Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 03

Составитель: Рауль Керимбаев
Звук Прослушать: Айдана Қойшығұл

03-01
Әлі талай мәселелер бар. – Ещё много проблем есть.   Прослушать
Бірақ бірге жеңіп шығамыз. Солай емес пе? – Но вместе мы победим. Не так ли?   Прослушать
Біз ол туралы айтып едік қой. – Мы же говорили с тобой об этом.   Прослушать
Мен былай ете алмаймын. – Я так не могу.   Прослушать
Сен мен үшін қымбатсың, соны ешқашан ұмытпа. – Ты для меня дорога. Не забывай об это никогда.   Прослушать
Олар үшін қайғырасың ба? – Из-за них горевать будешь что ли?   Прослушать
Мені қорқытпаңыз. – Не пугайте меня.   Прослушать
Не, тағы бірдеңе бар ма? – Что, ещё что-то есть?   Прослушать
Сендердің істеп жатқандарың қателік. – То, что вы делаете – ошибка.   Прослушать
Түсіндірші маған соны. – Объясни мне это.   Прослушать
03-02
Мен бәрі реттеледі деп ойладым. – Я думала, что всё устроится.   Прослушать
Ол сізді бопсалады ма? – Она вас шантажировала?   Прослушать
Иә, арсыз түрде бопсалады. – Да, бессовестным образом шантажировала.   Прослушать
Мен көп нәрсеге көзімді жұма қарай аламын. – Я на многие вещи могу закрыть глаза.   Прослушать
Бірақ, бұл тым шектен шығып кетті. – Но это уже слишком.   Прослушать
Сен бізді құртайын дедің бе? – Ты нас хочешь погубить?   Прослушать
Бұл не дегенің? – В каком смысле?   Прослушать
Тоқта деймін. – Стой говорю тебе.   Прослушать
Олай істеуге болмайды. – Так делать нельзя.   Прослушать
Өте көп жапа шектім. – Я повидала много горя.   Прослушать
03-03
Бөгет жасағым келмейді. – Не хочу мешать.   Прослушать
Тынышталыңыз. – Успокойтесь.   Прослушать
Кеше болған оқиға үшін барлықтарыңнан кешірім сұраймын. – Я прошу у всех вас прощения за вчерашний случай.   Прослушать
Сен біз үшін уайымдама. – Ты за нас не переживай.   Прослушать
Ол менің жүйкемді қоздырады. – Он меня нервирует.   Прослушать
Оның сондай екенін білеміз ғой. – Мы знаем, что он такой.   Прослушать
Мен жай ғана сұрадым. – Я просто так спросил.   Прослушать
Мен саған тартқанмын. – Я на тебя похожа.   Прослушать
Маған сенен ештеңе керек емес. – Мне от тебя ничего не надо.   Прослушать
Тамақ алыңдар! – Кушайте!   Прослушать
03-04
Сабырлы болыңыз. – Успокойтесь.   Прослушать
Мен оны мүлдем ұмытып кетіппін ғой. – Я совсем забыл об этом.   Прослушать
Мен не айтарымды білмей отырмын. – Я даже не знаю, что сказать.   Прослушать
Қайдан келдің, балам. – Где ты был, сынок?   Прослушать
Кім ренжітті сені? – Кто тебя расстроил?   Прослушать
Бұл - бейресми жұмыс. – Это неофициальная работа.   Прослушать
Бұл мәселені шешу керек. – Этот вопрос надо решить.   Прослушать
Құрметіңізге рақмет! – Спасибо за уважение.   Прослушать
Өмір жалғаса береді – Жизнь продолжается.   Прослушать
Неге бұлай жасадың? – Почему ты так поступила?   Прослушать
03-05
Сен кешектің! – Ты опоздала!   Прослушать
Ұзақ жүрдім. Кейін айтамын. – Долго ехала. Потом скажу.   Прослушать
Бүгін құлпырып тұрсыз. – Сегодня прекрасно выглядите.   Прослушать
Денсаулығыңызды ойласаңызшы. – Подумайте о здоровье.   Прослушать
Ол жеткіліксіз болып тұр. – Этого недостаточно.   Прослушать
Жеке үйретуші жалда. – Найми частного репетитора.   Прослушать
Менің түсіме жиі кіресің. – Ты мне часто снишься.   Прослушать
Бұл өте қауіпті. – Это очень опасно.   Прослушать
Менен маза кетті. – Я покой потерял.   Прослушать
Ол жарайды, барлығын дұрыс істеді. – Он молодец, всё сделал правильно.   Прослушать
03-06
Келгеніңе рақмет. – Спасибо, что пришёл.   Прослушать
Қалай келмеймін? – Как это я могу не прийти?   Прослушать
Бұл арнайы жасалды. – Это специально сделано.   Прослушать
Елестетіп көріңіздерші. – Представьте себе.   Прослушать
Ешкім де ештеңе демейді. – Никто ничего не скажет.   Прослушать
Қалай сағынғанымды білсең ғой. – Как же я соскучилась, знал бы ты!   Прослушать
Бұл техникалық ақау. – Это технический брак.   Прослушать
Менімен жүр. – Иди со мной.   Прослушать
Көп жаса. – Спасибо (Живи много лет).   Прослушать
Уақыт бәрін өз орнына қояды. – Время всё расставит на свои места.   Прослушать
03-07
Мен қазір қайтып келемін. – Я сейчас вернусь.   Прослушать
Кім түсіндіріп бере алады? – Кто сможет объяснить?   Прослушать
Шындықты айтайын ба? – Сказать правду?   Прослушать
Ол маған еш жамандық жасаған жоқ. – Она ничего плохого мне не сделала.   Прослушать
Кешке не істемексің? – Что ты будешь делать вечером?   Прослушать
Мені кешке асқа шақырғанына рақмет. – Спасибо за приглашение на ужин.   Прослушать
Ол туралы айтпай-ақ қойшы. – Прошу, не говори про него.   Прослушать
Неге оларға ұрса бересіз? – Зачем вы их ругаете?   Прослушать
Әркім өзі үшін. – Каждый сам за себя.   Прослушать
Тағы мені кінәлап отырсың. – Опять меня винишь.   Прослушать
03-08
Мен таң қалып отырмын. – Я удивлен.   Прослушать
Не деген ұйялмайтын адамдар. – Какие бесстыжие люди!   Прослушать
Іс осымен біте қоймас. – Дело этим не кончится.   Прослушать
Үйді басына көтеріп неменеге айқалайсың? – Что ты кричишь на весь дом?   Прослушать
Сен не бүлдердің, соны айт? – Расскажи, что ты натворил?   Прослушать
Тағы бастадың ба? – Снова начинаешь?   Прослушать
Сізбен дос болғанымды мақтан етем. – Я горжусь дружбой с Вами.   Прослушать
Алғыс айтамын. – Благодарю.   Прослушать
Уақыт бiздiң пайдамызға қызмет етедi. – Время работает на нас.   Прослушать
Сіз кім болып жұмыс істейсіз? – Вы кем работаете?   Прослушать
03-09
Жан-жаққа қарап көрші. – Посмотри по сторонам.   Прослушать
Оған ешкім тең келе алмайды. – Никто не сравнится с ним.   Прослушать
Құдайым-ай мен не істедім? – Господи, что я наделал?   Прослушать
Осы мәселе шешуге тырысамыз. – Мы постараемся решить эту проблему.   Прослушать
Неге ыржиып тұрсың? – Что стоишь ухмыляешься?   Прослушать
Сөз арасында. – Между делом (вскользь).   Прослушать
Өз арамызда. – Между нами.   Прослушать
Сен қайда қашып бара жатырсың? – Ты куда убегаешь?   Прослушать
Мен асығыспын. – Я спешу.   Прослушать
Осы сіз болмасаңыз! – Если бы не вы!   Прослушать
03-10
Хабарсыз кетпеңдер. Хабарласып тұрыңдар. – Не пропадайте, звоните.   Прослушать
Мен жалғастырайын. – Я продолжу.   Прослушать
Уәде еттің бе? Орында. – Дал обещание? Выполняй.   Прослушать
Тегін жасап береміз. – Сделаем бесплатно.   Прослушать
Бірдеңе болса, бірден шақыр. – Если что-то случится, сразу зови.   Прослушать
Оның білмейтін жоқ. – Он все знает.   Прослушать
Қойшы соны! – Да ну его!   Прослушать
Есімде жоқ. – Не помню.   Прослушать
Не дедің? – Что ты сказал?   Прослушать
Мен сенің пікіріңді сұраған жоқпын. – Я не спрашивал твоего мнения.   Прослушать
03-11
Қолымнан бәрі келеді. – Я все умею делать.   Прослушать
Жарайды, көзіңді құрт бұл жерден. – Ладно, дуй отсюда.   Прослушать
Бұл өте қомақты ақша. – Это большая сумма денег.   Прослушать
Бұл әйел дүниеқор. – Эта женщина алчная.   Прослушать
Ақша үшін барлығына дайын. – Ради денег он готова на всё.   Прослушать
Жағдайға басқа көзбен қарап көрші. – Посмотри на ситуацию другими глазами.   Прослушать
Мен ештеңе істеген жоқпын. – Я ничего не сделал.   Прослушать
Сонымен не демексің? – Что ты этим хочешь сказать?   Прослушать
Неге мұның бәрін айтасың? – Зачем ты всё это говоришь?   Прослушать
Маған неге олай қарайсың? – Что ты так смотришь на меня?   Прослушать
03-12
Бөтен адамға кіруге болмайды. – Посторонним вход воспрещён.   Прослушать
Артыңызға қараңызшы. – Посмотрите назад.   Прослушать
«Үш» дегенде бастайық. – На счет "три" начинаем.   Прослушать
Маған да оңай емес. – Мне тоже нелегко.   Прослушать
Тұспалдамай айтшы. – Говори без намеков.   Прослушать
Оны қайдан танисың? – Откуда ты его знаешь?   Прослушать
Сен болмасаң не істерем өзі. – Если бы не ты, чтобы я бы делала (істерем=істер едім).   Прослушать
Маған өтірік айтпасаңшы. – Не надо мне врать.   Прослушать
Солай боларын біліп едім. – Я так и знал.   Прослушать
Ескертіп едім ғой. – Я же предупреждал.   Прослушать
03-13
Аздап көңілі басылсын. – Пусть немного успокоится.   Прослушать
Біз шындықты білеміз. – Мы знаем правду.   Прослушать
Мен сенсіз өмір сүре алмаймын. – Я не проживу без тебя.   Прослушать
Кетуге асықпа. – Не торопись уходить.   Прослушать
Менен не күтіп тұрсын? – Ты что ждёшь от меня?   Прослушать
Өзім де абыржып тұрмын. – Я и сам волнуюсь.   Прослушать
Сөйлесуге дайын болғанда хабарлас. – Позвони, когда будешь готова говорить.   Прослушать
Жоқ, бұл іске менің қатысым жоқ. – Нет, это не моих рук дело.   Прослушать
Мен болсам, бірден айтар едім. – Если я был бы, то сразу сказал бы.   Прослушать
Неге ымдап отырсың? – Чего ты мне подмигиваешь?   Прослушать
03-14
Сенімен сондай бақыттымын. – Я с тобой так счастлива.   Прослушать
Ұйықтап, тынығып ал. – Поспи, отдохни немного.   Прослушать
Қандай суық қандысың? – Какой ты хладнокровный?   Прослушать
Біреудің құпиясын сыртқа шашпаймын. – Я не выдаю чужих секретов.   Прослушать
Ондайларға мән бермесеңші. – Не обращай внимания на такие вещи.   Прослушать
Саған ауызыңды жауып жүр деп айттым емес пе? – Я же тебе говорил, держать язык за зубами (рот закрытым).   Прослушать
Көзіңді ашып қарасаңшы. – Расскрой глаза!   Прослушать
Солай секілді. – Видимо, да (Похоже, что так).   Прослушать
Уақыт жоғалтпа. – Не теряй времени.   Прослушать
Қарапайым тілмен айтып беріңізші. – Скажите простым языком.   Прослушать
03-15
Сен бізді қатты қорқыттың. – Ты нас сильно напугал.   Прослушать
Не істеппін? – Что я сделал?   Прослушать
Сенсіз өмірім – қараңғы қапас. – Без тебя жизнь – тёмная тюрьма (клетка).   Прослушать
Ертеңге дейін үлгермейсің. – До завтра не успеешь.   Прослушать
Мен өзіңмен қалайша салыстрасың? – Как ты можешь сравнивать меня с собой?   Прослушать
Бәрі рет-ретімен болуы керек. – Всё должно быть порядку.   Прослушать
Маған сіздің көмегіңіз қажет. – Мне нужна Ваша помощь.   Прослушать
Барлық жамандық осымен кетсін. – Всё плохое пусть с этим уйдёт.   Прослушать
Сырлысуға келдім. – Пришла посекретничать.   Прослушать
Бүгін сондай ерекше күн. – Сегодня такой особеный день.   Прослушать
03-16
Ештеңе етпейді. – Ничего страшного.   Прослушать
Қайда кетіп барасың? – Ты куда идёшь?   Прослушать
Бұл өмірде өз орны үшін күресу керек. – В этой жизни нужно бороться за своё место.   Прослушать
Мұндайға қалай барды? – Как он мог сделать такое?   Прослушать
Онда тұрған несі бар? – Что здесь такого?   Прослушать
Әлде есіңе түсіруім керек пе? – Или мне нужно напомнить тебе?   Прослушать
Мен кіммен сөйлесіп тұрмын? – Я с кем говорю?   Прослушать
Мені әлі білмейді екенсің. – Ты ещё меня плохо знаешь.   Прослушать
Қатты уайымдап тұрмын. – Я сильно переживаю.   Прослушать
Бәрі үшін жауап бересің. – Ты за всё ответишь.   Прослушать
03-17
Жолдастар алаңдап жатқан шығар. – Товарщи, наверное, беспокоются.   Прослушать
Уақытты текке өткізбеңіз. – Не тратьте зря время.   Прослушать
Өтірігіңді жалғастыра бересің бе? – Будешь продолжать лгать?   Прослушать
Жылап тұрсың ба? – Ты плачешь что ли?   Прослушать
Кім жайлы айтып тұрсың? – О ком ты говоришь?   Прослушать
Интернет арқылы табуға болады. – Можно найти через интернет.   Прослушать
Ұсталдың ба? – Ты попался что ли?   Прослушать
Бұл нені білдіреді? – Что это значит?   Прослушать
Қайта оралуыңмен. – С возвращением.   Прослушать
Қатты алаңдадық. – Мы сильно переживали.   Прослушать
03-18
Өзіңді ұстауды үйрен. – Учись контролировать себя.   Прослушать
Екі сөздің басын қоса алмайды. – Двух слов связать не умеет.   Прослушать
Мен сізді түсінбей отырмын. – Я Вас не понимаю.   Прослушать
Не істейміз? Жылаймыз ба? Ойбайлаймыз ба? – Что будем делать? Плакать? Охать?   Прослушать
Көзіңе қарасаңшы. – Смотри куда идёшь.   Прослушать
Енді кім кінәлі? – Кто выходит виноват?   Прослушать
Осыған мен кінәлімін бе? – В этом я виноват?   Прослушать
Тағы мені кінәлап отырсың. – Опять меня винишь.   Прослушать
Шаруам болды. – Я был занят.   Прослушать
Оның телефоны өшіп тұр. – Его телефон отключен.   Прослушать
03-19
Иә, шынымен солай. – Да, действительно так.   Прослушать
Сен соған сендің бе? – Ты этому поверил?   Прослушать
Саған сенейін бе, әлде оған ба? – Мне тебе верить или ему?   Прослушать
Сені жүрегімде сақтаймын. – Ты останешься в моём сердце (Тебя сберегу в своём сердце).   Прослушать
Барлықтарыңызды жақсы көремін. – Я вас всех люблю.   Прослушать
Неге сондай ұзақ. – Почему так долго?   Прослушать
Қуансаңшы. – Радуйся.   Прослушать
Үстінде ақ қөйлек, бұтында қара шалбар. – На нём белая рубашка, чёрные брюки.   Прослушать
Маған қызықсыз. – Мне не интересно.   Прослушать
Бұл оның бос қиялы. – Всё это его пустые фантазии.   Прослушать
03-20
Міндетті түрде хабарласамын. – Я обязательно позвоню.   Прослушать
Телефон нөмірімді білесің ғой. – Мой номер телефона ты же знаешь.   Прослушать
Өзің қалайсың? – Как сам?   Прослушать
Барлығы бұрынғыша. – Всё по-старому.   Прослушать
Мен бірдеңе сұрайын деп едім. – Я хотел что-то спросить.   Прослушать
Қалжыңдасатын уақыт емес. – Сейчас не время шуток.   Прослушать
Онымен байланасып нем бар еді? – Зачем я связался с ним?   Прослушать
Бұл – қалыпты құбылыс. – Это нормальное явление.   Прослушать
Өз көзіме өзім сене алар емеспін. – Сам своим глазам не верю.   Прослушать
Мынаны қарашы. – Ты посмотри на это!   Прослушать

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 02 Вернуться к началу Полезные фразы 04  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв