Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  
Истории
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  

Казахский по уровням

Уровень 4, страница 2

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Артық тамақ
      Футболшылар тобы бірігіп кешкі ас ұйымдастырмақшы болды. Топтың әр мүшесі өзімен бірге тамақтары мен сусындарын ала келді. Топта 40 адам бар. Тамақ пен сусынның 40 түрі, олардың ішінде: кеспе, чипсілер, газдалған сусындар мен буррито бар еді. (Бурито - мексикандық тағам, ол жұмсақ бидай ұнынан жасалған самса, оның ішіне әртүрлі нәрсе салынады, мысалы, туралған ет, қуырылған дәнді дақылдар, күріш, қызанақтар, авокадо мен ірімшік. Тағамға қалауына қарай салат, қаймақ пен чили бұрышын қосады).
      Кешкі астан өте көп тамақ қалды. Топ жаттықтырушысы: " Кім қалған тамақты үйге алып кетеді?"- деп сұрады. Ойыншылар бастарын шайқады. Оларға желінбей қалған тамақ ұнамады. " Олай болса, қалған тамақтың барлығын лақтырып тастаймын", - деді жаттықтырушы. " Жоқ! Бұл дегеніңіз нағыз асқандық қой. Мұнымен бір отбасын тойдыруға болады ғой", - деді ойыншылардың бірі. Мұнымен басқа да ойыншылар келісті. Жаттықтырушыға бір ой келді. Ол үйсіздер паналайтын жерге келіп тоқтады. "Сәлеметсіздер ме! Мен сіздерге мына тамақтарды сыйға тартуға келдім", - деді жаттықтырушы.
Скрыть текст
      22. Өтірікшілермен араласпайды
      Вирджиния Клаудиямен араласқысы келді. Олар бір-бірін төрт жыл көрмеді. Вирджиния Клаудияға телефон шалды: «Сәлем, бұл мен, Вирджиниямын»,-деді ол. «Мәссаған! Көптен бір-бірімізді көрмедік»,-деді Клаудия. «АЙХОП-та түскі ас ішкің келе ме?»-деп сұрады Вирджиния. (АЙХОП-халықаралық құймақтар үйі). «Кешір, менің сабағым бар»,-деді Клаудия. Вирджинияның көңілі түсіп кетті. Олар қоштасты.
      Вирджиния АЙХОП-қа басқа құрбысымен барды. Ішке кірместен бұрын, олар жандарынан өтіп бара жатқан Клаудияны байқады. Олар таңқалды. Клаудия өтірік айтты. «Мен сенің сабағың бар деп ойладым», - деді Вирджиния. «Хмм..Мен..оны?» - деді ол. «Ұмыт оны. Мен өтірікшілермен араласпаймын», - деді Вирджиния.
Скрыть текст
      23. Бір нәрсе сатып ал - екіншісін тегін ал!
      Бренди дүкенге барды. Ол BOGO деп жазылып тұрған кестені көрді. Ол жұмыскерден оның не мағына беретінін сұрады. Бұның мағынасы "Бір нәрсе сатып ал - екіншісін тегін ал", -деді ол. Ол бұны керемет екен деп ойлады. Қандай қызықты сөйлем! Ол киім ілінген қатарға қарады. Ол 30 долларға жейде тапты. Қазір оған тағы да бір нәрсе табу керек болады. Ол өзіне ұнаған юбканы көрді. Ол 5 доллар ғана тұрды. Бұның мағынасы оның бағасы алған заттарына сәйкес келмеді.
      Ол 2 нәрсе алғысы келді, бірақ екеуін де бірдей бағаға, бірақ ол ештеңе таба алмады. Ол бір сағат іздеді. Ол әдемі көйлек тапты. Ол оның бағасына қарады. Ол 80 доллар тұрды. Ол мұңайды. Ақыры ол жейде мен юбканы 5 долларға сатып алды.
Скрыть текст
      24. Саябақтағы теннис ойыны
      Сьюзан мен Фелисити саябақта теннис ойнауға жиналды. Олар бір айдан бері ойнап жүр. Олар екеуі екі түрлі мектепте оқиды. Сьюзан Канада мектебінде оқиды. Ал Сьюзан Америка Құрама Штаттарындағы мектепте оқиды. Бір кездері екеуі бір мектепте оқыған болатын. Олар мектепте бірге теннис құрамасында ойнады.
      Қазір олар тек жаз айларында ғана кездеседі. Сьюзан Америка Құрама Штаттарына әрбір жаз айында келеді. Әдетте жазда жаңбыр жаумайтын, бірақ сол теннис ойнайтын күні жауын жауып кетті. Олардың көңілдері түсіп кетті. Олар бәрібір кездесті. Олар үйде отырып әңгімелесті.
Скрыть текст
      25. Әженің өлер алдындағы соңғы тілегі
      Эйприл Колорода штатынан , ол жақта қар қалың. Эйприл қарды жақсы көрмегендіктен ол өз анасымен күн шуақты Калифорнияда тұрады. Эйприлдің әжесі 100 жаста. Ол Колородада тұрады. Ол қатты ауырып жатыр. Эйприлдің анасы әжесінің халін білуге барып қайтпақшы. Ол Эйприлдің өзімен бірге Колородаға барғанын қалайды. Эйприлдің ол жаққа барғысы келмейді.
      Эйприл әжесінен хат алды. Өлер алдындағы әжесінің соңғы тілегі қызы мен Эйприлді көргісі келетіні туралы жазыпты. Эйприл қатты ұялды. Ол баратын болып шешті, себебі ол әжесін жақсы көреді.
Скрыть текст
      26. Билетті жоғалтты
      Зэк ойын-сауық саябағына арналған билетті ұтып алды. Ол оны би байқауынан ұтып алған болатын. Ол би жағынан көп жылдық тәжірибесі болғандықтан, жеңіп шығу оңай болды. Ол ойын-сауық саябағына бару үшін жеке заттарын жинады. Ол сол жерде өз достарымен кездесуге бел буған еді.
      Ол өзінің спорттық машинасына отырды. Ол ойын сауық саябағына қарай тартты. Ол билет сататын кассаға жақындады. "Қош келдіңіз! Сіздің билетіңізді қарауға бола ма?" - деп сұрады қызметкер. Ол қолын қалтасына салып еді, онда ештеңе табылмады. Ол қобалжып кетті. Ол қол дорбасын қағып көрді. Билет ол жерде де болмады. Бәлкім, ол оны үйде қалдырып кеткен болар.
Скрыть текст
      27. Қуырылған жұмыртқа
      Синтия өзінің қызының туған күніне жұмыртқа дайындауды шешті, себебі бұл оның қызының сүйікті тағамы болатын. Ол қызын оятты. Оның қызы көзін уқалады және есінеді. Синтия оны құшақтап: «Туған күніңмен!»- деді. Ол қызына тағамы бар ыдысты берді. Ыдыста бекон, құймақ және жұмыртқа бар еді. Синтияның қызы жұмыртқаға қарады да: "Бұл не?"-деп сұрады.
      "Бұл жұмыртқа, ақымағым. Сен жақсы көретін", - деді Синтия. "Бұлар әдеттегідей көрінбейді", - деді оның қызы. Синтия жұмыртқаны әр түрлі жолмен дайындауға болатынын айтты. Оның қызы жұмыртқаны тек омлет түрінде жеген болатын. Синтия бұл жолы жұмыртқаны қуырған болатын. Оның қызы кішкентай бөлігін алды. "Өте дәмді!" - деді ол.
Скрыть текст
      28. Ұрлық түбі қорлық
      Кори кедей еді. Оның ата-анасы жақында ажырасып кеткен. Ол өз әкесімен бірге тұратын. Оның әкесі сағатына бар болғаны 9 доллар табатын еді. Коридің тағы төрт іні- қарындасы бар еді. Пәтерақы да аз емес-ті. Жарық көзіне де бірталай ақша кететін. Судың да ақысы қымбатқа шығатын. Барлығы отбасы қаражатына ауыр тиетін. Кори үнемі тоқ тамақтана алмады. Ол ұрлық жасауды ұйғарды. Ол бұның жаман екенін түсінетін, бірақ оны кедейлік қысып кетті.
      Ол тәбет ашатын алманы көрді. Ол айналасына қарап алды. Оған ешкім назар аударып тұрмаған. Асықпай тыныш қана ала берсе болатын еді. Ол алманы қалтасына салды. Ол дүкеннің шыға берісіне жақындады. Бір минуттан соң алмалар тұрған жерге қайта барды. Ол алған алмасын қайта орнына қойды. Ол жаман адам болғысы келмеді. Ұрлаған-жаман.
Скрыть текст
      29. Ол жаяу жүргенді жақсы көреді
      Вероника 21 жаста. Оның әлі жүргізуші куәлігі жоқ. Оның достары оған қарап күледі. Ол бұған көңіл бөлмейді. Ол жаяу жүргенді жақсы көреді. Ол тезірек жүре алады. Ол бірнеше сағат бойы жүре алады. Ол күнде мектепке жаяу барады. Ол күнде жұмысқа жаяу барады. Егер дүкенге бару керек болса, ол онда жаяу барады. Ол тез шаршамайды. Ол жаяу жүру адамды босаңсытады деп ойлайды.
      Жүгіру - басқа әңгіме. Ол жүгіргенді ұнатпайды. Жүгіру шаршатады. Жүгіргенде оның іші ауырады. Верониканың жаңа жұмыс орны алыста орналасқан. Оның әлі машина алғысы келмейді. Ол автобуспен жүруді жоспарлауда.
Скрыть текст
      30. Қуырылған орамжапырақ
      Джина жақында ата-анасының үйінен кетті. Ол қуанды және қорықты. Ол ата-анасымен 18 жылдан көп уақыт өмір сүрді. Оның ата-анасы ол үшін тамақ жасайтын. Енді ол өзі үшін тамақ істеуі керек. Бастапқыда ол сыртта көп тамақтанатын еді. Бірақ бұл қымбатқа шығатын. Ол тамақ жасауды үйренейін деп шешті.
      Ол қуырылған орамжапырақ жасауды жоспарлады. Бұл тамақ денсаулыққа пайдалы және дайындауы оңай. Ол табаны пешке қойды. Ол пешті қосты. Ол табаға май құйды. Ол табаның ішіне орамжапырақты салды. Ол орамжапырақты араластырды. Ол табаның қақпағын жапты. Ол бірнеше минут күтті. Тамақ дайын.
Скрыть текст
      31. Америка әртүрлі
      Америка сондай үлкен. Онда 50 штат бар. Кейбір штаттар кей мемлекеттен де үлкен. Техас-Америкадағы ең үлкен штат болып саналады. Техас- Франциядан да үлкен. Кей адамдар штатты мемлекет деп қабылдайды, себебі олар әртүрлі. Тіпті қалалары да бір- бірінен бөлек.
      Лос-Анджелес және Бейкесфилд қалалары Калифорнияда орналасқан. Лос- Анджелестің тұрғындары қалалықтар. Ол жақтың өмір сүру жағдайы қыз-қыз қайнап жатады. Ол жақта дүкендер көп. Ол жақта кәсіпкерлер көп , әрқайсысы кәсібін жасап жатады. Лос -Анджелесте көп зат бар, көп затпен айналысуға болады. Бейкесфилд- ауылдық жер. Ол жақ тыныш. Ол жақта айналысатын зат та аз болады. Бұл жақта үй арзан. Америка өте әртүрлі.
Скрыть текст
      32. Әдеттегіден тыс күн тәртібі
      Финннің ұйықтау уақытының кестесі ерекше. Ол ұйқыға таңертеңгі сағат 5-те жатып, күндіз 3-те тұрады. Оның тамақтану уақытының кестесі де ерекше. Ол таңғы асты күндізгі сағат 3.30-да ішеді. Түскі асты кешкі 7-де ішеді. Кешкі асты түнгі 1-де ішеді.
      Бір күні түнгі 1-де ол өзін аш сезінді. Оның тамақ жасағысы келмеді. Ол күні-түні жұмыс істейтін дәмханаға баруды шешті. Күні-түні деген әрқашан қол жетімділікті білдіреді. Ол дәмханаға машинамен келді. Онда көп адам болған жоқ. Финн биік үстелде жалғыз отырды. Ол бургер мен сүт коктейліне тапсырыс берді.
Скрыть текст
      33. Рик артық салмақтан зардап шегіп жүр
      Рик тамақ жегенді жақсы көреді. Бірақ ол тым көп жегенді жақсы көреді. Онда артық салмақ бар. Оның іші пысқан кезде де ол тамақтанады. Ол қатты күйзеліске түссе де тамақтанады. Ол достарымен араласып отырғанда да тамақтанады. Ол тамақты тым көп мөлшерде жейді.
      Ол вафли жейді. Қуырылған тауық пен қуырылған жұмыртқаны таңғы асқа жейді. Ол түске пицца, картоп-фри және газдалған суды ішеді. Ол кешкі асқа гамбургер мен пиязды дөңгелетіп кесіп жейді. Ол негізгі тамақ уақытының арасында тамақтанып тұрады. Ол ешқашан жаттығу жасамайды. Ол тым тез шаршайды. Бірақ ол бәрін дұрыс деп есептейді. Оны жұрт семіз десе, күледі.
Скрыть текст
      34. Біртүрлі тамақ ішу әдеті
      Хизердің тамақ ішу әдеті қызық. Ол жібітілген қауызды жақсы көреді, сондықтан да оған сүт құйғаннан кейін 10 минут күтеді. Ол пиццаны шанышқымен және пышақпен жейді. Ол фри-картопты тамаққа арналған таяқшалармен жейді. Ол кетчупті пакеттен ішеді. Ол чипстарға кетчуп құяды.
      Ол қышаны кеспеге қосып жегенді ұнатады. Ол пиццаны суық күйінде жегенді ұнатады. Ол еріп кеткен балмұздақты жегенді ұнатады. Ол шекілдеуік шаққанды жақсы көреді . Ол тұзды бұрама тоқашпен банан жегенді жақсы көреді. Ол достарының алдында осылай біртүрлі тамақтанудан ұялмайды. Адамдар әдетте оған таңғалып қарайды, бірақ Хизер оған мән бермейді.
Скрыть текст
      35. Тағам дәмін татып көру
      Рози супермаркетке келді. Ол сүт , сұлы қауызы және тауық етін сатып алмақ болды. Ол өзімен зат салатын арбаны алды. Ол ет өнімдері бөліміне барды. Ол қаптамадағы тауық етін алып, арбаға салып қойды. Ол сүт өнімдері бөліміне өтті. Ол бір галлон сүтті алып, арбасына салды. Ол сосын дәнді дақылдар бөліміне келді. Ол бір қорап тәтті жарманы алып, арбаға салды.
      Ол ұзын-сонар кезекте тұрған адамдарды көрді. Оны олардың не үшін тұрғаны қызықтырып жіберді. Ол кезектің басына көз салды. Онда пицца тілімдерінің дәмін татып көруге беріп жатыр екен! Пиццаны тегін беріп жатқан. Өнімдер мен тағамдардың дәмін көруге берілетін кесектер мен тілімдер үшін әрқашан ұзақ кезек пайда болатын. Рози де кезекке тұрайын деп шешті.
Скрыть текст
      36. Фотоколлаж
      Даян Тинаға сыйлық жасағысы келді. Ол Тинаға маңызды бір нәрсе сыйлағысы келді. Біріншіден, ол Тинаға бір нәрсе сатып алғысы келді. Ол Тинаның дизайнерлік сөмкені көп уақыттан бері алғысы келетінін білетін. Даян бұл айтарлықтай маңызды болады деп ойламады. Ол жүректен болатын сыйлық бергісі келді. Ол фотоколлаж жасайын деп шешті.
      Онда Тина екеуінің 10 жастан бергі ескі фотолары бар болатын. Ол осы фотоларды кесіп алып, картон қағазға жабыстырды. Бұны жасау қымбат шықпайтын. Даян сыйлықты орауыш қағазға орады. Ол сыйлықты Тинаға берді. "Саған ұнайды деп үміттенемін", - деді Даян. Тина сыйлықты ашты. Ол коллажға қарады. Даян Тинаға ұнамады деп ойлады. Тина жымиды. "Маған ұнайды", - деді Тина. "Сен өтірік айтып тұрсың деп ойлаймын", - деді Даян. "Жақсы. Сен маған жақсырақ бір нәрсе сыйлайтын шығарсың деп ойлағанмын", - деді Тина.
Скрыть текст
      37. Кие беруге қалдыру немесе қайтару?
      Жалкин бір іс-шараға жиналды. Бұл мектепте бірге оқыған сыныптастарымен кездесу еді. Онда барлығы болады. Ол бәріне өзгеше әсер қалдырып, барынша жақсы көрінуге тырысты. Ол қымбат көйлек сатып алды. Ол қызыл түсті және әдемі жылтырайтын еді. Ол 500 доллар тұрған. Ол көйлектің заттаңбасын сақтап қалғысы келді, себебі кездесуден соң оны қайтарып бермек ойда болды.
      Ол кездесу кешіне келді. Бәрі оған назар аударды. Ол ерекше көрінді. Бәрі кәдімгі шалбар мен жиделер киіп жүр екен. Біреу тіпті үй киімімен келген. Жалкин өзін ыңғайсыз сезінді. Бірақ та адамдар оған ілтипат көрсетіп жатты. Ол бұл туралы ойламауға тырысты. Ол өзінің баяғы сыныптастарымен әңгімелесе бастады. Бір сәтте ол өзіне мұздай бір нәрсе төгілгенін сезінді. Әлдекім байқамай оның үстіне мүкжидек шырынын төгіп алды! Көйлекті қайтару туралы ойды ұмыта берсе де болатын еді.
Скрыть текст
      38. Жауын уақытында кітап оқу
      Карен терезеге қарады. Терезеде жаңбыр тамшылары жарысып барады. Жауын басталып келе жатты. Иттер үре бастады. Бұлттар түнеріп кетті. Карен достарымен футбол ойнамақ болып жоспарлап қойған. Ол жоспарынан бас тартуға мәжбүр болды. Басында ол қамығып қалды. Сосын ол кітап оқи бастады. Жаңбырлы күні кітап оқу - керемет уақыт!
      Ол өзіне бір шыны-аяқ ыстық шоколад әзірлеп алды. Ол диванға жайғасып алды. Ол үстіне көрпе жамылып алды. Ол кітабын ашты. Ол қызықты еді. Ол бір сағатта 100 бет оқып тастады. Ол телефонның шырылдағанын естіді. "Карен! Кеттік футбол ойнайық! Жаңбыр тоқтады", - деді оның құрбысы. Кареннің ешқайда барғысы келмеді. Ол кітабын оқып отырғысы келді. "Мен үйде қаламын", - деді Карен. Ол кітабын оқуды жалғастырды.
Скрыть текст
      39. Көтерме сауда дүкені
      Мая ақшасын үнемдегенді жақсы көреді. Оған арнаулы дүкендерден гөрі көтерме сауда дүкендері көбірек ұнайды. Көтерме сауда дүкендері көп мөлшердегі заттарды төмен бағада сатады. Олар галлонмен қыша секілді заттарды сатады. Кәдімгі дүкендер қышаны тек бөтелкемен сатады. Мая алма, кетчуп және чипсы сатып алғысы келді. Алмалар 20 алмадан тұратын қаптамада келеді. Қаптама 6 доллар тұрады. Демек, әрбір алма 30 цент тұрады. Ал, арнаулы дүкендерде әрбір алма 40 цент тұрады.
      Маяның күйеуі көтерме дүкендерді ұнатпайды. Ол заттардан тез шаршайды. Ол үлкен бағаға аз алма алғанды жөн көреді. «Мая, біз 20 алманы олар бұзылып кетпейінше бітіре алмаймыз», - деді күйеуі. «Әрине, бітіреміз», - деді Мая.
Скрыть текст
      40. Қолданылған тауарлар дүкеніндегі сауда
      Марина киім-кешекті жақсы көреді. Және ол ерекше болуды ұнатады. Оның мектебіндегі қыздардың көбісі сауданы бірдей дүкендерден жасайды. Марина басқа қыздармен бірдей киінгенді жек көреді. Міне сондықтан ол киімдерді пайдаланылған тауарлар дүкенінен сатып алады. Бұл дүкен адамдар тапсырған заттарды сатады. Негізінен онда бұрын қолданған заттар болады. Кейде киімде дақтар және тесіктер болады. Заттар, киімдер өте арзан бағамен.
      Марина ілінген киімдерді қуана қарап шығады. Ол әдетте өзіне ұнаған кем дегенде бір киім табады. Ол көйлек тауып алды. Ол қара түсті және ұзын. Бұны маскарадтық кешке кисе, өте жақсы болар еді.
Скрыть текст


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Жанара Қабина, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Рахат Уйсымбаев, Norah Jones, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Бағлан Көке, Мади Толегенов, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Казахский по уровням. Ур.4, стр.1 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.4, стр.3  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв