатқа өзінің істеп жүрген игі істерін көрсететін суреттерді қосып, салып жіберді. Ол хатты салып жіберді. Ол әйелі қайтып келер деп үміттенді.
Скрыть текст
      16. Туфлиіңді шеш
      Хилари Бридің үйіне келді. Бридің үлкен апасы Лиа оған біртүрлі қарады. Хилари абыржып қалды. Неге Лиа сондай ашулы болды ? Лиа Бриге бір нәрсені сыбырлап айтты. Бри оған басын изеді. Лиа үйден кетіп қалды. Бри Хилариға оның аяқ киімін шешпегендігін айтты. Хилари ұялып қалды. Бри түсіндірді. Біреудің үйіне келгенде, қонақтар аяқ киімдерін шешу керек.
      Хилари таңғалды. Оның бұл жайлы оның ешқандай түсінігі болған жоқ. Ол үнемі үйде аяқ киімде болатын. Ол өзінің аяғын кірлеткісі келмеді. Бірақ та ол Бримен дауласқысы келмеді. Ол кешір деп айтты. Бри Хилариға кешірім сұрау керектігін айтты. Хилари Лиаға қоңырау шалып, кешір деді. Лиа бәрі жақсы екендігін айтты.
Скрыть текст
      17. Оның анасына Джон ұнамайды
      Аманда Джонмен кездеседі. Олардың кездесіп жүргеніне бір жыл. Аманда Джонның өз ата-анасымен танысқанын қалайды. Джон танысқысы келмейді. Олардың нашар адамдар екенін естіген еді. Аманда оған айқайлады. Джон ақырында келісті. Олар Аманданың әке-шешесінің үйіне барды. Джон оларға сыйлықтар дайындады. Джон Аманданың әкесіне шоколад кәмпиттер сыйлайды. Сосын Аманданың анасына гүл сыйлайды. Олар оған алғыс айтты.
      Олар бірге кешкі ас ішті. Аманданың анасы Джонның өмір сүруге қалай ақша тауып жүргенін сұрады. Джон актер екенін айтты. Аманданың анасы басын изеді. Оған тұрақты жұмысы жоқ екені ұнамайды. Оның дәрігер болғанын қалайды. Ол қызының таңдауын мақұлдамады.
Скрыть текст
      18. Бұрынғы құрбы
      Сильвия журнал оқып отырған. Жарнамалардың бірі оның назарын аудартты. Ол мектеп кезінен бірге оқыған құрбысы Тина болатын. Қазір ол модель екен. Оның сырт көрінісі керемет! Сильвия Тинамен қайтадан сөйлескісі келді. Ол оның мектеп кезіндегі достарының номері жазылған кітабын қарады.
      Ол Тинаның номеріне қоңырау шалды, бірақ ешкім жауап бермеді. Мүмкін ол номерін ауыстырып жіберген шығар. Сильвия Тинаны фейсбуктен тапты. Ғаламшардағы әрбір адамның фейсбукте парақшасы бар. Ол оны тапты. Технологияның дамыған дәуірінде бәрі жеңіл. Сильвия Тинаға хат жіберді. Тина оған жауап берді. Олар кафеде кездесуге келісті.
Скрыть текст
      19. Кілттерді машинада қалдырып кетті
      Стефани өзінің кілттерін машинада қалдырып кетті. Оның үйінде кілттің басқа жиынтығы бар. Ол өзінің ағасына хабарласты. "Эй, сенің қолың бос па?"-деп сұрады ол. "Иә, мен теледидар көріп отырмын", - деді ағасы. "Иә, өте өкінішті. Мен сенің мектебіме келгеніңді қалаймын", - деді ол. Оның ағасы келіспеді. Оның тұрғысы келмеді. Ол көріп отырған фильм жақсы болатын.
      "Өтініш. Мен сенің бөлмеңді бір апта бойы жинаймын", - деді ол. "Келістік! Мен келемін!"-деді оның ағасы. Стефани күтті. Оның ағасы келді. Ол ақ жүк көлігімен келді. Ол Стефаниге кілтті берді. Стефани машинаның есігін ашты. Ағасы мен қарындасы үйлеріне қайтты.
Скрыть текст
      20. Киім-кешек босқа тарату
      Кэрридің киімдері өте көп еді. Ол енді заттарын ешқайда қоя алмайтын болды. Оның достары оған киімдерін мұқтаж жандарға босқа тарата салуға кеңес берді. Кэрри бұл ойды табысты деп ойламады. Ол бұны далаға шашқан ақшамен теңестірді. Ол киімдерін сатып, пайда көргісі келді. Оның достары мұны босқа уақыт кетіру деп айтты. Олар бұндай киімдерді ешкім ала қоймайтынын айтты. Олар оның киімдері сәннен әлдеқашан шығып қалғанын айтты.
      Кэрри оларды тыңдай қоймады. Ол киімдерін суретке түсіріп, ғаламтордағы бір вебсайтқа тіркеп қойды. Екі аптадай уақыт өтті. Оның достарының айтқандары келді. Ешкім оның киімдерін сатып ала қоймады. Кэрри ақыры киімдерін мұқтаждарға садақа қылайын деп шешті.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Жанара Қабина, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Рахат Уйсымбаев, Norah Jones, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Бағлан Көке, Мади Толегенов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.3, стр.6 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв