Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 
Разговорник
Жаңа толқын

Цитаты, афоризмы, пословицы, общеизвестные фразы и прочее

Сборник 02

Составитель: Рауль Керимбаев

02-01
Сыбайлас жемқорлық — қоғамның өзекті мәселесі. – Коррупция — главная проблема общества.
Сен үшін отқа түсемін, көл тауысамын, керек десең, Эвересті де бағындырамын. Кездесейікші ертең, жаным. Күн жылы болса, әрине... – Если нужно ради тебя я готов в огонь пойти, вычерпать озеро, и Эверест покорить. Дорогая, давай завтра встретимся. Конечно, если тепло будет...
Өзің киіп, өзің тоздыр. – Одевай свою обнову, и носи её, пока не износится.
Бақытты отбасы формуласы. "Біз біргеміз!" – Формула счастливой семьи. "Мы вместе едины!"
Өз ақылың болмаса, біреудің ақылымен ұзаққа бармайсың! – Если своего ума нет, на чужом – далеко не уедешь!
Махаббат жасқа қарамайды. – Любви все возрасты покорны.
Жүрекке әмір жүрмейді ғой. – Сердцу же не прикажешь.
Егер ит сөйлейтін болса, еркек соңғы досынан айрылады. – Если собака заговорит - мужчина потеряет последнего друга.
Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді. – То, что предназначено, не уйдёт, а погнавшийся не достигнет.
Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Сенека. – Уча других, мы учимся сами. Сенека.
02-02
Белгісіз нәрсенің бәрі керемет көрінеді. – Все неведомое кажется нам великолепным. Тацит. Omne іgnotum pro magnіfіco. (лат.)
Қытай перзентханасындағы жазу: "Жетер!" – Надпись над родильным домом в Китае: "Хватит!"
Тамақтан алып отырыңыздар қымбатты қонақтар, егер ұяттарыңыз болмаса — ертең тағы да келіңіздер! – Кушайте, кушайте, дорогие гости, а если у вас нет совести - приходите ещё и завтра!
Бір аяғым көрде, бір аяғым төрде. – До смертинки три пердинки.
Көрген көзге, естіген құлақта жазық жоқ. – Нет вины в том, что увидено и услышано.
Қонақ қойдан жуас, май берсең де жей береді. – Гость смирнее овцы, дашь ему масло, он будет есть.
Қолымнан келгенін жасадым, менен артық жасаймын деушілердің қолын байламаймын. – Я сделал все, что смог, пусть те, кто смогут, сделают лучше. Цицерон. Feci quod potui, faciant meliora potentes. (лат.)
Ары да емес, бері да емес. – Ни туда, ни сюда.
Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек. – После еды нельзя говорить "наелся", нужно сказать "удовлетворен".
Ертеңгі асты тастама. Кешкі асқа қарама. – Не оставляй завтрака. На ужин не смотри.
02-03
Әйелді бақытты ету өте оңай, бірақ өте қымбат. – Сделать женщину счастливой очень легко, но очень дорого.
Бақыт шүкірлікте. – Счастье в довольстве.
Мұнға батқанда уақыт жайлап жылжып өтіп жатыр, шатықта уақыт зулап өтіп жатыр, ал күткенде – козғалмай тұрады. – Время в печали медленно ползет, в веселье бежит, а в ожидании стоит неподвижно.
Бір мақал бар: "Ең үлкен бақытсыздык - өткенде бақытты болу". – Есть пословица: «Самое большое несчастье для человека — быть счастливым в прошлом».
Өмір деген - мүмкіндік. – Жизнь - это возможность.
Адамдар жүре-жүре жақынды болады, ал бір біріне жат лезде болып жатады. – Люди становятся близкими постепенно, чужими мгновенно.
Шарль де Голль айтқан: Әрқашан ең қиын жол таңдап алыңыздар, сол жолда бақталастарды кездеспейсіздер. – Шарль де Голль говорил: Всегда выбирайте самый трудный путь, в нём вы не встретите конкурентов.
Бір жұтым тіршілік нәрінің бағасын білген бабаларымыз «Судың да сұрауы бар» деген. – Наши предки зная цену одному глотку воды издревле говорили «И вода любит счет».
Қытай даналығы. Кек алуға кірісіп жатсаң, екі қабір қазып, біреуін өзіне дайындай бер. – Китайская мудрость. Если хочешь отомстить, готовь две могилы. Одну приготовь для себя.
Маймылды адам еткен еңбек. – Труд превратил обезьяну в человека.
02-04
Есігіміз арқашанда сіздерге ашық! – Наши двери всегда открыты для вас!
Адам – құпия. Ол құпияны шешу керек, егер оны өмір бойы шешер болсаң, онда уақытым кетті деп айтпа; мен осы құпиямен айналысып келем, өйткені мен адам болғым келеді. Ф. М. Достоевский. – Человек есть тайна. Ее надо разгадать, и ежели будешь ее разгадывать всю жизнь, то не говори, что потерял время; я занимаюсь этой тайной, ибо хочу быть человеком. Ф.М. Достоевский.
Бақыт байлықпен шектелмейді. – Счастье не в богатстве.
Асығыстан Құдай сақтасын. – Убереги Господь от спешки.
Досыңның кім екендігін айтсаң, өзіңнің кім екендігіңді айтып беремін. – Скажи мне, кто твой друг, и я скажу, кто ты.
"Сіздің соттылығыңыздың жоқтығы, бұл - сіздің еңбегіңіз емес, бұл - біздің жіберіп алған кемшілігіміз", - деген екен Ф.Э.Дзержинский. – "То, что у вас нет судимости, это не ваша заслуга, это – наша недоработка", - говорил Ф.Э.Дзержинский.
Егер жау берілмесе, оны құртар болар! М.Горький. – Если враг не сдаётся, — его уничтожают! М.Горький.
Егер ешкім қателеспейтін болса, онда қарындаштың басында өшіргіш болмас еді. – Если бы никто не ошибался, то на верху карандаша не было бы стиральной резинки.
Біздің Шығыста: «жауды ештеңемен жеңе алмасаң, оның киіз үйіне жылан жібер» дейді. – У нас на Востоке говорят: «Когда врага не победить ничем, запусти в его юрту змею».
"Қонақ аз отырып, көп сынайды", - қазақтың мақал білдіреді. Басқа сөзбен: "Өсек - қонақжайлылық үшін төлем". – "Гость немного посидит, да многое углядит", - гласит казахская пословица. Другими словами: "Сплетня - это плата за гостеприимство".
02-05
Әке өсиеті. Күш білімде, жұмыс күші білмегендікте. – Отцовское наставление. Знание – сила, незнание – рабочая сила.
Қазіргі заманда... тек жалқаулар бір рет ғана күйеуге тиеді... – В настоящее время только ленивые … один раз замуж выходят…
Барлыққа тілейтінім: Тағдыр сізді шашыннан алсың да сосын бетімен тура бақытқа еңкейіп салып қалдырсың, тура бақытқа, тура бақытқа.) – Каждому: Хочу пожелать, чтобы судьба взяла Вас за волосы и прямо мордой в счастье, в счастье, в счастье.)
Жақсы мәтел: Көп білсен - қартаюға бермейді. – Хорошая поговорка: Много будешь знать - не дадут состариться.
Қарапайым ақиқат. Бүгінгі от бұл - ертеңгі күл. – Простые истины. Сегодняшний огонь - это завтрашний пепел.
Ит дос болса жақсы, досың ит болса ең жаманы сол. – Хорошо, когда собака – друг человека, и очень плохо, когда твой друг, как собака.
Ажал ажарға қарамайды. – Смерть на лица не смотрит.
Барлық жұмыртқаны бір себетке салма. – Не складывай все яйца в одну корзину.
Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. – Жизнь такая, сегодня ты есть, завтра не будет.
Бар болғанда көре алмайды, жоқ болғанда бере алмайды деген осы. – Как говорится, когда у тебя что-то есть – завидуют, когда у тебя нет – дать не могут.
02-06
Бейнетсіз рақат жоқ. – Без мук труда не будет и радости.
Базар — бай, алушы — кедей. – Базар богат, да беден покупатель.
Айтуға оңай, істеуге қиын. –Легко сказать, трудно сделать.
Кім мықты, сол өмір сүреді, тоқ болады. Табиғаттың заңы сондай. – Кто сильнее, тот живет, тот сыт. Таков закон природы.
Берместің сылтауы көп. – У скряги много поводов для отказа.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды! – Никто не забыт, ничто не забыто!
Уақыт жарақатты емдейді. – Время врачует раны.
Дананың кеңесі. Бір аяғың тозақта тұрса да - үмітіңді және байсалдылығыңды үзбе. – Совет мудреца. Даже если одна нога твоя в аду - не теряй надежды и присутствие духа.
Естімеген елде көп. – Мир полон неизвестного.
Үнсіздікте келер зиян жоқ. Мылжыңдықтан келер зиян көп. – Если молчишь, то в будущем вреда не будет. Если болтаешь, то в будущем вреда будет много.
02-07
Ешқашанда ұмытылмақ емес. – Забвению не подлежит.
Әдет – екінші мінез. – Привычка – вторая натура.
Жерден жеті қоян тапқандай жаңалық жасамандаршы. – Не делайте новости из этого.
Өмір шындығында да ғажап. – Жизнь в самом деле удивительна.
Бай ат мінсе, "қайырлы болсын" дейді, жарлы ат мінсе, "қайдан алдың" дейді. – Богатый едет на коне – счастливого пути желают, бедняк едет на коне – «где взял?» спрашивают.
Тағдыр жазса, тағы кездерсерміз. – Если суждено судьбой, мы ещё свидимся.
Сақтанғанды Құдай да сақтайды. – Бережённого Бог бережёт.
Осы планетада сіз сияқты басқа ешкім жоқ және ешқашан болмайды. – На этой планете такой, как Вы, нет, и никогда не будет.
Өмір ақиқаты бар, ақиқат өмір бар. – Существует истина жизни, существует истинная жизнь.
Көп адамның өмірі ешқайда апармайтын өлі жол іспетті. – Жизнь большинства людей — мёртвая дорога и никуда не ведёт.
02-08
Ит жоқ жерде, шошқа үреді. – В месте, где нет собак, свиньи лают.
Көре алмау - ең нашар қасиет. – Зависть - самое плохое качество.
Балықшы балықшыны алыстан таниды. – Рыбак рыбака видит издалека.
Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда. – Если деньги в кармане, можешь ходить важно.
«Адам есейген сайын сәби сияқты» деген рас екен. – Верно говорят, что чем дальше взрослеет человек, тем больше он становится похожим на ребёнка.
Біздікі бізден ешқайда кетпейді. – Наше от нас никуда не уйдёт.
Ауру желмен келіп, термен шығады. – Болезнь с ветром приходит, с потом выходит.
Жаңаның бәрі баяғыда ұмытылған ескі. – Все новое - хорошо забытое старое.
Өзгерістерден қорықпа. Оларсыз ештеңеге жете алмайсың. – Не бойся перемен. Без них ты ничего не добьёшься.
Дұшпаныңнан бір сақтан, жаман достан мың сақтан. – Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.
02-09
Бостандық тек заңға тәуелді болуды білдіреді. Вольтер. – Свобода состоит в том, чтобы зависеть только от законов. Вольтер.
Отелло. Түнгі намаз оқып па едің, Дездемона? – Отелло. Молилась ли ты на ночь, Дездемона?
Көп тілді меңгеру – бұл бір құлыптың көп кілтіне ие болу. Вольтер. – Знать много языков - значит, иметь много ключей к одному замку. Вольтер.
Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды. Вольтер – Никогда не бывает больших дел без больших трудностей. Вольтер.
Орындалмас арман. – Несбыточная мечта.
Бақытты отбасы біткен бір-біріне ұқсас та, әрбір бақытсыз отбасы өзінше бақытсыз. Л.Толстой ("Анна Каренина") – Все счастливые семьи похожи друг на друга, каждая несчастливая семья несчастлива по-своему. Л.Толстой ("Анна Каренина")
Барлығы өз қолыңда сондықтан қолды жиі жуу керек. – Всё в твоих руках, поэтому их нужно часто мыть.
Қай жерің ауырса – жаның сол жерде. – Где у тебя болит, там и душа.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. – Лучше найти путь к здоровью, чем искать лекарства, когда заболеешь.
Аспан асты — қуыс. – Под небом просторно.
02-10
- Мен болмасам, не істейтін едің? – - Чтобы ты делал, если бы не было меня?
- Сенің келгеніңді күтіп отырар едім. – - Сидел бы и ждал, когда ты придёшь.
Адам байыса құтырады. – Человек, разбогатев сходит с ума.
Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін. Декарт. – Я мыслю, — значит, существую. Декарт.
Адамның маңдайына жазылатыны − жалғыздық екен. Адам ықылым заманнан жалғыз келеді! – Удел людской — одиночество. Испокон веков одинок человек!
Қарызды қайтару парыз. – Долг платежом красен.
Арыңды жастан сақта. – Береги честь смолоду.
Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның. – Деньги потерял - ничего не потерял, время потерял - много потерял, здоровье потерял - все потерял.
Қымызы жоқ үйдің қызығы жоқ. – Дом, в котором нет кумыса, не интересен.
Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо Да Винчи. – Счастье достается тому, кто много трудится. Леонардо Да Винчи.
02-11
Тары болса, тауық табылады. – букв. Было бы просо, а куры найдутся. (Был бы хомут, а шея найдётся).
Тауықтың түсіне тары кіреді. – Курице снится просо.
Тамшы тас теседі. – Капля камень точит. (Gutta cavat lapidem.)
Етіктің екінші сыңары. – Два сапога пара.
Неғұрлым көп оқысаң, соғұрлым көп білесің. – Чем больше читаешь, тем больше знаешь.
Атам заманнан бері. – Испокон веков.
Адам адамға қасқыр. – Человек человеку волк. (Homo homĭni lupus est.)
Бөліп ал да, биле. – Разделяй и властвуй. (Divide et empera.)
Қарамасаң қатын кетеді. Бақпасаң мал кетеді.– Не будешь смотреть за женой, она уйдёт. Не будешь заботиться о скоте, он разбредётся.
Қонақта болған жақсы, ал өз үйіңде тіпті керемет! – В гостях хорошо, а дома лучше!
02-12
Ең ұлы жеңіс – өзіңді-өзің жеңу. Кальдерон. – Величайшая победа - победа над самим собой. Кальдерон.
Ер жігіт мойнында қыл арқан шірімейді. – Настоящий мужчина в долгу не останется.
Бәрі бақытты болуға лайықты! – Все достойны быть счастливыми!
Бақыт әрдайым батыл адам жағында. Багратион. – Счастье всегда на стороне отважного. Багратион.
Бір күнге өгіз өлмейді, екі күнге иесі бермейді. – За один день тяжелого труда бык не помрет, а два дня такого труда хозяин не позволит.
Айдың да бетінде дақ бар. – И на луне есть пятна.
Тағдыр не жазса, соны көресің. – Что написано судьбой, то и увидишь.
Жазмыштан озмыш жоқ. – От судьбы не уйдешь.
Еркектерге кеңес. Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе. Қазақтың мақал. – Совет мужчинам. Не верь лошади под собой, и своей женщине. Казахская пословица.
Әйелдерге кеңес. Егер сіздің күйеуіңіз түскі ас кезінде дастарқан басында күйгелектенсе, сіз оған мерзімі өткен йогурт бере салыңыз. Басқа жерде күйгелектенсін. – Совет женщинам. Если ваш муж нервничает за столом во время обеда, дайте ему просроченный йогурт - пусть нервничает в другом месте.
02-13
Тышқанға өлім керек, мысыққа ойын керек. – Для кошки игра, а для мышки смерть.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ. – И золотом не дорожат, когда оно всегда под рукой.
Біз жеу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін жейміз. Сократ. – Мы живём не для того, чтобы есть, а едим для того, чтобы жить. Сократ.
Үйден қырық қадам шықсаң, мүсәпірсің. – Ты считаешься путником, если уже сделал сорок шагов от дома.
Шапшаң жүргенге шаң жұқпас. – К быстроидущему пыль не пристает.
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. – Двое сильных мира сего на одном месте не уживутся. *Қошқар - Баран-производитель. ** букв. Две головы баранов не уместятся в казане.
Пайдасыз өмір сүру – мезгілсіз өлгенмен бірдей. Иоганн Вольфганг Гёте. – Без пользы жить — безвременная смерть. Иоганн Вольфганг Гёте.
Ақымаққа тыныштықпен жауап береді. – Дураку отвечают молчанием.
Ақсақалдардың кеңестері: Азға қанағат, барға – тәуба, жоққа – сабыр. – Советы аксакалов: Довольствоваться малым, быть благодарным тому, что есть, и быть терпеливым, когда нет ничего.
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей. – Разница между двумя людьми, как между небом и землей.
02-14
Есекке қанша мотивация берсеңде тұлпар болмайды. – Сколько осла не мотивируй, скакуна из него не получится.
Жамандық барлық жерде кезіп жүр, бірақ жақсылық бәрі бір жеңеді. – Зло рыщет повсюду, но добро все равно победит.
Аузы күйген ұрттап ішеді. – Тот, кто обжег рот, пьет глотками.
Қайыр қылсаң, бүтін қыл. – Делаешь другим добро - делай до конца его.
Әлсіз адам кек алады, мықты адам – кешіреді. Бақыты адам ұмытып кетеді. – Слабый человек мстит, сильный – прощает. Счастливый человек забывает.
Қасқырдан қорыққан орманға бармайды. – Волков бояться – в лес не ходить.
Қазақтар айтады: "Көйлектің кірі жусан кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді". – "Грязь рубахи смывается при стирке, а испорченное настроение поднимается разговорами", - гласит казахская поговорка.
Тұздың дәмін татқан – балдың қадірің біледі. Қайғыдан көп жылаған - әдемі күле біледі. Омар Хайям. – Кто знает вкус соли – знает ценность меда. Кто в горе много пролил слез – знает, как красиво смеяться. Омар Хайям.
Кішкентай ғана ұрыстың үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз. – Не позволяйте маленькой ссоре разрушить большую дружбу.
Атылған оқ кері қайтпас. – Пущенная стрела обратно не вернётся.
02-15
Жыламаған балаға емшек бермес. – Ребёнку, который не плачет грудь не дают.
Қанша әдемілеп айтқаныңызбен, сөзіңіз мағынасыз болса, аяғы ақымақтыққа апарады. – Как бы хорошо ты не говорил, если ты говоришь слишком много, то в конце концов станешь говорить глупости. Дюма-отец.
Кейбір қазіргі апа-аталар жастарға Дін үйреткені орнына, арақ ішіп би билеуге үйретеді. – Некоторые современные дедушки, бабушки вместо того, чтоб учить молодежь религии, учат пить водку и танцевать.
Махаббат ешқашан өлмейді. – Любовь никогда не умрет. (love never dies).
Тиыннан теңге, тамшыдан көл құралады. – досл. От копейки рубль, от капель озеро образуются. Копейка рубль бережет.
Асығыстық туралы. Жүрегің үтір қойған жерге, нүкте қойма. – О торопливости. Не ставь точку там, где сердце ставит запятую.
Ескі жолдар жаңа есіктерді аша алмайды. – Старые пути не открывают новых дверей.
Қонақ келсе, ет пісер, ет піспесе, бет пісер. – Когда гость приходить, мясо хозяин готовит, если мясо не имеет - лицо хозяина краснеет.
Берешегі шашынан көп. – Долгов больше, чем волос на голове.
Мың рет естiгеннен, бiр рет көрген артық. – Чем сто раз услышать, лучше один раз увидеть.
02-16
Жығылған күреске тоймас. – Поверженный жаждет борьбы.
Көз – қөңіл айнасы. – Глаза – зеркало души.
Әр нәрсе өз уақытымен қызықты. – Всё интересно в своё время.
Жеңіске қарай алға баса берейік! – Вперёд, к победе!
Аттан тай озады, Атадан бала озады. – Придёт время, и жеребёнок обгонит коня, а сын – отца.
Иттің жатқан жері – төсегі. – Где свалилась собака – там её постель.
Ағын суда арамдық жок. – Проточная вода грязи не имеет.
Ақылды адам айтқызбай біледі. – Умный догадается без слов.
Тілі тәтті, діні қатты. – Слащаво говорит, а натура жестокая.
Ұлық болсаң, кішік бол. – Если ты велик, будь человечным.
02-17
Ұры мен бөрі түнде жортады. – Вор и волк ночью рыщут.
Қасқыр мен қой жолдас болмас. – Волк да овца не будут друзьями.
Бәрі жақсы болады! – Всё будет хорошо!
Жұғың бар жерде – шыбын бар. Шыбын бар жерде – шығын бар. – Где мусор – там и мухи, где мухи – там болезни.
Күншілдік болса, тыныштық жоқ. – Там, где зависть, нет покоя.
Игіліктің ерте-кеші жоқ. – Никогда не поздно делать добро.
Бес саусақ бірдей емес. – Пять пальцев на одной руке, а все разные.
Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - бес саулық. – Первое богатство - здоровье, второе богатство - семья, третье богатство - наличие скота.
Уақыт деген қызық нәрсе, кешіккенде - тез өтіп кетеді, күткен кезде - өтпей қояды. – Время - интересная вещь: когда опаздываешь - оно проходит быстро, а когда ждёшь - почти не идёт.
Тайға таңба басқандай. – Ясно как день (букв. чётко, как клеймо, тавро на стригуне).
02-18
Біреу тойып секіреді, біреу тонып секіреді. – Один от сытости прыгает, другой от холода.
Мақсат алыс, өмір шақ. – Цели трудно достижимы, а жизнь (у человека) коротка.
Бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шықты. – В одно ухо вошло, в другое вышло.
Түлкi түсiнде тауық көреді. – Лиса во сне курицу видит.
Таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы. – Где знают тебя – ценят по достоинству, где не знают – ценят по одежде.
Ер туған жеріне (тартады), ит тойған жеріне. – Человека тянет туда, где он родился, собаку туда, где она наелась.
Шығасы шықпай, кiресi кiрмейдi. – Без затрат не будет и прибыли.
Берместiң сылтауы көп. – У жадного отговорок много.
Адал адамды алтын да қызықтыра алмайды. – Честного человека и золото не может соблазнить.
Жiп жiңiшке жерiнен үзiледi. – Где верёвка тонка, там она и рвётся.
02-19
Қылығын білмеген малға жақын барма. – Не подходи к лошади, нрав которой не знаешь.
Желмен келген желмен кетедi. – Что ветром принесло, то ветром и уносит.
Суға кеткен тал қармайды. – Утопающий и за соломинку хватается.
Қайғы қартайтады, қуаныш марқайтады. – Печаль старит, радость дух поднимает.
Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. – В воде не тонет, в огне не горит.
Орыстың: «Зорлықпен сүйкімді бола алмайсың» деген мақалы бар. – Есть такая русская пословица: «Насильно мил не будешь».
Ат шаптырым жер – шаммамен 2-3 шақырым қашықтық жер. – Расстояние в один пробег коня - дальность примерно 2-3 км.
Әрбір жаңа күн ол – жаңа мүмкіндіктер. – Каждый новый день – это новые возможности.
Ең қараңғы түннен кейін де таң атады. – И после самой тёмной ночи наступает рассвет.
Өткенсіз болашақ жоқ. – Без прошлого нет будущего.
02-20
Ең бастысы – берілмеу. – Главное – не сдаваться.
Екі жердегі екі – төрт. – Дважды два – четыре.
Істеген жамандығын өзіңе немесе балашағына қайтады. – Сотворенное зло к тебе вернется или к детям твоим.
Кез келген ақымақ біледі. – Любой дурак знает.
Естіген құлақта жазық жоқ. – Нет вины в услышанном.
Америкада: ақылды болсаң, неге бай емессің? - деген мәтел бар. – В Америке есть поговорка: если ты умный, то почему не богатый?
Адам дүниеге келгенде бірден артқа жол жоқтығы түсінуге тиіс. – Человек, как только родился, сразу должен понять - обратной дороги нет.
Көрінген нәрсеге сене берме. Бір қарағанда, тұз да қант секілді көрінеді. – Не верь всему, что видишь. При первом взгляде соль выглядит, как сахар.
Білім - өмір шырағы. – Знание – свет жизни.
Адам осы өмірге екі рет келмес. – Жизнь не даётся дважды.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Цитаты, афоризмы и пр. 01 Вернуться к началу Цитаты, афоризмы и пр. 03  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв